Партия туралы ойлар

5 Желтоқсан 2012, 11:15

Партия туралы ойлар Дәуіріміздің, қазіргі адам баласының ақыл - ойының шамшырағы - Коммунистік партия, Ленин партиясы туралы ойдан артық ешқандай ой болуға мүмкін емес. Әрбір адамның туған халқы туралы, ұлт туралы, адамзат туралы көкейкесті ойы Коммунистік партиямен тығыз байланысты, тереңдей түссек, семья, адамның жеке басы, іс - әрекеттері туралы ойлар партия деген қасиетті есімге барып тіреледі. Адамның да, қоғамның да, табиғаттың да бүкіл өмірлік дамуы, ғажайып өзгерістері осы партияның қуат - жігерімен, қырағы данышпандығымен барып ұштасады. Әрбір адам еңбегінің қасиетті тері арқылы жасалған қалаларды, заводтарды, ауыл шаруашылығы мен ғылым табыстарын еске түсіріңізші - мұның бәрі партияның ісін, идеясын, оның кешегісі мен бүгінгісін, айта берсек, ертеңгісін бейнелейді. Адамның жеке қара басының да, қоғамның да, ғылымның да, социалистік одаққа біріккен халықтардың да жолы - партияның жолы. Біз Отанымыздың, халқымыздың, отандастарымыздың, совет адамдарының партиямен күнделікті жанды байланысын, өмірлік мызғымас табиғи бірлігін сезінеміз. Біз адамзаттың бүгінгі тарихы туралы ойласақ та, оның келешегі туралы ойласақ та, партиялық идеялармен ұштастыра ойлаймыз. Бұғауды үзіп, азат болған кезде адамзат партия нұсқаған жолмен жүреді, бүкіл планетада жеңіп шыққан коммунизмнің бақытты дүниесін орнатады. Одақтағы туысқан халықтардың бірінің өкілі ретінде және әдебиетшісі ретінде партия туралы ойымды өз халқымның, туған республикамның бүгінгі, кешегі күнімен салыстыра, байланыстыра шоламын. Сонда мынадай ой туады. Егер халқымның қолы бақытқа жетпесе, Октябрьден бастап бүгінге дейін жасаған табыстары болмаса, мен не ойлай алар едім? Халқымның, өлкемнің кешегісі туралы ойларды жарқын ойлармен салыстырғанда, мен мынадай қорытынды жасаймын! Ленин партиясының басшылығымен менің халқымның жаңа тарихы жасалды, ол жеткен табыстардың бәрі ой - өрісімді шексіз кеңейтті және айқындады. Бұл ойдың өресі қалықтап ең биікке көтерілген қыранның көзі жетерлік аса алып кеңістікке керілген көкжиектей кең - байтақ дүниеге жетіп отыр. Ия, дәл осы партия қыранның көзі жетерлік кеңістікті қырандай айқын көретін етіп көзімізді ашты, ой - өрісімізді өрлетті, кеңейтті, халқымыздың, ата - бабамыздың тарихы ешқашан білмеген жаңа сезім туды. Біз өмір сүріп отырған алтын ғасырдың азаттық алған қайта туған халықтарының ұрпақтарына лайықты, дүниетануы терең де жарқын, бақытты жандармыз. Советтік Отанның ұлдары мен қыздары өз бақытымызды мақтанып айта аламыз. Ал осы ой - сезімдермен бірге біз социалистік Отанға деген ыстық сезімді, оған деген советтік патриоттық сезімді адамзаттың жаңа тарихында ерекше сеземіз. Біз халықтардың өзара туысқандық, достық сезімін де, дүние жүзінің барлық халықтарын құрметтеу сезімін де коммунистік адамгершілікпен байланыстыра ұғамыз. Осы сезімдер мен ойларда әрбір саналы адам үшін аса зор маңызы бар, бек бағалы нәрселер де бар. Бұл ең алдымен өзінің туған халқын мақтаныш ету сезімі, оған деген патриоттық сезім. Оның бер жағында мен өз халқымның тарихында болған мынадай шындықтың куәсімін: Ленин партиясы бұл сенім мен сүйіспеншілікті өз халқының санасында орнатқанға дейін шаруалар, жұмысшылардың басым көпшілігі, яғни бүкіл еңбекші жұрт - халықтың негізгі бұқаралары өз халқын сезбеді, оны өз ұлтым деп танымады. Қорғансыз, правосыз болғандықтан өздерінің әлеуметтік ой - өрісінің тар болуы себепті де оларда Отанға деген патриоттық сезім де болмайды. Партия бізді Отанға деген сүйіспеншілікті сезіммен тәрбиеледі. Асыл идеялардың шыңынан ілгері қарауға және мәңгі бағалы дүниені, барлық жерде өзіміз жасап жатқан дүниені тануға, адамдарды, олардың тағдырын және өзіміздің адамдық қарым - қатынастарымызды бағалауға, ұғынуға, тануға үйретті. Маркс - Ленин ғылымының данышпандылығын өз бойына жинаған партияның тәрбиелік ықпалының түбірлі айырмашылығы мен принциптік ұлылығы оның жалпыға бірдей дәрежеде бүкіл халыққа білім беруінде болып отыр. Өз қатарында миллион, ондаған, жүздеген миллион адамдары бар әрбір халықтың партиялық саналылығын көтерді. Мысалы, Ұлы Отан соғысының майдандарында қазақ халқының жігіттері мен қыздарының жасаған ерлігі кездейсоқ нәрсе емес, дәл партия берген тәрбиенің заңды көрінісі еді. Тек жауынгер еркектер ғана емес, Мәншүк Мәметова және Әлия Молдағұлова сияқты қыздар Отан соғысына қатынасқан қарапайым қатардағылар Совет Одағының Батыры болды, партияның арқасында қайта туған халықтың қыздарына лайықты рухының ұлы ерліктерін көрсетті. Әскерлеріміз Днепрден өтісімен - ақ жауынгер қазақтар украин жерін құшақтап, мейірлене сүйді. Мұның өзі партияға және Ұлы Отанға деген адалдығын айқындайтын сезім сәулесі еді. Иә, партия халықтардың туысқандық өзара байланысының бұрын болып көрмеген мейірбандық сезімін оятты. Ұрпақтарымызды осылайша тәрбиеледі, дағдыландырды. Қартайған Жамбылдың көкірегінде туған өлең, Ленинград іргесінде болған соғыста жауға оқ болып атылған өлең, тек осындай терең де, үлкен де сезімнен туашақ еді. Бұл - партияның тәрбиесінде өскен шынайы да кең бейілді, мейірімді сезім. Қазақтың мектеп балалары Шевченконы, Пушкинді туған классиктеріндей құрметтейді, сүйеді, сондай - ақ Фирдоуси, Низами, Науаилер да қазақтар үшін ұлы классиктер, өз классиктері болып есептеледі. Абайдың да атағы кең жайылып, Украинаға, Арменияға, Өзбекстанға, тағы да басқа туысқан республикалар мен автономиялы облыстарға әйгілі болды. Майдандағы қанмен дәнекерленген, рухани қазынаға құйылып, терең тамыр жайған мұндай туысқандықты, партия тәрбиелеген, халықтарымызды адамгершілік жағынан жан- жақты байытқан туысқандықты біз мақтан етеміз. Партия бізде барлық халықтық Отан сезімін туғызды, көп ұлтты, көп тілді Ұлы Отан деген намыс, патриоттық сүйіспеншілік, бүкілхалықтық мақтаныш қанымызға да, тәнімізге де сіңді. Совет адамдарында ой - сана да басқаша болып. отыр. Советтік патриот дегеніміз өз Отанының барлық халықтары үшін, оның барлық ұрпақтары үшін, аталық үшін, аналық үшін, жастық пен балалық үшін терең ойлап еңбек ету болып табылады. Совет адамдары жалғыз өз Отаны емес, бүкіл адамзаттың болашағына жауаптымын деп ойлайды. Совет адамындағы бұл ойларда халықтарға шын достық істеу, езушіліктің, қанаудың қандайына болса да қарсы шығу, сөйтіп халықтардың правосын қорғау ниеті жатыр. Партияның бізге берген тәрбиесі, халықтар достығының идеясы - бұл ұлы ұстаздарымыз Маркс пен Лениннің өсиеттерін тарихи түрде жүзеге асырудың жарқын бейнесі. Ол достық деген "адам - адамға қасқыр" деп мейірімсіз қастандықты дәріптеуші зоологиялық өшпенділіктің орнына келді. Жауласушы қоғамда адам адамға қас болған кезде, онда халықтар арасында достық та бола алмады - оларды өшіктірді, бірін - бірі қыруға, ұзақ уақыт езуге, өмірлік жауласуға айдап салды. Міне, коммунистік адамгершілік пен советтік гуманизм идеяларымен нұрланған совет адамының рухани табиғаты, адамгершілік мәні осылай жаңарып, ой - санасы байыды, ал мұның өзі біздің бүкіл мемлекеттік, қоғамдық, қызмет - кәсіптік, семьялық қарым - қатынастарымызда және жеке бастық өмірімізде бейнеленіп отыр. Партия өзінің жиырма бірінші съезінде өз тарихының бүгінгіден де ерекше, тағы бір жарқын, данышпандық бетін жазады да, өз шешімдерімен ол біздің мемлекеттік, шаруашылық, қоғамдық және жеке бастық өмірімізге жарқын жаңалықтарын, зор болашақтарын алып келді. Съезд шешімдері алда тұрған тамаша сәулетті жылдарды нұсқайды. Біздің ұрпақтарымызға, халықтарымызға, елімізге деген партияның жан- жақты ұлы қамқорлығын бейнелейді. Біз партияның ойлаған ойы мен идеясына қарай қатарымызды түзей отырып, саналы еңбектен өз орнымызды - тұрмысымыздың мәні мен мақсатын тауып аламыз. Туған елімізге, халқымызға партия айтқандай адал қызмет атқарамыз. Мұхтар Әуезов    

Партия туралы ойлар

Дәуіріміздің, қазіргі адам баласының ақыл - ойының шамшырағы - Коммунистік партия, Ленин партиясы туралы ойдан артық ешқандай ой болуға мүмкін емес.

Әрбір адамның туған халқы туралы, ұлт туралы, адамзат туралы көкейкесті ойы Коммунистік партиямен тығыз байланысты, тереңдей түссек, семья, адамның жеке басы, іс - әрекеттері туралы ойлар партия деген қасиетті есімге барып тіреледі. Адамның да, қоғамның да, табиғаттың да бүкіл өмірлік дамуы, ғажайып өзгерістері осы партияның қуат - жігерімен, қырағы данышпандығымен барып ұштасады.

Әрбір адам еңбегінің қасиетті тері арқылы жасалған қалаларды, заводтарды, ауыл шаруашылығы мен ғылым табыстарын еске түсіріңізші - мұның бәрі партияның ісін, идеясын, оның кешегісі мен бүгінгісін, айта берсек, ертеңгісін бейнелейді. Адамның жеке қара басының да, қоғамның да, ғылымның да, социалистік одаққа біріккен халықтардың да жолы - партияның жолы.

Біз Отанымыздың, халқымыздың, отандастарымыздың, совет адамдарының партиямен күнделікті жанды байланысын, өмірлік мызғымас табиғи бірлігін сезінеміз.

Біз адамзаттың бүгінгі тарихы туралы ойласақ та, оның келешегі туралы ойласақ та, партиялық идеялармен ұштастыра ойлаймыз. Бұғауды үзіп, азат болған кезде адамзат партия нұсқаған жолмен жүреді, бүкіл планетада жеңіп шыққан коммунизмнің бақытты дүниесін орнатады.

Одақтағы туысқан халықтардың бірінің өкілі ретінде және әдебиетшісі ретінде партия туралы ойымды өз халқымның, туған республикамның бүгінгі, кешегі күнімен салыстыра, байланыстыра шоламын. Сонда мынадай ой туады. Егер халқымның қолы бақытқа жетпесе, Октябрьден бастап бүгінге дейін жасаған табыстары болмаса, мен не ойлай алар едім? Халқымның, өлкемнің кешегісі туралы ойларды жарқын ойлармен салыстырғанда, мен мынадай қорытынды жасаймын! Ленин партиясының басшылығымен менің халқымның жаңа тарихы жасалды, ол жеткен табыстардың бәрі ой - өрісімді шексіз кеңейтті және айқындады. Бұл ойдың өресі қалықтап ең биікке көтерілген қыранның көзі жетерлік аса алып кеңістікке керілген көкжиектей кең - байтақ дүниеге жетіп отыр.

Ия, дәл осы партия қыранның көзі жетерлік кеңістікті қырандай айқын көретін етіп көзімізді ашты, ой - өрісімізді өрлетті, кеңейтті, халқымыздың, ата - бабамыздың тарихы ешқашан білмеген жаңа сезім туды.

Біз өмір сүріп отырған алтын ғасырдың азаттық алған қайта туған халықтарының ұрпақтарына лайықты, дүниетануы терең де жарқын, бақытты жандармыз. Советтік Отанның ұлдары мен қыздары өз бақытымызды мақтанып айта аламыз. Ал осы ой - сезімдермен бірге біз социалистік Отанға деген ыстық сезімді, оған деген советтік патриоттық сезімді адамзаттың жаңа тарихында ерекше сеземіз. Біз халықтардың өзара туысқандық, достық сезімін де, дүние жүзінің барлық халықтарын құрметтеу сезімін де коммунистік адамгершілікпен байланыстыра ұғамыз.

Осы сезімдер мен ойларда әрбір саналы адам үшін аса зор маңызы бар, бек бағалы нәрселер де бар. Бұл ең алдымен өзінің туған халқын мақтаныш ету сезімі, оған деген патриоттық сезім. Оның бер жағында мен өз халқымның тарихында болған мынадай шындықтың куәсімін: Ленин партиясы бұл сенім мен сүйіспеншілікті өз халқының санасында орнатқанға дейін шаруалар, жұмысшылардың басым көпшілігі, яғни бүкіл еңбекші жұрт - халықтың негізгі бұқаралары өз халқын сезбеді, оны өз ұлтым деп танымады. Қорғансыз, правосыз болғандықтан өздерінің әлеуметтік ой - өрісінің тар болуы себепті де оларда Отанға деген патриоттық сезім де болмайды.

Партия бізді Отанға деген сүйіспеншілікті сезіммен тәрбиеледі. Асыл идеялардың шыңынан ілгері қарауға және мәңгі бағалы дүниені, барлық жерде өзіміз жасап жатқан дүниені тануға, адамдарды, олардың тағдырын және өзіміздің адамдық қарым - қатынастарымызды бағалауға, ұғынуға, тануға үйретті.

Маркс - Ленин ғылымының данышпандылығын өз бойына жинаған партияның тәрбиелік ықпалының түбірлі айырмашылығы мен принциптік ұлылығы оның жалпыға бірдей дәрежеде бүкіл халыққа білім беруінде болып отыр. Өз қатарында миллион, ондаған, жүздеген миллион адамдары бар әрбір халықтың партиялық саналылығын көтерді. Мысалы, Ұлы Отан соғысының майдандарында қазақ халқының жігіттері мен қыздарының жасаған ерлігі кездейсоқ нәрсе емес, дәл партия берген тәрбиенің заңды көрінісі еді. Тек жауынгер еркектер ғана емес, Мәншүк Мәметова және Әлия Молдағұлова сияқты қыздар Отан соғысына қатынасқан қарапайым қатардағылар Совет Одағының Батыры болды, партияның арқасында қайта туған халықтың қыздарына лайықты рухының ұлы ерліктерін көрсетті. Әскерлеріміз Днепрден өтісімен - ақ жауынгер қазақтар украин жерін құшақтап, мейірлене сүйді. Мұның өзі партияға және Ұлы Отанға деген адалдығын айқындайтын сезім сәулесі еді. Иә, партия халықтардың туысқандық өзара байланысының бұрын болып көрмеген мейірбандық сезімін оятты. Ұрпақтарымызды осылайша тәрбиеледі, дағдыландырды. Қартайған Жамбылдың көкірегінде туған өлең, Ленинград іргесінде болған соғыста жауға оқ болып атылған өлең, тек осындай терең де, үлкен де сезімнен туашақ еді.

Бұл - партияның тәрбиесінде өскен шынайы да кең бейілді, мейірімді сезім. Қазақтың мектеп балалары Шевченконы, Пушкинді туған классиктеріндей құрметтейді, сүйеді, сондай - ақ Фирдоуси, Низами, Науаилер да қазақтар үшін ұлы классиктер, өз классиктері болып есептеледі. Абайдың да атағы кең жайылып, Украинаға, Арменияға, Өзбекстанға, тағы да басқа туысқан республикалар мен автономиялы облыстарға әйгілі болды. Майдандағы қанмен дәнекерленген, рухани қазынаға құйылып, терең тамыр жайған мұндай туысқандықты, партия тәрбиелеген, халықтарымызды адамгершілік жағынан жан- жақты байытқан туысқандықты біз мақтан етеміз. Партия бізде барлық халықтық Отан сезімін туғызды, көп ұлтты, көп тілді Ұлы Отан деген намыс, патриоттық сүйіспеншілік, бүкілхалықтық мақтаныш қанымызға да, тәнімізге де сіңді.

Совет адамдарында ой - сана да басқаша болып. отыр. Советтік патриот дегеніміз өз Отанының барлық халықтары үшін, оның барлық ұрпақтары үшін, аталық үшін, аналық үшін, жастық пен балалық үшін терең ойлап еңбек ету болып табылады. Совет адамдары жалғыз өз Отаны емес, бүкіл адамзаттың болашағына жауаптымын деп ойлайды. Совет адамындағы бұл ойларда халықтарға шын достық істеу, езушіліктің, қанаудың қандайына болса да қарсы шығу, сөйтіп халықтардың правосын қорғау ниеті жатыр.

Партияның бізге берген тәрбиесі, халықтар достығының идеясы - бұл ұлы ұстаздарымыз Маркс пен Лениннің өсиеттерін тарихи түрде жүзеге асырудың жарқын бейнесі. Ол достық деген "адам - адамға қасқыр" деп мейірімсіз қастандықты дәріптеуші зоологиялық өшпенділіктің орнына келді. Жауласушы қоғамда адам адамға қас болған кезде, онда халықтар арасында достық та бола алмады - оларды өшіктірді, бірін - бірі қыруға, ұзақ уақыт езуге, өмірлік жауласуға айдап салды.

Міне, коммунистік адамгершілік пен советтік гуманизм идеяларымен нұрланған совет адамының рухани табиғаты, адамгершілік мәні осылай жаңарып, ой - санасы байыды, ал мұның өзі біздің бүкіл мемлекеттік, қоғамдық, қызмет - кәсіптік, семьялық қарым - қатынастарымызда және жеке бастық өмірімізде бейнеленіп отыр.

Партия өзінің жиырма бірінші съезінде өз тарихының бүгінгіден де ерекше, тағы бір жарқын, данышпандық бетін жазады да, өз шешімдерімен ол біздің мемлекеттік, шаруашылық, қоғамдық және жеке бастық өмірімізге жарқын жаңалықтарын, зор болашақтарын алып келді.

Съезд шешімдері алда тұрған тамаша сәулетті жылдарды нұсқайды. Біздің ұрпақтарымызға, халықтарымызға, елімізге деген партияның жан- жақты ұлы қамқорлығын бейнелейді. Біз партияның ойлаған ойы мен идеясына қарай қатарымызды түзей отырып, саналы еңбектен өз орнымызды - тұрмысымыздың мәні мен мақсатын тауып аламыз. Туған елімізге, халқымызға партия айтқандай адал қызмет атқарамыз.

Мұхтар Әуезов

 

 

Бөлісу: