Хакер

5 Желтоқсан 2012, 08:19

"Хакер" (ағылш. hack деген сөзінен) деп, әлемдегі ең ірі әрі күрделі саналатын компьютерлік желілерге кіруге қол жеткізген, өзінің электрондық саладағы білімін жаңа идеялар енгізу арқылы дәлелдейтін және де технологияның даму мәдениетін егжей-тегжейлі білетін адамды айтады. Алайда көпшілік үшін қандай да бір электрондық жүйеге заңсыз шабуыл жасаған адам біздің қоғамда «хакер» деген атқа ие болған. Қазақстан қоғамы кез-келген шетелдік хакерлермен бәсекелесе алатын компьютерлік «бұзақыларымен» ерекшеленіп, олардың алпауыт елдер үшін де үлкен қауіп төндіруге қауқары жетеді десе болады. Қазақстандық құқық қорғаушылар мен қаржы саласындағылар «байланыстың электрондық жүйесі хакерлер үшін ақша табудың таптырмас құралы бола алатындығын» мойындап отыр. Сондықтан да ҰҚК мемлекеттік органдардың ақпараттық арналарына заңсыз енетіндерге қарсы тосқауыл қоюды басты міндеттерінің бірі санайды. Қазіргі кезде аталған комитетте компьютерлік технология саласындағы қылмысқа қарсы күрес бөлімі жұмыс істейді. ҰҚК-нің заңдық базасына осындай қылмыстарға қатысты істерді қарайтын арнайы бап та енгізілген. Хакерлердің негізінен банк жүйесіне «сілекейлері шұбыратыны» айтпаса да түсінікті. Алайда банк саласы олжасын оңай бөліссін бе, қаражатын өз «хакерлерімен» күзетуде. Банк ондай қызметкерлеріне жоғары жалақы төлеп, аса құрметпен қарайды. Басқа да ірі компаниялар құпияларының қауіпсіздігі үшін «хакер» ұстайды. «Өз хакеріміз» деп айтқандары болмаса, мұндай қызметкерлердің ресми атауы – қауіпсіздік қызметі. Олардың міндетіне өзі жұмыс істейтін нысанның барлық технологиялық процестерін бақылап отыру жатады. Аталған қауіпсіздік қызметінің «алтыннан да ардақты» мамандары ешкімге зиянын тигізбесе де қызық үшін өзгенің «ауласына» кіріп, онда не болып жатқанынан хабардар болып отырады-мыс. Құқық қорғаушылардың айтуынша, қазіргі кезде хакерлер тарапынан болып жатқан қылмыстар уақыт озған сайын арта түсуде. Мұны тәуелсіз сарапшылар елдегі компьютерлендіру жағдайының тез қарқын алуымен байланыстырады. Қазақ хакерлері Қазақстанда туып-өскен нағыз «хакер» Саша Маньякты алайық. Бұл оның лақап аты. Елден осыдан 7 жыл бұрын кеткен оның есімі әлемге әйгілі деседі. Жұрттың айтуына қарағанда, қазір ол Канадада тұрады. Өзінің сүйікті «кәсібін» тоқтатып, бір фирмада ел қатарлы жұмыс істейтін көрінеді. Кезінде «Казкоммерцсекьюритиз» фирмасында жұмыс істеген Олег Зезевтің әрекеті төрткүл дүние жұртшылығының назарын өзіне аудартқан болатын. Кез келген компьютерлік жүйеге енуді шебер меңгерген ол, анау-мынау емес, американдық миллиардер (кейін Нью-Йорк қаласының әкімі болып сайланады) М.Блумбергке «құпия ақпарат сатам» деп, одан 200 мың доллар талап еткен. Нәтижесінде ақшаға малынам деп түрмеден бірақ шықты. Ақтау қаласының тұрғыны көмегімен тағы бір қылмыстың алды алынады. Дәлірек айтсақ, киберқарақшы компьютерлік желіге шабуыл жасау арқылы құнды бағдарламаны сатпақ болған жерінде қолға түскен. Оған сондай-ақ, өзгенің ақпараттар базасына заңсыз енгендігі туралы айып тағылған. Осы оқиғадан кейін Маңғыстау облыстық ішкі істер басқармасы жанынан «К» бөлімі құрылған-ды. Осы тақылеттес оқиға Қостанай облысында да болды. Қостанайлық хакер жүрек жұтқан ба, кеденшілердің компьютерлерінің желісіне жасырын кіріп отырған. Кейін анықталғаны – қылмыскер шабуылға тек түнгі уақытта шыққан. Ал ол кезде кеден қызметкерлері есіктерін мөрмен бекітіп кетеді екен. Сонымен қостанайлық хакер не істеді дейсіз ғой? Интернетті қажетінше пайдаланған ол өзгенің есебі арқылы әлемдік электрондық желімен байланысқа шығудың таңғаларлық жолдарын ойлап табады. Тергеу ісі барысында Кожемяктың интернетпен жұмыс істеген уақыты 450 сағатқа жеткендігі анықталады. Сөйтіп, үкіметке 63 мың теңге шығын келтірген. Ал жуырда орын алған электрондық желі арқылы Қазақстандағы белгілі бір компанияның қоржынынан қомақты қаржы жымқырылуға қатысты оқиға құзырлы саланың міндеттерін еселей түсуге ықпал етеді. Деректерге жүгінсек, бүгінгі күнге дейін компьютерлік желіні заңсыз пайдаланудың 15-ке жуық оқиғасы тіркелген. Бұл ресми мәлімет. Ал жалпы жылына 500-ге жуық оқиға орын алатын көрінеді. Алайда көпшілік құрылымдар бұл жайында жариялағысы келмейді. Олар мұнымен беделіне нұқсан келтіріп, халық сеніміне селкеу түсіріп аламыз деп үрейленсе керек. Сондықтан да «Бас жарылса, бөрік ішінде, қол сынса, жең ішінде» дегеннен аспайды. Бұл мәселе бірнеше елдің білекті күш құрылымдарының бірігуіне негіз болып отыр. Осыдан бірер жыл бұрын ТМД елдерінің құқық қорғау органдары бас қосып, хакерлерден қорғану шараларын заңдастырды. Негізі бұл қазақстандық мамандардың ұсынысы болған екен. Халықаралық деңгейде өткізілген бұл конференцияда біраз мәселе талқыланған болатын. Соның негізгісі – конференцияға қатысушы елдердің заңдарын қайта қарап, тиімділігін арттыру еді. Былайша айтқанда, компьютерлік жүйе байланысы аталған елдер арасында әлдеқашан орнаған. Демек, заң талаптары да бірдей болуы тиіс. Осыны күн тәртібінің бірінші кезегіне қойған конференцияға қатысушылар бір мәмілеге келді. Қызықты мәліметтер Компьютермен балалар да «ойнай» бастапты. Дәлірек айтсақ, ол компьютер арқылы «қалада жарылғыш зат орнатылған» деп жалған ақпарат таратқан. Ойнаймын деп от басқан баланың кім екендігі дер кезінде анықталып, оның «айыбын» әке-шешесі айыппұл төлеп өтеді. Ал германиялық провайдердің көмегімен балалар порнографиясын таратқан екі адамды анықтай алмапты. Жаза мәселесіне келсек, көпшілік елдердегідей бізде де «үкіметтік құпияны сақтаушы органдардың электрондық жүйесіне заңсыз енген адамдар қатаң жазаланады» деп хабарлаған болатын ҰҚК баспасөз қызметкерлері. Ал көрші Ресейдегі жағдайды сөз етсек, хакерлер олар үшін үлкен проблеманың біріне айналып отыр. Ол елде сөз болып отырғандай қылмысқа қарсы күресті «Р» және «К» басқармалары жүргізеді. Аталған басқармалар 1999 жылы құрылған-ды. Ресейлік хакерлер көбіне-көп компьютер желісі көмегімен қалталы бизнесмендердің жеке өміріне қол сұғу арқылы бар құпияларын қару етіп, бопсалайды. Дәл қазіргі кезде осындай қылмыскерлермен күреске айрықша күш жұмсалуда. Иә, бұрындары компьютерді тек ұсақ-түйек алаяқтық жасап, боқтық сөздер таратып, ермек үшін пайдаланса, қазір онымен қомақты қаржы тауып тіпті лаңкестік әрекеттерге жол беретін болыпты. Мемлекеттік құпия сақталған сайттарға шабуыл жасап, саяси қоқан-лоққы жасайтындар да бой көрсете бастады. Жуырда хакерлер тобы британиялық әскери серікті дәл осы электрондық шабуыл арқылы кепілдікке алған болатын. Айта берсе, мемлекеттік маңызы бар құрылымдарды, яғни қаржы немесе транспорт сияқты инфроқұрылымдарды компьютердің көмегімен кепілге алып, қоғамға үлкен қауіп төндіретін хакер-терроршылар әлемде көп саналады.  

"Хакер" (ағылш. hack деген сөзінен) деп, әлемдегі ең ірі әрі күрделі саналатын компьютерлік желілерге кіруге қол жеткізген, өзінің электрондық саладағы білімін жаңа идеялар енгізу арқылы дәлелдейтін және де технологияның даму мәдениетін егжей-тегжейлі білетін адамды айтады. Алайда көпшілік үшін қандай да бір электрондық жүйеге заңсыз шабуыл жасаған адам біздің қоғамда «хакер» деген атқа ие болған.

Қазақстан қоғамы кез-келген шетелдік хакерлермен бәсекелесе алатын компьютерлік «бұзақыларымен» ерекшеленіп, олардың алпауыт елдер үшін де үлкен қауіп төндіруге қауқары жетеді десе болады. Қазақстандық құқық қорғаушылар мен қаржы саласындағылар «байланыстың электрондық жүйесі хакерлер үшін ақша табудың таптырмас құралы бола алатындығын» мойындап отыр. Сондықтан да ҰҚК мемлекеттік органдардың ақпараттық арналарына заңсыз енетіндерге қарсы тосқауыл қоюды басты міндеттерінің бірі санайды. Қазіргі кезде аталған комитетте компьютерлік технология саласындағы қылмысқа қарсы күрес бөлімі жұмыс істейді. ҰҚК-нің заңдық базасына осындай қылмыстарға қатысты істерді қарайтын арнайы бап та енгізілген. Хакерлердің негізінен банк жүйесіне «сілекейлері шұбыратыны» айтпаса да түсінікті. Алайда банк саласы олжасын оңай бөліссін бе, қаражатын өз «хакерлерімен» күзетуде. Банк ондай қызметкерлеріне жоғары жалақы төлеп, аса құрметпен қарайды. Басқа да ірі компаниялар құпияларының қауіпсіздігі үшін «хакер» ұстайды. «Өз хакеріміз» деп айтқандары болмаса, мұндай қызметкерлердің ресми атауы – қауіпсіздік қызметі. Олардың міндетіне өзі жұмыс істейтін нысанның барлық технологиялық процестерін бақылап отыру жатады. Аталған қауіпсіздік қызметінің «алтыннан да ардақты» мамандары ешкімге зиянын тигізбесе де қызық үшін өзгенің «ауласына» кіріп, онда не болып жатқанынан хабардар болып отырады-мыс. Құқық қорғаушылардың айтуынша, қазіргі кезде хакерлер тарапынан болып жатқан қылмыстар уақыт озған сайын арта түсуде. Мұны тәуелсіз сарапшылар елдегі компьютерлендіру жағдайының тез қарқын алуымен байланыстырады.

Қазақ хакерлері

Қазақстанда туып-өскен нағыз «хакер» Саша Маньякты алайық. Бұл оның лақап аты. Елден осыдан 7 жыл бұрын кеткен оның есімі әлемге әйгілі деседі. Жұрттың айтуына қарағанда, қазір ол Канадада тұрады. Өзінің сүйікті «кәсібін» тоқтатып, бір фирмада ел қатарлы жұмыс істейтін көрінеді. Кезінде «Казкоммерцсекьюритиз» фирмасында жұмыс істеген Олег Зезевтің әрекеті төрткүл дүние жұртшылығының назарын өзіне аудартқан болатын. Кез келген компьютерлік жүйеге енуді шебер меңгерген ол, анау-мынау емес, американдық миллиардер (кейін Нью-Йорк қаласының әкімі болып сайланады) М.Блумбергке «құпия ақпарат сатам» деп, одан 200 мың доллар талап еткен. Нәтижесінде ақшаға малынам деп түрмеден бірақ шықты. Ақтау қаласының тұрғыны көмегімен тағы бір қылмыстың алды алынады. Дәлірек айтсақ, киберқарақшы компьютерлік желіге шабуыл жасау арқылы құнды бағдарламаны сатпақ болған жерінде қолға түскен. Оған сондай-ақ, өзгенің ақпараттар базасына заңсыз енгендігі туралы айып тағылған. Осы оқиғадан кейін Маңғыстау облыстық ішкі істер басқармасы жанынан «К» бөлімі құрылған-ды. Осы тақылеттес оқиға Қостанай облысында да болды. Қостанайлық хакер жүрек жұтқан ба, кеденшілердің компьютерлерінің желісіне жасырын кіріп отырған. Кейін анықталғаны – қылмыскер шабуылға тек түнгі уақытта шыққан. Ал ол кезде кеден қызметкерлері есіктерін мөрмен бекітіп кетеді екен. Сонымен қостанайлық хакер не істеді дейсіз ғой? Интернетті қажетінше пайдаланған ол өзгенің есебі арқылы әлемдік электрондық желімен байланысқа шығудың таңғаларлық жолдарын ойлап табады. Тергеу ісі барысында Кожемяктың интернетпен жұмыс істеген уақыты 450 сағатқа жеткендігі анықталады. Сөйтіп, үкіметке 63 мың теңге шығын келтірген. Ал жуырда орын алған электрондық желі арқылы Қазақстандағы белгілі бір компанияның қоржынынан қомақты қаржы жымқырылуға қатысты оқиға құзырлы саланың міндеттерін еселей түсуге ықпал етеді. Деректерге жүгінсек, бүгінгі күнге дейін компьютерлік желіні заңсыз пайдаланудың 15-ке жуық оқиғасы тіркелген. Бұл ресми мәлімет. Ал жалпы жылына 500-ге жуық оқиға орын алатын көрінеді. Алайда көпшілік құрылымдар бұл жайында жариялағысы келмейді. Олар мұнымен беделіне нұқсан келтіріп, халық сеніміне селкеу түсіріп аламыз деп үрейленсе керек. Сондықтан да «Бас жарылса, бөрік ішінде, қол сынса, жең ішінде» дегеннен аспайды. Бұл мәселе бірнеше елдің білекті күш құрылымдарының бірігуіне негіз болып отыр. Осыдан бірер жыл бұрын ТМД елдерінің құқық қорғау органдары бас қосып, хакерлерден қорғану шараларын заңдастырды. Негізі бұл қазақстандық мамандардың ұсынысы болған екен. Халықаралық деңгейде өткізілген бұл конференцияда біраз мәселе талқыланған болатын. Соның негізгісі – конференцияға қатысушы елдердің заңдарын қайта қарап, тиімділігін арттыру еді. Былайша айтқанда, компьютерлік жүйе байланысы аталған елдер арасында әлдеқашан орнаған. Демек, заң талаптары да бірдей болуы тиіс. Осыны күн тәртібінің бірінші кезегіне қойған конференцияға қатысушылар бір мәмілеге келді.

Қызықты мәліметтер

Компьютермен балалар да «ойнай» бастапты. Дәлірек айтсақ, ол компьютер арқылы «қалада жарылғыш зат орнатылған» деп жалған ақпарат таратқан. Ойнаймын деп от басқан баланың кім екендігі дер кезінде анықталып, оның «айыбын» әке-шешесі айыппұл төлеп өтеді. Ал германиялық провайдердің көмегімен балалар порнографиясын таратқан екі адамды анықтай алмапты. Жаза мәселесіне келсек, көпшілік елдердегідей бізде де «үкіметтік құпияны сақтаушы органдардың электрондық жүйесіне заңсыз енген адамдар қатаң жазаланады» деп хабарлаған болатын ҰҚК баспасөз қызметкерлері. Ал көрші Ресейдегі жағдайды сөз етсек, хакерлер олар үшін үлкен проблеманың біріне айналып отыр. Ол елде сөз болып отырғандай қылмысқа қарсы күресті «Р» және «К» басқармалары жүргізеді. Аталған басқармалар 1999 жылы құрылған-ды. Ресейлік хакерлер көбіне-көп компьютер желісі көмегімен қалталы бизнесмендердің жеке өміріне қол сұғу арқылы бар құпияларын қару етіп, бопсалайды. Дәл қазіргі кезде осындай қылмыскерлермен күреске айрықша күш жұмсалуда. Иә, бұрындары компьютерді тек ұсақ-түйек алаяқтық жасап, боқтық сөздер таратып, ермек үшін пайдаланса, қазір онымен қомақты қаржы тауып тіпті лаңкестік әрекеттерге жол беретін болыпты. Мемлекеттік құпия сақталған сайттарға шабуыл жасап, саяси қоқан-лоққы жасайтындар да бой көрсете бастады. Жуырда хакерлер тобы британиялық әскери серікті дәл осы электрондық шабуыл арқылы кепілдікке алған болатын. Айта берсе, мемлекеттік маңызы бар құрылымдарды, яғни қаржы немесе транспорт сияқты инфроқұрылымдарды компьютердің көмегімен кепілге алып, қоғамға үлкен қауіп төндіретін хакер-терроршылар әлемде көп саналады.
 

Бөлісу: