Орталық Ғылыми Кітапхана

5 Желтоқсан 2012, 10:36

  Орталық Ғылыми Кітапхана Орталық ғылыми кітапхана, КСРО Ғылым Академиясының Қазақстандық базасының құрамында 1932 жылы құрылған. Алғашқыда кітап қоры КСРО ҒА сыйға тартқан 2000 дана ғылыми еңбектен құралды. 1946 жылы құрылған Қазақ КСР-і ҒА-ның бірінші мәжілісінде атауы Орталық ғылыми кітапхана болып өзгертілді. Сол жылы кітап қорына 74258 басылым, 15000 дана шетелдік әдебиет жинақталып, КСРО кітапханаларымен және ғылыми мекемелерімен кітап алмасу жолға қойылды. 1947 жылдан ғылыми-зерттеу институттары ақылы негізде ғылымиеңбектер жіберіп тұрды. 1959 жылы сирек кітаптар қоры құралды. Қ.Сәтбаев, М.Әуезов, І.Кеңесбаевтың бастамасымен қолжазба қоры, қазақ ғылыми әдебиеттері қоры құралып, Орталық Азия халықтарының тарихы мен мәдениеті жөніндегі мәлімет көздері және шығыс әдебиеті жинақтала бастады. 1950 – 60 жылдары кітапхана Мәскеу, Санкт-Петербург, Рига, Львов, Ташкент кітапханаларының көшірме қорынан алынған кітаптармен толықтырылды. 1979 жылы 1,5 млн. томдық кітап қоймасының іргесі қаланды. 1980 – 90 ж. Орталық ғылыми кітапхана жыл сайын 60 – 90 мың данамен толығатын кітап қорымен әр түрлі академ. ғылыми-зерттеу мекемелерінде 20-ға жуық бөлімшелері бар, біртұтас кітапханалық жүйеге айналды. Сол жылдары кітапханада 800000-нан астам шетелдік ғылыми әдебиет жинақталып, 62 елдің 884 кітапханасымен және ғылыми мекемесімен кітап алмасу ісі жолға қойылды. Бүгінгі таңда Орталық ғылыми кітапханада 5,5 млн. дана ғылыми әдебиет сақтаулы. Оның 210000-нан астамы сирек кітаптар, қолжазбалар, ұлттық әдебиет қорларына тиесілі. Мұнда көне түркі, араб, парсы, түрік, шағатай және араб, латын әріптерімен жазылған қазақ тіліндегі кітаптар, оның арасында 18 ғасырда табылған Құран Кәрім, 1819 жылы Қазаннан шыққан “Шыңғысхан уә Ақсақ Темір”, 1841 жылы Парижде жарық көрген “Құлиат пен Науаи”, т.б. кітаптар бар. Сирек жәдігерлер қорында А.Левшин, В.Бартольд, В.Радлов, Ш.Уәлихановтың еңбектері, қазақфольклорына қатысты қолжазбалар, сондай-ақ Қазақстан мен Орталық Азия туралы орыс тілінде жазылған ескі басылымдар сақтаулы. Қазір Орталық ғылыми кітапхана күніне 352,2 мың адамға қызмет көрсете алады. Кітапхана жыл сайын әр түрлі ғылыми-көпшілік кітаптар, көрнекті ғалымдардың библиографиясын және басқа да көрсеткіштер мен анықтамалықтар шығарады. Қорларды сақтау саласына осы заманғы цифрлық технология енгізілген.  

 

Орталық Ғылыми Кітапхана
Орталық ғылыми кітапхана, КСРО Ғылым Академиясының Қазақстандық базасының құрамында 1932 жылы құрылған. Алғашқыда кітап қоры КСРО ҒА сыйға тартқан 2000 дана ғылыми еңбектен құралды. 1946 жылы құрылған Қазақ КСР-і ҒА-ның бірінші мәжілісінде атауы Орталық ғылыми кітапхана болып өзгертілді. Сол жылы кітап қорына 74258 басылым, 15000 дана шетелдік әдебиет жинақталып, КСРО кітапханаларымен және ғылыми мекемелерімен кітап алмасу жолға қойылды.
1947 жылдан ғылыми-зерттеу институттары ақылы негізде ғылымиеңбектер жіберіп тұрды. 1959 жылы сирек кітаптар қоры құралды. Қ.Сәтбаев, М.Әуезов, І.Кеңесбаевтың бастамасымен қолжазба қоры, қазақ ғылыми әдебиеттері қоры құралып, Орталық Азия халықтарының тарихы мен мәдениеті жөніндегі мәлімет көздері және шығыс әдебиеті жинақтала бастады. 1950 – 60 жылдары кітапхана Мәскеу, Санкт-Петербург, Рига, Львов, Ташкент кітапханаларының көшірме қорынан алынған кітаптармен толықтырылды. 1979 жылы 1,5 млн. томдық кітап қоймасының іргесі қаланды. 1980 – 90 ж. Орталық ғылыми кітапхана жыл сайын 60 – 90 мың данамен толығатын кітап қорымен әр түрлі академ. ғылыми-зерттеу мекемелерінде 20-ға жуық бөлімшелері бар, біртұтас кітапханалық жүйеге айналды. Сол жылдары кітапханада 800000-нан астам шетелдік ғылыми әдебиет жинақталып, 62 елдің 884 кітапханасымен және ғылыми мекемесімен кітап алмасу ісі жолға қойылды. Бүгінгі таңда Орталық ғылыми кітапханада 5,5 млн. дана ғылыми әдебиет сақтаулы. Оның 210000-нан астамы сирек кітаптар, қолжазбалар, ұлттық әдебиет қорларына тиесілі. Мұнда көне түркі, араб, парсы, түрік, шағатай және араб, латын әріптерімен жазылған қазақ тіліндегі кітаптар, оның арасында 18 ғасырда табылған Құран Кәрім, 1819 жылы Қазаннан шыққан “Шыңғысхан уә Ақсақ Темір”, 1841 жылы Парижде жарық көрген “Құлиат пен Науаи”, т.б. кітаптар бар. Сирек жәдігерлер қорында А.Левшин, В.Бартольд, В.Радлов, Ш.Уәлихановтың еңбектері, қазақфольклорына қатысты қолжазбалар, сондай-ақ Қазақстан мен Орталық Азия туралы орыс тілінде жазылған ескі басылымдар сақтаулы. Қазір Орталық ғылыми кітапхана күніне 352,2 мың адамға қызмет көрсете алады. Кітапхана жыл сайын әр түрлі ғылыми-көпшілік кітаптар, көрнекті ғалымдардың библиографиясын және басқа да көрсеткіштер мен анықтамалықтар шығарады. Қорларды сақтау саласына осы заманғы цифрлық технология енгізілген.
 
Бөлісу: