Шүкір ету де – ғибадат

5 Желтоқсан 2012, 12:03

Шүкірлік ету адамның өзіне жасалған жақсылық үшін ризалығын білдіріп рахмет айтуы.Өзіне берген нығмет үшін Аллһқа борышты екенін білдіру. Құран Кәрімде: «Әй, иман келтіргендер! Сендерге берген нығметтердің халал болғандарынан жеңдер! Егер тек қана Алаһқа (табынатын) құлшылық ететін болсаңдар, Оған шүкір етіңдер» (Бақара сүресі, 172-аят). Тағы бір аятта да: «...Кімде-кім  шүкір етсе, өзі үшін еткен болып табылады. Кімде-кім күпірлік етсе, күмәнсіз Раббым ешкімнің шүкіріне мұқтаж емес» (Нәміл сүресі, 40-аят). Жалпы, шүкірлік ету үш сатыдан тұрады, олар: 1.Тілмен шүкірлік ету 2.Іс-әрекетпен шүкірлік ету. 3.Жүрекпен шүкірлік ету. Тілмен шүкірлік ету Бұл жақсылық пен нығмет, ризық пен жәрдем беруші Аллаһ Тағалаға мадақ айту. Яғни, шүкірлік еткенімізді тілмен білдіру. Іс-әрекетпен шүкірлік ету Бұл жақсылық пен нығмет, ризық пен жәрдем беруші Аллаһ Тағлаға айтар алғысымызды іс-әрекетімізбен жеткізу. Әлбетте, бұл Оның ризалығына сай әрекет арқылы ғана орындалады. Жүрекпен шүкірлік ету Бұл нығмет беруші Аллаһты тану және Оны растап, Оған бойсұну. Шүкірлік етуде осы үш негіз болмаса, жаслған шүкірліккемшілікті болып саналады. Риуаяттан: Пайғамбарымыз (с.а.у) Айша анамызға былай деген: «Әй, Айша, Жәбірейлдің (а.с) маған хабар беруі бойынша Аллаһ Тағала Қиямет күні мақлұқатты жинаған кезде біреуден жақсылық көрген құлына: – Саған жақсылық істеген адамға рахмет айтып па едің? - дейді екен.Ол: – Уа, Раббым! Маған көрсетілген жақсылықтың Сенен ғана келгенін білгендіктен, тек Саған шүкіршілік еттім, - дейді. Сонда, Аллаһ Тағала: – Ол жақсылықтардың саған жетуіне себепші болған құлыма шүкір етпейінше, Маған шүкір еткен болып саналмайсың, - дейді» (Әли әл-Муттақи). Сонымен қатар, шүкірлік пенденің Аллаһқа деген құрметін білдіретін және Аллаһ адындағы дәрежесін көтеретін ахлақи ерекшеліктерінің бірі екенін де атап өткен жөн. Дегенмен, мұндай қасиетті бойына жинаған адамдар өте аз екені шындық. Құранда: «Құлдарымның ішінде лайықты түрде шүкір етушілер өте аз» (Сәбә сүресі, 13-аят). Шүкірлік етушілерге жоғары дәрежедегі нығметтер және Аллаһқа жақындық ұсынылып, шүкірлік етпегендерден жақсы қасиеттер мен даналық, мағрифат кері алынады. Ақыр соңында ол адам өз бойындағы әлгіндей игі қасиеттерін айырылып, жұрдай болады. Сүйікті Пайғамбарымыз (с.а.у) барлық жағдайда да, әрбір іс-әрекет жасағанда да Аллаһқа мадақ айтып, шүкірлік еткен. Сондықтан, Пайғамбарымыз (с.а.у) секілді шүкірлік етіп, сан мың нығмет пен амандық бергені үшін Раббымызға ризалығымызды білдіруіміз керек. Бұрынғылар «азға шүкірлік етпегеннің, көпке қолы жетпес» деген екен. Яғни, азға қанағат қылғанға, Аллаһ Тағала мына дүнеде молшылықты, ақирете жәннаттың қызығын нәсіп етеді. Құран Кәрімде: «Аллаһтың бұйрығы болмайынша ешкім өлмейді, ол жазулы бір мерзім. Кім дүниенің пайдасын тілесе, оған одан береміз. Ал кім ахирет пайдасын қаласа, оған одан береміз. Сондай-ақ, шүкірлік етушілерді сыйға бөлейміз» (Әли Имран сүресі, 145-аят). Аллаһ тағала шүкір еткен құлдарын сыйға бөлейтінін айтып сүйіншілеп, уәде беркде. Шүкіршілік ету иманы кәміл құлға тән амал. Иманы жоқтың шүкірлік етуі мүмкін емес. Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.а.у) барлық күнәлары кешірілгеніне қарамай, күніне жетпіс рет тәубе жасап, истиғфар (жарылқау тілеу) еткендігі белгілі. Расулуллаһ (с.а.у) парыз ғибадаттарға қоса нәпіл ғибадаттарды да жасайтын.Қиямда көп тұрғанын аяқтары ісіп, тіпті, сәждеде басы тиген жер көз жасынан ылғалданады екен, ғибадат жасауды Пайғамбарымыздан (с.а.у) үйренген абзал. Ата бин Әби Рабахтан: «Аллаһтың Елшісінің өзің куә болған бір кереметін бізге айтып бер» дегенімізде, Хз.Айша(р.а) алдымен көзіне жас алып, сосын былай деді: – Оның барлық ісі кісі таңқаларлық болатын. Түнде тәнім тиіп төсекте жатқанда, ол: «Әй, Әбу Бәкірдің қызы! Мені жібер. Раббыма ғибадатқылайын», деді. Мен: – Сенің қасыңда болуды ұнатам. Бірақ, тілегіңді орындауға әзірмін, деп, рұқсат еттім. Алдымен орнына тұрып, құмандағы суды үнемдеп дәрет алды. Намазда тұрып етілгенде көз жасының көкірегіне дейін аққанын көрдім. Рукуғқа барғанда да көз жасы тиылмады. Сәжде жасағанда да, басын сәждеген көтергенде де, жылады. Бұл намазынаң жалғасты. Таң намазынаң уақыты кіргенде Биләл Хабаши келіп, азан шақырды. Сол кезде мен оған: – Әй, Алаһтың Елшісі! Сонша неге жыладың? Аллаһ сенің өткен және алдағы уақыттағы күнәларыңды кешірді емес пе? - дедім. Сонда ол былай деді: «Шүкірлік етуші құл болмаймын ба?!». Алаһ Тағала: «Аспан мен жердің жаратылысында, күн мен түннің кезекпен алмасуында ақыл иелері үшін айқын дәлелдер бар. Олар (ақыл елері) отырса да, тұрса да, жантайып жатса да Аллаһты еске алады. Аспан мен жердің жаратылысында ой жүгіртеді де (былай дейді): «Уа, Раббымыз! Бұларды бекер жаратпадың, біз Сені барлық нұқсаннан пәк деп білеміз. Бізді тозақ отынан сақтанғайсың!» деген» деді (Әли Имран сүресі, 190-аят). Адамның, Аллаһқа деген иманы, итағаты, қорқуы және сүйіспеншілігі мөлшерінде ғана Оның әмірлерін орындап, құлшылық қылатыны рас. Шүкірлік етудің де құлшылыққа жатарын ұмытпай, Аллаһқа деген иманымызды, бойсұнуымызды күшейтейік. «Шүкір етуші құлдарым аз» деген аяттағы «аздардың» бірі болайық. Қандай жағдайда болмасын, халіне шүкір етпеген адамның шүкірсіз қалатынын яғни, жақсылықтан жұрдай болатынын естен шығармаған абзал. Баяғыда, егіз екі бауыр өтіпті. Арқалары жабыса туғандықтан, екеуі жатса да, тұрса да бір-бірінен бір елі ажырамайды екен. Егіздің бірі «Бұдан да жаман болуы мүмкін ғой» деп, жағдайына шүкірлік етсе, сыңары ашуланып «Бұдан жаман не болатын еді» деуді әдетке айналдырыпты. Содан мердімді күні деткеде егіздің біріншісі қайтыс болып, қалған өмірін оны арқалаумен өткізуге мәжбүр болған екіншісі «шүкірлік етпеген адам шүкірсіз қалар» деген сөздің мағынасын ұғыпты. Түсінген адамға мұда үлкен ғибрат бар. Берік Абдррахманұлы Дінтанушы  

Шүкірлік ету адамның өзіне жасалған жақсылық үшін ризалығын білдіріп рахмет айтуы.Өзіне берген нығмет үшін Аллһқа борышты екенін білдіру.
Құран Кәрімде:

«Әй, иман келтіргендер! Сендерге берген нығметтердің халал болғандарынан жеңдер! Егер тек қана Алаһқа (табынатын) құлшылық ететін болсаңдар, Оған шүкір етіңдер» (Бақара сүресі, 172-аят).

Тағы бір аятта да: «...Кімде-кім  шүкір етсе, өзі үшін еткен болып табылады. Кімде-кім күпірлік етсе, күмәнсіз Раббым ешкімнің шүкіріне мұқтаж емес» (Нәміл сүресі, 40-аят).
Жалпы, шүкірлік ету үш сатыдан тұрады, олар:

1.Тілмен шүкірлік ету
2.Іс-әрекетпен шүкірлік ету.
3.Жүрекпен шүкірлік ету.
Тілмен шүкірлік ету

Бұл жақсылық пен нығмет, ризық пен жәрдем беруші Аллаһ Тағалаға мадақ айту. Яғни, шүкірлік еткенімізді тілмен білдіру.

Іс-әрекетпен шүкірлік ету

Бұл жақсылық пен нығмет, ризық пен жәрдем беруші Аллаһ Тағлаға айтар алғысымызды іс-әрекетімізбен жеткізу. Әлбетте, бұл Оның ризалығына сай әрекет арқылы ғана орындалады.

Жүрекпен шүкірлік ету

Бұл нығмет беруші Аллаһты тану және Оны растап, Оған бойсұну.
Шүкірлік етуде осы үш негіз болмаса, жаслған шүкірліккемшілікті болып саналады.
Риуаяттан: Пайғамбарымыз (с.а.у) Айша анамызға былай деген:
«Әй, Айша, Жәбірейлдің (а.с) маған хабар беруі бойынша Аллаһ Тағала Қиямет күні мақлұқатты жинаған кезде біреуден жақсылық көрген құлына:
– Саған жақсылық істеген адамға рахмет айтып па едің? - дейді екен.Ол:
– Уа, Раббым! Маған көрсетілген жақсылықтың Сенен ғана келгенін білгендіктен, тек Саған шүкіршілік еттім, - дейді. Сонда, Аллаһ Тағала:
– Ол жақсылықтардың саған жетуіне себепші болған құлыма шүкір етпейінше, Маған шүкір еткен болып саналмайсың, - дейді» (Әли әл-Муттақи).
Сонымен қатар, шүкірлік пенденің Аллаһқа деген құрметін білдіретін және Аллаһ адындағы дәрежесін көтеретін ахлақи ерекшеліктерінің бірі екенін де атап өткен жөн. Дегенмен, мұндай қасиетті бойына жинаған адамдар өте аз екені шындық.
Құранда: «Құлдарымның ішінде лайықты түрде шүкір етушілер өте аз» (Сәбә сүресі, 13-аят).

Шүкірлік етушілерге жоғары дәрежедегі нығметтер және Аллаһқа жақындық ұсынылып, шүкірлік етпегендерден жақсы қасиеттер мен даналық, мағрифат кері алынады. Ақыр соңында ол адам өз бойындағы әлгіндей игі қасиеттерін айырылып, жұрдай болады.
Сүйікті Пайғамбарымыз (с.а.у) барлық жағдайда да, әрбір іс-әрекет жасағанда да Аллаһқа мадақ айтып, шүкірлік еткен.

Сондықтан, Пайғамбарымыз (с.а.у) секілді шүкірлік етіп, сан мың нығмет пен амандық бергені үшін Раббымызға ризалығымызды білдіруіміз керек.
Бұрынғылар «азға шүкірлік етпегеннің, көпке қолы жетпес» деген екен. Яғни, азға қанағат қылғанға, Аллаһ Тағала мына дүнеде молшылықты, ақирете жәннаттың қызығын нәсіп етеді.

Құран Кәрімде: «Аллаһтың бұйрығы болмайынша ешкім өлмейді, ол жазулы бір мерзім. Кім дүниенің пайдасын тілесе, оған одан береміз. Ал кім ахирет пайдасын қаласа, оған одан береміз. Сондай-ақ, шүкірлік етушілерді сыйға бөлейміз» (Әли Имран сүресі, 145-аят).

Аллаһ тағала шүкір еткен құлдарын сыйға бөлейтінін айтып сүйіншілеп, уәде беркде. Шүкіршілік ету иманы кәміл құлға тән амал. Иманы жоқтың шүкірлік етуі мүмкін емес. Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.а.у) барлық күнәлары кешірілгеніне қарамай, күніне жетпіс рет тәубе жасап, истиғфар (жарылқау тілеу) еткендігі белгілі. Расулуллаһ (с.а.у) парыз ғибадаттарға қоса нәпіл ғибадаттарды да жасайтын.Қиямда көп тұрғанын аяқтары ісіп, тіпті, сәждеде басы тиген жер көз жасынан ылғалданады екен, ғибадат жасауды Пайғамбарымыздан (с.а.у) үйренген абзал.

Ата бин Әби Рабахтан: «Аллаһтың Елшісінің өзің куә болған бір кереметін бізге айтып бер» дегенімізде, Хз.Айша(р.а) алдымен көзіне жас алып, сосын былай деді:
– Оның барлық ісі кісі таңқаларлық болатын. Түнде тәнім тиіп төсекте жатқанда, ол: «Әй, Әбу Бәкірдің қызы! Мені жібер. Раббыма ғибадатқылайын», деді. Мен:
– Сенің қасыңда болуды ұнатам. Бірақ, тілегіңді орындауға әзірмін, деп, рұқсат еттім. Алдымен орнына тұрып, құмандағы суды үнемдеп дәрет алды. Намазда тұрып етілгенде көз жасының көкірегіне дейін аққанын көрдім. Рукуғқа барғанда да көз жасы тиылмады. Сәжде жасағанда да, басын сәждеген көтергенде де, жылады. Бұл намазынаң жалғасты. Таң намазынаң уақыты кіргенде Биләл Хабаши келіп, азан шақырды. Сол кезде мен оған:

– Әй, Алаһтың Елшісі! Сонша неге жыладың? Аллаһ сенің өткен және алдағы уақыттағы күнәларыңды кешірді емес пе? - дедім. Сонда ол былай деді: «Шүкірлік етуші құл болмаймын ба?!». Алаһ Тағала:

«Аспан мен жердің жаратылысында, күн мен түннің кезекпен алмасуында ақыл иелері үшін айқын дәлелдер бар. Олар (ақыл елері) отырса да, тұрса да, жантайып жатса да Аллаһты еске алады. Аспан мен жердің жаратылысында ой жүгіртеді де (былай дейді): «Уа, Раббымыз! Бұларды бекер жаратпадың, біз Сені барлық нұқсаннан пәк деп білеміз. Бізді тозақ отынан сақтанғайсың!» деген» деді (Әли Имран сүресі, 190-аят).

Адамның, Аллаһқа деген иманы, итағаты, қорқуы және сүйіспеншілігі мөлшерінде ғана Оның әмірлерін орындап, құлшылық қылатыны рас. Шүкірлік етудің де құлшылыққа жатарын ұмытпай, Аллаһқа деген иманымызды, бойсұнуымызды күшейтейік. «Шүкір етуші құлдарым аз» деген аяттағы «аздардың» бірі болайық. Қандай жағдайда болмасын, халіне шүкір етпеген адамның шүкірсіз қалатынын яғни, жақсылықтан жұрдай болатынын естен шығармаған абзал.

Баяғыда, егіз екі бауыр өтіпті. Арқалары жабыса туғандықтан, екеуі жатса да, тұрса да бір-бірінен бір елі ажырамайды екен. Егіздің бірі «Бұдан да жаман болуы мүмкін ғой» деп, жағдайына шүкірлік етсе, сыңары ашуланып «Бұдан жаман не болатын еді» деуді әдетке айналдырыпты. Содан мердімді күні деткеде егіздің біріншісі қайтыс болып, қалған өмірін оны арқалаумен өткізуге мәжбүр болған екіншісі «шүкірлік етпеген адам шүкірсіз қалар» деген сөздің мағынасын ұғыпты. Түсінген адамға мұда үлкен ғибрат бар.

Берік Абдррахманұлы
Дінтанушы
 

Бөлісу: