Тарих путевкасын берген адам

5 Желтоқсан 2012, 12:03

Тарих путевкасын берген адам   1933 жыл еді. Қазақстанның көркемөнері мен әдебиеті үшін естен кетпестей бір мәжіліс болды. Ол Леон Исаевичтің өз кабинетінде шақырылған мәжіліс. Мәдениет майданына тарихтың өзі үн салып, "өнер тап, өрге бас, қалуың жетті" деп қанат бітіргелі тұрған күндер еді. Көңілде сондай көтеріңкі күй бар. Үлкен, ірі жаңалықты күту бар. Бірақ әдебиет пен көркемөнер қызметшілері — бізде ол кезде күшке сенбегендік, қорғаншақтық, тәжірибесіздік мықты еді. Жүдеу артист, тартыншақ жазушы, сенімі аз режиссер, не істейтінін білмеген композитор, суретшілер болатынбыз. Я, ол кезде солай еді.   Көркемөнер майданын алғанда, бүкіл Қазақстанға арналған жиыны 30-ақ адамы бар, әлсіз бір ғана драма театры бар еді. Оның да Күләш пен Қанабектей, Құрманбек пен Шарадай қызметшілерін кейбір бастықтар "әнші емес, артист емес, тіпті бұл майданға керек адамдар емес" деп қудалап, сауырлап жүрген күндері болатын. Сонымен, жалғыз театрдың өзінің де іші толған қыңқыл-күңкіл еді. Зор мәжілісте бір байқалған сиқымыз осы болды.   "Жазған шығармаларымызға оқушы жоқ. Жауапты қызметшілер оқитын болса екен" деп, балаша арыз-тілек айтып, күңгірт қабақты жазушы шықты. "Би деген өнер қазақтың бұрынғы салтында жоқ. Бұл түсініксіз зат. Оны кіргізу, кіргізбеу жайын ұзаққа созып, талқылау керек" деген тартыншақ, күдікшіл үнмен біреулер шықты. Музыка театры ол күнде жаңа ғана, болымсыз ғана студия атымен әр жерге бір түртініп, кім боларын, не қыларын білмей жүрген бір нәресте еді. Оны "бастауыш мектеп" деп түсіну керек. Оның болашағы елі жұмбақ, әрі алты қырдың астында" деген сәуегейлікпен тағы біреулер шықты. Бұл майдандағы істің жағдайы ол кезде осылай еді.   Үлкен сабырмен тыңдап, танып алып, енді анық бағыт беріп, зор тарихи міндет артатын байсалды сөзді мәжіліс ағасының өзі айтты. Ашық, зор үні бар, ерекше шыншыл, жарқын жүзі бар нағыз қамқор достың, халық ұлының өзгеше қымбат сөздері сонда айтылды.   - Би — халықтың сергек денесі мен серпілген көңілінің шаттығын білдіретін өнер. Халықтың қуанышын тұсауға болмайды. Қазақтың әсем әні — халық өнері қазынасы. Опера қашан туады деп қарап отырмау керек. Оны жасау керек. Оған керекті күш пен талант бізде де бар. Бірақ күшке сенбеушілікті тастаңдар. Біріккен күшпен, берік сеніммен партия көрсетіп отырған жолмен алға басындар! — деді.   Бұл қуанышты қайрат бітіретін үн еді. Жаңа тарихқа мұрындық болған, табысқа жетуге путевка берген үн еді. Біраз айлар өтті... Музыка студиясы — студия емес, нағыз театр атын алмаққа өзінің бірінші адымын жасады. Ең алғаш рет шымылдығын ашты. Өз шымылдығын ғана ашқан жоқ. Тарих пердесін де ашты. Қазақ әні, қазақ биі, қазақ артисі, режиссерлері "біз тудық біз көлдігін" айтып жарқ етіп шықты. Театр қалың зрительге ие болды.   Басы сол еді. Жалпы мәдениет майданының өркендеп, дамуымен катар Қазақстанның халықтық көркемөнері де қанат қақты. Бірі артынан бірі шығып, бұрын еш уақытта болмаған жаңалықтар, табыстар туды. Бұл аз уақыт ішінде бүкіл Қазақстанның барлық түкпір-түкпіріне тарады. Өркендеп ойнаған халықтың өнері, қуаныш, шаттық өнері болды. Көркемөнер Қарағандыда стахановшылардың еңбек өнімін арттыруға себепші болды... Қалың жүмысшыны қатты қуантты. Шалғай жатқан қиыр шет, шекарадағы Зайсан пионерлері өздерінің жазғы лагерінде астана жіберіп жатқан әндерді шырқады. Алыс шекарадан жас ұландар шат-шадыман үн салып, қуанышты алғыс айтты. 1935 жылы бір колхозшы көрі әншінің қатты сүйсініп айтқан бір сөзі әлі есімде:   - Ойпыр-ай, бұл қазақтың әні мен енері қандай жайнап кеткен! Әнің жаңа түзелді деген осы екен ғой. Өмірдің сәні әсем әні ғой, — деді.   Осындайлық шын сүйсінген қуанышты алғысты көріден де, жастан да, еркектен де, әйелден де, қаладан да, колхоздан да, өндірістен де, шекарадан да естисің. Бұл үндер сөзсіз шыншыл ниетпен айтылған, бүкіл табыстың басшысы партияға арналған үндер. Мирзоян бір жолы драма театрында "Арқалық" пьесасын көрді. Артистердің өнерін жақсы бағалады, "жалпы театр мен әдебиет бірбеткей қалмасын. Құр ғана қазақ ескілігі басымдап жүрмесін. Оның ішінде қостарлығын қостап, сүйерлігін сүю керек. Сынсыз, талғаусыз бас шұлғи беру жол емес. Екінші, әсіресе алдыңғы қатарлы орыс әдебиетінен, классик мәдениетінен үлгі алуды ойлаңдар. Өз үлгілеріңді Қазақстан көлемінде ғана қалдырмай, Одақ майданына алып шығындар. Өз күштеріңді танытарлық шығармалар туғызыңдар" деді. Бұл әдебиетті, көркемөнерді осу тарихының жаңа асуына нұсқаған үн еді. "Мәскеу-Ленинград жазушыларымен жалғасыңдар. Театрдың, музыканың өнерпаздарын шақырыңдар, оларды Қазақстанның досы етіңдер" деп осы жолы талай тапсырмалар берді. Бұл мәдениет майданындағы қайраткерлердің жігерін тасытты, оларды жаңа табысқа аттандырды.   Қазақ көркемөнеріне қажет болған бұйымды бір жағы тарихтан, бір жағы алдағы озған мәдениеттен іздету, алғызу, қанаттастырумен қатар халық ішіндегі асылдардың бүгінгісіне үлкен зер салдырады.   Бұл мәдениетті өркендетті, революция мәдениет тарихына жаңа аттар енгізді. Жамбылдың аты, Аманкелдінің аты мен ісі бүкіл союзға белгілі.   Көп уақытқа дейін Жамбылдың аты естілмеген еді, ал естілген күнде де ол заманы өткен, күні біткен шалажансар ат қана болып естілуші еді. Өлі бойына жан жүгірген, союз көлемінде ән шырқаған Жамбылды жақыннан бері кердік. Бұл Жамбылдың өз айтуынша, "өлгені тіріліп, өшкені жанған" дегеннің өзі емес пе?   1933—1934 жылдарға дейін ескерілмеген, ұмытылған жалғыз Жамбыл емес, бұдан басқа да талай басты нәрселер ұмытылған еді. Халықтың революциялық тарихы, қазақ халқының тарихындағы жарқын белдің бірі 1916 жылғы көтеріліс, қазақ еңбекшілерінің ардақты геройы Аманкелді — бұлар да ескерілмей келгені бәрімізге мәлім. "1916 жылғы көтерілістің нақты шындық тарихын жазу керек, Аманкелдіні көтеру керек, оның атын құрметтеу керек" деген сөзді ең алдымен айтушы тағы Леон Исаевич еді. Енді Аманкелдіні білмейтін адам жоқ. Аманкелдінің аты халықтың легендасы болды. Жастарымыз Аманкелдінің революциялық жігерінен, Отанын сүйгіштігінен өнеге алады. Біздің елімізде қайта табылған қасиеттер, қайта туып, жаңғырып жайнаған қазыналар құлаш сермеп алға басты, біздің мәдениет тарихымыз шыны үлкен жолға түсті.   Аз жыл ішінде кеп жаңалық, көп нәр мен сапа таптық. Осы күйдің үстіне декадникке жетіп екі. Мәдениет майданының қызметшілері — біздер декадникке де іштен қорғанақтап, "әй, қалай боп шығады" деп бардық. Бірақ, енді 33 жылдай емес, бір үлкен асуға тақап кеп қалғанымызды сезуші ек, күткеніміз де көп еді.   Осы декадниктің алғашқы күндерінде Леон Исаевич аурудың себебінен Мәскеуде бола алмады. Ол заграницада еді. Бірақ барлық істі әзірлеуші, бастаушы өзі екені барлығымыздың ішімізде, көкейімізде. Ол өзі жоқ болса да, ортамызда жүрген тәрізді болатын. Мен бір жұмыспен Ораз Исаев жолдасқа бардым. Сол кезде Леон Исаевич телефонмен Парижден Оразбен сөйлесіп отыр екен. Сондағы әңгіменің ең басында сұрағаны, әңгіменің ортасында тағы сұрағаны, ақырында тағы да, тағы сұрағаны: "Қалай ойнап жатыр? "Қыз Жібек" жақсы шығып жатыр ма? Ұнады ма? Күләш қалай ойнады? Құрманбек қалай ойнады?" деген сұрақтар. Өзі ауру, өзі Парижде болса да, бірақ көңілінің үміті, тілегі, қуанышы тұтасымен Қазақстанның көркемөнерінің жолында еді. Әрине, мұндай жерде көркемөнер өркендеп, өрбімей тұра алмайды.   Опера театры "Тарғынды" жарыққа шығарғанда, Қазақстан драма театры "Ревизорды" ойнағанда, Алматы орыс драма театры қазақ пьесасын ойнағанда Леон Исаевич сол ойындарға тағы да, талай рет өзінің әрі достық, әрі ұстаздық болған ақылын айтты. Басшылық көмегін істеді. Ұдайы алға бастырам деген жетекшілік болды. Бұл хал біздің жазушыларымызды, режиссерлерімізді, суретшілерімізді, әсіресе, актерлерімізді үнемі өсіріп отырды.   Жақында академия театры "Любовь Яроваяны" қойып, соған Леон Исаевич келіп еді. Ойын бітісімен-ақ барлық актер киімдерін де ауыстырып болмастан, беттегі гримдерін де тегіс арытпастан дирекцияға ұмтылып, жүгіріп кеп: "Не деді? Леон Исаевичқа ұнады ма, жоқ па? Қандай баға берді? Қандай сын айтты?" десіп, жапырлай сұрасты... Бұл өте түсінікті. Шын қамқор басшыға, досқа өз еңбектерін көрсетіп отырып, енді соның не дегенін естуге бұлар тықыршып асығады.   Көркемөнер, әдебиет, жалпы мәдениет майданының барлық қызметкерлері өз жүректерінде өз депутатын әлдеқашан атаған. Бұл — Леон Исаевич. Және осы біздің көңіл, біздің сенім, Леон Исаевичты өз жолдарымен бізше таныған барлық басқа майдандарда, барлық совет жұртшылығында тұтас бір көңіл, бір сенім деп білеміз. 12 декабрь күнін халық бақытының өрлей түскен қуаныш күні деп жарқын жүзбен күтеміз. Сол күні ең таңдаулы, ең сүйікті кандидаттарымызды Қазақстанның ең ардақты ұлы деп, шат көңілмен сайлаймыз.   Мұхтар Әуезов  

Тарих путевкасын берген адам

 

1933 жыл еді. Қазақстанның көркемөнері мен әдебиеті үшін естен кетпестей бір мәжіліс болды. Ол Леон Исаевичтің өз кабинетінде шақырылған мәжіліс. Мәдениет майданына тарихтың өзі үн салып, "өнер тап, өрге бас, қалуың жетті" деп қанат бітіргелі тұрған күндер еді. Көңілде сондай көтеріңкі күй бар. Үлкен, ірі жаңалықты күту бар. Бірақ әдебиет пен көркемөнер қызметшілері — бізде ол кезде күшке сенбегендік, қорғаншақтық, тәжірибесіздік мықты еді. Жүдеу артист, тартыншақ жазушы, сенімі аз режиссер, не істейтінін білмеген композитор, суретшілер болатынбыз. Я, ол кезде солай еді.

 

Көркемөнер майданын алғанда, бүкіл Қазақстанға арналған жиыны 30-ақ адамы бар, әлсіз бір ғана драма театры бар еді. Оның да Күләш пен Қанабектей, Құрманбек пен Шарадай қызметшілерін кейбір бастықтар "әнші емес, артист емес, тіпті бұл майданға керек адамдар емес" деп қудалап, сауырлап жүрген күндері болатын. Сонымен, жалғыз театрдың өзінің де іші толған қыңқыл-күңкіл еді. Зор мәжілісте бір байқалған сиқымыз осы болды.

 

"Жазған шығармаларымызға оқушы жоқ. Жауапты қызметшілер оқитын болса екен" деп, балаша арыз-тілек айтып, күңгірт қабақты жазушы шықты. "Би деген өнер қазақтың бұрынғы салтында жоқ. Бұл түсініксіз зат. Оны кіргізу, кіргізбеу жайын ұзаққа созып, талқылау керек" деген тартыншақ, күдікшіл үнмен біреулер шықты. Музыка театры ол күнде жаңа ғана, болымсыз ғана студия атымен әр жерге бір түртініп, кім боларын, не қыларын білмей жүрген бір нәресте еді. Оны "бастауыш мектеп" деп түсіну керек. Оның болашағы елі жұмбақ, әрі алты қырдың астында" деген сәуегейлікпен тағы біреулер шықты. Бұл майдандағы істің жағдайы ол кезде осылай еді.

 

Үлкен сабырмен тыңдап, танып алып, енді анық бағыт беріп, зор тарихи міндет артатын байсалды сөзді мәжіліс ағасының өзі айтты. Ашық, зор үні бар, ерекше шыншыл, жарқын жүзі бар нағыз қамқор достың, халық ұлының өзгеше қымбат сөздері сонда айтылды.

 

- Би — халықтың сергек денесі мен серпілген көңілінің шаттығын білдіретін өнер. Халықтың қуанышын тұсауға болмайды. Қазақтың әсем әні — халық өнері қазынасы. Опера қашан туады деп қарап отырмау керек. Оны жасау керек. Оған керекті күш пен талант бізде де бар. Бірақ күшке сенбеушілікті тастаңдар. Біріккен күшпен, берік сеніммен партия көрсетіп отырған жолмен алға басындар! — деді.

 

Бұл қуанышты қайрат бітіретін үн еді. Жаңа тарихқа мұрындық болған, табысқа жетуге путевка берген үн еді. Біраз айлар өтті... Музыка студиясы — студия емес, нағыз театр атын алмаққа өзінің бірінші адымын жасады. Ең алғаш рет шымылдығын ашты. Өз шымылдығын ғана ашқан жоқ. Тарих пердесін де ашты. Қазақ әні, қазақ биі, қазақ артисі, режиссерлері "біз тудық біз көлдігін" айтып жарқ етіп шықты. Театр қалың зрительге ие болды.

 

Басы сол еді. Жалпы мәдениет майданының өркендеп, дамуымен катар Қазақстанның халықтық көркемөнері де қанат қақты. Бірі артынан бірі шығып, бұрын еш уақытта болмаған жаңалықтар, табыстар туды. Бұл аз уақыт ішінде бүкіл Қазақстанның барлық түкпір-түкпіріне тарады. Өркендеп ойнаған халықтың өнері, қуаныш, шаттық өнері болды. Көркемөнер Қарағандыда стахановшылардың еңбек өнімін арттыруға себепші болды... Қалың жүмысшыны қатты қуантты. Шалғай жатқан қиыр шет, шекарадағы Зайсан пионерлері өздерінің жазғы лагерінде астана жіберіп жатқан әндерді шырқады. Алыс шекарадан жас ұландар шат-шадыман үн салып, қуанышты алғыс айтты. 1935 жылы бір колхозшы көрі әншінің қатты сүйсініп айтқан бір сөзі әлі есімде:

 

- Ойпыр-ай, бұл қазақтың әні мен енері қандай жайнап кеткен! Әнің жаңа түзелді деген осы екен ғой. Өмірдің сәні әсем әні ғой, — деді.

 

Осындайлық шын сүйсінген қуанышты алғысты көріден де, жастан да, еркектен де, әйелден де, қаладан да, колхоздан да, өндірістен де, шекарадан да естисің. Бұл үндер сөзсіз шыншыл ниетпен айтылған, бүкіл табыстың басшысы партияға арналған үндер.

Мирзоян бір жолы драма театрында "Арқалық" пьесасын көрді. Артистердің өнерін жақсы бағалады, "жалпы театр мен әдебиет бірбеткей қалмасын. Құр ғана қазақ ескілігі басымдап жүрмесін. Оның ішінде қостарлығын қостап, сүйерлігін сүю керек. Сынсыз, талғаусыз бас шұлғи беру жол емес. Екінші, әсіресе алдыңғы қатарлы орыс әдебиетінен, классик мәдениетінен үлгі алуды ойлаңдар. Өз үлгілеріңді Қазақстан көлемінде ғана қалдырмай, Одақ майданына алып шығындар. Өз күштеріңді танытарлық шығармалар туғызыңдар" деді. Бұл әдебиетті, көркемөнерді осу тарихының жаңа асуына нұсқаған үн еді. "Мәскеу-Ленинград жазушыларымен жалғасыңдар. Театрдың, музыканың өнерпаздарын шақырыңдар, оларды Қазақстанның досы етіңдер" деп осы жолы талай тапсырмалар берді. Бұл мәдениет майданындағы қайраткерлердің жігерін тасытты, оларды жаңа табысқа аттандырды.

 

Қазақ көркемөнеріне қажет болған бұйымды бір жағы тарихтан, бір жағы алдағы озған мәдениеттен іздету, алғызу, қанаттастырумен қатар халық ішіндегі асылдардың бүгінгісіне үлкен зер салдырады.

 

Бұл мәдениетті өркендетті, революция мәдениет тарихына жаңа аттар енгізді. Жамбылдың аты, Аманкелдінің аты мен ісі бүкіл союзға белгілі.

 

Көп уақытқа дейін Жамбылдың аты естілмеген еді, ал естілген күнде де ол заманы өткен, күні біткен шалажансар ат қана болып естілуші еді. Өлі бойына жан жүгірген, союз көлемінде ән шырқаған Жамбылды жақыннан бері кердік. Бұл Жамбылдың өз айтуынша, "өлгені тіріліп, өшкені жанған" дегеннің өзі емес пе?

 

1933—1934 жылдарға дейін ескерілмеген, ұмытылған жалғыз Жамбыл емес, бұдан басқа да талай басты нәрселер ұмытылған еді. Халықтың революциялық тарихы, қазақ халқының тарихындағы жарқын белдің бірі 1916 жылғы көтеріліс, қазақ еңбекшілерінің ардақты геройы Аманкелді — бұлар да ескерілмей келгені бәрімізге мәлім. "1916 жылғы көтерілістің нақты шындық тарихын жазу керек, Аманкелдіні көтеру керек, оның атын құрметтеу керек" деген сөзді ең алдымен айтушы тағы Леон Исаевич еді. Енді Аманкелдіні білмейтін адам жоқ. Аманкелдінің аты халықтың легендасы болды. Жастарымыз Аманкелдінің революциялық жігерінен, Отанын сүйгіштігінен өнеге алады.

Біздің елімізде қайта табылған қасиеттер, қайта туып, жаңғырып жайнаған қазыналар құлаш сермеп алға басты, біздің мәдениет тарихымыз шыны үлкен жолға түсті.

 

Аз жыл ішінде кеп жаңалық, көп нәр мен сапа таптық. Осы күйдің үстіне декадникке жетіп екі. Мәдениет майданының қызметшілері — біздер декадникке де іштен қорғанақтап, "әй, қалай боп шығады" деп бардық. Бірақ, енді 33 жылдай емес, бір үлкен асуға тақап кеп қалғанымызды сезуші ек, күткеніміз де көп еді.

 

Осы декадниктің алғашқы күндерінде Леон Исаевич аурудың себебінен Мәскеуде бола алмады. Ол заграницада еді. Бірақ барлық істі әзірлеуші, бастаушы өзі екені барлығымыздың ішімізде, көкейімізде. Ол өзі жоқ болса да, ортамызда жүрген тәрізді болатын. Мен бір жұмыспен Ораз Исаев жолдасқа бардым. Сол кезде Леон Исаевич телефонмен Парижден Оразбен сөйлесіп отыр екен. Сондағы әңгіменің ең басында сұрағаны, әңгіменің ортасында тағы сұрағаны, ақырында тағы да, тағы сұрағаны: "Қалай ойнап жатыр? "Қыз Жібек" жақсы шығып жатыр ма? Ұнады ма? Күләш қалай ойнады? Құрманбек қалай ойнады?" деген сұрақтар. Өзі ауру, өзі Парижде болса да, бірақ көңілінің үміті, тілегі, қуанышы тұтасымен Қазақстанның көркемөнерінің жолында еді. Әрине, мұндай жерде көркемөнер өркендеп, өрбімей тұра алмайды.

 

Опера театры "Тарғынды" жарыққа шығарғанда, Қазақстан драма театры "Ревизорды" ойнағанда, Алматы орыс драма театры қазақ пьесасын ойнағанда Леон Исаевич сол ойындарға тағы да, талай рет өзінің әрі достық, әрі ұстаздық болған ақылын айтты. Басшылық көмегін істеді. Ұдайы алға бастырам деген жетекшілік болды. Бұл хал біздің жазушыларымызды, режиссерлерімізді, суретшілерімізді, әсіресе, актерлерімізді үнемі өсіріп отырды.

 

Жақында академия театры "Любовь Яроваяны" қойып, соған Леон Исаевич келіп еді. Ойын бітісімен-ақ барлық актер киімдерін де ауыстырып болмастан, беттегі гримдерін де тегіс арытпастан дирекцияға ұмтылып, жүгіріп кеп: "Не деді? Леон Исаевичқа ұнады ма, жоқ па? Қандай баға берді? Қандай сын айтты?" десіп, жапырлай сұрасты... Бұл өте түсінікті. Шын қамқор басшыға, досқа өз еңбектерін көрсетіп отырып, енді соның не дегенін естуге бұлар тықыршып асығады.

 

Көркемөнер, әдебиет, жалпы мәдениет майданының барлық қызметкерлері өз жүректерінде өз депутатын әлдеқашан атаған. Бұл — Леон Исаевич. Және осы біздің көңіл, біздің сенім, Леон Исаевичты өз жолдарымен бізше таныған барлық басқа майдандарда, барлық совет жұртшылығында тұтас бір көңіл, бір сенім деп білеміз. 12 декабрь күнін халық бақытының өрлей түскен қуаныш күні деп жарқын жүзбен күтеміз. Сол күні ең таңдаулы, ең сүйікті кандидаттарымызды Қазақстанның ең ардақты ұлы деп, шат көңілмен сайлаймыз.

 

Мұхтар Әуезов

 

Бөлісу: