Өмір мен шығарма

5 Желтоқсан 2012, 11:08

Өмір мен шығарма   Партияның XX съезі біздің әдебиет үшін аса мол, құнарлы ойлар қалдырды. Қазір сол ойлар үстінде әдебиетшілер мен жазушы ұйымдары көп мәселені зерлей толғап жүр. Тегінде, әдебиетке көптен-көп жайлардың қатынасы бар. Сондықган да XX съездің қорытындыларына байланысты әдебиет міндеттерін ойлаушының бәрі де әдебиетке тікелей қатынасы бар мәселелер мен жанай қатынасы бар жайларды да кең түрде терендей түсінгісі келеді.   Съезде күмәнсіз әділ, даусыз дұрыс шындық ретінде әдебиет пен өмірдің байланысы сөз болды. Сол байланыс ойдағыдай болса, өмірді білу қанықты, терең болмақ. Тек сондай білімге сүйенген творчестволық ой ғана дегеніне жетеді. Енді осы өмірді тану, білудің біздің болмысымыздағы түрлері қандай? Талдап көрейік. Сол білудің ең мол бір түрі бар. Мұнда жазушы өзі бейнелейтін адамдарының жайын өз көзімен көріп біледі. Болашақ геройларын еңбекте, жай тірлікте, мысалы, тынығу шағында, көңіл көтеру кезінде, кейде жол үстінде, тағы бір шақ қонақта, әлде баска бір ермекте де сол жандарды көріп, танып білетін болады. Геройдың дос-жараны, қыр адамдары, айналасы, ортасы дегендерді де таниды.   Бірақ осылай бола тұрса да, жазушы сол геройының өмір сүрген, еңбек еткен ортасымен тікелей байланысты емес. Сол себепті, мысалы, оның махаббаты, кейіс-күйігі тәрізді жайларының бәрі де геройдың ортасына қатыспайды.   Осындай жөнмен өмірді білу жазушының ақылмен, зерттеумен ғана білген жайына барабар дер едік. Мұнда белгілі дәрежеде өмірді білу, тану жағдайлары болғанымен де, жазушы үшін, мейлінше жеткілікті фактор сай болды деп айта алмаймыз. Себебі өмір фактісін білу бар да, терендей ұғыну бар.   Жазушы қаламынан туған барлық асыл бұйым атаулыны алсақ, әр кітаптың тамыр, төркіні ең алдымен жазушының өзінің жанынан терең орын алған күйлерден туатын. Адам тағдыры мен тартысының барлық шақтарына өзінің ішкі-сыртқы болмысымен нақтылы түгел шомған жазушының көңілінен ғана көңілдегідей тұлға туады. Жүрек қанымен жазылғандай, әдебиет шығармасы өзі де — сүйген, өзі де — жиренген жаннан шығады. Бірде достасып, біресе алысқан, кейде қуанып, күліп, мәз-мереке көрген немесе ащы күйік, ыстық жас төгіп өкінген, жеңілу мен ұтылу жазасын шеккен, болмаса жеңіс, табыс пен қуаныш, шаттық тапқан, қысқасы, бар тынысы балқыған жазушылық жүректен ғана шын шығарма туады.   Совет жазушыларының да ең жақсы шығармалары анық өмір қазанына автордың өзі қоса қайнап жүрген кезімен байланысты туған. Болмаса, олардың жай өмірде, белгілі адам ортасын көлденеңнен ғана көріп жүрген айларынан, жылдарынан да жанды шығарма туа қоймайтын. Бұлай болса, кей жерлерге барып, кейбір өмір материалын зерттеп, бірталай тірлік фактілерінің білгір адамы бола тұрып та, сол дүниенің шын сырына бар жаратылысымен терең бойламай қайтуға болады. Мұндайда және де шығарманың ойдағыдай, көңілдегідей шығуына мүмкіндік жоқ. Болса, орташа ғана, өзінше дұрыс қана шығарма шығуға мүмкін. Бірақ бұл мақсат емес.   Жазушы неге нашар жазды? Мұның себебі біреу ғана емес. Ең әуелі өмірді нашар білу бар. Жазам деген ортадан сыртқары тұрып жазуға болмайды. Өзің таңдап алған мате- риалды сүю ғана емес, барлық шетін, нәзік жайларына шейін түгелімен қиялап та іштен кешіру шарт. Тандап алған ортасын және тиісті байланысты жайларын сүйіп сезінген көңілге ғана шыншыл, терең сенімді суреттер сай келеді.   Ал енді осы айтқанмен қатар, біздің творчестволық тіршілігімізде тағы бір мәні аса зор екінші жай бар.   Көп уақытта біз өмірді біле тұра да, көркем шығармаға керек шындықтың көбін жазбайтынымыз болады. Бұл мәселе өте маңызды тезистің бірі болғандықтан, сәл таратып айтайық. Әдебиет адамды тану өнері деп танылғанда, әр шақта, әр дәуірде адамды оның жан дүниесінің, жаратылысының барынша шарқына жеткен шағына апара түсіп суреттеу керек болатын. Бұлай болса, махаббат та бар шырқау барған шағымен алынады. Ерлік, батылдық та, кек пен өштік те, құрбандық пен тайталас та, қастасу мен ұстасу да ең төргі өрісіне жету шарт. Мұндай кездерде адам өзін-өзі ұмытар халге жететіні болады. Дағдылы, мерзімді қалпынан мүлде өзгеріп, өсіп кететіні бар. Сондай күйден ғана терең шындық шығармасы туады. Ендеше, ең үлкен шарт не? Шарт — саяз қалқымау, шала қарпымау! Болмаса, шала- шал ағайдан не тумақ? Көрік те, бөрік те жоқ, ши-шырпы ғана туады.   Тірлікке терең шомып, ой ұрығын терең көміп іздену қажет. Сонда ғана шығарма шынарын, еңбек еменін өсірсе болар. Біздің бұл атаған шартты жайларымыздың тұсында көздің жасы да, көңілдің өкініші де, ащы азап, ауыр қайғы толқыны да болады. Адам басынан бір кешсе де, бірегей боп, өлім шағына дейін ұмытылмай кететін кейбір өмір әсері де бар.   Көркемөнердің өткен тарихын алсақ, барлық адам драмасы, трагедиясы, тартысы мен жеңісі — баршасы да осындай сезімдер мен сырларға толы болғанын көреміз. Тіпті ертегілер мен эпостарды алсақ та, халықтар қиялдары сюжет жасау әдісін, тартыс асылын адамдық материалдың жаңағыдай жайларына ғана құрған. Егер Тристан мен Изольда, Ромео мен Джульетта, Ләйлі мен Мәжнүн және Анна Каренина тәрізді жандардың өлім қазасы болмаса, солар жайында поэма, трагедия, роман да тумас еді.   Затында қылмысты, қанішер емес Раскольников кісі өлтірмесе, психологиялық романның үлкен арқауы құрылмас еді. Наполеонның шабуылы болмай, Россия тарихтық толғаққа, Отан жүрегі Москва жау қолына түспесе, "Война и мир" де тумас еді. Оның барлық құрылысының ең қатты серпер пружинасы болмаған болар еді.   Дәл осындай жайды біз советтік шығармалардың асыл үлгілерінен де көреміз. "Любовь Яроваяның" ең мығым, ең қатқыл іргесі қызылдардың қаладан айрылып қалу әңгімесінде. Бұл өлкенің коммунистері жаумен ашық, айқын өлім, өмір бәйгесінде айқасады. Дәл Вулканның қайнар қазанының ернеуінде пьеса геройларының бар өмірі мен тірлігінің тартысы жүріп жатады. Сонау Кошкин, Швандя, Любовь Яровая тайып кетсе, төменгі жағы жұтқалы тұрған ажал шыңырауы. "Не өмір, не өлім" аталатын өткір қылыш жүзіне бұлардың табан басқан жайы бар. Дәл сондай күй "Разлом", "Разгром", "Бронепоезд" геройларының да басында болады.   Соңғы пьесада жау қолында бронепоезд болғанда, совет партизандарының батыл жүрек, құралсыз құр қолынан басқа түгі жоқ. Сондықтан тартыстың бар тәсілі біткен шақта, сол геройлардың кейбірі жау бронепоезінің дөңгелегі астына, шойын жол рельсіне өздерінің басын төсейді. Ерлердің қажыры, адамдық қасиеті сондайлық шың басына шырқап шыққандай. Мұнда да тартыс ажал шыңырауының дәл аузында жүріп жатыр. Әрине, осындай шақтағы драма тартысы жасанды да, жалған да емес және жалтартпастай міндетті тартыс боп шығады.   Міне, осы аталған жайлардың бәрінде де өмірді құр ғана көрсету емес, мұндағы, орысша айтқанда, "отражение", біздің білуімізше, Ленин талап еткен көркемөнер шарты — анық отражение осындайда ақталады.   Шынайы күрделі, қиын қақтығыстар тұсында ғана адам сезімінің, талайының, талабының, мінез-нәрінің, тағдырдың барының баршасы түгел ашылып, тартыс қатал айқасқа айналады. Осындай ғана қақтығыстар барлық повесть, роман, драма атаулының ең сенімді қаңқасын, арқа сүйер тұлғасын тұрғызады.   