Серік Жұманғалиұлы Сәпиев

8 Желтоқсан 2012, 04:39

Серік Жұманғалиұлы Сәпиев (16 қараша, 1983 жыл, Абай қаласы, Қарағанды облысы) - боксшы, халықаралық спорт шебері, Қазақстанның бокс бойынша еңбек сіңірген спорт шебері, Парасат орденінің кавалері (2008 жыл), Отан орденінің иегері (2012), қазақстандық ең танымал боксшылардың бірі. Жартылай орташа салмақ пен бірінші жартылай орташа салмақта әуесқой бокстан Олимпиада ойындарының чемпионы (2012), Баркер кубогының иегері (2012), әлемнің екі дүркін чемпионы (2005, 2007), күміс (2011) және қола (2009) медальдарының иегері, Бейжің және Лондон Олимпиадасында бокстан құрама команданың капитаны. Болашақ әлем чемпионы бокспен 11 жасынан айналысып келеді. Өзі туып-өскен Қарағандының іргесіндегі Абай қаласында ол Александр Стрельниковтың тәрбиесін көрді. Жас талапкер білікті бапкерге бірден ұнады. Өйткені боксқа деген бейімділік оның қанында бар. Серіктің немере ағасы Бақтай да кезінде еліміздің қабырғалы боксшыларының бірі болған. Көзі қарақты көрермендер жетпісінші жылдары шаршы алаңда атой салған ол азаматты әлі ұмыта қойған жоқ. Бақтай Сәпиев кезінде жастар арасында КСРО чемпионы, ересектер арасында КСРО чемпионатының екі дүркін жүлдегері, социалистік елдер арасында өтетін «Достық» ойындарының жеңімпазы атанды. 1972-1976 жылдар аралығында Одақ құрамасының сапында болып, тоғыз бірдей халықаралық турнирде топ жарды. – Серік менің алдыма келгенде 11 жаста еді. Өзі нәзіктеу, тұйық болатын. Бірақ көзіне қарап-ақ тегін бала еместігін аңғардым. Жанарында бір ұшқын бар. Уақыт оза байқасам, өнері аздап ағасына келіңкірейді. Бақтай да техникалық арсеналы өте бай, жылдам боксшы болатын. Сондай қасиеттер Серіктің де бойынан табылды. Сол кезде мен бұл жігіттің шабысы ширақ болатынын байқадым, – дейді бапкері Александр Стрельников. Бір жылдай Стрельников бапкерден тәлім алған Серік әкесінің ақылымен Қарағандыдағы Ә.Молдағұлова атындағы дарынды балаларға арналған спорт интернатында, білікті бапкер Сайын Аратаевтың қол астында үш жыл өткізеді. Интернатта үш жыл өткізген кейін Абай қаласына, алғашқы бапкері Александр Стрельниковке қайтып келеді. Алғашқы жеңістер 2004 жылы қарағандылық боксшы әскерилер арасында әлем чемпионы атанып, өзінің алғашқы ірі жеңісіне қол жеткізді. Сол маусымда ол 60 келі салмақ дәрежесі бойынша Қазақстан чемпионы атанды. Осы табыстар талантты боксшыны қанаттандырып жіберсе керек, енді ол қарсыластарын қуып жүріп сабайтындай деңгейге жетті. 2005 жылы Серік Сәпиевтің жұлдызы жарқырай жанды. Ол 64 келі салмаққа ауысып, Қытайдың Миньян қаласында өткен әлем чемпионатында ел намысын қорғады. Серік Алматыда өткен оқу-жаттығу жиынында сол қолынан жарақат алған болатын. Бірақ бұл жарақаты жайында бапкерінен басқа ешкімге тіс жарған жоқ. Өйткені бақталастары немесе дәрігерлер біліп қойса, жарысқа қатыспай қойдыруы да мүмкін ғой. Сол жылы Сәпиев әлем кубогы бәсекесінде де теңдессіз өнерімен тамсандырды. Мәскеуде өткен додада Қазақстан құрамасы жалпы командалық есепте үшінші орын алғанымен, Серік бірде-бір жекпе-жегінде жеңілістің дәмін татқан жоқ. Бірінші кездесуінде ол 10 секундтың ішінде Африка боксшысын нокаутқа түсірсе, жартылай финалда кубалық Йорданис Эрнандесті 46:35 есебімен еңсерді. Міне, содан бергі екі жылдан астам уақыт аралығында Серік ресми жарыстарда тек жеңіске жетуде. 2005 жыл Серік Алматыда өткен оқу-жаттығу жиынында сол қолынан жарақат алған болатын. Бірақ бұл жарақаты жайында бапкерінен басқа ешкімге тіс жарған жоқ. Өйткені бақта­ластары немесе дәрігерлер біліп қойса, жарысқа қатыспай қойдыруы да мүмкін ғой. Ал әлем чемпионатында қазақтың намысын қорғау Серіктің байырғы арман еді. Жарақаты жанына батса да қандасымыз намысқа тырысты. Айтулы жарыста словак Тибор Главацкиді (37:13), америкалық Карл Даганды (37:26), украиналық Николай Семенягуды (27:15), әзірбайжан Эмиль Магеррамовты (41:23) және өзбек Ділшот Махмутовты (40:21) жеңіп, бас жүлдені олжалады. 2007 жылғы Әлем чемпионатында Серік мінсіз өнер көрсетті. Тырнақалды кездесуде Милан Пипескиді 26:6 есебімен ұтты. Одан кейінгі үш айқасты мерзімінен бұрын аяқтады. Никарагуалық Мендоза Мендес, канадалық Кевин Бизер, ирандық Мұртаз Сепахванд, жапондық Масатусид Каваши қандасымызға еш қарсылық көрсете алған жоқ. Серік оларды арбап та, алдап та ұрып, жігерлерін құм етті. Ал финалда Геннадий Ковалевты 20:5 есебімен еркін еңсерді. Әдетте өзге мемлекеттердің өрендеріне мұрындарын шүйіріп қарайтын ресейлік мамандар бұл жолы қазақ боксшысының атына көптеген жылы пікірлер айтты. Ал олардың: «Бұл бәсекеде Геннадий өзінің талассыз жеңілгенін мойындауға тиіс. Ол қазақ жігітінің тау қопарарлық қарқынына қарсы еш тосқауыл қоя алмады. Серік Сәпиев Олимпиадаға дәл осындай бабында келсе, бас жүлдеден басты үміткер болатыны даусыз», – деген пікірі көп нәр­сені аңғартса керек. Сөйтіп, алыстағы АҚШ елінде алтын медальді жеңіп алған Серіктің есімі спорттық шежіресінде екі мәрте әлем чемпионы атанған тұңғыш қазақстандық боксшы ретінде тіркелді.[5]Бірінші жартылай орташа салмақ Серік Сәпиев Бейжің Олимпиадасына соңғы өткен Әуесқой бокстан әлем чемпионатының жеңімпазы ретінде өнер көрсетті. Қазақстанның алтын медальдан үмітті ең басты спортшысы Серік Сәпиевтің бұл Олимпиада ойындарында жолы болмады. Әлем чемпионатында топ жарған Серік 1/16 кезеңіне қатыспай, шаршы алаңда өнер көрсетуін бірден 1/8 бастады. Алғашқы қарсыласы венесуэлалық Джонни Санчесті 22:3 есебімен тізе бүктіреді. Келесі кезеңде 2004 Афина Олимпиадасының жеңімпазы таиландық Манус Бунджумнонг қарсы өткізді. Қарсыластарын әдетте оңай жеңетін Серік Сәпиев Манус Бунджумнонгтан айласын асыра алмады. Таиландық спортшы 7:5 есебімен жеңіске жетіп, әлемнің екі дүркін чемпионны Серік Сәпиевті медальсіз қалдырды.  Италияның Милан қаласында өткен әлем чемпионатында Серік Сәпиев жартылай финалға дейін қарсыластарын оңай жеңді десе болады. Габондық Уго Миеникуені, әзірбайжандық Емил Махаррамовты айқын басымдықпен тізе бүктірді. Серіктің 1/8 финалда украиндық Тарас Шелестюкке қарсы өткізген ойыны сәл қиындық туғызды. Бірінші раундта сауатты қарсы шабуылдаған Тарас Шелестюк 2:5 есебімен жеңеді, алайда қалған раундтарда Серік ойын қарқынын үдете түсіп, Тарас Шелестюкті жойқын соққылардың астына алады. Сөйтіп Серік екінші раундты 9:4 есебімен, ал үшінші раундты 5:4 есебімен жеңеді. Келесі қарсыласы қырғыз елінің өкілі Абадулла Баймұратовтың секунданты екінші раундта-ақ ойыннан бас тартады. Жартылай финалда ресейлік Андрей Замковойға 10:16 есебімен жеңіліп қалады. Бұл күні қазақ боксшысы өз-өзіне мүлдем ұқсамады, көп соққылар жіберіп алған Серік бірінші раундта 2:8 есебімен жеңіледі. Екінші раундта Серік өз ойын өрнегін тапқандай болып көрінген. Сауатты шабылдап, сауатты қорғана білген Серік екінші раундты 5:3 жеңгенімен, шешуші раундта 3:5 жеңіліп қалады. Қазақ боксының соңғы жылдардағы жарқын жұлдыздарының бірі - Серік Сәпиев үшінші рет әлем чемпионы атағынан осылайша қол үзеді. "Мен қатты жеңіске жеткім келді, кей тұстары асығыстық таныттым, оңай соққыларды көп жіберіп алдым. Әдетте бір-екі соққы жіберіп алсам, келесі жолы сол соққылардан қалай қорғану керек екендігін тез ұғатынмын. Бұл чемпионатта өкінішке орай бұлай болған жоқ. Бейне бір гипнозда жүргендей болдым" - деп, өз жеңілісін осылайша түсіндірді. Алайда өзінің қарсыласынан басым екенін және шаршы алаңда кездесудің қайта сәті түссе өзінің шебер боксшсы екенін дәлелдеймін деген Серік, сол күні менің жолым болмады деп өз ойын түйіндеді.  Бакуда өткен Бокстан әлем чемпионатында күміс жүлдеге ие болған Серик Сәпиев Лондон олимпиадасына жолдама алады. AIBA рейтингісінде өз салмақ жәрежесінде жоғары орында тұруына байланысты, Серік Олимпиада ойындарын 1-айналымнан емес, 2-айналымнан бастайды. 3 тамыз 2-айналымда жапондық Ясухиро Сузуки 25-11 есебімен оңай жеңіп, ширек финалға жолдама алады. 8 тамыз Ширек финалда венесэуалалық Габриэль Маэстре Перезпен кездесіп, 20:9 есебімен айтарлықтай оңай жеңіске жетті. 10 тамыз Жартылай финалда Серик Миланда өткен Бокстан әлем чемпионатында жеңіліп қалған ресейлік Адрей Замковоймен кездесіп жеңіске жетті. 14 тамыз Финалда шаршы алаң иесі Фредди Эвансқа жолыққан Серік, қарсыласын 17:9 есебімен тізе бүктірді. Серік бұл жеңіске қол жеткізу үшін 17 жыл аянбай тер төкті - деп, Александр Стрельников бапкер ағынан жарылды. Қазақ боксының ғана емес, әлем боксының жарық жұлдызына айналып үлген Серік Сәпиев Олимпиаданың ең үздік боксышы атанып, Баркер кубогын қанжығасына байлады. Жанұясы Әкесі - Жұманғали Дәуітұлы Сәпиев Анасы - Ирина Фоминична Сәпиева Ағасы - Сергей Жұманғалиұлы Сәпиев Ағасы - Бақытай Жұманғалиұлы Сәпиев Қарындасы - Людмила Жұманғалиқызы Сәпиева Жолдасы - Мөлдір Балғабайқызы Қызы - Аққу

Серік Жұманғалиұлы Сәпиев (16 қараша, 1983 жыл, Абай қаласы, Қарағанды облысы) - боксшы, халықаралық спорт шебері, Қазақстанның бокс бойынша еңбек сіңірген спорт шебері, Парасат орденінің кавалері (2008 жыл), Отан орденінің иегері (2012), қазақстандық ең танымал боксшылардың бірі.

Жартылай орташа салмақ пен бірінші жартылай орташа салмақта әуесқой бокстан Олимпиада ойындарының чемпионы (2012), Баркер кубогының иегері (2012), әлемнің екі дүркін чемпионы (2005, 2007), күміс (2011) және қола (2009) медальдарының иегері, Бейжің және Лондон Олимпиадасында бокстан құрама команданың капитаны.

Болашақ әлем чемпионы бокспен 11 жасынан айналысып келеді. Өзі туып-өскен Қарағандының іргесіндегі Абай қаласында ол Александр Стрельниковтың тәрбиесін көрді. Жас талапкер білікті бапкерге бірден ұнады. Өйткені боксқа деген бейімділік оның қанында бар. Серіктің немере ағасы Бақтай да кезінде еліміздің қабырғалы боксшыларының бірі болған. Көзі қарақты көрермендер жетпісінші жылдары шаршы алаңда атой салған ол азаматты әлі ұмыта қойған жоқ. Бақтай Сәпиев кезінде жастар арасында КСРО чемпионы, ересектер арасында КСРО чемпионатының екі дүркін жүлдегері, социалистік елдер арасында өтетін «Достық» ойындарының жеңімпазы атанды. 1972-1976 жылдар аралығында Одақ құрамасының сапында болып, тоғыз бірдей халықаралық турнирде топ жарды. – Серік менің алдыма келгенде 11 жаста еді. Өзі нәзіктеу, тұйық болатын. Бірақ көзіне қарап-ақ тегін бала еместігін аңғардым. Жанарында бір ұшқын бар. Уақыт оза байқасам, өнері аздап ағасына келіңкірейді. Бақтай да техникалық арсеналы өте бай, жылдам боксшы болатын. Сондай қасиеттер Серіктің де бойынан табылды. Сол кезде мен бұл жігіттің шабысы ширақ болатынын байқадым, – дейді бапкері Александр Стрельников. Бір жылдай Стрельников бапкерден тәлім алған Серік әкесінің ақылымен Қарағандыдағы Ә.Молдағұлова атындағы дарынды балаларға арналған спорт интернатында, білікті бапкер Сайын Аратаевтың қол астында үш жыл өткізеді. Интернатта үш жыл өткізген кейін Абай қаласына, алғашқы бапкері Александр Стрельниковке қайтып келеді.

Алғашқы жеңістер

2004 жылы қарағандылық боксшы әскерилер арасында әлем чемпионы атанып, өзінің алғашқы ірі жеңісіне қол жеткізді. Сол маусымда ол 60 келі салмақ дәрежесі бойынша Қазақстан чемпионы атанды. Осы табыстар талантты боксшыны қанаттандырып жіберсе керек, енді ол қарсыластарын қуып жүріп сабайтындай деңгейге жетті. 2005 жылы Серік Сәпиевтің жұлдызы жарқырай жанды. Ол 64 келі салмаққа ауысып, Қытайдың Миньян қаласында өткен әлем чемпионатында ел намысын қорғады.

Серік Алматыда өткен оқу-жаттығу жиынында сол қолынан жарақат алған болатын. Бірақ бұл жарақаты жайында бапкерінен басқа ешкімге тіс жарған жоқ. Өйткені бақталастары немесе дәрігерлер біліп қойса, жарысқа қатыспай қойдыруы да мүмкін ғой.

Сол жылы Сәпиев әлем кубогы бәсекесінде де теңдессіз өнерімен тамсандырды. Мәскеуде өткен додада Қазақстан құрамасы жалпы командалық есепте үшінші орын алғанымен, Серік бірде-бір жекпе-жегінде жеңілістің дәмін татқан жоқ. Бірінші кездесуінде ол 10 секундтың ішінде Африка боксшысын нокаутқа түсірсе, жартылай финалда кубалық Йорданис Эрнандесті 46:35 есебімен еңсерді. Міне, содан бергі екі жылдан астам уақыт аралығында Серік ресми жарыстарда тек жеңіске жетуде.

2005 жыл Серік Алматыда өткен оқу-жаттығу жиынында сол қолынан жарақат алған болатын. Бірақ бұл жарақаты жайында бапкерінен басқа ешкімге тіс жарған жоқ. Өйткені бақта­ластары немесе дәрігерлер біліп қойса, жарысқа қатыспай қойдыруы да мүмкін ғой. Ал әлем чемпионатында қазақтың намысын қорғау Серіктің байырғы арман еді. Жарақаты жанына батса да қандасымыз намысқа тырысты. Айтулы жарыста словак Тибор Главацкиді (37:13), америкалық Карл Даганды (37:26), украиналық Николай Семенягуды (27:15), әзірбайжан Эмиль Магеррамовты (41:23) және өзбек Ділшот Махмутовты (40:21) жеңіп, бас жүлдені олжалады.

2007 жылғы Әлем чемпионатында Серік мінсіз өнер көрсетті. Тырнақалды кездесуде Милан Пипескиді 26:6 есебімен ұтты. Одан кейінгі үш айқасты мерзімінен бұрын аяқтады. Никарагуалық Мендоза Мендес, канадалық Кевин Бизер, ирандық Мұртаз Сепахванд, жапондық Масатусид Каваши қандасымызға еш қарсылық көрсете алған жоқ. Серік оларды арбап та, алдап та ұрып, жігерлерін құм етті. Ал финалда Геннадий Ковалевты 20:5 есебімен еркін еңсерді. Әдетте өзге мемлекеттердің өрендеріне мұрындарын шүйіріп қарайтын ресейлік мамандар бұл жолы қазақ боксшысының атына көптеген жылы пікірлер айтты. Ал олардың: «Бұл бәсекеде Геннадий өзінің талассыз жеңілгенін мойындауға тиіс. Ол қазақ жігітінің тау қопарарлық қарқынына қарсы еш тосқауыл қоя алмады. Серік Сәпиев Олимпиадаға дәл осындай бабында келсе, бас жүлдеден басты үміткер болатыны даусыз», – деген пікірі көп нәр­сені аңғартса керек. Сөйтіп, алыстағы АҚШ елінде алтын медальді жеңіп алған Серіктің есімі спорттық шежіресінде екі мәрте әлем чемпионы атанған тұңғыш қазақстандық боксшы ретінде тіркелді.[5]Бірінші жартылай орташа салмақ

Серік Сәпиев Бейжің Олимпиадасына соңғы өткен Әуесқой бокстан әлем чемпионатының жеңімпазы ретінде өнер көрсетті. Қазақстанның алтын медальдан үмітті ең басты спортшысы Серік Сәпиевтің бұл Олимпиада ойындарында жолы болмады. Әлем чемпионатында топ жарған Серік 1/16 кезеңіне қатыспай, шаршы алаңда өнер көрсетуін бірден 1/8 бастады. Алғашқы қарсыласы венесуэлалық Джонни Санчесті 22:3 есебімен тізе бүктіреді. Келесі кезеңде 2004 Афина Олимпиадасының жеңімпазы таиландық Манус Бунджумнонг қарсы өткізді. Қарсыластарын әдетте оңай жеңетін Серік Сәпиев Манус Бунджумнонгтан айласын асыра алмады. Таиландық спортшы 7:5 есебімен жеңіске жетіп, әлемнің екі дүркін чемпионны Серік Сәпиевті медальсіз қалдырды. 

Италияның Милан қаласында өткен әлем чемпионатында Серік Сәпиев жартылай финалға дейін қарсыластарын оңай жеңді десе болады. Габондық Уго Миеникуені, әзірбайжандық Емил Махаррамовты айқын басымдықпен тізе бүктірді. Серіктің 1/8 финалда украиндық Тарас Шелестюкке қарсы өткізген ойыны сәл қиындық туғызды. Бірінші раундта сауатты қарсы шабуылдаған Тарас Шелестюк 2:5 есебімен жеңеді, алайда қалған раундтарда Серік ойын қарқынын үдете түсіп, Тарас Шелестюкті жойқын соққылардың астына алады. Сөйтіп Серік екінші раундты 9:4 есебімен, ал үшінші раундты 5:4 есебімен жеңеді. Келесі қарсыласы қырғыз елінің өкілі Абадулла Баймұратовтың секунданты екінші раундта-ақ ойыннан бас тартады. Жартылай финалда ресейлік Андрей Замковойға 10:16 есебімен жеңіліп қалады. Бұл күні қазақ боксшысы өз-өзіне мүлдем ұқсамады, көп соққылар жіберіп алған Серік бірінші раундта 2:8 есебімен жеңіледі. Екінші раундта Серік өз ойын өрнегін тапқандай болып көрінген. Сауатты шабылдап, сауатты қорғана білген Серік екінші раундты 5:3 жеңгенімен, шешуші раундта 3:5 жеңіліп қалады. Қазақ боксының соңғы жылдардағы жарқын жұлдыздарының бірі - Серік Сәпиев үшінші рет әлем чемпионы атағынан осылайша қол үзеді. "Мен қатты жеңіске жеткім келді, кей тұстары асығыстық таныттым, оңай соққыларды көп жіберіп алдым. Әдетте бір-екі соққы жіберіп алсам, келесі жолы сол соққылардан қалай қорғану керек екендігін тез ұғатынмын. Бұл чемпионатта өкінішке орай бұлай болған жоқ. Бейне бір гипнозда жүргендей болдым" - деп, өз жеңілісін осылайша түсіндірді. Алайда өзінің қарсыласынан басым екенін және шаршы алаңда кездесудің қайта сәті түссе өзінің шебер боксшсы екенін дәлелдеймін деген Серік, сол күні менің жолым болмады деп өз ойын түйіндеді. 

Бакуда өткен Бокстан әлем чемпионатында күміс жүлдеге ие болған Серик Сәпиев Лондон олимпиадасына жолдама алады. AIBA рейтингісінде өз салмақ жәрежесінде жоғары орында тұруына байланысты, Серік Олимпиада ойындарын 1-айналымнан емес, 2-айналымнан бастайды.

3 тамыз 2-айналымда жапондық Ясухиро Сузуки 25-11 есебімен оңай жеңіп, ширек финалға жолдама алады.

8 тамыз Ширек финалда венесэуалалық Габриэль Маэстре Перезпен кездесіп, 20:9 есебімен айтарлықтай оңай жеңіске жетті.

10 тамыз Жартылай финалда Серик Миланда өткен Бокстан әлем чемпионатында жеңіліп қалған ресейлік Адрей Замковоймен кездесіп жеңіске жетті.

14 тамыз Финалда шаршы алаң иесі Фредди Эвансқа жолыққан Серік, қарсыласын 17:9 есебімен тізе бүктірді. Серік бұл жеңіске қол жеткізу үшін 17 жыл аянбай тер төкті - деп, Александр Стрельников бапкер ағынан жарылды. Қазақ боксының ғана емес, әлем боксының жарық жұлдызына айналып үлген Серік Сәпиев Олимпиаданың ең үздік боксышы атанып, Баркер кубогын қанжығасына байлады.

Жанұясы

Әкесі - Жұманғали Дәуітұлы Сәпиев

Анасы - Ирина Фоминична Сәпиева

Ағасы - Сергей Жұманғалиұлы Сәпиев

Ағасы - Бақытай Жұманғалиұлы Сәпиев

Қарындасы - Людмила Жұманғалиқызы Сәпиева

Жолдасы - Мөлдір Балғабайқызы

Қызы - Аққу

Бөлісу: