Алаш айнасы

5 Желтоқсан 2012, 09:46

    Алаш айнасы - республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық "Алаш айнасы" газеті 2008 жылы 28 қазан күнінен бастап жарық көре бастады. Аз ғана мерзім ішінде басылым еліміздің ақпарат кеңістігінде өзінін орнын берік айқындап, өз оқырмандарын таба білді.  Қазіргі уақытта газет өзінің таралу ауқымы мен тақырыптық аясын кеңейте түсуде. Редакцияда 7 бөлім, редакторат, секретариат және Астаналық бөлімше жұмыс істейді. Қызметкерлердің жалпы саны - 63. Оның ЗЗ-i журналистер. Бұған қоса республикамыздың жеті ірі аумағында: Атырау, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан облыстарында тілшілер қосыны жұмыс істейді. Бүгінгідей ақпараттық қоғамда жылдам қызмет көрсету мақсатында "Алаш айнасының" әрбір жаңа саны бір мезгілде Астана, Алматы, Шымкент қалаларындағы баспаханаларда басылып, таратылады. Мемлекеттік тілде жарық көретін басылым аптасына 5 рет шығады. Беттерінің саны-8 (1-8-інші беттер толық түрлі-түсті).А 2 Форматта басылатын газеттін таралымы - 10 000 дана. Әйтсе де уақыт өткен сайын бұл көрсеткіш артып келеді. Бұған қоса интернет кеңістігінде газеттің электрон- ды нұсқасы беріліп тұратын арнайы сайт жұмыс істейді.Оның да тұтынушылар қатары күн сайын өсу үстінде. Газеттің бас редакторы - Серік Жанболат. Бас редактордың бірінші орынбасары - Мұратқали Дүйсенбаев. 1-ші бетте-сүбелі мақалалардың анонсы мен ең маңызды жаңалықтар; 2-ші бетте (саяси бюро) - саяси мәселелерді талдау; 3-ші бетте (нарық) - экономика және нарық түйткілдері; 4-ші бетте (қоғам) - қоғамдык-әлеуметтік тақырыптар, денсаулық, білім мәселелері; 5-ші бетте (өркениет) - әдебиет, мәдениет жалпы руханият проблемалары; 6-ші бетте (Алаш азаматы. Дат) - айтары бар Алаш азаматтарымен келелі әңгіме, сұхбат; 7-ші бет (дода) - спорт әлеміндегі жетістіктер; 8-ші бет - әзіл, афиша, жұлдызнама, ауа райы, белгілі адамдардың туған күндері. Сондай-ақ күнделікті сұранысқа ие болып отыратын айдарлардың ішінен "Дат!", "Білгім келген бір сұрақ", "Ой-көкпар", "Экономика айнасы", "Алашты алаңдатқан сауал", "Дедімай- ау!" айдарларын ерекше атап өтуге болады. Мысаы "Білгім келген бір сұрақ" айдарында редакция оқырмандар тарапынан келіп түскен әр салаға байланысты кез келген сұраққа жауап береді. "Ой-көкпар " айдарында белгілі бір өзекті мәселе төңірегінде туындаған сұраққа екі адамның қарама-қайшы пікірлері беріледі. "Дедімай-ау!" айдарыңда белгілі тұлғалардың абайсызда айтып қалған қызық та тосын ойлары, ұрымтал сөздерінен, өзге ақпарат құралдарына берген сұхбаттары мен жиын-тойларда айтқандарынан қысқаша үзінді беріледі. "Алаш айнасы" алғашқы күндерден бастап-ақ "Көне түркі жазуын үйренейік!" және "Түбі бір түркі жұрты " айдарларымен тұрақты түрде танымдық жобасын жүзеге асырып келеді. Онда газеттің әр саны сайын алдымен көне түркі әліпбиінің бір әрпі таныстырылып, бұдан сон әрбір санда оқырманды бір-бір түркі халқымен қысқа-нұсқа таныстырылды. Бұл жоба әлі де жалғасын табуда.    

 

 
Алаш айнасы - республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық "Алаш айнасы" газеті 2008 жылы 28 қазан күнінен бастап жарық көре бастады. Аз ғана мерзім ішінде басылым еліміздің ақпарат кеңістігінде өзінін орнын берік айқындап, өз оқырмандарын таба білді. 
Қазіргі уақытта газет өзінің таралу ауқымы мен тақырыптық аясын кеңейте түсуде. Редакцияда 7 бөлім, редакторат, секретариат және Астаналық бөлімше жұмыс істейді. Қызметкерлердің жалпы саны - 63. Оның ЗЗ-i журналистер. Бұған қоса республикамыздың жеті ірі аумағында: Атырау, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан облыстарында тілшілер қосыны жұмыс істейді.
Бүгінгідей ақпараттық қоғамда жылдам қызмет көрсету мақсатында "Алаш айнасының" әрбір жаңа саны бір мезгілде Астана, Алматы, Шымкент қалаларындағы баспаханаларда басылып, таратылады. Мемлекеттік тілде жарық көретін басылым аптасына 5 рет шығады. Беттерінің саны-8 (1-8-інші беттер толық түрлі-түсті).А 2 Форматта басылатын газеттін таралымы - 10 000 дана. Әйтсе де уақыт өткен сайын бұл көрсеткіш артып келеді. Бұған қоса интернет кеңістігінде газеттің электрон- ды нұсқасы беріліп тұратын арнайы сайт жұмыс істейді.Оның да тұтынушылар қатары күн сайын өсу үстінде.
Газеттің бас редакторы - Серік Жанболат. Бас редактордың бірінші орынбасары - Мұратқали Дүйсенбаев. 1-ші бетте-сүбелі мақалалардың анонсы мен ең маңызды жаңалықтар; 2-ші бетте (саяси бюро) - саяси мәселелерді талдау; 3-ші бетте (нарық) - экономика және нарық түйткілдері; 4-ші бетте (қоғам) - қоғамдык-әлеуметтік тақырыптар, денсаулық, білім мәселелері; 5-ші бетте (өркениет) - әдебиет, мәдениет жалпы руханият проблемалары; 6-ші бетте (Алаш азаматы. Дат) - айтары бар Алаш азаматтарымен келелі әңгіме, сұхбат; 7-ші бет (дода) - спорт әлеміндегі жетістіктер; 8-ші бет - әзіл, афиша, жұлдызнама, ауа райы, белгілі адамдардың туған күндері.
Сондай-ақ күнделікті сұранысқа ие болып отыратын айдарлардың ішінен "Дат!", "Білгім келген бір сұрақ", "Ой-көкпар", "Экономика айнасы", "Алашты алаңдатқан сауал", "Дедімай- ау!" айдарларын ерекше атап өтуге болады. Мысаы "Білгім келген бір сұрақ" айдарында редакция оқырмандар тарапынан келіп түскен әр салаға байланысты кез келген сұраққа жауап береді.
"Ой-көкпар " айдарында белгілі бір өзекті мәселе төңірегінде туындаған сұраққа екі адамның қарама-қайшы пікірлері беріледі. "Дедімай-ау!" айдарыңда белгілі тұлғалардың абайсызда айтып қалған қызық та тосын ойлары, ұрымтал сөздерінен, өзге ақпарат құралдарына берген сұхбаттары мен жиын-тойларда айтқандарынан қысқаша үзінді беріледі.
"Алаш айнасы" алғашқы күндерден бастап-ақ "Көне түркі жазуын үйренейік!" және "Түбі бір түркі жұрты " айдарларымен тұрақты түрде танымдық жобасын жүзеге асырып келеді. Онда газеттің әр саны сайын алдымен көне түркі әліпбиінің бір әрпі таныстырылып, бұдан сон әрбір санда оқырманды бір-бір түркі халқымен қысқа-нұсқа таныстырылды. Бұл жоба әлі де жалғасын табуда.
 
 
Бөлісу: