Көше аттары туралы кейбір ойлар...

8 Желтоқсан 2012, 05:47

  Қалалық "Қазақ тілі" қоғамының көңіл аударған бір тұсы - көше аттарына қайта құру идеясына сай өзгерістер енгізу. Шынында да Одағымыз бойынша аттары өзгертіліп жатқан қала, көше, колхоз, совхоз, т.б. баршылық. Оның себебі: біріншіден, бұрынғы атаулардың көпшілігі Сталиндік өктемшілік пен тоқырау заманында халықпен санаспай, қолдан қойылғандар, екіншіден, ол атаулардың көлеңкесінде ел тарихымен біте-қайнасқан, сол елдің қуанышы мен қасіретінің куәлары аяқасты етілген. "Қазақ тілі" қоғамы да көше аттарын өзгерту туралы ұсыныс жасағанда / "Жаңаөзен" 4.IХ.1990ж/ жұртшылықтың ақыл қосуын, "келісіп пішкен тон, келте болмас" дегендей, өз ой-пікірлерін ортаға салуын қалаған еді. Бұл ойымыз діттеген жерден шығып, көпшілік азаматтар газет бетінде өз ұсыныстарын білдірді. Қылышбайұлы Жолдас Ералиев атауының көбірек кездесетінін ескерте келіп, Төлесін Әлиев атына да көше берілуін орынды ескертеді. Қожықбайұлының "Сүйінғара батыр", "Исатай-Махамбет" атағына көшелер берілуі туралы ойын да қолдаймыз. Жолдасбаевтың шағын аудандарды "Мұнайшы", "Маңғыстау", "Ақжарма", "Ақтау" деп атау жөніндегі ойлары да тың. Ал Көбесованы" "Ақбөбек" шағын ауданын қолдай отырып, "Қазақ тілі" атауы туралы ойымды айтайын . "Азат тіл" атауы 50 жыл бойы теңсіздікте, түрткі көріп, келген тілдің азат болуын, еркін тыныстауын көрсетпей ме? Ал "Мұнайшы" мәдениет үйін Қашаған атына берейік деп қалалық қоғамымыздың қаулы шығарғанына 4 ай болды. Алайда, "Мұнай, газ өндіру Басқармасының" партия әкімшілік басшылары "Мұнайшы" етіп өзгерту жөнінде іске кірісуде "Менің тапқан балапаным" деп бауырына қыспаса да, мұнайшылардың қаржысына салынғанын әркім-ақ біліп отырған жоқ па? Тұрсабеков жолдастың ұсыныстары бізді де елең еткізді. Ол жолдас кісі аттарын түгел тізгеннен гөрі жалпы адамзаттың мәңгілік арманын бейнелейтін "Туысқандар", "Болашақ", "Ардагерлер" аттарын ұсынды. Сонымен бірге қазақ халқының елдігі мен бүтіндігін қорғаған Әз-Жәнібек, Қасым хан, Тәуке хандардың да есімдерін ұсынады. Несі бар тарихымыз бен тұтастығымызды білдіргеннің несі айып. Ал осы "поселок" деген сөзді "ауылмен" алмастырғаннан ұтылмаймыз. Тұрсабековтың "Ескі Өзен" атауы тұңғыш мұнайшылар мекеніне лайық болмас. Жай "Өзен ауылы" десек ыңғайлы емес пе? Осы ой-пікірлердің ішінде "Досанды Исадан бөлмейік" деген де кездеседі. Қазірге дейінгі тарихи мәліметтерде де, ауызекі көне көздердің шежірелерінде де Исаның соңынан Досаннан іргесін бөлек ұстап, азаттық күресті тоқтатқаны айтылады. Тіпті Досанды алдап қолға түсіріп, түрмеге жаптырған да Иса екен деген лақап бар. Екі дәуір куәсі, майталман жыршы Сәттіғұл Жанғабыловтың мына сөздері жоғарғы ойымызды дәлелдегендей ... Бірге жүрген Иса жолдасы, Досанға бір күн толғады: -Ел қайда, батыр, ел қайда ? Туып өскен жер қайда? ... Айнала жұртты алғансың, Құрығын тегіс салғансың, Болды ғой қараң күніміз. Тілімді алсаң, баралық... Сонда Досан сөйлейді: -Уайым айтпа маған, - деп, Рұқсат кетсең саған тиеп Сүйегім тұтам қалғанша, Қайыспаймын бас ұрып,... ...Сонан Иса барған оязға Мен тура саған келдім, - деп ...Неғылса" да өзің біл, Келіп тұрмын, көндім , - деп... /С. Жанғабылов "Ой толғау".Алматы "Жазушы" .1986ж/ Енді бір топ азаматтар "түбегіміздің байлығын игеріп, өлкемізді түлетуге үлес қосқан Социалистік Еңбек Ерлері Н.Еремин, Т.Қадыров, С. Жалғасбаев, Р. Өтесінов, С. Өтебаев" сияқты ардагерлерімізге көше аттарын берсек дұрыс болмай ма деп, орынды пікір көтереді. Иә, бұндай азаматтардың аңызға бергісіз ерлік өмірі тарихымызда таңбаланғаны сөзсіз. Көше аттарын беру де ләзім болар еді. Бірақ халықаралық практикада көзі тірі елі үшін еңбек еткендерді бұлайша қолпаштамайтын сияқты. Біз осы ұсынысты "сақтықта қорлық жоқ" дегендей астанадағы "Қазақ тілі" қоғамының президентіне жазып, кеңес сұрадық. Жауабы келуі тиіс. Сонымен көше аттары 2 ай бойы талқылануда. Ой пікілерін білдірген жұртшылықтың ұсыныстарын "Қазақ тілі" қоғамы басқарма мәжілісінде талқылап, қорытынды қаулыны бекіту үшін Қалалық Атқару Комитетіне ұсынатын кез де қашық емес. Туған жері мен тарихына, ата-жұртына немқұрайды қарамайтын әр азамат көше аттары туралы өз ұсыныстарын әлі де білдіреді деген сенімдеміз. 31.10.1990  

 

Қалалық "Қазақ тілі" қоғамының көңіл аударған бір тұсы - көше аттарына қайта құру идеясына сай өзгерістер енгізу. Шынында да Одағымыз бойынша аттары өзгертіліп жатқан қала, көше, колхоз, совхоз, т.б. баршылық. Оның себебі: біріншіден, бұрынғы атаулардың көпшілігі Сталиндік өктемшілік пен тоқырау заманында халықпен санаспай, қолдан қойылғандар, екіншіден, ол атаулардың көлеңкесінде ел тарихымен біте-қайнасқан, сол елдің қуанышы мен қасіретінің куәлары аяқасты етілген. "Қазақ тілі" қоғамы да көше аттарын өзгерту туралы ұсыныс жасағанда / "Жаңаөзен" 4.IХ.1990ж/ жұртшылықтың ақыл қосуын, "келісіп пішкен тон, келте болмас" дегендей, өз ой-пікірлерін ортаға салуын қалаған еді. Бұл ойымыз діттеген жерден шығып, көпшілік азаматтар газет бетінде өз ұсыныстарын білдірді. Қылышбайұлы Жолдас Ералиев атауының көбірек кездесетінін ескерте келіп, Төлесін Әлиев атына да көше берілуін орынды ескертеді. Қожықбайұлының "Сүйінғара батыр", "Исатай-Махамбет" атағына көшелер берілуі туралы ойын да қолдаймыз. Жолдасбаевтың шағын аудандарды "Мұнайшы", "Маңғыстау", "Ақжарма", "Ақтау" деп атау жөніндегі ойлары да тың. Ал Көбесованы" "Ақбөбек" шағын ауданын қолдай отырып, "Қазақ тілі" атауы туралы ойымды айтайын . "Азат тіл" атауы 50 жыл бойы теңсіздікте, түрткі көріп, келген тілдің азат болуын, еркін тыныстауын көрсетпей ме? Ал "Мұнайшы" мәдениет үйін Қашаған атына берейік деп қалалық қоғамымыздың қаулы шығарғанына 4 ай болды. Алайда, "Мұнай, газ өндіру Басқармасының" партия әкімшілік басшылары "Мұнайшы" етіп өзгерту жөнінде іске кірісуде "Менің тапқан балапаным" деп бауырына қыспаса да, мұнайшылардың қаржысына салынғанын әркім-ақ біліп отырған жоқ па? Тұрсабеков жолдастың ұсыныстары бізді де елең еткізді. Ол жолдас кісі аттарын түгел тізгеннен гөрі жалпы адамзаттың мәңгілік арманын бейнелейтін "Туысқандар", "Болашақ", "Ардагерлер" аттарын ұсынды. Сонымен бірге қазақ халқының елдігі мен бүтіндігін қорғаған Әз-Жәнібек, Қасым хан, Тәуке хандардың да есімдерін ұсынады. Несі бар тарихымыз бен тұтастығымызды білдіргеннің несі айып. Ал осы "поселок" деген сөзді "ауылмен" алмастырғаннан ұтылмаймыз. Тұрсабековтың "Ескі Өзен" атауы тұңғыш мұнайшылар мекеніне лайық болмас. Жай "Өзен ауылы" десек ыңғайлы емес пе? Осы ой-пікірлердің ішінде "Досанды Исадан бөлмейік" деген де кездеседі. Қазірге дейінгі тарихи мәліметтерде де, ауызекі көне көздердің шежірелерінде де Исаның соңынан Досаннан іргесін бөлек ұстап, азаттық күресті тоқтатқаны айтылады. Тіпті Досанды алдап қолға түсіріп, түрмеге жаптырған да Иса екен деген лақап бар. Екі дәуір куәсі, майталман жыршы Сәттіғұл Жанғабыловтың мына сөздері жоғарғы ойымызды дәлелдегендей ...

Бірге жүрген Иса жолдасы,

Досанға бір күн толғады:

-Ел қайда, батыр, ел қайда ?

Туып өскен жер қайда?

... Айнала жұртты алғансың,

Құрығын тегіс салғансың,

Болды ғой қараң күніміз.

Тілімді алсаң, баралық...

Сонда Досан сөйлейді:

-Уайым айтпа маған, - деп,

Рұқсат кетсең саған тиеп

Сүйегім тұтам қалғанша,

Қайыспаймын бас ұрып,...

...Сонан Иса барған оязға

Мен тура саған келдім, - деп

...Неғылса" да өзің біл,

Келіп тұрмын, көндім , - деп...

/С. Жанғабылов "Ой толғау".Алматы "Жазушы" .1986ж/

Енді бір топ азаматтар "түбегіміздің байлығын игеріп, өлкемізді түлетуге үлес қосқан Социалистік Еңбек Ерлері Н.Еремин, Т.Қадыров, С. Жалғасбаев, Р. Өтесінов, С. Өтебаев" сияқты ардагерлерімізге көше аттарын берсек дұрыс болмай ма деп, орынды пікір көтереді. Иә, бұндай азаматтардың аңызға бергісіз ерлік өмірі тарихымызда таңбаланғаны сөзсіз. Көше аттарын беру де ләзім болар еді.

Бірақ халықаралық практикада көзі тірі елі үшін еңбек еткендерді бұлайша қолпаштамайтын сияқты. Біз осы ұсынысты "сақтықта қорлық жоқ" дегендей астанадағы "Қазақ тілі" қоғамының президентіне жазып, кеңес сұрадық. Жауабы келуі тиіс. Сонымен көше аттары 2 ай бойы талқылануда. Ой пікілерін білдірген жұртшылықтың ұсыныстарын "Қазақ тілі" қоғамы басқарма мәжілісінде талқылап, қорытынды қаулыны бекіту үшін Қалалық Атқару Комитетіне ұсынатын кез де қашық емес.

Туған жері мен тарихына, ата-жұртына немқұрайды қарамайтын әр азамат көше аттары туралы өз ұсыныстарын әлі де білдіреді деген сенімдеміз.

31.10.1990

 

Бөлісу: