Хулагу мемлекеті

5 Желтоқсан 2012, 09:46

Ильхандар мемлекеті Хулагу мемлекеті, Ильхандар мемлекеті, Хулагу әулеті — Шыңғыс хан империясының ыдырауы нәтижесінде 1256 — 1353 жылдар аралығында Таяу және Орта Шығыста өмір сүрген мемлекет. Негізін Шыңғыс ханның немересі Хулагу хан қалады. Мемлекет билеушілері Хулагу әулетінен шығып, ильхан, яғни ел, ұлыс ханы атанды. Хулагу мемлекетінің құрамына қазіргі Иран, Ирак, Ауғанстан, Түрікменстан, Кіші Азияның шығыс бөлігі, Әзербайжан мен Армения бағынды. Грузия, Трапезунд империясы, Кипр корольдігі тәуелділікте болды. Хулагу хан, Хулагу мемлекеті негізін салушы. Ильхандар Сирияны басып алу үшін крестшілердің көмегіне сүйене отырып, Мысырдағы мәмлүктер сұлтандығымен, Алтын Ордамен, Шағатай ұлысымен үздіксіз соғыс жүргізді. Мысыр мен Алтын Ордаға қарсы күресте олар Рим папасымен, Генуямен, Франция және Англия корольдерімен одақтасқанымен, үнемі жеңіліске ұшырап отырды. Хулагу мемлекетін түркі-моңғол ақсүйектері басқарғанымен, мемлекеттік аппарат парсы шенеуніктерінен құралды. Үздіксіз соғыстар әрі алым-салық мөлшерінің шектен тыс көптігі халықты күйзеліске ұшыратып, алғашқы билеушілер тұсында жер-жерде жиі-жиі көтерілістер болып тұрды. Осындай тұрақсыздықтың салдарынан Газан хан ішкі саясатты өзгертуге мәжбүр болды. Ол ильхандардың арасынан бірінші болып ислам дінін қабылдап, мұсылмандықты мемлекеттік дін дәрежесіне көтерді. Осыдан кейін мемлекет билігі парсы ақсүйектерінің қолына көше бастады. Уәзір әрі ғалым Рашид әд-Диннің басшылығымен реформа жүргізіліп, алым-салық мөлшері нақты белгіленді. Пайдаланылмай жатқан жерлер жер иленушілерге бөлініп берілді, олар бұл жерлерді өңдеп, игеруге міндетті болды. Жер суландыру жұмысы кең көлемде жүргізіліп, мемлекет үшін бірыңғай өлшем таразы жүйесі енгізілді. Газан хан шаруалардың жерге бекітілуін заң жүзінде күшейтіп, қашқын шаруаларды іздеу мерзімін 30 жылға ұзартты. Нәтижесінде Хулагу мемлекетінің, ең алдымен Иранның экономикасы тез өркендей бастады. Бірақ оның мұрагерлері тұсында тақ таласы күшейіп, орталық үкімет әлсіреп кетті. Ильхан Әбу Саид (1316 — 35) қайтыс болғаннан кейін, елге толық билік жүргізген бірде бір билеуші болған жоқ. Әр аймақтардағы парсы ақсүйектері өздерінің жеке ильхандарын таққа отырғызып, бір-бірімен өзара соғысуға көшті. Осыған байланысты Хулагу мемлекеті бірнеше тәуелсіз ұсақ мемлекеттерге бөлініп кетті. Олардың кейбіреулері (Жалайыр мемлекеті (1336 — 1411), Мозаффер мемлекеті (1340/50 — 93, т.б.) біршама күшті елдерге айналды. Күрд мемлекеті іс жүзінде Хулагу мемлекетінен тәуелсіз саясат жүргізді. Орталыққа бағынған аймақтардың өзінде де жиі-жиі жергілікті тайпалар көтеріліс жасап тұрды. Хулагу мемлекетінің соңғы ильханы 1353 ж. желтоқсан айында көтеріліске шыққан сербезарлар ордаға басып кірген кезде қазаға ұшырады.  

Ильхандар мемлекеті

Хулагу мемлекеті, Ильхандар мемлекеті, Хулагу әулеті — Шыңғыс хан империясының ыдырауы нәтижесінде 1256 — 1353 жылдар аралығында Таяу және Орта Шығыста өмір сүрген мемлекет. Негізін Шыңғыс ханның немересі Хулагу хан қалады. Мемлекет билеушілері Хулагу әулетінен шығып, ильхан, яғни ел, ұлыс ханы атанды. Хулагу мемлекетінің құрамына қазіргі Иран, Ирак, Ауғанстан, Түрікменстан, Кіші Азияның шығыс бөлігі, Әзербайжан мен Армения бағынды. Грузия, Трапезунд империясы, Кипр корольдігі тәуелділікте болды.

Хулагу хан, Хулагу мемлекеті негізін салушы.

Ильхандар Сирияны басып алу үшін крестшілердің көмегіне сүйене отырып, Мысырдағы мәмлүктер сұлтандығымен, Алтын Ордамен, Шағатай ұлысымен үздіксіз соғыс жүргізді. Мысыр мен Алтын Ордаға қарсы күресте олар Рим папасымен, Генуямен, Франция және Англия корольдерімен одақтасқанымен, үнемі жеңіліске ұшырап отырды. Хулагу мемлекетін түркі-моңғол ақсүйектері басқарғанымен, мемлекеттік аппарат парсы шенеуніктерінен құралды. Үздіксіз соғыстар әрі алым-салық мөлшерінің шектен тыс көптігі халықты күйзеліске ұшыратып, алғашқы билеушілер тұсында жер-жерде жиі-жиі көтерілістер болып тұрды. Осындай тұрақсыздықтың салдарынан Газан хан ішкі саясатты өзгертуге мәжбүр болды. Ол ильхандардың арасынан бірінші болып ислам дінін қабылдап, мұсылмандықты мемлекеттік дін дәрежесіне көтерді. Осыдан кейін мемлекет билігі парсы ақсүйектерінің қолына көше бастады. Уәзір әрі ғалым Рашид әд-Диннің басшылығымен реформа жүргізіліп, алым-салық мөлшері нақты белгіленді. Пайдаланылмай жатқан жерлер жер иленушілерге бөлініп берілді, олар бұл жерлерді өңдеп, игеруге міндетті болды. Жер суландыру жұмысы кең көлемде жүргізіліп, мемлекет үшін бірыңғай өлшем таразы жүйесі енгізілді. Газан хан шаруалардың жерге бекітілуін заң жүзінде күшейтіп, қашқын шаруаларды іздеу мерзімін 30 жылға ұзартты. Нәтижесінде Хулагу мемлекетінің, ең алдымен Иранның экономикасы тез өркендей бастады. Бірақ оның мұрагерлері тұсында тақ таласы күшейіп, орталық үкімет әлсіреп кетті. Ильхан Әбу Саид (1316 — 35) қайтыс болғаннан кейін, елге толық билік жүргізген бірде бір билеуші болған жоқ. Әр аймақтардағы парсы ақсүйектері өздерінің жеке ильхандарын таққа отырғызып, бір-бірімен өзара соғысуға көшті. Осыған байланысты Хулагу мемлекеті бірнеше тәуелсіз ұсақ мемлекеттерге бөлініп кетті. Олардың кейбіреулері (Жалайыр мемлекеті (1336 — 1411), Мозаффер мемлекеті (1340/50 — 93, т.б.) біршама күшті елдерге айналды. Күрд мемлекеті іс жүзінде Хулагу мемлекетінен тәуелсіз саясат жүргізді. Орталыққа бағынған аймақтардың өзінде де жиі-жиі жергілікті тайпалар көтеріліс жасап тұрды. Хулагу мемлекетінің соңғы ильханы 1353 ж. желтоқсан айында көтеріліске шыққан сербезарлар ордаға басып кірген кезде қазаға ұшырады.
 

Бөлісу: