Қазақ кілемі

5 Желтоқсан 2012, 09:45

Қазақ кілемі, қазақы кілем – ұлттық үй жиhазы. Кілемнің қазақтар тұрмысында көп тұтылатын түрлері тоқылу ерекшелігіне (түкті, тықыр, барақ), өндірілген орнына (Алматы кілемі), тоқылған материалына (жібек, масаты, қалы), ру үлгілеріне (адай кілемі, қоңырат кілемі, керей үлгі, найман үлгі), ою-өрнегі мен түріне (қос, үш, бес гүлді кілем), қосалқы белгілеріне (шашақты кілем, шашақсыз, ақалы) қарай бөлінеді. Қазба жұмыстары арқылы белгілі болған байырғы сақ, ғұн, үйсін кілемдерінің тоқылу, көркемделу тәсілдері мен негізгі пайдаланған ою-өрнектері Қазақ кілемі үлгілерімен өте ұқсас. Қазақ кілемі ндегідей қызыл, сары, ақ, қара, аспанкөк түстерді басым қолданған ежелгі кілем үлгілерінің қазіргі үлгіден айырмашылығы – өз дәуірінің әдет ғұрпын, салт-жорасы мен кәсібін бейнелегенінде. Ал ою-өрнектің көптеген түрлері (қошқар мүйіз, т.б.) негізгі бітімін бұзбай әлі күнге дейін қолданылып келеді. Қазақ кілемі үлгілері мен басқа да түркі халықтары кілем үлгілері арасындағы ұқсастықты ортақ тарихи бастаумен негіздеуге болады, сондай-ақ, көршілес халықтар арасындағы мәдениет алмасуымен де тығыз байланысты. Қазақстанның оңт. облыстары мен Арқада түкті, тықыр, араб кілем тоқу, Семей обл-нда кілем кестелеу дамыған. Қазақ кілемі нің түкті және тықыр түрлерінде негізгі үлкен гүлдері “күмбез”, жиектеріндегі текшелі өрнектері “қорған” деп аталып, оны қуалай күлгін түсті “су” өрнегі жүргізіледі. Бұл зәулім күмбезді, тас қамалды қорғанның сыртын қуалай су жүргізілген қаланы тұспалдап бейнелеуден шыққан. Кейде ортаңғы гүл-күмбездердің орнына “түлкі ілген бүркіт”, басқа да жан-жануарлар, табиғат көрінісі бейнеленеді. Геометриялық өрнектер өте басым, ішінара “көгеріс” өрнектер қолданылады. Түксіз Қазақ кілемі дерін тоқудың да бірнеше тәсілі бар. Олардың көп тараған түрі – арабы Қазақ кілемідер. Ондағы ең басты өрнектерді “араби” деп атайды. Жіңішке және жалпақ өрнекті белдеулерді шебер алмастырып отыру арқылы арабы кілемнің әсем суреті құралады. Орта тұсы шаршылармен немесе ромбылық әшекейлермен безендірілген түрін шаршы кілем деп атайды. Орталық бөлігіне ұдайы алмастырылып тұратын түсті белдеулер орналасқан, ал олардың ортасында алуан түсті жіптерді қайта әдіптеу арқылы орындалған сатылы өрнектер салынған түрін тақта кілем деп атайды. Түксіз кілемнің оюларында қошқар мүйіз, құс тұмсық, ботакөз, тұмар, тарақ нұсқалар мол кездеседі. Кейде қазақ оюына онша тән емес, Орталық Азия халықтары қол өнерінен ауысқан өрнектер де ұшырасады. Кілем өрнегінде, әсіресе, қызыл фонға қара, көк, сары және ақ түсті өрнектер көбірек жүргізіледі немесе негізгі бір түстің бір-біріне жақын бірнеше өңдері де қолданылады. Мысалы, қызыл, алқызыл, қызылкүрең түстер. Қазақ кілемі өрнектерінің ішінде зооморфтық оюлар да көп. Мысалы, “сыңар мүйіз”, “иттабан”, “көбелек”. Мұнымен бірге геом. өрнектер де кездеседі. Қазақ тұрмысында: масаты кілем, жібек кілем, тықыр кілем, қалы кілем, қара кілем, бұхар кілем, терме кілем, түрікмен кілем, парсы кілем, алаша кілем, шешенгүл кілем, жолақ кілем, шатыргүл кілем, мәскеугүл кілем, мақпал кілем, қараман түр, талас кілемі, ақтаңлақ кілем, шашақты кілем түрлері көп тараған. Қазақстанда тоқылатын кілемдердің түрлері де, атаулары да өте көп, көне заман деректерінде де олар осы күнгі атаулармен аталған. Бұл кілем тоқудың дәстүр сабақтастығын үзбей келе жатқан, терең тарихы бар өнер екендігін дәлелдейді. Қолөнер шеберлері кілем үлгілерінде ұлттық ою-өрнектермен қатар қазіргі заман тынысын, өмір шындығын бейнелейтін жаңа түр тапты.

Бөлісу: