Лейбниц философиясы

5 Желтоқсан 2012, 09:42

Лейбниц философиясы 1.Лейбниц – Жаңа Заман философиялық дәстүрін аяқтаушы; 2.Лейбниц – монадологиясы субстанциялардың көптігі туралы теория; 3.Лейбниц гносеологиялық (таным туралы ілім) – рационализм мен эмпиризмді келісімге келтірудің талпынасы. Г.Лейбниц (1646-1716) – немістің математик-ғалымы, заңгер, философ – Жаңа Заман философиясының соңғы көрнекті өкілі және неміс классикалық философиясының ізашары. Негізгі еңбектері: «Монадология», «Адамның ақыл – ойы туралы жаңа тәжірибелер». Лейбниц философиядағы рационалистік бағытты жақтады. Оның философиялық зерттеулерінің негізгі мәселелері: 1.Субстанция; 2.Таным. Лейбниц Декарт пен Спинозаның субстанция туралы теорияларын зерттей келіп олардың жетілмегендігі туралы қорытындыға келді: Лейбниц Декарттың дуализмін қабылдамады: 1.Біріншіден, барлық субстанциялардың (өз тіршілігі үшін өзінен басқаны қажет етпейтін) жоғары субстанция – Құдайға және ол жаратқан өзара тәуелсіз субстанцияларға; 2.Екіншіден, жаратылған субстанциялардың дәйекті және рухани (ойлайтын) болып бөлінуі. Спинозаның барлық субстанцияларды біреуге – Табиғат-Құдайға біріктіруі Декарттың дуализмін жойған жоқ, өйткені, ол барлық модустарды екі топқа жіктеді – дәйекті және ойлаушы. Яғни Декартта екі түрлі сбутсанция түрінде берілетін схема Спиноза философиясында бір субстанцияның модустарының көріністері түрінде беріледі. Декарт пен Спиноза философиясына керісінше, Лейбниц монадалар туралы теория (субстанциялардың көптігі туралы) ұсынды. Лейбниц монадологиясының негізгі қағидалары: 1.Бүкіл дүние көп санды субстанциядан құралған, субстанциялардың табиғаты дуалистік (Декарт пен Спинозада екіұдай) емес; 2.Ол субстанциялар монадалар деп аталады (греу тілінен аударғанда «бір», «біреу»); 3.Монада қарапайым, бөлінбейді, дәйекті емес, материалды-заттық құрылым емес; 4.Монадологияның 4 сапасы бар: ұмтылыс; әуестену; қабылдау; елестету. 5.Мәні бойынша монада – өз жағынан үздіксіз өзгертетін, ьіртұтас әрекет. 6.Өзінің үздіксіздігіне байланысты монада өзін-өзі сезінеді; 7.Монадалар абсолютті тұйық және бір-біріне тәуелсіз (Лейбниц пікірінше: бір нәрсе кіретін, бір нәрсе шығатын терезелері жоқ). Барлық монадаларды Лейбниц 4 топқа жіктейді: 1.«жалаңаш монадалар» - неорганикалық табиғат монадалары (тастар, жер, пайдалы қазбалар); 2.Жануарлар монадалары – түйсікке және жетілмеген өзіндік санаға ие; 3.Адам (жан) монадалары – санаға, еске, ойлау қабілетіне ие; 4.Жоғарғы монада – Құдай. Монада класы жоғары болған сайын оның пайымдылығы мен бостандық деңгейі де жоғары. Болмыс мәселелері, субстанциялар (монадалар) туралы іліммен қатар Лейбництің философиялық қызуғышылықтарының келесі саласы гносеология (таным философиясы) болды. Лейбниц эмпиризм мен рационализмді келісімге келтіру мәселесін былай шешті: 1.Барлық білімді екі түрге: «ақыл ақиқатына», «акт ақиқатына» бөлді, 2.«ақыл ақиқаттары» ақылдан тарайды, логикалық тұрғыдан дәлелденеді, қажетті және жалпы сипатқа ие; 3.«факт ақиқаттары» - эмпириялық (тәжірибелік) жолмен алынған білімдер (мысалы, магнит тартылысы, судың қайнау температурасы, түрлі металдардың балқу температурасы); әдетте ондай білімдер фактіні атағаны, нақтылағаны болмаса, себептерін түсіндірмейді және болжамдық сипатта; 4.Тәжірибелік (эмпириялық, «факт ақиқаттары») тәжірибелі білім «ақыл ақиқаттары» сияқты емес, болжамдық сипатта болғанымен, оны білім ретінде ескермеуге болмайды. Осылайша, таным не рационалды не тәжірибелік болып білімнің бір түрімен ғана шектелмей, оның екі түрін де қажет етеді және олардың бірі – рационалды (ақыл негізінде алынған) – шын білім де, ал екіншісі – эмпириялық (тәжірибеге негізделген) болжамдық сипаттағы білім.    

Лейбниц философиясы

1.Лейбниц – Жаңа Заман философиялық дәстүрін аяқтаушы;

2.Лейбниц – монадологиясы субстанциялардың көптігі туралы теория;

3.Лейбниц гносеологиялық (таным туралы ілім) – рационализм мен эмпиризмді келісімге келтірудің талпынасы.

Г.Лейбниц (1646-1716) – немістің математик-ғалымы, заңгер, философ – Жаңа Заман философиясының соңғы көрнекті өкілі және неміс классикалық философиясының ізашары. Негізгі еңбектері: «Монадология», «Адамның ақыл – ойы туралы жаңа тәжірибелер».

Лейбниц философиядағы рационалистік бағытты жақтады. Оның философиялық зерттеулерінің негізгі мәселелері:

1.Субстанция;

2.Таным.

Лейбниц Декарт пен Спинозаның субстанция туралы теорияларын зерттей келіп олардың жетілмегендігі туралы қорытындыға келді:

Лейбниц Декарттың дуализмін қабылдамады:

1.Біріншіден, барлық субстанциялардың (өз тіршілігі үшін өзінен басқаны қажет етпейтін) жоғары субстанция – Құдайға және ол жаратқан өзара тәуелсіз субстанцияларға;

2.Екіншіден, жаратылған субстанциялардың дәйекті және рухани (ойлайтын) болып бөлінуі.

Спинозаның барлық субстанцияларды біреуге – Табиғат-Құдайға біріктіруі Декарттың дуализмін жойған жоқ, өйткені, ол барлық модустарды екі топқа жіктеді – дәйекті және ойлаушы. Яғни Декартта екі түрлі сбутсанция түрінде берілетін схема Спиноза философиясында бір субстанцияның модустарының көріністері түрінде беріледі.

Декарт пен Спиноза философиясына керісінше, Лейбниц монадалар туралы теория (субстанциялардың көптігі туралы) ұсынды.

Лейбниц монадологиясының негізгі қағидалары:

1.Бүкіл дүние көп санды субстанциядан құралған, субстанциялардың табиғаты дуалистік (Декарт пен Спинозада екіұдай) емес;

2.Ол субстанциялар монадалар деп аталады (греу тілінен аударғанда «бір», «біреу»);

3.Монада қарапайым, бөлінбейді, дәйекті емес, материалды-заттық құрылым емес;

4.Монадологияның 4 сапасы бар: ұмтылыс;

әуестену;

қабылдау;

елестету.

5.Мәні бойынша монада – өз жағынан үздіксіз өзгертетін, ьіртұтас әрекет.

6.Өзінің үздіксіздігіне байланысты монада өзін-өзі сезінеді;

7.Монадалар абсолютті тұйық және бір-біріне тәуелсіз (Лейбниц пікірінше: бір нәрсе кіретін, бір нәрсе шығатын терезелері жоқ).

Барлық монадаларды Лейбниц 4 топқа жіктейді:

1.«жалаңаш монадалар» - неорганикалық табиғат монадалары (тастар, жер, пайдалы қазбалар);

2.Жануарлар монадалары – түйсікке және жетілмеген өзіндік санаға ие;

3.Адам (жан) монадалары – санаға, еске, ойлау қабілетіне ие;

4.Жоғарғы монада – Құдай.

Монада класы жоғары болған сайын оның пайымдылығы мен бостандық деңгейі де жоғары. Болмыс мәселелері, субстанциялар (монадалар) туралы іліммен қатар Лейбництің философиялық қызуғышылықтарының келесі саласы гносеология (таным философиясы) болды. Лейбниц эмпиризм мен рационализмді келісімге келтіру мәселесін былай шешті:

1.Барлық білімді екі түрге: «ақыл ақиқатына», «акт ақиқатына» бөлді,

2.«ақыл ақиқаттары» ақылдан тарайды, логикалық тұрғыдан дәлелденеді, қажетті және жалпы сипатқа ие;

3.«факт ақиқаттары» - эмпириялық (тәжірибелік) жолмен алынған білімдер (мысалы, магнит тартылысы, судың қайнау температурасы, түрлі металдардың балқу температурасы); әдетте ондай білімдер фактіні атағаны, нақтылағаны болмаса, себептерін түсіндірмейді және болжамдық сипатта;

4.Тәжірибелік (эмпириялық, «факт ақиқаттары») тәжірибелі білім «ақыл ақиқаттары» сияқты емес, болжамдық сипатта болғанымен, оны білім ретінде ескермеуге болмайды.

Осылайша, таным не рационалды не тәжірибелік болып білімнің бір түрімен ғана шектелмей, оның екі түрін де қажет етеді және олардың бірі – рационалды (ақыл негізінде алынған) – шын білім де, ал екіншісі – эмпириялық (тәжірибеге негізделген) болжамдық сипаттағы білім.

 

 

Бөлісу: