Қазақстандағы ауыр атлетика

8 Желтоқсан 2012, 04:31

  Қазақстандағы ауыр атлетика Қазақстанда ауыр атлетика 30-жылдардың алғашқы жартысынан бастап дамып келеді. Алғашқы кездері оның даму барысы баяу болса, арада ширек ғасыр өткенде бұл өнер кең қарқын ала бастады. Сол тұста Степан Ульянов, Владимир Дрекслер, Петр Ким, Александр Колодков, Анатолий Лю-Шин, Бақытбек Мананбаев сынды аға буын өкілдерінің есімдері бүкіл Одаққа кеңінен танымал болды. Тіптен солардың арасынан әлемдік рекордты жаңартуға жараған азаматтар шықты. Бірте-бірте нәтижеміз еселеніп, жерлестеріміз дүниежүзілік деңгейдегі жарыстарда жасындай жарқылдай бастады. 1976 жылы Қазақстанның ауыр атлеттері Олимпиада медалінің сыңғырын естіді. Содан кейінгі жылдары да ғаламдық ойындарда орасан зор табыстарға қол жеткіздік. Олимпиада тұғырына көтерілген тарланбоздарымыздың әрқайсысына жеке-жеке тоқтала кеткен жөн. КСРО дәуірінде дараланғандар Юрий Зайцев 1951 жылы Қиыр Шығыстағы Сахалин аралының Победино ауылында туып-өсті. Кейіннен әке-шешесімен бірге Теміртау қаласына көшіп келді. Сол жерде ауыр атлетикамен «танысқан» бала араға жылдар салып, керемет көрсеткіштерге қол жеткізді. 1975 жылы ол «Достық кубогында» топ жарып, КСРО халықтары спартакиадасы мен Еуропа чемпионатында күміс медаль алды. Мәскеуде жалауы желбіреген әлем чемпионатында конкурстан тыс қатысып, дүниежүзілік рекордқа өзгеріс енгізеді. 1976 жылы Қарағандыда өткен КСРО чемпионатында алтыннан алқа тағынып, Олимпиада ойындарына қатысу құрметіне ие болады. Монреальда 110 келі салмақта сынға түскен Зайцев 385 (165+220) келілік зілтемірді ырқына оңай көндіріп, бас жүлдені олжалайды. Бір айта кетерлігі, айтулы Олимпиадада болгариялық Валентин Христов өз нәтижесі бойынша қазақстандық ауыр атлеттен асып түседі. Алайда оған «допинг қолданды» деген айып тағылып, бас жүлде біздің спортшыға бұйырады. 1977-79-жылдар аралығында әлем чемпионы, Еуропаның екі дүркін чемпионы атанады. Алайда ол кезде Юрий Зайцев Украинаға қоныс аударған болатын. Зайцевтің орнын Виктор Мазин жоқтатқан жоқ. Қарағанды облысының Шахтинск қаласының тумасы Мәскеуде алауы тұтанған Олимпиада ойындарында жеңімпаз атанды. 60 келі салмақта күш сынасқан 26 жастағы жігіт болгариялық Стефан Димитров пен поляк Марек Северынды артқа тастап, діттеген мақсатына қол жеткізді. Мазиннің көрсеткіші – 290 (130+160) келі. Шахтинскінің шымыр жігіті одан бөлек КСРО чемпионы, көптеген халықаралық жарыстардың жеңімпазы болды. Сондай-ақ ол алты рет әлемдік рекордты жаңартты. Кейіннен Виктор да Ресейдің Краснояр өлкесіне көшіп кетті. 1984 жылы социалистік елдер Лос-Анджелестегі ойындарға барған жоқ. Ал 1988 жылы Сеул Олимпиадасында Анатолий Храпатыйдың бақ жұлдызы жанды. Ол 1963 жылы Ақмола облысының Атбасар қаласында туды. Балауса шағында-ақ осы спорт түрімен айналысқан Анатолий бірден дара талантымен оқшауланды. Ол КСРО, Еуропа біріншіліктерін сан мәрте ұтты. Бес рет әлем чемпионы атағына қол жеткізді. Сеулдегі ойындарда 90 келі салмақта шеберлік сынасқан отандасымыз 412 (187,5+225) келілік нәтижемен бас жүлдені қоржынға салды. Ол өзінің басты қарсыласы әрі командалық әріптесі Наиль Мұхамедьяровтан 12,5 келі көп көтерді. Өзбек спортшысы күміс медальді мойнына ілді. Жоғарыда есімдері аталған спортшылардан бөлек Владимир Можейков пен Евгений Сыпко сынды қазақстандықтар ресми халықаралық жарыстардан жүлделі оралды. Тәуелсіздік елдің түлектері Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін елдегі экономикалық қиындықтарға қарамастан, спорттың даму барысы көңілдегідей болды. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бұл салаға ерекше көңіл бөліп, барынша қолдау көрсетті. Байрақты бәсекелерге спортшылар қауымының еш алаңсыз даярлануына қолайлы жағдай жасалып, жеңіске жеткендерге мол көлемде сыйақы тағайындалды. Тіптен Олимпиада ойындары барысында Елбасы ауыр атлеттер жарысына арнайы ат басын бұрып, өз отандастарының өнерін тамашалады. 1996 жылы Қазақстан тәуелсіз мемлекет ретінде Олимпиада ойындарына тұңғыш рет қатысты. Біздің өрендер барлық спорт түрлері бойынша 11 медальға иелік етсе, соның бірі Анатолий Храпатыйдың еншісінде. АҚШ-та оның басты қарсыласы, бұрынғы КСРО азаматы, кейіннен Грекияға қоныс аударған Акакиде Кахиашвилис еді. Барселона Олимпиадасы тұсында мамандардың таңдауы соңғысына түсіп, Қазақстанның спортшысы Пириней түбегіне бара алмай қалғаны есімізде. Екеуара тартыс Атлантада жалғасын тапты. Бұл бәсеке Акакиде Кахиашвилистің пайдасына шешіліп, ол чемпион атанса, біздің жігітке күміс медаль бұйырды. Грек атлеті 420 (185+235) келіні бағындырса, Храпатый 410 (187,5+222,5) келілік межені қанағат тұтты. Өкінішке қарай, 2008 жылдың жаз айында Анатолий Храпатый жол апатынан қаза тапты. 2000 жылы Сидней Олимпиадасынан Қазақстан ауыр атлеттерінің қоржыны бос қайтты. Бұл жағдай спорт басшыларына біраз ой салды. Арада біраз уақыт өткеннен кейін республикалық федерацияның тізгінін Қайрат Тұрлықанов ұстады. Елге Түркияның атақты маманы Энвер Түркілери шақырылды. Осы сала мамандары бірлесіп жұмыс істеп, жоғарыдағы олқылықтың орнын толтыруға кірісті. Бірте-бірте ерен еңбек өз жемісін берді. 2004 жылы Афины Олимпиадасында 29 жастағы Сергей Филимонов жарқ етіп көзге түсті. Оның ерекше дарын иесі екені еш күмән туғызбайды. Алайда жаттығу процесіне немқұрайлылықпен қарағандықтан, Филимоновтың үнемі бағы жанбай жүрген. Мәселен, Сидней Олимпиадасында ол төртінші орынға тұрақтады. Ал Афиныда 77 келі салмақта күш сынасқан отандасымыз жанкештіліктің үлгісін көрсетті. Ескі жарақаты сыр бергеніне қарамастан, күміс медальді жеңіп алды. Талдықорғанның тастүлегі 372,5 (172,5+200) келілік зілтемірді тік көтерді. Ал бас жүлде Түркияның жас перісі Танер Сағырдың қоржынында кетті. 2008 жылы Қазақстанның ауыр атлеттері айды аспанға шығарды. Бозбала шағында-ақ ересектер арасында екі рет әлем чемпионы атанып үлгерген Илья Ильин 20 жасында Олимпиада алтынын олжалады. Сыр бойының түлегі 406 (180+226) келілік зілтемірді еркін еңсерді. Әйгілі поляк атлеті Симон Колецки мен ресейлік Қажымұрат Ақаев күміс пен қоланы қанағат тұтуға мәжбүр болды. Степногорскідегі балалар үйінде тәрбиеленген Ирина Некрасованың жеңімпаз атануына небары бір келі салмақ жетпеді. 63 келі салмақта күш сынасқан ол Солтүстік Кореяның өкілі Пактан ұтылды. Олимпиада чемпионы 241 (106+ 135) келіні бағындырса, 20 жастағы Некрасова 240 (110+130) келіні ырқына көндіріп, екінші орын алды. Дәл сондай нәтижеге 75 келі салмақтағы, 26 жастағы Алла Важенина иек артты. Ресейде туып-өскен ол Қазақстанға қоныс аударып, біздің елдің атынан сынға түсуге ниет білдірген еді. Важенинаның қадамы құтты болып, 75 келі салмақта күміс медальді иеленді. Оның көрсеткіші – 266 (119+147) келі. Қытай қызы Чао Лей жерлесімізден 16 келі көп көтерді. +75 келі салмақта көкшетаулық Мария Грабовецкая кіл мықтылармен иық тіресуге тура келді. Шиеленісті тартыста ол 270 (120+150) келі нәтижемен қола медальді қоржынға салды. Бас жүлдені олжалаған кореялық Жангтың көрсеткіші – 326 (140+186) келі. Украиналық Ольга Коробка 277 (124+153) келіні көтерді. Сөйтіп, Қазақстан құрамасы 1 алтын, 2 күміс және 1 қоланы иеленіп, әлемдегі озық командалар қатарына қосылды.

 

Қазақстандағы ауыр атлетика

Қазақстанда ауыр атлетика 30-жылдардың алғашқы жартысынан бастап дамып келеді. Алғашқы кездері оның даму барысы баяу болса, арада ширек ғасыр өткенде бұл өнер кең қарқын ала бастады. Сол тұста Степан Ульянов, Владимир Дрекслер, Петр Ким, Александр Колодков, Анатолий Лю-Шин, Бақытбек Мананбаев сынды аға буын өкілдерінің есімдері бүкіл Одаққа кеңінен танымал болды. Тіптен солардың арасынан әлемдік рекордты жаңартуға жараған азаматтар шықты. Бірте-бірте нәтижеміз еселеніп, жерлестеріміз дүниежүзілік деңгейдегі жарыстарда жасындай жарқылдай бастады. 1976 жылы Қазақстанның ауыр атлеттері Олимпиада медалінің сыңғырын естіді. Содан кейінгі жылдары да ғаламдық ойындарда орасан зор табыстарға қол жеткіздік. Олимпиада тұғырына көтерілген тарланбоздарымыздың әрқайсысына жеке-жеке тоқтала кеткен жөн.

КСРО дәуірінде дараланғандар

Юрий Зайцев 1951 жылы Қиыр Шығыстағы Сахалин аралының Победино ауылында туып-өсті. Кейіннен әке-шешесімен бірге Теміртау қаласына көшіп келді. Сол жерде ауыр атлетикамен «танысқан» бала араға жылдар салып, керемет көрсеткіштерге қол жеткізді. 1975 жылы ол «Достық кубогында» топ жарып, КСРО халықтары спартакиадасы мен Еуропа чемпионатында күміс медаль алды. Мәскеуде жалауы желбіреген әлем чемпионатында конкурстан тыс қатысып, дүниежүзілік рекордқа өзгеріс енгізеді. 1976 жылы Қарағандыда өткен КСРО чемпионатында алтыннан алқа тағынып, Олимпиада ойындарына қатысу құрметіне ие болады. Монреальда 110 келі салмақта сынға түскен Зайцев 385 (165+220) келілік зілтемірді ырқына оңай көндіріп, бас жүлдені олжалайды. Бір айта кетерлігі, айтулы Олимпиадада болгариялық Валентин Христов өз нәтижесі бойынша қазақстандық ауыр атлеттен асып түседі. Алайда оған «допинг қолданды» деген айып тағылып, бас жүлде біздің спортшыға бұйырады. 1977-79-жылдар аралығында әлем чемпионы, Еуропаның екі дүркін чемпионы атанады. Алайда ол кезде Юрий Зайцев Украинаға қоныс аударған болатын. Зайцевтің орнын Виктор Мазин жоқтатқан жоқ. Қарағанды облысының Шахтинск қаласының тумасы Мәскеуде алауы тұтанған Олимпиада ойындарында жеңімпаз атанды. 60 келі салмақта күш сынасқан 26 жастағы жігіт болгариялық Стефан Димитров пен поляк Марек Северынды артқа тастап, діттеген мақсатына қол жеткізді. Мазиннің көрсеткіші – 290 (130+160) келі. Шахтинскінің шымыр жігіті одан бөлек КСРО чемпионы, көптеген халықаралық жарыстардың жеңімпазы болды. Сондай-ақ ол алты рет әлемдік рекордты жаңартты. Кейіннен Виктор да Ресейдің Краснояр өлкесіне көшіп кетті. 1984 жылы социалистік елдер Лос-Анджелестегі ойындарға барған жоқ. Ал 1988 жылы Сеул Олимпиадасында Анатолий Храпатыйдың бақ жұлдызы жанды. Ол 1963 жылы Ақмола облысының Атбасар қаласында туды. Балауса шағында-ақ осы спорт түрімен айналысқан Анатолий бірден дара талантымен оқшауланды. Ол КСРО, Еуропа біріншіліктерін сан мәрте ұтты. Бес рет әлем чемпионы атағына қол жеткізді. Сеулдегі ойындарда 90 келі салмақта шеберлік сынасқан отандасымыз 412 (187,5+225) келілік нәтижемен бас жүлдені қоржынға салды. Ол өзінің басты қарсыласы әрі командалық әріптесі Наиль Мұхамедьяровтан 12,5 келі көп көтерді. Өзбек спортшысы күміс медальді мойнына ілді. Жоғарыда есімдері аталған спортшылардан бөлек Владимир Можейков пен Евгений Сыпко сынды қазақстандықтар ресми халықаралық жарыстардан жүлделі оралды.

Тәуелсіздік елдің түлектері

Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін елдегі экономикалық қиындықтарға қарамастан, спорттың даму барысы көңілдегідей болды. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бұл салаға ерекше көңіл бөліп, барынша қолдау көрсетті. Байрақты бәсекелерге спортшылар қауымының еш алаңсыз даярлануына қолайлы жағдай жасалып, жеңіске жеткендерге мол көлемде сыйақы тағайындалды. Тіптен Олимпиада ойындары барысында Елбасы ауыр атлеттер жарысына арнайы ат басын бұрып, өз отандастарының өнерін тамашалады. 1996 жылы Қазақстан тәуелсіз мемлекет ретінде Олимпиада ойындарына тұңғыш рет қатысты. Біздің өрендер барлық спорт түрлері бойынша 11 медальға иелік етсе, соның бірі Анатолий Храпатыйдың еншісінде. АҚШ-та оның басты қарсыласы, бұрынғы КСРО азаматы, кейіннен Грекияға қоныс аударған Акакиде Кахиашвилис еді. Барселона Олимпиадасы тұсында мамандардың таңдауы соңғысына түсіп, Қазақстанның спортшысы Пириней түбегіне бара алмай қалғаны есімізде. Екеуара тартыс Атлантада жалғасын тапты. Бұл бәсеке Акакиде Кахиашвилистің пайдасына шешіліп, ол чемпион атанса, біздің жігітке күміс медаль бұйырды. Грек атлеті 420 (185+235) келіні бағындырса, Храпатый 410 (187,5+222,5) келілік межені қанағат тұтты. Өкінішке қарай, 2008 жылдың жаз айында Анатолий Храпатый жол апатынан қаза тапты. 2000 жылы Сидней Олимпиадасынан Қазақстан ауыр атлеттерінің қоржыны бос қайтты. Бұл жағдай спорт басшыларына біраз ой салды. Арада біраз уақыт өткеннен кейін республикалық федерацияның тізгінін Қайрат Тұрлықанов ұстады. Елге Түркияның атақты маманы Энвер Түркілери шақырылды. Осы сала мамандары бірлесіп жұмыс істеп, жоғарыдағы олқылықтың орнын толтыруға кірісті. Бірте-бірте ерен еңбек өз жемісін берді. 2004 жылы Афины Олимпиадасында 29 жастағы Сергей Филимонов жарқ етіп көзге түсті. Оның ерекше дарын иесі екені еш күмән туғызбайды. Алайда жаттығу процесіне немқұрайлылықпен қарағандықтан, Филимоновтың үнемі бағы жанбай жүрген. Мәселен, Сидней Олимпиадасында ол төртінші орынға тұрақтады. Ал Афиныда 77 келі салмақта күш сынасқан отандасымыз жанкештіліктің үлгісін көрсетті. Ескі жарақаты сыр бергеніне қарамастан, күміс медальді жеңіп алды. Талдықорғанның тастүлегі 372,5 (172,5+200) келілік зілтемірді тік көтерді. Ал бас жүлде Түркияның жас перісі Танер Сағырдың қоржынында кетті. 2008 жылы Қазақстанның ауыр атлеттері айды аспанға шығарды. Бозбала шағында-ақ ересектер арасында екі рет әлем чемпионы атанып үлгерген Илья Ильин 20 жасында Олимпиада алтынын олжалады. Сыр бойының түлегі 406 (180+226) келілік зілтемірді еркін еңсерді. Әйгілі поляк атлеті Симон Колецки мен ресейлік Қажымұрат Ақаев күміс пен қоланы қанағат тұтуға мәжбүр болды. Степногорскідегі балалар үйінде тәрбиеленген Ирина Некрасованың жеңімпаз атануына небары бір келі салмақ жетпеді. 63 келі салмақта күш сынасқан ол Солтүстік Кореяның өкілі Пактан ұтылды. Олимпиада чемпионы 241 (106+ 135) келіні бағындырса, 20 жастағы Некрасова 240 (110+130) келіні ырқына көндіріп, екінші орын алды. Дәл сондай нәтижеге 75 келі салмақтағы, 26 жастағы Алла Важенина иек артты. Ресейде туып-өскен ол Қазақстанға қоныс аударып, біздің елдің атынан сынға түсуге ниет білдірген еді. Важенинаның қадамы құтты болып, 75 келі салмақта күміс медальді иеленді. Оның көрсеткіші – 266 (119+147) келі. Қытай қызы Чао Лей жерлесімізден 16 келі көп көтерді. +75 келі салмақта көкшетаулық Мария Грабовецкая кіл мықтылармен иық тіресуге тура келді. Шиеленісті тартыста ол 270 (120+150) келі нәтижемен қола медальді қоржынға салды. Бас жүлдені олжалаған кореялық Жангтың көрсеткіші – 326 (140+186) келі. Украиналық Ольга Коробка 277 (124+153) келіні көтерді. Сөйтіп, Қазақстан құрамасы 1 алтын, 2 күміс және 1 қоланы иеленіп, әлемдегі озық командалар қатарына қосылды.

Бөлісу: