Оңтүстік аудан ежелгі уақыттан бастап Қазақстан мен Орта Азияның тарихында ерекше орын алды. Ұлы Жібек жолы басып өткен (өлке барлық жағынан гүлдену үстінде болды. Ежелгі қалалар (Отырар, Испиджаб, Түркістан, Шавгар, Сауран, Арыс және т. б.) тек сауда ғана емес, ғылым мен мәдениет орталықтары да болды. Бірл ауданмен Әбу Насыр әл-Фараби мен Қожа Ахмет Йасауидің өмір жолдары тығыз байланысты.
Оңтүстік Қазақстан суармалы егіншілік дамыған аудан. Мұнда көкөніс, бақша дақылдарын, жүзім өсірумен айналысады. Оңтүстік «валюталық» дақыл-мақта өсіретін бірден-бір аудан. Миллиондаған гектар жайылымдық жерлер мал шаруашылығыньң тамаша базасы болып табылады. Сонымен қатар бұл аудан әлемнің турлі елдерінен келетін туристер назарын аударатын таңғажайып көркем жер.
1. Табиғат жағдайы. Оңтүстік Қазақстан аумағы бойынша Батыс Қазақстаннан кейінгі екінші экономикалық аудан (елдің жалпы аумағының 27%-ы).
Ол Аралдан шығыстағы шекараға дейін 2000 км-ге, Балқаш көлімен, Бетпақдаладан оңтүстік шекараға дейін 700 км-ге созылып жатыр. Оңтүстік шығысында қөптеген өзендер бастау алатын Солтүстік Тянь-Шань жоталары орналасқан.
Топырағы сұр - коңыр және сұр топырақ. Жақсы жайылымдық жерлер көп. Өсімдік дүниесіне өте бай. Тау етектерінде бағалы дәрілік өсімдіктер, мысалы, фармацевтика өнеркәсібінде кеңінен қолданылатын дермене сияқты өсімдіктер өседі.
Оңтүстік Қазақстан
Бұл аймақтың климатында қуаңшылық байқалады, 700 мм-ге дейін, ал тау беткейлерінде 1100 мм-ге дейін жауын-шашын түседі. Бірақ жер сілкінуі, сел тасқындары мен көшкіндер осы аймақта мекендейтін халықтарға үлкен қауіп төндіреді.
Ауданның солтүстік және солтүстік-батыс бөліктерінде құмды шөлдер өзендердің құрғақ арналары мен бұзылған ескі таулардың аласа төбелері мен кезектесіп отырады, ойпаң жерлерде тақырлар, сор және сортаң жерлер кездеседі. Жиі соғатын желдер мен шаңды дауылдар , жоғары буланушылық ауданның шаруашылығын дамытуға бірталай қиындықтар тудырады.
2. Табиғат ресурстары. Шығыс және Орталық Қазақстанмен салыстырғанда Оңтүстік Қазақстан минералдық қорларға аса бай емес. Дегенмен, мұнда да түсті металл кендерінің: корғасынның, іші ванадийдің, вольфрамның едәуір мол қорлары бар.
Алматы және Оңтүстік Қазақстан облыстарында ірі тас көмір кен орындары анықталған. Қаратау жотасында фосфориттің, Мойынқұмда (Амангелді)табиғи газдың орасан мол ресурстары барланған. Минералдық тұздар(ас тұзы), әктас (Састөбе), гипс (Тараз ) кездеседі.
Оңтүстік Қазақстан су қорларымен біркелкі қамтамасыз етілмеген. Өзен торы тау етектерінде жазық жерлерге карағанда жиірек болып келеді. Ірі өзендері - Сырдария, Іле, Шу, Талас, Қаратал, Ақсу бастауларын биік таулардан алады. Олардың суы көктемгі жазғы кезеңдерде молаяды және суармалы егістікке пайдаланылады.
Өзендері су қорына бай, Сырдарияда - Шардара, ал Іледе -Қапшағай СЭС-тері салынған. Оңтүстік Қазақстанның аумағына Аралдың солтүстік-шығысы мен Балқаштың оңтүстігі қарайды. Егістіктерді суаруда Сырдариядан көп су алынады. Соның салдарынан Арал теңізіндегі судың ауданы мен көлемі азайып апатқа әкеліп соқтырады. Соңғы жылы Аралы теңіз деңгейін қалпына келтіру үшін жұмыстар істелуде.
Ауданда сумен аз қамтамасыз етілген жерлер үшін маңызы зор жер асты суларының мол қоры барланған. Бұл жақта вегетациялық қезең ұзаққа созылады. Белсенді температура жиынтығы 3200°-4000° және одан да көбірек. Мол жылу мөлшері мен қолдан суару Қазақстанның басқа жерінде кездеспейтін мақта мен күріш өсіруге мүмкіндік береді.
Ауданның жер қорлары біршама. Бірақ ылғалдылықтың жетіспеуі топырақ құнарлылығына әсерін тигізеді - көбінесе сұр-қоңыр және сұр топырақ түрлері басым болып келеді. Ең құнарлы топырақ түрлері тау етектері мен беткейлерінде кездеседі. Рекреациялық ресурстар аудан аумағының оңтүстік-шығысы (Үлкен Алматы көлі) мен Солтүстік шығысында(Көлсай, биік таудағы «Медеу» мұз айдыны, Шымбұлақ және Алма-Арасан, т. б.)орналасқан. Мұнда көрікті қала-Алматы орналасқан. Бұл жерлер туристерді көп қызықтыратын аудан.
3. Халқы. Оңтүстік Қазақстан-ең көп халық қоныстанған аудан(Қазақстан халқының 44%-ы). Халықтың көбі Алматы каласы мен Алматы облысында (42%), Оңтүстік Қазақстанда тұрады. Қалалардың көпшілігі (26)оңтүстігінде шоғырланған, оның ішінде Алматы обылсы(10) алда. Мұнда республикадағы ең үлкен Алматы агломерациясы орналасқан. Оңтүстік Қазақстанның урбандалу деңгейі 51%- дан сәл асады. Ең жоғарғы көрсеткіш Қызылорда облысында-60%.
Аудан халықтың тығыздғы жөнінен республикада 1-ші орын алады, орташа тығыздық 1 шаршы км-ге 7, 8 адамнан келеді. Халықтың таралып орналасуы біркелкі емес, олардың негізгі бөлігі Тянь-Шань, Жоңғар Алатауы және Қаратаутау алды аңғарларында шоғырланған. Сондықтан халықтың тығыздығы Оңтүстік Қазақстан облысында 1 шаршы км-ге 20 адам, Алматы облысында -7, 2, ал Қызылорда облысында - 1-ден төмен. Бұл ауданда Қазақстан аумағында тұратын ұлт өкілдерінің барлығы дерлік кездеседі. Ең саны көп диаспора - өзбектер(98%) жөне ұйғырлар (80%-дан астам, олардың республикадағы жалпы саны бойынша алғанда).
Қазақстанда тұратын 370 мың өзбектердің 360 мыңдайы - Оңтүстік Қазақстанда. 1992 жылы Оңтүстік Қазақстан облыстық Өзбек коғамы құрылған болатын, қазір-өзбек мәдени орталығы деп аталады. Дәстүрлік кәсіп түрлері - қыштан бұйымдар жасау, зергерлік, мыс ыдыстарға өрнек салу, ағаш бұйымдарын өрнектеу және оларға сурет салу, т. б.