Х̣амза ибн Әбдүллмәт̣т̣әліп

5 Желтоқсан 2012, 08:55

Х̣амза ибн Әбдүллмәт̣т̣әліп Һижрадан бұрын 55 - 3 һижри жылы [568-625] (араб.: حمزه بن عبدالمطلب‎) — Мұхаммед пайғамбардың көкесі, сүт ағасы және сахабасы.[3] Меккеде, Хижазда дүниеге келіп, Мединеде, Хижазда Ухуд шайқасында қаза болған. Лақаб аттары Аллаһтың арыстаны (Арабша: أسد الله Әсадуллаһ) және Жәннат арыстаны (Арабша: أسد الجنة Әсадүл жәнна). Бұдан бөлек Абу Умара ("أَبُو عُمَارَةَ"), және Абу Яғлә ("أَبُو يَعْلَى") деген аттары бар. Толық есімі Толық есімі: Хамза ибн Әбдүлмүттәліп ибн Һишам ибн Манаф ибн Қусай ибн Кағб ибн Лүай ибн Ғалиб ибн Фаһр ибн Мәлик ибн ан-Надр ибн Кинана ибн ибн Хузайма ибн Мәдрәкә ибн Иляс ибн Мадар ибн Назар ибн Мағд ибн Аднан. Арабша: حمزة بن عبد المطلب بن هاشم بن عبد مناف بن قصي بن كلاب بن مرة بن كعب بن لؤي بن غالب بن فهر بن مالك بن النضر بن كنانة بن خزيمة بن مدركة بن إلياس بن مضر بن نزار بن معد بن عدنان [5] Аллаһтың арыстаны, шейіттердің мырзасы Хамзаның лақабы – Ибн Яғлә немесе Әбу Әммәрә. Әбдүлмүттәліптің баласы, Пайғамбарымыздың әкесінің інісі. Пайғамбарымызға сүт ана болған Әбу Ләһәбтің күңі Суәйбә одан бұрын Хамзаны да емізгендіктен, екеуі сүт (бір емшектес) бауыр. Сипаты мен балалық шағы Хазірет Хамза – орта бойлы, күшті, айбарлы, абыройлы сахаба. Өзі мерген, аңшы және құрайыштықтардың құрмет тұтар батыры. Қиындыққа душар болғандарға жанашыр, әділетсіздікке төзбейтін баһадүр. Аң аулауға шыққанды жаны сүйетін. Одан қайтарда Қағбаны тауап етуді қасиетті санап, аталарының дәстүріне құрмет көрсететін[6]. Хамза жас жағынан Пайғамбарымызбен (с.а.с.) шамалас, тай-құлындай тебісіп бірге өсті. Сондықтан да Мұхаммед пайғамбарыдың пәк балалық шағын, көп қасиетін (сенімділігін, шыншылдығын) жақыннан танитын. Мұсылман болғанға дейін Мұхаммед пайғамбарға пайғамбарлықтың жүктелгеніне бірнеше жыл өтсе де, Хамза мұсылман болмаған еді. Алайда мұсылмандардың қатары көбейген сайын мүшріктердің мазасы қаша бастады. Олар пайғамбардың ісіне кедергі жасаудың қитұрқы жолын қарастыруға көшкенді. Ол кезде Мұхаммед пайғамбарға еріп, мойынсұнғандардың тысында мұсылман болуды жаны қалаған адамдар да барды. Алайда ескіден келе жатқан ата-баба дәстүрінің ықпалы, қоғамдағы теріс күштердің қысымы бұған бөгет болды. Хазірет Хамза да солардың бірі болатын. Мұхаммед пайғамбардың ерік-жігері оны таңдандыратын. Иманы мен уағыздап жүрген жаңа дініне деген беріктігі мен жанқиярлығы бұрын-соңды құрайыштардың арасынан көрмеген айрықша бір лептей сезілді оған. Жастайынан жақсы көріп, жіті таныған сенімді әрі шынайы бауырының шақыруына құлақ түріп, мойынсұнуға кідіруді жөн көрмеді. Исламды қабылдауы Аң аулап Қағбаны тауап етуге әдеттенген Хамза кезекті саятшылығынан оралғанда, алдынан Абдуллаһ ибн Жуданың күңі шыға келеді. Ол Әбу Жәһилдің өз достарымен бауыры Мұхаммедке (с.а.с.) ауыр сөздер айтып қорлағанын, қол жұмсағандарын айтты, Мұхаммедтің (с.а.с.) шарасыз күйде жалғызсырап қалғанын, көрсеткен қорлықтарының адам төзгісіз екендігін білдірді. Туысқандық сезімі атой салған ержүрек Хамза ашуға булығып, төтелей Қағбаға тартты. Достарымен Қағбаның айналасында әңгіме-дүкен құрып отырған Әбу Жәһилдің үстінен түсіп, садағымен бір ұрып Әбу Жәһилдің басын жарады. Бет-аузын қан жуып кеткен Әбу Жәһилді жағасынан алып: “Менің бауырымды неге қорлайсыңдар. Мына мен де соның дініндемін, ал, әйтпесе. Мықты болсаң, маған қарсы шық” деп жұлқып-жұлқып алды. Хамза күшімен қоса ақылмен іс жасауды да білетін. Үйіне оралған ол жатып ойланды. Көңілі алабұртып, дөңбекшіп көз іле алмады. Ол Исламды қалай қабыл еткен еді? Бауырына жасалған зұлымдыққа шыдамай, ашуланып, Әбу Жәһилді қан жоса қылды. Ата дәстүрлерін соншалықты қастерлеп, киелі тұтқан адамның ата салттары мен сенімдерін бірден тастауы мүмкін бе? Өзі ереже-қағидаларын мүлдем білмейтін жаңа бір дінге өтуі дұрыс па? Соларды ойлап санасы сан-саққа кеткен Хамза медет тілеп, Жаратушыға жалбарынды, жүрегіндегі шүбәні жуып-шаюын сұрады. Оның тілегі қабыл болып, жүрегіне иман нұры ұялады. Сонша құдіретпен әлемді басқарып тұрған ұлы күштің құдіретін ұғынып, иман нұрына бөленді. Мұсылман болған соң Оның Исламды қабылдауы мүшріктердің жауыздықтарын толығымен тізгіндей алмаса да, мұсылмандар үшін ес болды. Хамза сынды жаужүректің мұсылман болуы мүшріктерді іштен тынатын шарасыз ашуға булықтырды. Мұхаммед пайғамбар Хамзаның мұсылман болғанын естіп, қуанышы қойнына сыймады. Өйткені оның Исламды қабылдауы мұсылмандарға күш берді. Мәдинаға һижреттен кейін де мүшріктер қол қусырып қарап қалмады. Пайғамбар мен мұсылмандарды Мәдинадан қуып шығуды көздеген Абдуллаһ ибн Үбәй Хазрәж және Әус тайпасының мүшріктерімен тізе қосып одақ құрды. Мұсылмандардың қажылыққа апаратын жолдарын да жауып тастады. Мүшріктердің бетін бір қайтару үшін Сирияға апаратын сауда жолына тосқауыл ұйымдастыру керек болды. Осы мақсатпен Пайғамбар Хамзаны отыз адамдық қолды бастатып Сифул-бахр деген елді-мекенге аттандырады. Діттеген тұсқа жеткенде мүшріктердің үш жүз кісілік керуені сол жерде бел суытып жатқан екен. Әбу Жәһил де араларында. Аллаһтың арыстаны Хамза дұшпандарымен шайқасқысы келіп жалын атты. Мұсылмандар да сондай пейіл танытты. Ол кезде әлі мүшріктердің қатарында жүрген Мәжди ибн Амр ибн Жухәни бұл екі топтың арасына түсіп оларды қантөгістен бас тартқызды. Бәдір шайқасында Бәдір шайқасында мүшріктер мен мұсылмандардың арасындағы жекпе-жекте хазірет Хамза, Ұбәйда және Әли ат ойнақтатып шыққан еді. Хамза Шәйбамен күш сынасады. Бір екпінде-ақ Шәйбәны сұлатып салды. Бәдір шайқасында Хамзаның танытқан ерлігіне Аллаһ расулы риза болды. Харисут-Тәмимидің айтуынша, Бәдір шайқасында Хамза ибн Әбдулмүттәліп кеудесіне түйе құстың қауырсынын қадап алыпты. Мүшріктердің бірі: – Кеудесіне түйеқұстың қауырсынын таққан кім?– деп сұрады. – Хамза ибн Әбдүлмүттәліп, – деген жауап берілді. Мүшрік: – Біз не көрсек, соның кесірінен көрдік[11], – деп Хамзаның жанкештілігіне назаланса керек. Ухуд шайқасында Бәдір шайқасындағы жеңілістің ащы дәмі кеуделерін қыжылдатқан мүшріктер жаңа шайқасқа қызу дайындалды. Басқа мүшрік тайпаларынан жәрдем сұрап күшті қол жинады. Бұл шайқасқа мүшріктердің әйелдері де қатысатын болды. Олар Бәдір шайқасындағы масқара жеңілістен кейін еркектерін өш алу үшін мұсылмандарға қарсы айдап салды. Жүбәйр ибн Мұтғидың Уахши атты Эфиопиялық басыбайлы құлы бар еді. Ол эфиопиялықтарға тән найза толғауда өте ұста болатын. Хазірет Хамза Жүбәйр ибн Мұтғидың көкесін Бәдірде өлтірген-ді. Ол көкесінің өлімін жадынан өшіре алмай, Уахшимен сөйлесіп, егер Хамзаны өлтіретін болса азат етуге уәде берді. Пайғамбар Мәдинаның ішінде қалып, қорғаныс шебін құруды ойлады. Алайда Бәдір шайқасына қатыса алмаған кейбір мұсылмандар Мәдинаның сыртына шығып, бетпе-бет ұрысатынын білдірді. Пайғамбар сахабалардың бетін қайтармады. Хамза да қаланың сыртында шайқасуды қалағандардың ішінде. Ол Пайғамбарға: “Саған кітапты түсірген Аллаһқа серт беріп, ант ішейін, Мәдинаның сыртында осы қылышыммен жауымды жайратпайынша, менде тыныштық болмайды”, – деді. Ертесінде таңертең Пайғамбар: “Түсімде періштелердің Хамзаны шомылдырғандарын көрдім”, – деп, оның шейіт болатынын алдын ала хабар берген еді. Хамзаның шейіт болуы Ухут шайқасында мүшріктердің алғашқы назарға алғандары – хазірет Пайғамбар мен Хамза еді. Әбу Суфиянның әйелі Хинд әкесін, көкесін, бауыры мен баласын Бәдірде жоғалтқан болатын. Туыстарының көбісінің түбіне Хамзаның жеткенін естіп, оның басын алу үшін бүкіл мүшріктерді соғысқа айдап салды. Уахшидің міндеті – тек қана Хамзаны өлтіру екенін әбден құлағына құйды. Мойнындағы алқасы мен сәндік әшекейлерінің бәрін беремін деп, дүние десе құтырып кететін құлды құнықтыра түсті. Уахшидің Хамзаны өлтіруі Уахши шайқас кезіндегі жағдайды былай әңгімелейді: “Адамдардың арасында Әлиді іздедім. Өте сақ, айлакер, күшті әрі айналасына жіті қарайтын біреу еді. Өз-өзіме “менің іздеген адамым бұл емес” дедім. Сол кезде Хамзаны көрдім. Айналасына дес бермей, алдына келгенін жайпап салып жатты. Оңтайлы мезеттің келуін күтіп, төбешіктің артына жасырындым. Бір кезде Шиба ибн Үмму Әммар “менімен шайқасатын батыр бар ма?” деп атой салды. Хамза оған “Аллаһ пен елшісін сен бе майданға шақырып тұрған?” деп көзді ашып-жұмғанша жанын алды. Селдің суына аяғы тайып жығылған кезде найзамды оған лақтырдым. Найза кеудесіне барып қадалды”. Пайғамбар Хамза туралы былай дейді “Әй, Аллаһ пен елшісінің арыстаны Хамза! Ей, ізгілік иесі Хамза! Ей, Аллаһтың елшісін бүкіл жанымен қорғаған Хамза! Аллаһ саған мейірімін төксін! Егер сенің артыңнан аза тұту керек болса, сенің өліміңнен кейін қуануды ұмытып, әрдайым жылар едім”. Хамза қайтыс болған соң Хамза қайтыс болғанға дейін Аллаһ елшісінің мұншама мұңайғанын ешкім көрмеген. Шейіттердің мырзасы Хамзаның жаназасын Аллаһ елшісінің өзі шығарды. Ол Хамза қайтыс болғанда елу төрт жаста еді. Пайғамбарым өлтірілген әрбір шейітті Хамзаның қасына жатқызып, жаназасын бірге шығарды. Осылайша сол күні хазірет Хамзаның жаназасын жетпіс рет шығарды. Хамза Ухутта жерленді[15]. Арыстан жүрек Хамзаның (р.а.) өлімі Пайғамбарымыздың жүрегіне сына қағып, сызат түсіріп кетті.  

Х̣амза ибн Әбдүллмәт̣т̣әліп Һижрадан бұрын 55 - 3 һижри жылы [568-625] (араб.: حمزه بن عبدالمطلب‎) — Мұхаммед пайғамбардың көкесі, сүт ағасы және сахабасы.[3] Меккеде, Хижазда дүниеге келіп, Мединеде, Хижазда Ухуд шайқасында қаза болған. Лақаб аттары Аллаһтың арыстаны (Арабша: أسد الله Әсадуллаһ) және Жәннат арыстаны (Арабша: أسد الجنة Әсадүл жәнна). Бұдан бөлек Абу Умара ("أَبُو عُمَارَةَ"), және Абу Яғлә ("أَبُو يَعْلَى") деген аттары бар.

Толық есімі

Толық есімі: Хамза ибн Әбдүлмүттәліп ибн Һишам ибн Манаф ибн Қусай ибн Кағб ибн Лүай ибн Ғалиб ибн Фаһр ибн Мәлик ибн ан-Надр ибн Кинана ибн ибн Хузайма ибн Мәдрәкә ибн Иляс ибн Мадар ибн Назар ибн Мағд ибн Аднан. Арабша: حمزة بن عبد المطلب بن هاشم بن عبد مناف بن قصي بن كلاب بن مرة بن كعب بن لؤي بن غالب بن فهر بن مالك بن النضر بن كنانة بن خزيمة بن مدركة بن إلياس بن مضر بن نزار بن معد بن عدنان [5] Аллаһтың арыстаны, шейіттердің мырзасы Хамзаның лақабы – Ибн Яғлә немесе Әбу Әммәрә. Әбдүлмүттәліптің баласы, Пайғамбарымыздың әкесінің інісі. Пайғамбарымызға сүт ана болған Әбу Ләһәбтің күңі Суәйбә одан бұрын Хамзаны да емізгендіктен, екеуі сүт (бір емшектес) бауыр.

Сипаты мен балалық шағы

Хазірет Хамза – орта бойлы, күшті, айбарлы, абыройлы сахаба. Өзі мерген, аңшы және құрайыштықтардың құрмет тұтар батыры. Қиындыққа душар болғандарға жанашыр, әділетсіздікке төзбейтін баһадүр. Аң аулауға шыққанды жаны сүйетін. Одан қайтарда Қағбаны тауап етуді қасиетті санап, аталарының дәстүріне құрмет көрсететін[6].
Хамза жас жағынан Пайғамбарымызбен (с.а.с.) шамалас, тай-құлындай тебісіп бірге өсті. Сондықтан да Мұхаммед пайғамбарыдың пәк балалық шағын, көп қасиетін (сенімділігін, шыншылдығын) жақыннан танитын.

Мұсылман болғанға дейін

Мұхаммед пайғамбарға пайғамбарлықтың жүктелгеніне бірнеше жыл өтсе де, Хамза мұсылман болмаған еді. Алайда мұсылмандардың қатары көбейген сайын мүшріктердің мазасы қаша бастады. Олар пайғамбардың ісіне кедергі жасаудың қитұрқы жолын қарастыруға көшкенді. Ол кезде Мұхаммед пайғамбарға еріп, мойынсұнғандардың тысында мұсылман болуды жаны қалаған адамдар да барды. Алайда ескіден келе жатқан ата-баба дәстүрінің ықпалы, қоғамдағы теріс күштердің қысымы бұған бөгет болды. Хазірет Хамза да солардың бірі болатын.

Мұхаммед пайғамбардың ерік-жігері оны таңдандыратын. Иманы мен уағыздап жүрген жаңа дініне деген беріктігі мен жанқиярлығы бұрын-соңды құрайыштардың арасынан көрмеген айрықша бір лептей сезілді оған. Жастайынан жақсы көріп, жіті таныған сенімді әрі шынайы бауырының шақыруына құлақ түріп, мойынсұнуға кідіруді жөн көрмеді.

Исламды қабылдауы

Аң аулап Қағбаны тауап етуге әдеттенген Хамза кезекті саятшылығынан оралғанда, алдынан Абдуллаһ ибн Жуданың күңі шыға келеді. Ол Әбу Жәһилдің өз достарымен бауыры Мұхаммедке (с.а.с.) ауыр сөздер айтып қорлағанын, қол жұмсағандарын айтты, Мұхаммедтің (с.а.с.) шарасыз күйде жалғызсырап қалғанын, көрсеткен қорлықтарының адам төзгісіз екендігін білдірді.

Туысқандық сезімі атой салған ержүрек Хамза ашуға булығып, төтелей Қағбаға тартты. Достарымен Қағбаның айналасында әңгіме-дүкен құрып отырған Әбу Жәһилдің үстінен түсіп, садағымен бір ұрып Әбу Жәһилдің басын жарады. Бет-аузын қан жуып кеткен Әбу Жәһилді жағасынан алып: “Менің бауырымды неге қорлайсыңдар. Мына мен де соның дініндемін, ал, әйтпесе. Мықты болсаң, маған қарсы шық” деп жұлқып-жұлқып алды.

Хамза күшімен қоса ақылмен іс жасауды да білетін. Үйіне оралған ол жатып ойланды. Көңілі алабұртып, дөңбекшіп көз іле алмады. Ол Исламды қалай қабыл еткен еді? Бауырына жасалған зұлымдыққа шыдамай, ашуланып, Әбу Жәһилді қан жоса қылды. Ата дәстүрлерін соншалықты қастерлеп, киелі тұтқан адамның ата салттары мен сенімдерін бірден тастауы мүмкін бе? Өзі ереже-қағидаларын мүлдем білмейтін жаңа бір дінге өтуі дұрыс па? Соларды ойлап санасы сан-саққа кеткен Хамза медет тілеп, Жаратушыға жалбарынды, жүрегіндегі шүбәні жуып-шаюын сұрады. Оның тілегі қабыл болып, жүрегіне иман нұры ұялады. Сонша құдіретпен әлемді басқарып тұрған ұлы күштің құдіретін ұғынып, иман нұрына бөленді.

Мұсылман болған соң

Оның Исламды қабылдауы мүшріктердің жауыздықтарын толығымен тізгіндей алмаса да, мұсылмандар үшін ес болды. Хамза сынды жаужүректің мұсылман болуы мүшріктерді іштен тынатын шарасыз ашуға булықтырды.
Мұхаммед пайғамбар Хамзаның мұсылман болғанын естіп, қуанышы қойнына сыймады. Өйткені оның Исламды қабылдауы мұсылмандарға күш берді. Мәдинаға һижреттен кейін де мүшріктер қол қусырып қарап қалмады. Пайғамбар мен мұсылмандарды Мәдинадан қуып шығуды көздеген Абдуллаһ ибн Үбәй Хазрәж және Әус тайпасының мүшріктерімен тізе қосып одақ құрды. Мұсылмандардың қажылыққа апаратын жолдарын да жауып тастады. Мүшріктердің бетін бір қайтару үшін Сирияға апаратын сауда жолына тосқауыл ұйымдастыру керек болды. Осы мақсатпен Пайғамбар Хамзаны отыз адамдық қолды бастатып Сифул-бахр деген елді-мекенге аттандырады. Діттеген тұсқа жеткенде мүшріктердің үш жүз кісілік керуені сол жерде бел суытып жатқан екен. Әбу Жәһил де араларында. Аллаһтың арыстаны Хамза дұшпандарымен шайқасқысы келіп жалын атты. Мұсылмандар да сондай пейіл танытты. Ол кезде әлі мүшріктердің қатарында жүрген Мәжди ибн Амр ибн Жухәни бұл екі топтың арасына түсіп оларды қантөгістен бас тартқызды.
Бәдір шайқасында

Бәдір шайқасында мүшріктер мен мұсылмандардың арасындағы жекпе-жекте хазірет Хамза, Ұбәйда және Әли ат ойнақтатып шыққан еді. Хамза Шәйбамен күш сынасады. Бір екпінде-ақ Шәйбәны сұлатып салды. Бәдір шайқасында Хамзаның танытқан ерлігіне Аллаһ расулы риза болды. Харисут-Тәмимидің айтуынша, Бәдір шайқасында Хамза ибн Әбдулмүттәліп кеудесіне түйе құстың қауырсынын қадап алыпты. Мүшріктердің бірі: – Кеудесіне түйеқұстың қауырсынын таққан кім?– деп сұрады. – Хамза ибн Әбдүлмүттәліп, – деген жауап берілді. Мүшрік: – Біз не көрсек, соның кесірінен көрдік[11], – деп Хамзаның жанкештілігіне назаланса керек.
Ухуд шайқасында

Бәдір шайқасындағы жеңілістің ащы дәмі кеуделерін қыжылдатқан мүшріктер жаңа шайқасқа қызу дайындалды. Басқа мүшрік тайпаларынан жәрдем сұрап күшті қол жинады. Бұл шайқасқа мүшріктердің әйелдері де қатысатын болды. Олар Бәдір шайқасындағы масқара жеңілістен кейін еркектерін өш алу үшін мұсылмандарға қарсы айдап салды. Жүбәйр ибн Мұтғидың Уахши атты Эфиопиялық басыбайлы құлы бар еді. Ол эфиопиялықтарға тән найза толғауда өте ұста болатын. Хазірет Хамза Жүбәйр ибн Мұтғидың көкесін Бәдірде өлтірген-ді. Ол көкесінің өлімін жадынан өшіре алмай, Уахшимен сөйлесіп, егер Хамзаны өлтіретін болса азат етуге уәде берді.

Пайғамбар Мәдинаның ішінде қалып, қорғаныс шебін құруды ойлады. Алайда Бәдір шайқасына қатыса алмаған кейбір мұсылмандар Мәдинаның сыртына шығып, бетпе-бет ұрысатынын білдірді. Пайғамбар сахабалардың бетін қайтармады. Хамза да қаланың сыртында шайқасуды қалағандардың ішінде. Ол Пайғамбарға: “Саған кітапты түсірген Аллаһқа серт беріп, ант ішейін, Мәдинаның сыртында осы қылышыммен жауымды жайратпайынша, менде тыныштық болмайды”, – деді. Ертесінде таңертең Пайғамбар: “Түсімде періштелердің Хамзаны шомылдырғандарын көрдім”, – деп, оның шейіт болатынын алдын ала хабар берген еді.

Хамзаның шейіт болуы

Ухут шайқасында мүшріктердің алғашқы назарға алғандары – хазірет Пайғамбар мен Хамза еді. Әбу Суфиянның әйелі Хинд әкесін, көкесін, бауыры мен баласын Бәдірде жоғалтқан болатын. Туыстарының көбісінің түбіне Хамзаның жеткенін естіп, оның басын алу үшін бүкіл мүшріктерді соғысқа айдап салды. Уахшидің міндеті – тек қана Хамзаны өлтіру екенін әбден құлағына құйды. Мойнындағы алқасы мен сәндік әшекейлерінің бәрін беремін деп, дүние десе құтырып кететін құлды құнықтыра түсті.

Уахшидің Хамзаны өлтіруі

Уахши шайқас кезіндегі жағдайды былай әңгімелейді: “Адамдардың арасында Әлиді іздедім. Өте сақ, айлакер, күшті әрі айналасына жіті қарайтын біреу еді. Өз-өзіме “менің іздеген адамым бұл емес” дедім. Сол кезде Хамзаны көрдім. Айналасына дес бермей, алдына келгенін жайпап салып жатты. Оңтайлы мезеттің келуін күтіп, төбешіктің артына жасырындым. Бір кезде Шиба ибн Үмму Әммар “менімен шайқасатын батыр бар ма?” деп атой салды. Хамза оған “Аллаһ пен елшісін сен бе майданға шақырып тұрған?” деп көзді ашып-жұмғанша жанын алды. Селдің суына аяғы тайып жығылған кезде найзамды оған лақтырдым. Найза кеудесіне барып қадалды”.
Пайғамбар Хамза туралы былай дейді
“Әй, Аллаһ пен елшісінің арыстаны Хамза! Ей, ізгілік иесі Хамза! Ей, Аллаһтың елшісін бүкіл жанымен қорғаған Хамза! Аллаһ саған мейірімін төксін! Егер сенің артыңнан аза тұту керек болса, сенің өліміңнен кейін қуануды ұмытып, әрдайым жылар едім”.

Хамза қайтыс болған соң

Хамза қайтыс болғанға дейін Аллаһ елшісінің мұншама мұңайғанын ешкім көрмеген. Шейіттердің мырзасы Хамзаның жаназасын Аллаһ елшісінің өзі шығарды. Ол Хамза қайтыс болғанда елу төрт жаста еді. Пайғамбарым өлтірілген әрбір шейітті Хамзаның қасына жатқызып, жаназасын бірге шығарды. Осылайша сол күні хазірет Хамзаның жаназасын жетпіс рет шығарды. Хамза Ухутта жерленді[15]. Арыстан жүрек Хамзаның (р.а.) өлімі Пайғамбарымыздың жүрегіне сына қағып, сызат түсіріп кетті.
 

Бөлісу: