Бала көтермеудің себебі неден?

8 Желтоқсан 2012, 05:45

  Қазақ арасында бала көтермеген әйелді «бедеу» дейді. Бала көтеретін болу үшін әулиеге түнеп, бақсыға қаратушылар коп болады. Екі қатын, үш қатын алудың, да бір себебі содан, (бедеу емес әйел кез келеме дегендік). Онда да баласы болмай жүретіндер көп. Ондай уақытта еркекті «бедеу» деп жүретіндер бар. Оның бер жағында кейбір әйелдер бала көтерсе де бойы бұзыла беретіні (бала тастай беретіні), тапқан баласының өле беретіні болады. Ондай әйелді көпшілік «қара құсы» бар, молдалар «зияндасы» бар деп жүреді. Оның мәнісі әйелдің ішіндегі, не туған баласына аңдып жүріп кеселдік тигізіп кететін «пері жын» сияқты үйреншікті бір нәрсесі барға ұқсайды. Сондықтан ол «қара құсты» (молдаларша айтқанда «зияндасты») емдегенде бақсыға бақтырады, молдаға үшкіртеді. Расы соңғы уақыттарда қазақ арасында баксы азайып, молдаларға да сенушілер санамалы болып келеді. Бірақ сондада бала көтермейтін әйелді дәрігерге қаратып жүрген қазақты сирегірек көруге болады. Қазақтың көпшілігі баланың тұрмауын белгілі аурудың себебінен деп ұқса да, бала көтермеуді де не еркек, не әйелдің (көбінесе әйелдің) «бедеу» лігінен деп сенеді. Ал бедеу болса-ақ ол жаратылыста болады, оған дауа жоқ, деп есептейді. Сондықтан «бедеулік» пенен бала тұрмаудың қысқаша себептерін айтып өтуді орынды кердім. Бедеуліктің себебі: Әйелдің бедеу болуына 3 түрлі себеп бар. Бірінші: бір кезде жіңішке ауру (трипер) болып лайықты іс істетпей кетсе. Екінші: бала жататын жер (жатыр) дың аузы қысыңқылау біткендіктен, еркектің ұрығы тиісті жерге жете алмай қалатыны болады. Үшінші: жатыр қисайған болады. Мұндай ауруларға душар болып бала көтермей жүрген әйелдерді дәрігерлер көбінесе бала көтеретін қылып шығарады. Әсіресе қысыңқы жатырды жеңіл кеңітеді. Еркектің бедеу болуы: жіңішке ауру болуы, я арақ, сыра сияқты спиртті ішімдіктерді көбірек ішу себепті (маскүнемдіктен) денесінде бала ұрығы қалмақ емес. Ондай еркектің қатыны сау болса да, бала көтермек емес. Баланың тұрмауы, я ауру болуы. Кейбір әйелдің екінші айдан 5 айға шейінгі (кейде онан да асқан) болса түсіп қалып отыратын әдеті болады. Я туса да өліп қалып отырады. Оның себебі көбінесе әкенің я шешенің жіңішке ауруы, я болмаса «сифилиске» (ноғай қотырға) ұшырап жөнді емденбегендіктен болмақ. Сифилис болған әйелдің бойы бұзылымпаз келеді, не тапқан баласы тұрмайды. Тұрған күнде, 15-20 дан аса есерсоқ, жарымжан болып келеді. Бұлай болуына жоғарғы айтқанымыздай әке де себепкер. Ондай әке-шешенің балалары туғанда аман туса да сифилистен сау болмайды. Ондай баланың ақыл, есі, жәйі қандай кем болса дене жағы да сондай нашар болмақ. Тума соқыр, саңырау, бір жағы жансыз болып қалу сияқты. Онан соң бала көтермеудің тағы бір себебі бұрын бір баланы әдейі түсірткендіктен, бала жататын жерге залал келуден де болады. Мұндай әңгімелер туралы дәрігерлеріміздің жазып тұрғандары жақсы болар еді.  

 

Қазақ арасында бала көтермеген әйелді «бедеу» дейді. Бала көтеретін болу үшін әулиеге түнеп, бақсыға қаратушылар коп болады. Екі қатын, үш қатын алудың, да бір себебі содан, (бедеу емес әйел кез келеме дегендік). Онда да баласы болмай жүретіндер көп. Ондай уақытта еркекті «бедеу» деп жүретіндер бар. Оның бер жағында кейбір әйелдер бала көтерсе де бойы бұзыла беретіні (бала тастай беретіні), тапқан баласының өле беретіні болады. Ондай әйелді көпшілік «қара құсы» бар, молдалар «зияндасы» бар деп жүреді. Оның мәнісі әйелдің ішіндегі, не туған баласына аңдып жүріп кеселдік тигізіп кететін «пері жын» сияқты үйреншікті бір нәрсесі барға ұқсайды. Сондықтан ол «қара құсты» (молдаларша айтқанда «зияндасты») емдегенде бақсыға бақтырады, молдаға үшкіртеді. Расы соңғы уақыттарда қазақ арасында баксы азайып, молдаларға да сенушілер санамалы болып келеді. Бірақ сондада бала көтермейтін әйелді дәрігерге қаратып жүрген қазақты сирегірек көруге болады. Қазақтың көпшілігі баланың тұрмауын белгілі аурудың себебінен деп ұқса да, бала көтермеуді де не еркек, не әйелдің (көбінесе әйелдің) «бедеу» лігінен деп сенеді. Ал бедеу болса-ақ ол жаратылыста болады, оған дауа жоқ, деп есептейді. Сондықтан «бедеулік» пенен бала тұрмаудың қысқаша себептерін айтып өтуді орынды кердім.

Бедеуліктің себебі:

Әйелдің бедеу болуына 3 түрлі себеп бар. Бірінші: бір кезде жіңішке ауру (трипер) болып лайықты іс істетпей кетсе.

Екінші: бала жататын жер (жатыр) дың аузы қысыңқылау біткендіктен, еркектің ұрығы тиісті жерге жете алмай қалатыны болады.

Үшінші: жатыр қисайған болады. Мұндай ауруларға душар болып бала көтермей жүрген әйелдерді дәрігерлер көбінесе бала көтеретін қылып шығарады. Әсіресе қысыңқы жатырды жеңіл кеңітеді. Еркектің бедеу болуы: жіңішке ауру болуы, я арақ, сыра сияқты спиртті ішімдіктерді көбірек ішу себепті (маскүнемдіктен) денесінде бала ұрығы қалмақ емес. Ондай еркектің қатыны сау болса да, бала көтермек емес.

Баланың тұрмауы, я ауру болуы.

Кейбір әйелдің екінші айдан 5 айға шейінгі (кейде онан да асқан) болса түсіп қалып отыратын әдеті болады. Я туса да өліп қалып отырады. Оның себебі көбінесе әкенің я шешенің жіңішке ауруы, я болмаса «сифилиске» (ноғай қотырға) ұшырап жөнді емденбегендіктен болмақ. Сифилис болған әйелдің бойы бұзылымпаз келеді, не тапқан баласы тұрмайды. Тұрған күнде, 15-20 дан аса есерсоқ, жарымжан болып келеді. Бұлай болуына жоғарғы айтқанымыздай әке де себепкер. Ондай әке-шешенің балалары туғанда аман туса да сифилистен сау болмайды. Ондай баланың ақыл, есі, жәйі қандай кем болса дене жағы да сондай нашар болмақ. Тума соқыр, саңырау, бір жағы жансыз болып қалу сияқты. Онан соң бала көтермеудің тағы бір себебі бұрын бір баланы әдейі түсірткендіктен, бала жататын жерге залал келуден де болады. Мұндай әңгімелер туралы дәрігерлеріміздің жазып тұрғандары жақсы болар еді.

 

Бөлісу: