7 Желтоқсан 2012, 06:52
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Қытай Халық Республикасының Төрағасы Ху Цзиньтаодан хат келді, деп хабарлайды BNews.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ҚХР Төрағасы Қазақстан Президентіне Қытай Коммунистік партиясы 18-съезінің табысты шақырылымына байланысты жолдаған құттықтау хаты үшін алғыс айтқан.
Өз кезегінде, ҚХР Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевты Қазақстанның ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін өткізу құқығын жеңіп алуымен құттықтаған.
«Бұл - Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму ісіндегі табыстарын халықаралық қоғамдастықтың мойындауы. Қазақстан Бүкіләлемдік жарқын, ерекше, табысты көрме өткізетініне сенемін», – делінген хатта.
Құттықтау хатының соңында Х.Цзиньтао Нұрсұлтан Назарбаевқа денсаулық және қызметінде табыс, Қазақстан мен оның халқына өсіп-өркендеу тілеген.