21 Қараша 2014, 12:10
Халықтың ұлттық және діни құрамы Қазақстанның халқы — көптеген ұлттардың бірлестігі. Халық сезі көп мағынаны білдіреді (көп халық келді, халық айтады, қазақ халқы, біз Қазақстан халкымыз...).
Сондықтан, ғалымдар этнос, жеке халық (ұлт) түсінігін қолданады. Ал онымен байланыстының бәрін этникалық (ұлттық) деген терминмен атайды (мысалы, этникалық (ұлттық) аумақ). Әрбір ұлттың өз тарихы, тілі, мәдениеті, тарихи отаны болады. Ұлттың бір бөлігі өз елінен басқа жерде тұруы да мүмкін. Оны - диаспора (гр. - «шашылған») деп атайды.
Халықтардың шығу тегін, әркелкі орналасуын, мөдениеті мен тұрмыс жағдайын жеке ғылым - этнография немесе этнология зерттейді.
Халықтың ұлттық (этникалық) құрамы.
1. Халықтың ұлттық (этникалық) құрамы. Қазақстан әлемдегі
көп ұлтты мемлекеттердің бірі. Онда тегі, тілі, мәдениеті әр түрлі, бірак тарихи тағдыры ортақ 130 ұлт пен ұлыстың өкілі (этностар) тұрады.
Олар:
1) еліміздің негізгі халқы қазақтар;
2) бұрынғы КСРО республикаларында тұратын адамдар тобы
(орыстар, украиндар, белорустар мен молдавандар);
3) алыс шет елдерде тұратын адамдар тобы (немістер, поляктар, еврейлер, кәрістер, гректер).
Қазақтар - елдің байырғы тұрғындары және мемлекетті қалыптастырушы этнос, ал қалған халықтардың өкілдері Қазақстанға әр түрлі себептермен жәнө белгілі бір тарихи кезеңдерде көшіп келгендер. Осыған байланысты, республика халқының көп ұлтты (полиэтностық) құрамы - жаппай көші-қонның нәтижесі.
Мемлекетіміздің негізін қалаушы этнос - қазақтар. Екінші орында орыстар. Халқы 100 мыңнан асатын 6 этнос бар. Осы 8 ұлт бірігіп Қазақстан халқының 96%-ын құрайды.
Халықтардың арғы тегін анықтау үшін ғалымдар әр түрлі классификациялар жасайды. Қазақстанда халықтарды тілдік ұқсастықтарына байланысты классификациялау қабылданған. Этнологтар ондай ұқсастықтың олардың шығу тегінің ортақтығын көрсететінін айтады. Сондықтан тілдік классификация (лингвистикалық) этникалық та болып табылады.
Бұл классификация 3 сатыдан тұрады. Алғашқы (теменгі) сатысы - жеке халықтар. Екінші (орташа) сатыны тіл бойынша жақын туыстас халықтар тобы құрайды. Үшінші (жоғарғы) саты - әулет — тілдері бойынша туыстас халықтар тобын біріктіреді.
Қазақстан халқының негізгі бөлігі бес тілдік әулеттің - алтай (халықтың 69%), үндіеуропа (30%), Солтүстік Кавказ (0,4%), синотибет (0,3%) жөне орал-юкагир (0,2%) әулеттер құрамына кіреді. Алтай тіл әулетіндегі ең ірісі - түркі тобы, ал қазақтар - елдегі түркі халықтарының ішіндегі ең саны көбі болып есептеледі. Үндіеуропа әулетіндегі саны бойынша біріншісі - славян тобы, ал ең ірі славян халқы — орыстар.
Дүние жүзіндегі қазақ этносының саны 13,5 млн адам, оның 9,2 млн-нан астам адамы Қазақстанда тұрады. Тағы да 4,3 млн адам қазақ этносы (диаспора), шет елдерде 44 мемлекетте тұрады.
Қазақстан тәуелсіздік алған жылдан бастап шетелдегі қандастарды тарихи отанына қайтару туралы бағдарлама жүргізілуде. Соңғы 20 жылда дәл осындай кең көлемді репатрияцияны 3 мемлекет жүргізеді. Репатрияция Қазақстаннан көшіп кеткен халықтардың орнын толтыруға және қазақтардың үлес салмағын кебейту үшін өте қажет үрдіс. Соңғы сайлау бойынша мемлекетіміздің 2/3 бөлігін солар құрайды. Еліміздегі қазақтардың 1/2 бөлігіне жуығы Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Шығыс Қазақстан және Жамбыл облыстарында тұрады.
Басқа ұлттардың арасында облыстар бойынша біркелкі таралғаны - татарлар. Барлық аймактарда орыстар, украиндар, немістер және белорустар тұрады. Дегенмен олардың тұратын негізгі аудандары - солтүстік, орталық және шығыс. Өзбектер мен ұйғырлар, керісінше, жинақы түрде қоныстанған. Ұйғырлардың 95%-ы Алматы облысы мен Алматыда орналасса, ал өзбектердің 9/10 бөлігі Оңтүстік Қазақстан облысында шоғырланған.
Қазақстанда барлық халықтардың мәдениетін, әдет-ғұрпын, тілін, ұлттық құндылығын қалпына келтіруге және дамытуға жағдай жасалған. Елдің конституциясы оларды тең құқыққа үндеп, ешқандай қысымшылық түрін жасауға тыйым салады. Әр түрлі ұлт өкілдерінің арасындағы достық қарым-қатынастың дамуы - мемлекет саясатының құрамдас бөлігі болып табылады. Мұнда ел Президенті басқаратын Қазақстан халықтарының Ассамблеясы мен ұлттық мәдени орталықтар маңызды рөл атқарады.
Біздің еліміздегі барлық халықтар өздерінің ұлттық тұрмыс ерекшеліктерін сақтайды. Бірақ оларды мәдени-саяси және әлеуметтік-экономикалық біртұтастық байланыстырады.
Қазіргі кезде Қазақстан халқында өзіндік қазақстандық рух, қазақстандық мінез, жалпы қазақстандық мәдениет қалыптасуда. Оның негізгі сипаттары - ұлттар арасындағы достық пен діндер арасындағы келісім болып табылады.
Халықтың діни құрамы.
2. Халықтың діни құрамы. Халықтың ұлттық құрамы мен діни сенімі тығыз байланысты. Олар саяси және әлеуметтік өмірге, тұрмысқа, адамдардың мәдениеті мен әдет-ғұрпына, демографиялық және этнографиялық процестерге әсерін тигізеді.
Әлемдік, яғни Жер бетінде таралған үш дін бар, олар - ислам, христиан және будда діндері.
Ежелгі Қазақстан тұрғындарының арасында Кек тәңірге табынатындары болды.
Біздің дәуіріміздің VIII ғасыр оңтүстік аудандарға болашақ әлемдік діндер кіре бастады. Бірақ Араб халифатының діні - ислам берік орнап қалды. 960 жылы ол мемлекеттік дін болып жарияланып, Қараханидтар мемлекеті Қазақстан жеріндегі алғашқы мұсылман мемлекеті болды.
Көшпенді халықты ислам дініне енгізуде Қожа Ахмет Йасауидің рөлі аса зор. Түрік халықтары оны Мұхаммед пайғамбардан кейінгі қасиетті адам ретінде санайды. XIV ғасыр Өмір Темірдің бұйрығымен Йасауидің кабіріне сәулетті кесене тұрғызылған. Ол Қазақстанда бірінші болып Дүниежүзілік «ЮНЕСКО» мәдени мұралар тізіміне алынды.
Ресейге қосылғаннан кейін православиялық христиан діні пайда болды. Кеңес өкіметі жылдарында Қазақстанға ондаған басқа халық өкілдері келіп коныстанды. Дәстүрлі түрде олар әр түрлі діндерді ұстанды.
Қазақстан Республикасы - зайырлы мемлекет. Конституция ар-ұждан еркіндігін дәріптейді: азаматтардың кез келген дінді қстануға немесе мүлдем ұстанбауға құқы бар.
Қазіргі уақытта елімізде рухани өмір қайта жанданып, қоғамдағы діннің ықпалы өсуде. Діни ұйымдар бейбітшілік пен келісімді нығайтуға өз үлестерін қосуда.
Қазақстандағы дінге сенушілердің ішінде сүнниттік ислам (70%) сандары басым. Қазақ, өзбек, татар, түрік, ұйғыр, күрд, төжік, башқұрт, қырғыз, чешен, ингуш, дүнгендердің басым көпшілігі мұсылман-сүнниттер. Әзірбайжандардың біразы исламның басқа бағыты - шиитті ұстанады.
Орыс, украин, белорус, болгар, молдаван, грек, шуваш, мордва, удмурт пен марийліктерде православие діні таралған. Неміс христиандары арасында негізінен протестанттар мен католиктер көп. Көрістер негізінен протестанттар, ал поляктар - католиктер. Армяндар христиан дінінің ежелгі, ерекше тармағына табынады. Христиандар барлық облыстарда, негізінен — солтүстікте, шығыста және орталықта таралған.
Жалпы, елдегі дін географиясы ұлттардың әркелкі орналасуымен сәйкес келеді.
Сонымен, Қазақстанда халықтың полиэтникалық және көп конфессиялық құрылымы қалыптасты. Осындай ерекше мәдени бірлестіктер бейбітшілікте, келісімде және өзара сыйластықта өмір сүруге жағдай жасайды.