Адам мен адам арасындағы терең жардай, өткелсіз шыңырау қарсылықтары әр жаратылыстың барынша терең шыңын түгел ашады. Сол шыңнан: шынайы көздің жасы да, сағыныш, өкініш те, қам-қайғы қасірет те, трагедиялық айрылыс, үзіліс те және неше алуан моральдық жан-тән катастрофасы қаза да, саза да туады. Осындай күйлер кездесіп, геройдың өзі де ойламаған, сезбеген сыры мен шыны ашылатын шақтар болмаса, оның жаны бар куатын барынша ашпаса, көркемөнердің терең шындығы шықпай жатады. Анық терең шындық болмаған күйде, адам жаны бар түкпірімен түгел ашылмаған халде, анық шабытты жазылған шынайы көркем роман да, драма да тумайды.   Жаңағыдай көңіл жайына, шырқау шегіне жетпеген герой көп кезде бойында тек көп сыры қалған, көп қымбат мүмкіншілігі жүрген адам болады да қояды. Бар мүмкіншілігі ашылмай қалған жан болады. Ендеше, ол тереңіне жетіп, түгел ілген, танылған жан да болмайды. Біз кейбір жағымды геройымызды, тіпті үлкен жауапты адамымыздың бірі болса да, соны кейде ерекше қиналған, қапа-қайғыға түскен, көз жасын төккен халге жеткізіп неге жазбаймыз? Немесе оның жарқын көңілмен қуаныш, бақыт тапқан шағын неге жаңағыдай айқын, терең шырқай ашып танытпаймыз.   Біздің зор қасиетті тамаша асыл адамдарымыз талай - талай олқылық пен кемшіліктердің себебімен қайғырып, қиналатын шақтар болмай ма! Әсіресе іс жүзіндегі еңбек тіршілігін алсақ, қызмет бабынан да қынжылатын шақтар болады. Үй іші тірліктен де, бас сезімі жағынан да кейіс - реніш болмай ма екен! Кейде, мысалы, ерлі-зайып тіршіліктерінен, тағы бірде достықтан және бір шақта аталық пен аналықтың қамынан, сүю мен жирену шағынан, дос пен қас тарапынан тататын ащы мен тұщы аз бола ма! Ал біздің повесть, роман, әсіресе пьеса атаулымыз да жаңағыдай адам шындығының орнына, көбінше жалған драма, жалған тартыс түседі.   Осы жалған тартыстар шығармаларымызда шын тартыстың төлеуіне жүріп кетіп, конфликтісіз құрылыс деп аталды. Барлық жанрдағы шығармаларда сондай жасанды жалған құрылыстар мол орын алғандықтан, арзан қолды шығармалар молайды.   Тағы бір сұрақ бойынша тақырыптық материалды, шығармалық ортаны қайдан іздеу керек деген сөз туады. Біздің ойымызша, оларды совет адамы еңбек еткен жер мен жайдың бәрінен іздеу керек. Тегінде, тартымсыз тақырып жоқ. Қандай ауданы аз орта, шамасы шағын әрекет жайындағы кез келген тақырыпты алсақ та, баршасында атом қуатындай қайрат бар. Бірақ сол қуатты тауып ашып, шынын шешіп көрсете білу шарт. Былайша айтқанда, совет адамының сондай қасиетті жанын: аталық, аналық, балалық сипатын да бар қуатымен таныта білу міндет. Бұл жағынан қарағанда, бар тақырып тандаулы тақырып саналуға лайық. Ешбір оқшау тұратын осал тақырып жоқ деуге болады. Себебі бар жерде ең алдыңғы ойдағымыз адам болса, ол социализмді жасаушы совет адамы болса, оны бойындағы жан қуатының, азаматтық, адамдық сипатының бар қасиеті жағынан таныту өнер зоры.   Міне, осы сипат ретінен қарағанда, оқиғаның жүретін ортасы қала ма, село ма, аудан ба, разъезд бе, мұның парқы аз болатын жайы да бар. Әрине, қай шақта болса да, жазушы өз геройының өзіндік ортасын терең де түгел, жан - жақты тегіс танып білу шарт. Сол үшін баратын жеріне 174-3 барып, тұратын жайында тұру да соншалық қажет. Осы ретте, әрине, дау жоқ, ауданда, колхозда қалың еңбек елінің тірлігін мейлінше жақын тұрып, жақсы білу керек. Және сонымен қатар әлдеқайда ұзақ уақыт тереңдей тануды қаланың өзі де қажет етеді.   Жалпы алғанда, жазушьшар біздің тірлік пен тарихтың көп-көп саласының бәріне де қарыздар. Сол қарыздың үлкені колхоз жөнінде, жұмысшылар турасында және басқа да социализмді жасаушы көп жандар алдында түгелімен атқарылмай тұр. Ал енді осы аталған көп қарыздар ішінде дәл осы тұста айрықша бөліп атап айтар бір қарыз бар де- сек, ең алдымен Москваның өзінің алдындағы қарызды атар едік. Әдебиеттің бар жанрында Москва шындығын, жалпы Москва жайын жазу соншалық қызғылықты, тартымды тақырып. Барынша күй салып, қызықтырып тұратын тақырып болар еді.   Мысалы, біздің туысқан елдер әдебиетінің шығармаларында Москва ең биік таразы қазы есепті танылар еді. Мұнда жеңістің бағасы, таланттың танылуы, әділдің ақталуы, қатенің жазалануы, дұрыстың үстемдік алуы, даулар шешілуі, қиялдар іске асуы — бәрі де бір Москвада жай табады. Міне, дәл осындай Москва туралы сан эпопея жазса да болар еді. Сол тәрізді жалғыз Москва емес, біздің көп- көп басқа мәдениет орталықтарымыз, мысалы, республикалардың, облыстардың орталықтары да мол тірлігімен талай терең де тың тақырыптар тудыра алар еді.   Мысалға Қазақстанның өзін алсақ та, Алматы, Қарағанды, Семей, Шымкент тәрізді талай үлкенді-кішілі мәні зор мәдениетті орталықтар туралы романдар, пьесалар, повестер жазса, олқы соғар ма еді! Осы тұста, әсіресе Қазақстанның кешегі шол ғасырларында белгі-бұдырсыз, елсіз құлазып тұрған жайларға орнаған жас қала, өңшең тамаша ғажайып дүниелер: Лениногор, Балқаш, Жезқазған, Текелі, Кентау, Теміртау, тағы толып жатқан өзгеше өндіріс ұялары бар жанрда сан алуан эпопея туғызбас па еді.   Жалғыз-ақ осы жайлардың бәрін сондай орталардан алып жазғанда, барынша терең, шыншыл, толыққанды реалистік әдіспен жазу керек. Бұл үшін эстетикалық идеялық биік мұратты ойға алу керек те, біздің адамдардың ғажайып зор, тамаша сұлу болмысын биік дәрежеде ірілете көрсету керек. Сонымен қатар оңайлықпен жойылмай жатқан, бұрынғы замандарда батпандап кірген кейбір ауыр қалдықтарды да тереңдеп ашып, батыл жазу шарт.   Сол үшін біздің адамдардың күншуақ шұғылалы жайларын өз шындығымен кең ашудың қатарында сол көңілдердегі кейбір кейісті де көрсету шарт. Ол бірде аталық, бірде аналық күдік уайымы болуға мүмкін. Тағы бір шақта біздің қоғамның сау денесіне жабысып келе жатқан әлдебір құлдық элементтер біраз жандардың мінезінде, әдет- машығында, шала тәрбиесінде кейде қызғаныш, кейде арзан наразылық, тағы бірде мансапқорлық, интрига құмарлық түрінде де қалыспай жүруге мүмкін. Тегінде, осыған ұқсаған тағы талай түрлі қалдықтар біздің тарихымызда, әділ сыншыл бағамызда қалдық деп аталғанымен, олардың кесел-кесірі жеңілмейді. Қайта кейбір жеке адамдар тағдырына сол қалдықтардың аса ауыр әсер ететіні де бар. Және мұндай жайлар, комедия, трагикомедия, болмаса гротеск тәрізді ғана көрінбей, көп өмірлікте нелер қайғыға соғатыны да болады. Бұл қалдықтардың кейбір бұзар, азғын түрлері талай жанның әлі де көз жасын, көңіл шерін, кейде тіпті жазықсыз жандардың қазасын туғызып жүргендері де бар.   Тегі, психофизикалық жаратылысы жағынан адам атаулы әр алуан келеді. JI.H. Толстой соған қарап, әрбір жеке жан "әсте қайталамайтын комбинация" деген. Жақсылықта да, жамандықта да әр адам өз жаратылысын өзінше аңғартады.   Әрине, бұған қарап адам арасындағы кепке, топқа ортақ тұтас бітім жоқ деген ой тумайды және тек қана жеке-даралық қалпы өзгеше сипатталған бейнелер ғана шындыққа жуық деген де қорытынды жасалмайды. Бұл жайды, кейде адам сезімдерін, еркін ой жүйесін үйреншікті бір ғана арнада, стандарттық түрде суреттеудің орынсыз екенін аңғарту үшін айтамыз.   Мінекей, біздің заманның орталықтағы, жер-көктегі коллектив пен семьялық, жекелік өмірін әр алуан тұрғыдан көрсеткенде, шамасы, осы айтылғандай, отражение болса екен дейміз. Сонымен, өмір мен көркем шығарма бірін-бірі нақтылы, шынайы күйде өздерінің анық, берік иықтарымен жанасып, сүйеніссе екен дейміз. Осындай талаптарға жауап ұра жазылған шығармалар партияның XX съезі атаған, алға қойған зор тарихтық міндеттердің аңғарынан шығар деп үміт етуге болар еді.   Мұхтар Әуезов  

Өмір мен шығарма

 

Партияның XX съезі біздің әдебиет үшін аса мол, құнарлы ойлар қалдырды. Қазір сол ойлар үстінде әдебиетшілер мен жазушы ұйымдары көп мәселені зерлей толғап жүр. Тегінде, әдебиетке көптен-көп жайлардың қатынасы бар. Сондықган да XX съездің қорытындыларына байланысты әдебиет міндеттерін ойлаушының бәрі де әдебиетке тікелей қатынасы бар мәселелер мен жанай қатынасы бар жайларды да кең түрде терендей түсінгісі келеді.

 

Съезде күмәнсіз әділ, даусыз дұрыс шындық ретінде әдебиет пен өмірдің байланысы сөз болды. Сол байланыс ойдағыдай болса, өмірді білу қанықты, терең болмақ. Тек сондай білімге сүйенген творчестволық ой ғана дегеніне жетеді. Енді осы өмірді тану, білудің біздің болмысымыздағы түрлері қандай? Талдап көрейік. Сол білудің ең мол бір түрі бар. Мұнда жазушы өзі бейнелейтін адамдарының жайын өз көзімен көріп біледі. Болашақ геройларын еңбекте, жай тірлікте, мысалы, тынығу шағында, көңіл көтеру кезінде, кейде жол үстінде, тағы бір шақ қонақта, әлде баска бір ермекте де сол жандарды көріп, танып білетін болады. Геройдың дос-жараны, қыр адамдары, айналасы, ортасы дегендерді де таниды.

 

Бірақ осылай бола тұрса да, жазушы сол геройының өмір сүрген, еңбек еткен ортасымен тікелей байланысты емес. Сол себепті, мысалы, оның махаббаты, кейіс-күйігі тәрізді жайларының бәрі де геройдың ортасына қатыспайды.

 

Осындай жөнмен өмірді білу жазушының ақылмен, зерттеумен ғана білген жайына барабар дер едік. Мұнда белгілі дәрежеде өмірді білу, тану жағдайлары болғанымен де, жазушы үшін, мейлінше жеткілікті фактор сай болды деп айта алмаймыз. Себебі өмір фактісін білу бар да, терендей ұғыну бар.

 

Жазушы қаламынан туған барлық асыл бұйым атаулыны алсақ, әр кітаптың тамыр, төркіні ең алдымен жазушының өзінің жанынан терең орын алған күйлерден туатын. Адам тағдыры мен тартысының барлық шақтарына өзінің ішкі-сыртқы болмысымен нақтылы түгел шомған жазушының көңілінен ғана көңілдегідей тұлға туады. Жүрек қанымен жазылғандай, әдебиет шығармасы өзі де — сүйген, өзі де — жиренген жаннан шығады. Бірде достасып, біресе алысқан, кейде қуанып, күліп, мәз-мереке көрген немесе ащы күйік, ыстық жас төгіп өкінген, жеңілу мен ұтылу жазасын шеккен, болмаса жеңіс, табыс пен қуаныш, шаттық тапқан, қысқасы, бар тынысы балқыған жазушылық жүректен ғана шын шығарма туады.

 

Совет жазушыларының да ең жақсы шығармалары анық өмір қазанына автордың өзі қоса қайнап жүрген кезімен байланысты туған. Болмаса, олардың жай өмірде, белгілі адам ортасын көлденеңнен ғана көріп жүрген айларынан, жылдарынан да жанды шығарма туа қоймайтын. Бұлай болса, кей жерлерге барып, кейбір өмір материалын зерттеп, бірталай тірлік фактілерінің білгір адамы бола тұрып та, сол дүниенің шын сырына бар жаратылысымен терең бойламай қайтуға болады. Мұндайда және де шығарманың ойдағыдай, көңілдегідей шығуына мүмкіндік жоқ. Болса, орташа ғана, өзінше дұрыс қана шығарма шығуға мүмкін. Бірақ бұл мақсат емес.

 

Жазушы неге нашар жазды? Мұның себебі біреу ғана емес. Ең әуелі өмірді нашар білу бар. Жазам деген ортадан сыртқары тұрып жазуға болмайды. Өзің таңдап алған мате- риалды сүю ғана емес, барлық шетін, нәзік жайларына шейін түгелімен қиялап та іштен кешіру шарт. Тандап алған ортасын және тиісті байланысты жайларын сүйіп сезінген көңілге ғана шыншыл, терең сенімді суреттер сай келеді.

 

Ал енді осы айтқанмен қатар, біздің творчестволық тіршілігімізде тағы бір мәні аса зор екінші жай бар.

 

Көп уақытта біз өмірді біле тұра да, көркем шығармаға керек шындықтың көбін жазбайтынымыз болады. Бұл мәселе өте маңызды тезистің бірі болғандықтан, сәл таратып айтайық. Әдебиет адамды тану өнері деп танылғанда, әр шақта, әр дәуірде адамды оның жан дүниесінің, жаратылысының барынша шарқына жеткен шағына апара түсіп суреттеу керек болатын. Бұлай болса, махаббат та бар шырқау барған шағымен алынады. Ерлік, батылдық та, кек пен өштік те, құрбандық пен тайталас та, қастасу мен ұстасу да ең төргі өрісіне жету шарт. Мұндай кездерде адам өзін-өзі ұмытар халге жететіні болады. Дағдылы, мерзімді қалпынан мүлде өзгеріп, өсіп кететіні бар. Сондай күйден ғана терең шындық шығармасы туады. Ендеше, ең үлкен шарт не? Шарт — саяз қалқымау, шала қарпымау! Болмаса, шала- шал ағайдан не тумақ? Көрік те, бөрік те жоқ, ши-шырпы ғана туады.

 

Тірлікке терең шомып, ой ұрығын терең көміп іздену қажет. Сонда ғана шығарма шынарын, еңбек еменін өсірсе болар. Біздің бұл атаған шартты жайларымыздың тұсында көздің жасы да, көңілдің өкініші де, ащы азап, ауыр қайғы толқыны да болады. Адам басынан бір кешсе де, бірегей боп, өлім шағына дейін ұмытылмай кететін кейбір өмір әсері де бар.

 

Көркемөнердің өткен тарихын алсақ, барлық адам драмасы, трагедиясы, тартысы мен жеңісі — баршасы да осындай сезімдер мен сырларға толы болғанын көреміз. Тіпті ертегілер мен эпостарды алсақ та, халықтар қиялдары сюжет жасау әдісін, тартыс асылын адамдық материалдың жаңағыдай жайларына ғана құрған. Егер Тристан мен Изольда, Ромео мен Джульетта, Ләйлі мен Мәжнүн және Анна Каренина тәрізді жандардың өлім қазасы болмаса, солар жайында поэма, трагедия, роман да тумас еді.

 

Затында қылмысты, қанішер емес Раскольников кісі өлтірмесе, психологиялық романның үлкен арқауы құрылмас еді. Наполеонның шабуылы болмай, Россия тарихтық толғаққа, Отан жүрегі Москва жау қолына түспесе, "Война и мир" де тумас еді. Оның барлық құрылысының ең қатты серпер пружинасы болмаған болар еді.

 

Дәл осындай жайды біз советтік шығармалардың асыл үлгілерінен де көреміз. "Любовь Яроваяның" ең мығым, ең қатқыл іргесі қызылдардың қаладан айрылып қалу әңгімесінде. Бұл өлкенің коммунистері жаумен ашық, айқын өлім, өмір бәйгесінде айқасады. Дәл Вулканның қайнар қазанының ернеуінде пьеса геройларының бар өмірі мен тірлігінің тартысы жүріп жатады. Сонау Кошкин, Швандя, Любовь Яровая тайып кетсе, төменгі жағы жұтқалы тұрған ажал шыңырауы. "Не өмір, не өлім" аталатын өткір қылыш жүзіне бұлардың табан басқан жайы бар. Дәл сондай күй "Разлом", "Разгром", "Бронепоезд" геройларының да басында болады.

 

Соңғы пьесада жау қолында бронепоезд болғанда, совет партизандарының батыл жүрек, құралсыз құр қолынан басқа түгі жоқ. Сондықтан тартыстың бар тәсілі біткен шақта, сол геройлардың кейбірі жау бронепоезінің дөңгелегі астына, шойын жол рельсіне өздерінің басын төсейді. Ерлердің қажыры, адамдық қасиеті сондайлық шың басына шырқап шыққандай. Мұнда да тартыс ажал шыңырауының дәл аузында жүріп жатыр. Әрине, осындай шақтағы драма тартысы жасанды да, жалған да емес және жалтартпастай міндетті тартыс боп шығады.

 

Міне, осы аталған жайлардың бәрінде де өмірді құр ғана көрсету емес, мұндағы, орысша айтқанда, "отражение", біздің білуімізше, Ленин талап еткен көркемөнер шарты — анық отражение осындайда ақталады.

 

Шынайы күрделі, қиын қақтығыстар тұсында ғана адам сезімінің, талайының, талабының, мінез-нәрінің, тағдырдың барының баршасы түгел ашылып, тартыс қатал айқасқа айналады. Осындай ғана қақтығыстар барлық повесть, роман, драма атаулының ең сенімді қаңқасын, арқа сүйер тұлғасын тұрғызады.

 

Адам мен адам арасындағы терең жардай, өткелсіз шыңырау қарсылықтары әр жаратылыстың барынша терең шыңын түгел ашады. Сол шыңнан: шынайы көздің жасы да, сағыныш, өкініш те, қам-қайғы қасірет те, трагедиялық айрылыс, үзіліс те және неше алуан моральдық жан-тән катастрофасы қаза да, саза да туады. Осындай күйлер кездесіп, геройдың өзі де ойламаған, сезбеген сыры мен шыны ашылатын шақтар болмаса, оның жаны бар куатын барынша ашпаса, көркемөнердің терең шындығы шықпай жатады. Анық терең шындық болмаған күйде, адам жаны бар түкпірімен түгел ашылмаған халде, анық шабытты жазылған шынайы көркем роман да, драма да тумайды.

 

Жаңағыдай көңіл жайына, шырқау шегіне жетпеген герой көп кезде бойында тек көп сыры қалған, көп қымбат мүмкіншілігі жүрген адам болады да қояды. Бар мүмкіншілігі ашылмай қалған жан болады. Ендеше, ол тереңіне жетіп, түгел ілген, танылған жан да болмайды. Біз кейбір жағымды геройымызды, тіпті үлкен жауапты адамымыздың бірі болса да, соны кейде ерекше қиналған, қапа-қайғыға түскен, көз жасын төккен халге жеткізіп неге жазбаймыз? Немесе оның жарқын көңілмен қуаныш, бақыт тапқан шағын неге жаңағыдай айқын, терең шырқай ашып танытпаймыз.

 

Біздің зор қасиетті тамаша асыл адамдарымыз талай - талай олқылық пен кемшіліктердің себебімен қайғырып, қиналатын шақтар болмай ма! Әсіресе іс жүзіндегі еңбек тіршілігін алсақ, қызмет бабынан да қынжылатын шақтар болады. Үй іші тірліктен де, бас сезімі жағынан да кейіс - реніш болмай ма екен! Кейде, мысалы, ерлі-зайып тіршіліктерінен, тағы бірде достықтан және бір шақта аталық пен аналықтың қамынан, сүю мен жирену шағынан, дос пен қас тарапынан тататын ащы мен тұщы аз бола ма! Ал біздің повесть, роман, әсіресе пьеса атаулымыз да жаңағыдай адам шындығының орнына, көбінше жалған драма, жалған тартыс түседі.

 

Осы жалған тартыстар шығармаларымызда шын тартыстың төлеуіне жүріп кетіп, конфликтісіз құрылыс деп аталды. Барлық жанрдағы шығармаларда сондай жасанды жалған құрылыстар мол орын алғандықтан, арзан қолды шығармалар молайды.

 

Тағы бір сұрақ бойынша тақырыптық материалды, шығармалық ортаны қайдан іздеу керек деген сөз туады. Біздің ойымызша, оларды совет адамы еңбек еткен жер мен жайдың бәрінен іздеу керек. Тегінде, тартымсыз тақырып жоқ. Қандай ауданы аз орта, шамасы шағын әрекет жайындағы кез келген тақырыпты алсақ та, баршасында атом қуатындай қайрат бар. Бірақ сол қуатты тауып ашып, шынын шешіп көрсете білу шарт. Былайша айтқанда, совет адамының сондай қасиетті жанын: аталық, аналық, балалық сипатын да бар қуатымен таныта білу міндет. Бұл жағынан қарағанда, бар тақырып тандаулы тақырып саналуға лайық. Ешбір оқшау тұратын осал тақырып жоқ деуге болады. Себебі бар жерде ең алдыңғы ойдағымыз адам болса, ол социализмді жасаушы совет адамы болса, оны бойындағы жан қуатының, азаматтық, адамдық сипатының бар қасиеті жағынан таныту өнер зоры.

 

Міне, осы сипат ретінен қарағанда, оқиғаның жүретін ортасы қала ма, село ма, аудан ба, разъезд бе, мұның парқы аз болатын жайы да бар. Әрине, қай шақта болса да, жазушы өз геройының өзіндік ортасын терең де түгел, жан - жақты тегіс танып білу шарт. Сол үшін баратын жеріне 174-3 барып, тұратын жайында тұру да соншалық қажет. Осы ретте, әрине, дау жоқ, ауданда, колхозда қалың еңбек елінің тірлігін мейлінше жақын тұрып, жақсы білу керек. Және сонымен қатар әлдеқайда ұзақ уақыт тереңдей тануды қаланың өзі де қажет етеді.

 

Жалпы алғанда, жазушьшар біздің тірлік пен тарихтың көп-көп саласының бәріне де қарыздар. Сол қарыздың үлкені колхоз жөнінде, жұмысшылар турасында және басқа да социализмді жасаушы көп жандар алдында түгелімен атқарылмай тұр. Ал енді осы аталған көп қарыздар ішінде дәл осы тұста айрықша бөліп атап айтар бір қарыз бар де- сек, ең алдымен Москваның өзінің алдындағы қарызды атар едік. Әдебиеттің бар жанрында Москва шындығын, жалпы Москва жайын жазу соншалық қызғылықты, тартымды тақырып. Барынша күй салып, қызықтырып тұратын тақырып болар еді.

 

Мысалы, біздің туысқан елдер әдебиетінің шығармаларында Москва ең биік таразы қазы есепті танылар еді. Мұнда жеңістің бағасы, таланттың танылуы, әділдің ақталуы, қатенің жазалануы, дұрыстың үстемдік алуы, даулар шешілуі, қиялдар іске асуы — бәрі де бір Москвада жай табады. Міне, дәл осындай Москва туралы сан эпопея жазса да болар еді. Сол тәрізді жалғыз Москва емес, біздің көп- көп басқа мәдениет орталықтарымыз, мысалы, республикалардың, облыстардың орталықтары да мол тірлігімен талай терең де тың тақырыптар тудыра алар еді.

 

Мысалға Қазақстанның өзін алсақ та, Алматы, Қарағанды, Семей, Шымкент тәрізді талай үлкенді-кішілі мәні зор мәдениетті орталықтар туралы романдар, пьесалар, повестер жазса, олқы соғар ма еді! Осы тұста, әсіресе Қазақстанның кешегі шол ғасырларында белгі-бұдырсыз, елсіз құлазып тұрған жайларға орнаған жас қала, өңшең тамаша ғажайып дүниелер: Лениногор, Балқаш, Жезқазған, Текелі, Кентау, Теміртау, тағы толып жатқан өзгеше өндіріс ұялары бар жанрда сан алуан эпопея туғызбас па еді.

 

Жалғыз-ақ осы жайлардың бәрін сондай орталардан алып жазғанда, барынша терең, шыншыл, толыққанды реалистік әдіспен жазу керек. Бұл үшін эстетикалық идеялық биік мұратты ойға алу керек те, біздің адамдардың ғажайып зор, тамаша сұлу болмысын биік дәрежеде ірілете көрсету керек. Сонымен қатар оңайлықпен жойылмай жатқан, бұрынғы замандарда батпандап кірген кейбір ауыр қалдықтарды да тереңдеп ашып, батыл жазу шарт.

 

Сол үшін біздің адамдардың күншуақ шұғылалы жайларын өз шындығымен кең ашудың қатарында сол көңілдердегі кейбір кейісті де көрсету шарт. Ол бірде аталық, бірде аналық күдік уайымы болуға мүмкін. Тағы бір шақта біздің қоғамның сау денесіне жабысып келе жатқан әлдебір құлдық элементтер біраз жандардың мінезінде, әдет- машығында, шала тәрбиесінде кейде қызғаныш, кейде арзан наразылық, тағы бірде мансапқорлық, интрига құмарлық түрінде де қалыспай жүруге мүмкін. Тегінде, осыған ұқсаған тағы талай түрлі қалдықтар біздің тарихымызда, әділ сыншыл бағамызда қалдық деп аталғанымен, олардың кесел-кесірі жеңілмейді. Қайта кейбір жеке адамдар тағдырына сол қалдықтардың аса ауыр әсер ететіні де бар. Және мұндай жайлар, комедия, трагикомедия, болмаса гротеск тәрізді ғана көрінбей, көп өмірлікте нелер қайғыға соғатыны да болады. Бұл қалдықтардың кейбір бұзар, азғын түрлері талай жанның әлі де көз жасын, көңіл шерін, кейде тіпті жазықсыз жандардың қазасын туғызып жүргендері де бар.

 

Тегі, психофизикалық жаратылысы жағынан адам атаулы әр алуан келеді. JI.H. Толстой соған қарап, әрбір жеке жан "әсте қайталамайтын комбинация" деген. Жақсылықта да, жамандықта да әр адам өз жаратылысын өзінше аңғартады.

 

Әрине, бұған қарап адам арасындағы кепке, топқа ортақ тұтас бітім жоқ деген ой тумайды және тек қана жеке-даралық қалпы өзгеше сипатталған бейнелер ғана шындыққа жуық деген де қорытынды жасалмайды. Бұл жайды, кейде адам сезімдерін, еркін ой жүйесін үйреншікті бір ғана арнада, стандарттық түрде суреттеудің орынсыз екенін аңғарту үшін айтамыз.

 

Мінекей, біздің заманның орталықтағы, жер-көктегі коллектив пен семьялық, жекелік өмірін әр алуан тұрғыдан көрсеткенде, шамасы, осы айтылғандай, отражение болса екен дейміз. Сонымен, өмір мен көркем шығарма бірін-бірі нақтылы, шынайы күйде өздерінің анық, берік иықтарымен жанасып, сүйеніссе екен дейміз. Осындай талаптарға жауап ұра жазылған шығармалар партияның XX съезі атаған, алға қойған зор тарихтық міндеттердің аңғарынан шығар деп үміт етуге болар еді.

 

Мұхтар Әуезов

 

Бөлісу: