Еуро – 2020 бірнеше елде өтеді

7 Желтоқсан 2012, 07:16

УЕФА-ның атқарушы комитеті 2020 жылғы футболдан Еуропа чемпионатын Еуропаның бірнеше елінде өткізу туралы шешім қабылдады, деп хабарлады баспасөз мәжілісінде УЕФА-ның бас хатшысы Джанни Инфантино. Турнирді өткізудің нақты форматы кейінірек анықталады, деп хабарлады BNews.kz Лента.Ру агенттігіне сілтеме жасап. Инфантиноның хабарлауынша, осындай форматта чемпионат өткізуді Еуропаның 53 футбол қауымдастығының 52-сі қолдады. Тек Түркия қарсы болды. Себебі ол ұзақ жылдар бойы Еуропа чемпионатының өз елдерінің аумағында өткенін қалады және Еуро-2020 өткізуге басты үміткерлердің бірі болды. Еуро-2020 матчтарын өткізу үшін қалалардан өтініш 2013 жылдың наурыз айынан бастап қабылданады, ал 2014 жылдың көктемінде қалалардың нақты тізімі бекітіледі.

УЕФА-ның атқарушы комитеті 2020 жылғы футболдан Еуропа чемпионатын Еуропаның бірнеше елінде өткізу туралы шешім қабылдады, деп хабарлады баспасөз мәжілісінде УЕФА-ның бас хатшысы Джанни Инфантино. Турнирді өткізудің нақты форматы кейінірек анықталады, деп хабарлады BNews.kz Лента.Ру агенттігіне сілтеме жасап.

Инфантиноның хабарлауынша, осындай форматта чемпионат өткізуді Еуропаның 53 футбол қауымдастығының 52-сі қолдады. Тек Түркия қарсы болды. Себебі ол ұзақ жылдар бойы Еуропа чемпионатының өз елдерінің аумағында өткенін қалады және Еуро-2020 өткізуге басты үміткерлердің бірі болды.

Еуро-2020 матчтарын өткізу үшін қалалардан өтініш 2013 жылдың наурыз айынан бастап қабылданады, ал 2014 жылдың көктемінде қалалардың нақты тізімі бекітіледі.

Бөлісу: