Орта ғасырлардағы шаруалар

5 Желтоқсан 2012, 10:46

  Орта ғасырлардағы шаруалар Шаруалардың ортағасырлық қоғамдағы орны- Шаруалардың қоғамда атқаратын рөлі орта ғасырларда қалыптасқан үш қауымдық топ теориясы бойынша анықталды. Ол теория қоғамды адам ағзасымен салыстыруға негізделді. Адамның өміріне жан қандай қажет болса, құдайға құлшылық етуші дінбасылар да коғамға сондай қажет делінді. Зиялы мырзалар мен ел басқарып жүрген атқамінерлер адамның колына теңестіріліп, «соғысушылар» рөліне ие болды. Ал шаруалар адамның аяғына теңестіріліп, жұмыс істеушілер деп танылды. Бұл теория бойынша адамның жаны, аяғы, қолы бір-біріне кандай қажет болса, дінбасылары да, зиялы мырзалар мен шаруалар да бір-біріне сондай қажет, олар бір-бірінсіз өмір сүре алмайды делінді. Сондықтан да олар әркашан бір-бірімен тығыз байланыста, ешқандай таластартыссыз, ынтымақта өмір сүруі керек. Себебі адамның аяғы қолына, қолы жанына қарсы қастандық жасамайды. Сөйтіп орта ғасырларда шаруалар қоғамның ең қажетті мүшесі саналды. Шаруаларға, олардың дене еңбегіне деген осындай озық көз-карас олардың коғамдық өндіріске ынтасын арттырып, шаруашылықтың өркендей түсуіне елеулі үлес қосты.   Шаруалардың жікке бөлінуі Феодалдық құрылыс кезіндегі шаруалар басыбайлы және ерікті болып екіге бөлінді. Басыбайлы шаруалар феодалдарға толық тәуелді болды, олардың өз беттерімен шешім қабылдап, әрекет етуіне тыйым салынды. Феодалдар ондай шаруаларды сатуға, айырбастауға, сыйлауға ерікті еді. Басыбайлы шаруа қашып кетсе, қожасы оны тауып алып, өзіне қайтаратын. Басыбайлы шаруалар қатарына бірте-бірте бұрынғы құлдар да қосылды. Шаруалардың Бұл тобы Францияда «сервтер» деп аталды. Шаруалардың екінші тобына жататын жеке басы ерікті шаруалар Англияда «вилландар» еді. Олардың жағдайы біраз жеңілдеу болды. Олар өз қарамағындағы мүліктерін, еңбек құрал-жабдықтарын еркін жұмсай алды. Ерікті шаруалар өз жер үлесін мұрагерлік жолмен балаларына калдыруға құқылы болатын. Шаруалардың міндеткерлігі. Шаруалар өз қожайындары мен корольдеріне көптеген міндеткерліктер өтеді. Ол кандай міндеткерліктер еді? Алдымен әскер қатарында қызмет істемейтіндердің соғыста жүрген ауылдастарын азық-түлікпен қамтамасыз етіп отыру міндеткерлігі болды. Екіншіден, қақтығыстар кезінде ұсақ жер иелері мен шаруалар өз шаруашылығын, отбасын жалғыз өзі қорғай алмайтын. Ол Мұндай жағдайда қуатты көрші феодалдың немесе монастырьдың қамқорлығына мұқтаж болды. Бірақ ол қамқорлық үшін куатты көршісіне келісілген міндеткерліктерін өтеп отырды. Сондай-ақ өз жері жоқ шаруалар феодалдардан алған жер үлестері үшін міндеткерлік атқарды. • Шаруалардың феодалға өтейтін міндеткерліктері Соғыста жүрген ауылдастарын азық-түлікпен қамтамасыз етіп отыру Феодалдан алған жері үшін міндеткерлік: • - барщина • - оброк Қоғамдық жұмыстар: тегін көпір салу, жол жөндеу жұмыстарын атқару Ол міндеткерліктерді өтеудің бірнеше түрі болды. Басты түрі - еңбекпен өтеу. Ол «барщина» деп аталды. Шаруалар заттай алым-салық - «оброк» та төлеп отырды. Сонымен қатар «қоғамдық жұмыстар» атқару міндеткерлігі де болды. Мысалы, жылына бірнеше күн бойы тегіннен-тегін көпір салуға, жол жөндеуге қатысу, ылауға жүру сияқты міндеткерліктер атқарды. Шаруалардың тұрмысы. Орта ғасырлардағы шаруалардың тұрмысы өте жұпыны болды. Өндірістің даму дәрежесінің төмендігіне байланысты олардың тұтынатын заттары өте аз әрі қарапайым болған. Өз тұрмысына қажетті төсек-орын, ыдыс-аяқты шаруалар өздері жасап алатын. Үйлерін де өздері салатын. Үйді ағаштан, тастан салып, төбесін қамыспен, сабанмен жабатын. Терезе орнына күн сәулесі әрең түсетін шағын тесіктер шығаратын. Тамақтанатын, жататын орындары бір бөлмеде болды. От жаққанда үй іші түтіндеп кететін. Себебі, пештің түтін тартатын мұржасы болмайтын. Түтін төбедегі тесіктен шығатын. Қатты суық түскенде шаруалар ұсақ малдарын да өздері тұратын бөлмелерге кіргізіп алатын. Астық жинау Шаруалардың киімдері де өте қарапайым болды. Киімді өздері тоқыған матадан, кенептен, иленген теріден тігіп киді. Аяқтарына да теріден, тіпті өсімдік сабағы мен ағаш қабықтарынан тоқылған шоқайлар киетін. Шаруалардың феодалдармен күресі. Шаруалар аз еңбектеніп, мырзаларына, өкіметке неғұрлым аз салық төлеп отыруға, ал олардан өздеріне, керісінше, еңбегіне тұрарлық төлем алуға ұмтылды. Бірақ мырзалар шаруаларға салынатын салықты көбейте түсуге тырысып отырды. Ортағасырлық құжаттардан мырзалардың шаруаларды «жалқау», «топас», «дөрекі», «бұзық» деген айыптауларын кездестіруге болады. Ал шаруалар қожайындарын «сараң», «қатыгез», «тойымсыз» деп кінәлайды. Қожайынның талаптары, қатыгездігі мен әділетсіздігі шектен шығып кеткенде шаруалар өз наразылықтарын білдіріп отырды. Олар өз қожайындарына қарсы көтеріліске шығып, күш көрсетуге дейін барды, шаруашылыққа зиянкестік жасады, тіпті болмаса қашып кетті. Кейде шаруалар бірлесе, кеңесе отырып, қожайынға өздері дұрыс деп тапқан талаптарын қоятын. Шаруалардың осындай әрекеттері кейде қожайындарды салық мөлшерін азды-көпті жеңілдетуге мәжбүр ететін.  

 

Орта ғасырлардағы шаруалар Шаруалардың ортағасырлық қоғамдағы орны- Шаруалардың қоғамда атқаратын рөлі орта ғасырларда қалыптасқан үш қауымдық топ теориясы бойынша анықталды. Ол теория қоғамды адам ағзасымен салыстыруға негізделді. Адамның өміріне жан қандай қажет болса, құдайға құлшылық етуші дінбасылар да коғамға сондай қажет делінді. Зиялы мырзалар мен ел басқарып жүрген атқамінерлер адамның колына теңестіріліп, «соғысушылар» рөліне ие болды. Ал шаруалар адамның аяғына теңестіріліп, жұмыс істеушілер деп танылды. Бұл теория бойынша адамның жаны, аяғы, қолы бір-біріне кандай қажет болса, дінбасылары да, зиялы мырзалар мен шаруалар да бір-біріне сондай қажет, олар бір-бірінсіз өмір сүре алмайды делінді. Сондықтан да олар әркашан бір-бірімен тығыз байланыста, ешқандай таластартыссыз, ынтымақта өмір сүруі керек. Себебі адамның аяғы қолына, қолы жанына қарсы қастандық жасамайды. Сөйтіп орта ғасырларда шаруалар қоғамның ең қажетті мүшесі саналды. Шаруаларға, олардың дене еңбегіне деген осындай озық көз-карас олардың коғамдық өндіріске ынтасын арттырып, шаруашылықтың өркендей түсуіне елеулі үлес қосты.
 
Шаруалардың жікке бөлінуі
Феодалдық құрылыс кезіндегі шаруалар басыбайлы және ерікті болып екіге бөлінді. Басыбайлы шаруалар феодалдарға толық тәуелді болды, олардың өз беттерімен шешім қабылдап, әрекет етуіне тыйым салынды. Феодалдар ондай шаруаларды сатуға, айырбастауға, сыйлауға ерікті еді. Басыбайлы шаруа қашып кетсе, қожасы оны тауып алып, өзіне қайтаратын. Басыбайлы шаруалар қатарына бірте-бірте бұрынғы құлдар да қосылды. Шаруалардың Бұл тобы Францияда «сервтер» деп аталды. Шаруалардың екінші тобына жататын жеке басы ерікті шаруалар Англияда «вилландар» еді. Олардың жағдайы біраз жеңілдеу болды. Олар өз қарамағындағы мүліктерін, еңбек құрал-жабдықтарын еркін жұмсай алды. Ерікті шаруалар өз жер үлесін мұрагерлік жолмен балаларына калдыруға құқылы болатын. Шаруалардың міндеткерлігі. Шаруалар өз қожайындары мен корольдеріне көптеген міндеткерліктер өтеді. Ол кандай міндеткерліктер еді? Алдымен әскер қатарында қызмет істемейтіндердің соғыста жүрген ауылдастарын азық-түлікпен қамтамасыз етіп отыру міндеткерлігі болды. Екіншіден, қақтығыстар кезінде ұсақ жер иелері мен шаруалар өз шаруашылығын, отбасын жалғыз өзі қорғай алмайтын. Ол Мұндай жағдайда қуатты көрші феодалдың немесе монастырьдың қамқорлығына мұқтаж болды. Бірақ ол қамқорлық үшін куатты көршісіне келісілген міндеткерліктерін өтеп отырды. Сондай-ақ өз жері жоқ шаруалар феодалдардан алған жер үлестері үшін міндеткерлік атқарды.
Шаруалардың феодалға өтейтін міндеткерліктері Соғыста жүрген ауылдастарын азық-түлікпен қамтамасыз етіп отыру Феодалдан алған жері үшін міндеткерлік:
- барщина
- оброк
Қоғамдық жұмыстар: тегін көпір салу, жол жөндеу жұмыстарын атқару Ол міндеткерліктерді өтеудің бірнеше түрі болды. Басты түрі - еңбекпен өтеу. Ол «барщина» деп аталды. Шаруалар заттай алым-салық - «оброк» та төлеп отырды. Сонымен қатар «қоғамдық жұмыстар» атқару міндеткерлігі де болды. Мысалы, жылына бірнеше күн бойы тегіннен-тегін көпір салуға, жол жөндеуге қатысу, ылауға жүру сияқты міндеткерліктер атқарды. Шаруалардың тұрмысы. Орта ғасырлардағы шаруалардың тұрмысы өте жұпыны болды. Өндірістің даму дәрежесінің төмендігіне байланысты олардың тұтынатын заттары өте аз әрі қарапайым болған. Өз тұрмысына қажетті төсек-орын, ыдыс-аяқты шаруалар өздері жасап алатын. Үйлерін де өздері салатын. Үйді ағаштан, тастан салып, төбесін қамыспен, сабанмен жабатын. Терезе орнына күн сәулесі әрең түсетін шағын тесіктер шығаратын. Тамақтанатын, жататын орындары бір бөлмеде болды. От жаққанда үй іші түтіндеп кететін. Себебі, пештің түтін тартатын мұржасы болмайтын. Түтін төбедегі тесіктен шығатын. Қатты суық түскенде шаруалар ұсақ малдарын да өздері тұратын бөлмелерге кіргізіп алатын.
Астық жинау
Шаруалардың киімдері де өте қарапайым болды. Киімді өздері тоқыған матадан, кенептен, иленген теріден тігіп киді. Аяқтарына да теріден, тіпті өсімдік сабағы мен ағаш қабықтарынан тоқылған шоқайлар киетін. Шаруалардың феодалдармен күресі. Шаруалар аз еңбектеніп, мырзаларына, өкіметке неғұрлым аз салық төлеп отыруға, ал олардан өздеріне, керісінше, еңбегіне тұрарлық төлем алуға ұмтылды. Бірақ мырзалар шаруаларға салынатын салықты көбейте түсуге тырысып отырды. Ортағасырлық құжаттардан мырзалардың шаруаларды «жалқау», «топас», «дөрекі», «бұзық» деген айыптауларын кездестіруге болады. Ал шаруалар қожайындарын «сараң», «қатыгез», «тойымсыз» деп кінәлайды. Қожайынның талаптары, қатыгездігі мен әділетсіздігі шектен шығып кеткенде шаруалар өз наразылықтарын білдіріп отырды. Олар өз қожайындарына қарсы көтеріліске шығып, күш көрсетуге дейін барды, шаруашылыққа зиянкестік жасады, тіпті болмаса қашып кетті. Кейде шаруалар бірлесе, кеңесе отырып, қожайынға өздері дұрыс деп тапқан талаптарын қоятын. Шаруалардың осындай әрекеттері кейде қожайындарды салық мөлшерін азды-көпті жеңілдетуге мәжбүр ететін.
 
Бөлісу: