7 Желтоқсан 2012, 12:28
Серікжан Зиадаұлы Қанаев (1953 жылы 22 желтоқсанда Қарағанды қаласында туған)— қоғам кайраткері, саяси ғылымдарының докторы, философия ғылымдарының кандидаты, профессор. Қазақ.
Әкесі - Қанаев Зиада Қамитұлы, марқұм. Анасы - Қанаева Зейнекеш, зейнеткер.
БЛКЖО ОК жанындағы Жоғары комсомол мектебін бітірген (Мәскеу, 1978), тарих пен қоғамтану оқытушысы; Қарағанды мемлекеттік университетінің экономика факультетін бітірген (1984), экономист; КОКП ОК Қоғамдық ғылымдар академиясының аспирантурасын бітірген (Мәскеу, 1991). Философия ғылымдарының кандидаты (1991). Кандидаттық диссертациясының тақырыбы: «Ұлттық психологияны қалыптастырудағы діни фактордың рөлі». Саяси ғылымдарының докторы (2003). Докторлық диссертациясының тақырыбы: «Қазақстан Республикасының саяси процесіндегі зорлық жасау мәселелері және оның баламалары». Профессор (2003 жылдан). Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі (2006 жылдан), ҚР Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының толық мүшесі (2009). «Зорлық жасау табиғаты жөнінде» (Қарағанды, 2002), «Әлеуметтік және саяси зорлық жасаудың мәселелері : тарихы, әдістемесі, шешу жолдары» (Минск, 2003) кітаптарының, сондай-ақ 70-тен астам ғылыми мақала мен жарияланымның авторы.
Қазақ, орыс және ағылшын (сөздікпен) тілдерін біледі.
«Нұр Отан» ХДП мүшесі.
1971 жылдан - Қарағанды қаласының ведомстводан тыс күзет бөлімінің электр монтері. 1972 жылдан - Кеңес Әскерінің қатарында қызметте. 1974 жылдан - БЛКЖО ОК жанындағы Жоғары комсомол мектебінің тыңдаушысы. 1978 жылдан - Қазақстан ЛКЖО Қарағанды облыстық комитетінің нұсқаушысы, комсомол ұйымдары бөлімінің меңгерушісі. 1982 жылдан - Қазақстан Компартиясы Қарағанды облыстық комитетінің дәріскері, деріскерлік тобының жетекшісі . 1988 жылдан - КОКП ОК Қоғамдық ғылымдар академиясының аспирантурасының аспиранты. 1991 жылдың қыркүйегінен - «Атырау» АҚ филиалының директоры (Қарағанды). 1993 жылдан - ҚР Президенті Аппараты мен Министрлер Кабинеті Діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі бөлімінің аға референті . 1994 жылдан - Қарағанды Облыстық жұмыспен қамту орталығының, Облыстық еңбек және халықты жұмыспен қамту басқармасының, Тұрғын халықты жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау Бас басқармасының бастығы. 1999 жылдан - ҚР Денсаулық сақтау, білім беру және спорт министрлігі кадрлық жұмыс бөлімінің бастығы. 2000 жылдан - ҚР Білім және ғылым министрлігі Кадрлық және арнайы жұмыс басқармасының бастығы, Әкімшілік департаментінің директоры, Министрлік Аппаратының жетекшісі . 2005 жылдан - ҚР Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-саяси бөлімінің бас инспекторы, «Отан» Республикалық саяси партиясы Орталық аппаратының жетекшісі (Астана қаласы). 2006 жылдың ақпан айынан - Қарағанды облысы әкімінің орынбасары.
2007 жылдың наурыз айынан бері - ҚР Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру-аумақтық жұмыс бөлімінің меңгерушісі.