Ливан

5 Желтоқсан 2012, 10:02

Ливан, Ливан Республикасы – Батыс Азиядағы, Жерорта теңізінің  шығыс жағалауындағы мемлекет. Жері 10,4 мың км2. Халқы – 3,6 млн. адам. Негізгі халқы – арабтар (93%), қалғаны армяндар (6%), түріктер, күрдтер. Негізгі діндері – ислам (75%) және христиан (25%). Ресми тілі – араб тілі. 1926 ж. 23-мамырда қабылданған Конституциясы бойынша мемлекет басшысы – президент. Жоғарғы заң шығарушы органы – депутаттар палатасы. Ұлттық мейрамы – Тәуелсіздік күні – 22 қараша (1943). 1945 жылдан БҰҰ-ның мүшесі. Астанасы – Бейрут қаласы. Әкімшілік жағынан 5 мухафазаға бөлінеді. Ақша бірлігі – ливр. Ливанға субтропиктік климат тән. Жазы ыстық, жауынсыз (тамызда 27°С), қысы жұмсақ (қаңтарда 13°С). Жылдық жауын-шашын мөлшері 400-ден 1000 мм-ге дейін жетеді. Елдің көпшілік бөлігін Ливан қыраты алып жатыр. Ливан мен Антиливан қыраттарының арасында ені 8 – 14 шақырым болатын Бекаа жазығы орналасқан. Цитрусты жемістер, жүзім, мәңгі жасыл ағаштар, көкөніс өсіріледі. Суармалылық маңызы бар негізгі өзені – әл-Литани. Біздің заманымыздан бұрынғы 4-мыңжылдықта қазіргі Ливан аумағында финикиялық қала-мемлекеттер пайда болды. Рим империясының құрамына кіргенге дейін біздің заманымыздан бұрынғы 8 – 1-ғасырларда әр түрлі мемлекеттердің құрамында болды. 637 ж. Ливанды арабтар жаулап алды. Крест жорықтарының нәтижесінде Ливан 1098 – 1289 ж. аралығында христиан мемлекетінің құрамына кірді. 16-ғасырға дейін елді египеттік мәмлүктер басқарып тұрды. 1516 ж. түрік сұлтаны Селим І египеттік мәмлүктерді жеңіп, Ливанды Осман империясына қосты. Елді 16 – 17-ғасырларда Маан әулеті, 17-ғасырдың аяғынан 1840 жылға дейін Шихаб әулетінің өкілдері басқарды. 1840 ж. Башир ІІ Шихаб тақтан кетіріліп, Ливан қайтадан түріктердің билігіне өтті. 1864 ж. Халықаралық комиссия (Франция, Ұлыбритания, Австрия, Пруссия, Ресей, Осман империясы) Ливан автономиясын жариялады. 1920 ж. Францияның мандаттық жүйесі орнады. 1926 ж. Ливан Республика болып жарияланды. 1943 ж. 22-қарашада тәуелсіздік алды. Ливан 1948 – 67 ж. аралығында араб-израиль соғыстарына қатысты. 1975 ж. мұсылмандар мен христиандар арасында қарулы қақтығыс басталып, ол азамат соғысына ұласты. 1982 жылдан бастап Израиль Ливан аумағының біраз бөлігін басып алды. 1983 жылдың маусым айында Израиль тікұшақтары Бейрут пен Палестинаны азат ету ұйымының базалары орналасқан аймақтарды бомбалады. Халықаралық ұйымдардың талабымен 1999 ж. Израиль Оңтүстік Ливаннан өз әскерін әкетуге мәжбүр болды. Ливан мен Қазақстан арасында мәдени, ғылыми байланыстар орнатылған. Ливан – өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығы нашар дамыған ел болса да, қаржы-банк, тұрмыстық қызмет салалары біршама жақсы жолға қойылған. Бейрут — Таяу Шығыстағы ең ірі банк орталықтарының бірі. Ауыл шаруашылығы өнімдері ұлттық табыстың 30%-ын құрайды. Сыртқа көкөніс пен жемістер, темекі, мата, әшекей бұйымдарын шығарады. Импортының негізін электр жабдықтары, машиналар, мұнай, металл, тұтыну тауарлары құрайды. Ұлттық жалпы өнімінің жан басына шаққандағы мөлшері 5470 АҚШ долларына тең. Басты сауда серіктестері – Сирия, Кувейт, Италия мен Біріккен Араб Әмірліктері.      

Ливан, Ливан Республикасы – Батыс Азиядағы, Жерорта теңізінің  шығыс жағалауындағы мемлекет. Жері 10,4 мың км2. Халқы – 3,6 млн. адам. Негізгі халқы – арабтар (93%), қалғаны армяндар (6%), түріктер, күрдтер. Негізгі діндері – ислам (75%) және христиан (25%). Ресми тілі – араб тілі. 1926 ж. 23-мамырда қабылданған Конституциясы бойынша мемлекет басшысы – президент. Жоғарғы заң шығарушы органы – депутаттар палатасы. Ұлттық мейрамы – Тәуелсіздік күні – 22 қараша (1943). 1945 жылдан БҰҰ-ның мүшесі. Астанасы – Бейрут қаласы. Әкімшілік жағынан 5 мухафазаға бөлінеді. Ақша бірлігі – ливр.

Ливанға субтропиктік климат тән. Жазы ыстық, жауынсыз (тамызда 27°С), қысы жұмсақ (қаңтарда 13°С). Жылдық жауын-шашын мөлшері 400-ден 1000 мм-ге дейін жетеді. Елдің көпшілік бөлігін Ливан қыраты алып жатыр. Ливан мен Антиливан қыраттарының арасында ені 8 – 14 шақырым болатын Бекаа жазығы орналасқан. Цитрусты жемістер, жүзім, мәңгі жасыл ағаштар, көкөніс өсіріледі. Суармалылық маңызы бар негізгі өзені – әл-Литани.

Біздің заманымыздан бұрынғы 4-мыңжылдықта қазіргі Ливан аумағында финикиялық қала-мемлекеттер пайда болды. Рим империясының құрамына кіргенге дейін біздің заманымыздан бұрынғы 8 – 1-ғасырларда әр түрлі мемлекеттердің құрамында болды. 637 ж. Ливанды арабтар жаулап алды. Крест жорықтарының нәтижесінде Ливан 1098 – 1289 ж. аралығында христиан мемлекетінің құрамына кірді. 16-ғасырға дейін елді египеттік мәмлүктер басқарып тұрды. 1516 ж. түрік сұлтаны Селим І египеттік мәмлүктерді жеңіп, Ливанды Осман империясына қосты. Елді 16 – 17-ғасырларда Маан әулеті, 17-ғасырдың аяғынан 1840 жылға дейін Шихаб әулетінің өкілдері басқарды. 1840 ж. Башир ІІ Шихаб тақтан кетіріліп, Ливан қайтадан түріктердің билігіне өтті. 1864 ж. Халықаралық комиссия (Франция, Ұлыбритания, Австрия, Пруссия, Ресей, Осман империясы) Ливан автономиясын жариялады. 1920 ж. Францияның мандаттық жүйесі орнады. 1926 ж. Ливан Республика болып жарияланды. 1943 ж. 22-қарашада тәуелсіздік алды. Ливан 1948 – 67 ж. аралығында араб-израиль соғыстарына қатысты. 1975 ж. мұсылмандар мен христиандар арасында қарулы қақтығыс басталып, ол азамат соғысына ұласты. 1982 жылдан бастап Израиль Ливан аумағының біраз бөлігін басып алды. 1983 жылдың маусым айында Израиль тікұшақтары Бейрут пен Палестинаны азат ету ұйымының базалары орналасқан аймақтарды бомбалады. Халықаралық ұйымдардың талабымен 1999 ж. Израиль Оңтүстік Ливаннан өз әскерін әкетуге мәжбүр болды. Ливан мен Қазақстан арасында мәдени, ғылыми байланыстар орнатылған.

Ливан – өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығы нашар дамыған ел болса да, қаржы-банк, тұрмыстық қызмет салалары біршама жақсы жолға қойылған. Бейрут — Таяу Шығыстағы ең ірі банк орталықтарының бірі. Ауыл шаруашылығы өнімдері ұлттық табыстың 30%-ын құрайды. Сыртқа көкөніс пен жемістер, темекі, мата, әшекей бұйымдарын шығарады. Импортының негізін электр жабдықтары, машиналар, мұнай, металл, тұтыну тауарлары құрайды. Ұлттық жалпы өнімінің жан басына шаққандағы мөлшері 5470 АҚШ долларына тең. Басты сауда серіктестері – Сирия, Кувейт, Италия мен Біріккен Араб Әмірліктері.

 

 

 

Бөлісу: