7 Желтоқсан 2012, 12:32
Алтынбаев Мұхтар Қапашұлы — Штаб бастықтары комитетінің төрағасы — Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары, армия генералы.
1945 ж. 10 желтоқсанда Қарағанды қаласында туған. Қазақ.
1977 ж. — Армавир жоғары әскери ұшқыштар ӘШҚ училищесін бітірді.
1985 ж. — Кеңестер Одағының Маршалы Г.К. Жуков атындағы ӘШҚ Әскери командалық академиясын бітірді. Саяси ғылымдарының кандидаты.
Еңбек жолын Қарағанды қаласының шахталарында бастады.
1962 ж. қыркүйегінен 1966 ж. қазанына дейін жұмысшы, шахта қазушысы.
1964 ж. өндіріс пен оқудан қол үзбестен ұшқыштар даярлау жөніндегі Қарағанды авиациялық орталығын бітірді.
1965 жылдың желтоқсанынан ААФЖЕҚ Кинель-Черкасск авиациялық оқу-жаттығу орталығының курсант-ұшқышы. Әскери қызметке қабылданғаннан кейін әр түрлі жауапты басшылық лауазымдарда қызмет атқарды.
1972—75 жж. — авиациялық буынның командирі, авиациялық эскадрилья командирі, истребитель авиациясы полкі командирінің ұшу дайындығы жөніндегі орынбасары.
1979 ж. желтоқсанында Уральск әскери округінің истребитель авиациясы полкінің командирі болады. М.Алтынбаевтың қолбасшылығы кезеңінде полкте бір де бір оқыс ұшу оқиғалары болған жоқ және еліміздің Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері арасындағы ең үздігі атанды.
1982 ж. тамызынан — Кеңестер Одағының Маршалы Г.К. Жуков атындағы ӘШҚ Әскери командалық академиясының тыңдаушысы.
1985—88 жж. — дивизия командирінің орынбасары, Түркістан әскери округінің әуе шабуылына қарсы қорғаныс дивизиясының командирі.
1992 ж. ақпанында Түркістан әскери округінің әуе шабуылына қарсы қорғаныс корпусының командирі болып тағайындалды.
Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан кейін Мұхтар Қапашұлы өз Отанына оралады және Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Жарлығына сәйкес құрылған егеменді мемлекеттің Қарулы Күштерінің қалыптасуына белсене қатысады.
1992 ж. мамырында ӘШҚ әскерлерінің қолбасшысы — Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды.
1993 ж. қарашасынан Әскери-әуе күштерінің қолбасшысы — Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары.
1994 ж. қыркүйегінен ҚР әскери-әуе күштерінің қолбасшысы.
1996 ж. қазанынан — Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі.
2000 ж. наурызынан — Қазақстан Республикасы Әуе қорғанысы күштерінің қолбасшысы.
2001 ж. желтоқсанында Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі болып тағайындалды.
2007 қаңтардан — Штаб бастықтары комитетінің төрағасы — Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары.
[өңдеу]Марапаттары
Орденмен және көптеген медальдармен марапатталған.
Ұшқыш-мерген. Жетілдірілген соңғы МиГ және Су тектес истребительдердің қазіргі заманғы барлық түрлерін шектеусіз басқаруға рұқсаты бар.
АҚШ авиациялық базаларының бірінде атақты америка F-16 жойғыш ұшағымен ұшу өнерін көрсеткен жаңа тәуелсіз мемлекеттердің тұңғыш ұшқышы болып табылады. Осыған орай америка мамандары М.Алтынбаевтың кәсіби шеберлігіне жоғары баға берді.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 ж. мамырдың 6-ында № 112 Жарлығымен «Халық Қаһарманы» атағы берілді және «Халық Қаһарманы» Алтын жұлдызы мен «Отан» ордені табыс етілді.
Әскери атағы - армия генералы. Әскери ұшқыш-мерген.