Қытай

5 Желтоқсан 2012, 08:02

Қытай Б.з.б. 140 – 87 ж. конфуцийшілдік ресми идеологияға айналды. Хань әулеті тұсында бірыңғай қытай халқы қалыптасты. Халық өзін ханьдықтармыз деп атай бастады. Бірақ 184 ж. 20 жылдан астам уақытқа созылған көтерілістен Хань әулеті құлап, үш патшалық құрылды. Хань әулетімен бірге І-да құл иеленушілік қатынастар да жойылып, жаңа қоғамдық қатынастар (феодализм) орнады. Солт. І-ды көшпелі тайпалар басып алды. Елде түрлі кезеңдерде қытайлық емес 16 патшалық құрылды. 589 ж. ел Суй әулетінің төңірегіне қайта бірікті. 618 ж. оның орнына Тан әулеті келді. І. елі қайта гүлденді. Империя түрлі бағытта басқыншылық соғыстар жүргізді. 630 ж. Шығ. Түрік қағандығын жойды. 8 ғ-дың бас кезінде Жетісуға басып кіріп, 751 – 52 ж. Атлах шайқасында арабтар мен жергілікті түркі тайпаларының одағынан күйрей жеңілді. 10 ғ-дың басына қарай Тан империясы ыдырап, 960 – 1279 ж. Оңт. І-ды Сун әулеті біріктірді. Солт-те, солт.-шығыста, солт.-батыста көшпелі тайпалар билеген мемлекеттер өмір сүрді. Олар бір-бірімен және Сун әулетімен үздіксіз соғыстар жүргізді. 13 ғ-дың бас кезінен І-ды Шыңғыс хан билеген түркі-моңғол тайпалары жаулап ала бастады. 1271 жылға қарай Шыңғыс ханның немересі Құбылай бүкіл І-ды өзіне бағындырып, Юань әулетінің негізін қалады. 14 ғ-дың 2-жартысында Юань әулеті биліктен кетіп, орнына қытайлық Мин әулеті келді. 16 ғ-да І-ға еуропалықтар келе бастады. 1551 ж. Португалия Аомэн (Макао) жерін жалға алады. Миссионер-иезуиттер келіп, христиан дінін уағыздай бастады. 17 ғ-да солтүстіктен көшпелі тайпалардың шабуылы күшейді, аса ірі шаруалар көтерілістері басталды. Мин әулеті биліктен кетіп, өкімет көтерілістерді басу үшін көшпелі маньчжур билеушілерінен көмек сұрауға мәжбүр болды. Билікке маньчжурлік Цинь әулеті (1644 – 1911) келді. Жаңа әулет І-ды қайта біріктірді. 17 ғ-дың аяғына қарай олар Халханы (қазіргі Моңғолияны) жаулап алды, 1757 ж. жоңғар хандығын жойды, Шығ. Түркістан Шыңжаң (жаңа шекара) деп аталды. 18 ғ-дың аяғына қарай Тибет алынды. Осы кезден Цинь әулеті дағдарысқа ұшырай бастады. 19 ғ-да І-ға еуропалықтардың әсіресе ағылшындардың экспансиясы күшейді. 1840 – 42, 1856 – 60 ж. еуропалықтармен арада «апиын соғыстары» болды. Жеңіске жеткен Англия, Франция, АІШ өкіметтері елдің кейбір аралдарын алды. Солт-те пайда болған қуатты көрші Ресеймен шекара белгілене бастады. Халықтың тұрмысы күрт төмендеді. 1850 – 64 ж. елде аса ірі шаруалар көтерілісі болып, еуропалықтардың көмегімен зорға басылды. Шеткі аймақтарда да халық көтерілістері болып жатты. Оның ішіндегі ең ірілері 1862 – 77 ж. болған дүнгендер мен ұйғырлардың көтерілістері еді. 1860 – 70 ж. І-да капит. қатынастар дами бастады. Жаңа экон. орт-тар (Шанхай, Ухань, т.б.) құрылды. Цинь империясы дағдарысқа ұшырап, Англия, Германия, Жапония, Франция, Ресей, АІШ, т.б. елдер І-ды өзара бөліске сала бастады. Халық тұрмысының нашарлығымен шетелдіктердің үстемдігі төңкерісшіл қозғалыстардың күрт күшеюіне алып келді. 1898 ж. басталған Ихэтуаньдар көтерілісі шетелдіктердің көмегімен басылып, І-дың ішкі-сыртқы саясатына толық бақылау орнатылды. 1911 – 13 ж. елде Синьхай революциясы болып өтті. Цинь әулеті биліктен  кетіп (1912 ж. 12 ақпан), оңшыл күштер билікке келді. Бірақ І. жартылай отар ел ретінде қалып қойды. 1-дүниежүз. соғыс жылдарында (1914 – 18) Жапония еур. елдердің өзара соғысып жатқанын пайдаланып, І-ға жаңа талаптар қойды. Жаңа үкімет ол талапты мойындап, Жапонияға тәуелді елге айнала бастады. 1917 ж. Ресейдегі Ақпан революциясынан кейін елде Сунь Ятсен басқарған ұлт-азаттық қозғалысы басталды. Қозғалыс Оңт.  І-да жеңіске жетіп, Сунь Ятсен Кеңес өкіметіне хат жазып, «империалистерге» қарсы бірлесіп күресуді ұсынды. 1923 ж. ақпанда, Кеңес өкіметі Сунь Ятсен басқарған Гоминьдан партиясының өтініші бойынша І-ға саяси, әскери кеңесшілер, қару-жарақ, т.б. көмек жібере бастады. 1927 ж. 18 сәуірде Гоминьдан партиясының оңшыл қанаты әскери төңкеріс жасап, билікті өз қолдарына алды. Оған қарсы 1921 ж. іргесі қаланған Қытай Коммунистік партиясы (ІКП) бірқатар көтерілістер ұйымдастырды. Сөйтіп, солт. аудандарда ІКП-ның басшылығымен Қытай Қызыл Армиясы мен Кеңестер деп аталатын өкіметтік органдар құрылды. 1930 – 36 ж. Гоминьдан өкіметі солт-ке үздіксіз жорықтар жасап, ІКП-ның базасын жойып жіберуге тырысты. 1931 жылдан бастап Жапония І-ды жаулап алуға кірісті. Солт.-шығыс І-ды басып алған жапондар орт. аудандарға ұмтылды. 1937 ж. шілдеде Жапония І-ды толық жаулап алу үшін шабуылға шықты. Олар Солт., Орт. І-дың едәуір бөлігін және Оңт. І-дағы теңіз порттарын басып алды. 1945 ж. 8 тамызда Кеңес өкіметі Жапонияға соғыс жариялап, Солт.-Шығ. І-ды және Ішкі Моңғолияны азат етті. КСРО жапондардан қолға түскен қару-жарақтар мен әскери техниканы ІКП-на беріп, оны күшейтіп жіберді. 1946 ж. басталған ІКП мен Гоминьдан өкіметі арасындағы азамат соғысы, 1949 гоминьдан әскерлерінің талқандалып, Тайвань аралына қашуымен аяқталды. 1949 ж. 1 қазанда Қытай Халық Республикасы жарияланды. 1950 ж. 14 ақпанда кеңес-қытай келісімі жасалып, ол бойынша КСРО ІХР-ға 300 млн долл. көлемінде көмек көрсетті. 1953 – 57 ж. тағы да бірқатар келісімдерге қол қойылып, КСРО І-ға 125 ірі өнеркәсіп орындарын салуға көмектесті. 50 жылдардың 2-жартысынан бастап Мао Цзедун бастаған ІКП басшылығы ұлтшылдық бағыттағы саясатты күшейтті. «Үлкен секіріс» саясатын жүргізді. Аз ұлттарға қысым күшейді. 1960 жылдан бастап кеңес-қытай шекарасы жиі бұзыла бастады. 1966 – 76 ж. «мәдени революция» саясатын жүргізді. «Үлкен секіріс» және «мәдени революция» жылдарында мыңдаған адамдар репрессияға ұшырады. Мао Цзедун қайтыс болғаннан (1976) кейін, 1978 ж. желтоқсан айынан бастап ІКП ОК елде Дэн Сяопиннің басшылығымен экон. реформалар жүргізе бастады. Бұл реформа нәтижесінде ІХР экономикасы тез дамып, халықтың тұрмысы күрт жақсарды. І. әлемдегі жетекші елдермен бәсекеге түсе бастады. 2003 ж. күзде ІКП ОК басшылығы ауысып, билікке жаңа буын өкілдері келді (Бұрынғы басшы Цзян Цзэминнің орнына Ху Цзиньтао тағайындалды). Экономикасы. Соңғы 20 – 25 жылда І. экономикасы жоғары қарқынмен дамыды. Сыртқы сауда ел экономикасының 45%-дан астамын құрайды. Негізгі сауда серіктесі – Жапония, онан кейін АІШ пен Оңт. Корея. Шетел инвестициясын тартудан І. АІШ-тан кейінгі 2-орында. 1997 ж. 1 шілдеде ІХР-ға бұрын Ұлыбритания отары болып келген Сянган (Гонконг) аралы қайтарылды. Оған арнайы әкімш. аудан мәртебесі берілді. Сянганның қосылуы І. экономикасының дамуын жеделдетті. Бұл аудан дүние жүзіндегі аса ірі сауда және қаржы орт. болып табылады. Онда әлемдегі аса ірі 100 банктің 85-інің бөлімдері орналасқан. Тайвань – Шығ. Қытай т-ндегі арал. Жер аум. 35961 км2. Халқы – 22 млн. (1998). Әкімш. орт. – Тайбэй (2,7 млн-нан астам). Халқының 97%-ы қытайлықтар. 1949 ж. ІКП-дан жеңілген Чан-Кайши өкіметі Тайвань аралына көшті. 1950 ж. өзара келісім арқылы аралға АІШ-тың 7-флоты кіргізіліп, одақтастық шарт жасалды. І. Тайвань аралын өзінің бір бөлшегі деп санайды әрі онымен «бір мемлекет, екі жүйе» принципі бойынша бірігуді ұсынып отыр. Ал Тайвань «бір ел, екі үкімет» принципі бойынша бірігуді қалайды. Жалпы Тайваньды әлемнің көпшілік елдері (соның ішінде Қазақстан) жеке мемлекет емес, І-дың бір бөлшегі деп есептейді. Әрі онымен дипломат. байланыстар жасамайды. Тайвань жеке мемлекет ретінде АІШ-тың әскери көмегі арқасында ғана өмір сүріп отыр. Олардың одағын Жапония қолдайды. Тайвань 2-дүниежүз. соғыстан кейін өте жоғары қарқынмен дамып, Шығ. Азиядағы Оңт. Корея, Сингапур сияқты аса дамыған елдердің қатарына кірді. 1997 ж. есеп бойынша елдің ішкі өнімі – 290 млрд. доллардан астам, кісі басына шаққанда – 13,3 мың долларға жеткен. Импортқа аса ірі мөлшерде компьютерлер, электронды тұрмыс тауарлары, киім-кешек, химия өнімдерін шығарады.  Қазақстан мен ІХР арасындағы дипломат. қарым-қатынас 1992 ж. 3 қаңтардан бастап орнады. 1992 ж. ақпанда Алматыда І. елшілігі, Пекинде Қазақстан елшілігі ашылды. Екі ел арасында сауда-экон. мәдени, әскери байланыстар дами бастады. Қазақстан Президенті Н.Назарбаев Пекинде, ІХР төрағасы Цзянь Цзэмин Алматыда ресми сапармен бірнеше рет болды. 1994 ж. 26 сәуірде екі ел үкіметі шекара мәселесін түпкілікті шешу жөнінде келісімге келіп, шекара анықталды. 1996 ж. 26 сәуірде Шанхайда ІХР, Ресей, Қазақстан, Қырғызия, Тәжікстан басшылары шекара мәселелері бойынша Шанхай келісіміне қол қойды. 1998 ж. 3 шілдеде Шанхай келісіміне қатысушы – 5 ел басшылары Алматыда бас қосты. Сауда байланыстары тез өсіп келеді. Соңғы жылдары І-дан Қазақстан арқылы Еуропаға шығу (яғни Ұлы Жібек жолын қайта дамыту) перспективалары қаралуда. Мәдениеті мен ғылымы.  Б.з.б. 6 – 3 ғ-ларда конфуцийшілдік, моизм, легизм мектептерінің қалыптасуы нәтижесінде І. философиясы пайда болды. Қытай халқы жаратылыстану және тех. ғылымдарының дамуына елеулі үлес қосты. Көптеген маңызды ғыл.-тех. жаңалықтар І-да басқа елдерден (соның ішінде Еуропа елдерінен де) бірнеше жүз жыл бұрын пайда болған (компас, сейсмоскоп, спидометр, қағаз, оқ-дәрі жасау, кітап шығару, т.б.). Математика І-да Хань әулеті тұсында-ақ дами бастаған. Ең көне жұлдыздар каталогін (807 жұлдыз) б.з.б. 4 ғ-да Ши-Шэн құрастырған. Күннің тұтылуы туралы ең алғашқы мәлімет І-да б.з.б. 720 ж. жазылған. Б.з.б. 138 – 126 ж. Чжан Цяньның Орта Азияға саяхат жасауы қытайлықтардың елдің батыс жағындағы  халықтарды зерттеуіне мүмкіндік туғызды және «Ұлы Жібек жолы» арқылы керуен жүргізіп, сауда жасауына жол ашты. Сун дәуірінде (960 – 1279) І. араб елдерімен, Кореямен, Үнді-қытаймен және оңт. аралдармен теңіз арқылы сауда жасауды күшейтті. Осыған байланысты І-да кеме жасау, теңіз қатынасы өрістей бастады. Медицина тарихы І-да 3000 жылға созылады. Медицинадағы ең көне кітап – «Нэйцзин» І. медицинасының дамуында үлкен рөл атқарды. Тұңғыш «фармакология» кітабы І-да жазылды. Инемен емдеу әдісі І. мед. әдебиетінде Сун дәуірі деректерінде кездеседі. І. дүние жүзінде бірінші болып селитраны оқ-дәрі жасауға пайдаланды. 16 ғ-да І-да оқ-дәрі шығарыла бастады. 3 – 5 ғ-ларда фарфор өндіру игерілді. Б.з.б. 6 ғ-да дүние жүзіндегі ең үлкен канал салу жұмысы басталып, ол 13 ғ-да Пекин мен Ханчжоуды су жолымен жалғастырды. Екінші бір үлкен құрылыс –  Қытай қорғаны. І. халқының дүниежүз. өркениетке қосқан аса зор үлесі – қағаз жасау (2 ғ.). Кітап шығару тарихы І-да 5 – 6 ғ-ларға саяды. І-да кітапты 2 түсті баяумен басу 1340 ж. жүзеге асырылды. 20 ғ-дың басына дейін І-да оқу жүйесі ертедегі классик. конфуцийшілдік діни кітаптарды оқытуға негізделіп келді. 1902 – 03 ж. оқу жүйесінде тұңғыш реформа жасалып, еур. үлгідегі мектеп жүйесі қалыптасты. 1953 жылдан негізгі ғыл. бағыттардың бірі ядр. физика мен энергетика саласындағы зерттеулер болды. 1964 ж. қазанда І-да тұңғыш рет ядр. құрылғы сыналды (жер бетінде). Ал 1967 ж. маусымда бірінші рет термоядролық құрылғы сыналды. 1966 ж. кезекті атомдық сынау кезінде басқару тетігі бар ракета қолданылып, ол бірнеше жүз км қашықтыққа ұшты. 1970 ж. І. бірінші рет Жердің жасанды серігін (ЖЖС), ал 1971 ж. 2-ЖЖС-н ұшырды. Әдебиеті мен өнері. 3 мың жылдық тарихы бар І. әдебиетінің алғашқы поэтик. ірі туындысы – «Шицзин» («Жыр кітабы», б.з.б. 11 – 6 ғ-лар) халық жырларының жиынтығы. Көркем прозадан «Гоюй» («Патшалықтар тарихы»), «Чуньцю» («Жылнама»), филос. трактаттардан «Чжуан-цзы», «Сюнь-цзы», т.б. шығармаларды атауға болады. Тан дәуірінде поэзия мен новелла дамыды. Юань әулеті (1289 – 1368) дәуірінде қытай драмасы өркен жайды. Жаңа І. әдебиетінің негізін қалаушы Лу Синь (1881 – 1936) болды. 1921 – 22 ж. реалистік және романтик. бағыттағы әдеби топтар құрылды. Қазақ тіліне бірқатар шығармалары аударылып, жеке кітап болып басылды. (Лу Синь, «Әңгімелер», 1951, 1958; Го Можо «Әңгімелер», 1958; Лао Шэн «Рикша», 1960; «Мысықтар шаїары», 1972, т.б.). І. өнерінің ежелгі ескерткіштері б.з.б. 3-мыңжылдықта пайда болды. Неолит дәуірінде жасалған керамик. бұйымдар сақталған. Инь мемлекеті тұсында айналасы дуалмен қоршалған қалалар пайда болды. Цинь мемлекеті (б.з.б. 221 – 207) кезінде Қытайдың ұлы қорғанының негізгі бөліктері салына бастады. Тан (618 – 907) және Сун (960 – 1279) мемлекеті дәуірлеп тұрған кезде қытай мәдениеті жан-жақты өркен жайды. Қытай музыкасы дүние жүзіндегі ең көне мәдени мұралардың бірінен саналады. Б.з.б. 11 –  6 ғ-лардағы жазбаларда кездесетін «юэ» (музыка) сөзі поэзия, би, бейнелеу өнері деген ұғымдарды да қамтыған. Ежелгі қытай философы Конфуций тамаша музыканың мемл. құрылысқа игі әсері тиетіндіктен оның арнайы құрылымдық сипаты болу керек деп тұжырымдаған. Дәстүрлі қытай оркестрінде 100-ге тарта муз. аспаптар қолданылады. Олардың негізгілері: шекті – сэ, цинь, пипа, ху (эрху, сыху, баньху); үрмелі – сяо, пайсяо, шэн; соқпалы – барабан, шылдырмақ қоңыраулар, т.б. Қытайдың театр өнері «байси» («жүз ойын-сауық») ойын түрінде пайда болған. Б.з.б. 2 – 1-мыңжылдықтың жазба ескерткіштерінде «чан-ю» («әнші актер»), «пай-ю» («қуақы», «комик») деген терминдер кездеседі. Тан дәуірінде (7 – 10 ғ-лар) ән мен бидің сахналық жаңа түрі – дацюй пайда болды. 8 ғ-дың орта шенінде Тан императоры Сюань-цзунь сарайының жанынан музыканттар мен бишілер, әншілер дайындайтын «Алмұрт бағы» («Лиюань») атты театр мектебі құрылды. 17 – 19 ғ-ларда көптеген жергілікті театрлар: банцзы, цинь-цян, юэцзюй, т.б. құрылды. 19 ғ-дың орта шенінде осы театрлар негізінде пекиндік муз. драма (цзинси) театры дүниеге келді. Қытай театрының негізгі сипаттары осы цзинсида толық қамтылған. Әдеб.: Переломов Л.С., Империя Цинь – первое централизованное государство в Китае (221 – 202 г. до н. э.), М., 1962; Китай и соседи в древности и средневековье, [Сб. ст.], М., 1970; Борисов О.Б., Колосков Б.Т., Советско-китайские отнощения, 1945 – 1970;  Энциклопедия нового Китая, М., 1989. Н. Алдабек  

Қытай Б.з.б. 140 – 87 ж. конфуцийшілдік ресми идеологияға айналды. Хань әулеті тұсында бірыңғай қытай халқы қалыптасты. Халық өзін ханьдықтармыз деп атай бастады. Бірақ 184 ж. 20 жылдан астам уақытқа созылған көтерілістен Хань әулеті құлап, үш патшалық құрылды. Хань әулетімен бірге І-да құл иеленушілік қатынастар да жойылып, жаңа қоғамдық қатынастар (феодализм) орнады. Солт. І-ды көшпелі тайпалар басып алды. Елде түрлі кезеңдерде қытайлық емес 16 патшалық құрылды. 589 ж. ел Суй әулетінің төңірегіне қайта бірікті. 618 ж. оның орнына Тан әулеті келді. І. елі қайта гүлденді. Империя түрлі бағытта басқыншылық соғыстар жүргізді. 630 ж. Шығ. Түрік қағандығын жойды. 8 ғ-дың бас кезінде Жетісуға басып кіріп, 751 – 52 ж. Атлах шайқасында арабтар мен жергілікті түркі тайпаларының одағынан күйрей жеңілді. 10 ғ-дың басына қарай Тан империясы ыдырап, 960 – 1279 ж. Оңт. І-ды Сун әулеті біріктірді. Солт-те, солт.-шығыста, солт.-батыста көшпелі тайпалар билеген мемлекеттер өмір сүрді. Олар бір-бірімен және Сун әулетімен үздіксіз соғыстар жүргізді. 13 ғ-дың бас кезінен І-ды Шыңғыс хан билеген түркі-моңғол тайпалары жаулап ала бастады. 1271 жылға қарай Шыңғыс ханның немересі Құбылай бүкіл І-ды өзіне бағындырып, Юань әулетінің негізін қалады. 14 ғ-дың 2-жартысында Юань әулеті биліктен кетіп, орнына қытайлық Мин әулеті келді. 16 ғ-да І-ға еуропалықтар келе бастады. 1551 ж. Португалия Аомэн (Макао) жерін жалға алады. Миссионер-иезуиттер келіп, христиан дінін уағыздай бастады. 17 ғ-да солтүстіктен көшпелі тайпалардың шабуылы күшейді, аса ірі шаруалар көтерілістері басталды. Мин әулеті биліктен кетіп, өкімет көтерілістерді басу үшін көшпелі маньчжур билеушілерінен көмек сұрауға мәжбүр болды. Билікке маньчжурлік Цинь әулеті (1644 – 1911) келді. Жаңа әулет І-ды қайта біріктірді. 17 ғ-дың аяғына қарай олар Халханы (қазіргі Моңғолияны) жаулап алды, 1757 ж. жоңғар хандығын жойды, Шығ. Түркістан Шыңжаң (жаңа шекара) деп аталды. 18 ғ-дың аяғына қарай Тибет алынды. Осы кезден Цинь әулеті дағдарысқа ұшырай бастады. 19 ғ-да І-ға еуропалықтардың әсіресе ағылшындардың экспансиясы күшейді. 1840 – 42, 1856 – 60 ж. еуропалықтармен арада «апиын соғыстары» болды. Жеңіске жеткен Англия, Франция, АІШ өкіметтері елдің кейбір аралдарын алды. Солт-те пайда болған қуатты көрші Ресеймен шекара белгілене бастады. Халықтың тұрмысы күрт төмендеді. 1850 – 64 ж. елде аса ірі шаруалар көтерілісі болып, еуропалықтардың көмегімен зорға басылды. Шеткі аймақтарда да халық көтерілістері болып жатты. Оның ішіндегі ең ірілері 1862 – 77 ж. болған дүнгендер мен ұйғырлардың көтерілістері еді. 1860 – 70 ж. І-да капит. қатынастар дами бастады. Жаңа экон. орт-тар (Шанхай, Ухань, т.б.) құрылды. Цинь империясы дағдарысқа ұшырап, Англия, Германия, Жапония, Франция, Ресей, АІШ, т.б. елдер І-ды өзара бөліске сала бастады. Халық тұрмысының нашарлығымен шетелдіктердің үстемдігі төңкерісшіл қозғалыстардың күрт күшеюіне алып келді. 1898 ж. басталған Ихэтуаньдар көтерілісі шетелдіктердің көмегімен басылып, І-дың ішкі-сыртқы саясатына толық бақылау орнатылды. 1911 – 13 ж. елде Синьхай революциясы болып өтті. Цинь әулеті биліктен  кетіп (1912 ж. 12 ақпан), оңшыл күштер билікке келді. Бірақ І. жартылай отар ел ретінде қалып қойды. 1-дүниежүз. соғыс жылдарында (1914 – 18) Жапония еур. елдердің өзара соғысып жатқанын пайдаланып, І-ға жаңа талаптар қойды. Жаңа үкімет ол талапты мойындап, Жапонияға тәуелді елге айнала бастады. 1917 ж. Ресейдегі Ақпан революциясынан кейін елде Сунь Ятсен басқарған ұлт-азаттық қозғалысы басталды. Қозғалыс Оңт.  І-да жеңіске жетіп, Сунь Ятсен Кеңес өкіметіне хат жазып, «империалистерге» қарсы бірлесіп күресуді ұсынды. 1923 ж. ақпанда, Кеңес өкіметі Сунь Ятсен басқарған Гоминьдан партиясының өтініші бойынша І-ға саяси, әскери кеңесшілер, қару-жарақ, т.б. көмек жібере бастады. 1927 ж. 18 сәуірде Гоминьдан партиясының оңшыл қанаты әскери төңкеріс жасап, билікті өз қолдарына алды. Оған қарсы 1921 ж. іргесі қаланған Қытай Коммунистік партиясы (ІКП) бірқатар көтерілістер ұйымдастырды. Сөйтіп, солт. аудандарда ІКП-ның басшылығымен Қытай Қызыл Армиясы мен Кеңестер деп аталатын өкіметтік органдар құрылды. 1930 – 36 ж. Гоминьдан өкіметі солт-ке үздіксіз жорықтар жасап, ІКП-ның базасын жойып жіберуге тырысты. 1931 жылдан бастап Жапония І-ды жаулап алуға кірісті. Солт.-шығыс І-ды басып алған жапондар орт. аудандарға ұмтылды. 1937 ж. шілдеде Жапония І-ды толық жаулап алу үшін шабуылға шықты. Олар Солт., Орт. І-дың едәуір бөлігін және Оңт. І-дағы теңіз порттарын басып алды. 1945 ж. 8 тамызда Кеңес өкіметі Жапонияға соғыс жариялап, Солт.-Шығ. І-ды және Ішкі Моңғолияны азат етті. КСРО жапондардан қолға түскен қару-жарақтар мен әскери техниканы ІКП-на беріп, оны күшейтіп жіберді. 1946 ж. басталған ІКП мен Гоминьдан өкіметі арасындағы азамат соғысы, 1949 гоминьдан әскерлерінің талқандалып, Тайвань аралына қашуымен аяқталды. 1949 ж. 1 қазанда Қытай Халық Республикасы жарияланды. 1950 ж. 14 ақпанда кеңес-қытай келісімі жасалып, ол бойынша КСРО ІХР-ға 300 млн долл. көлемінде көмек көрсетті. 1953 – 57 ж. тағы да бірқатар келісімдерге қол қойылып, КСРО І-ға 125 ірі өнеркәсіп орындарын салуға көмектесті. 50 жылдардың 2-жартысынан бастап Мао Цзедун бастаған ІКП басшылығы ұлтшылдық бағыттағы саясатты күшейтті. «Үлкен секіріс» саясатын жүргізді. Аз ұлттарға қысым күшейді. 1960 жылдан бастап кеңес-қытай шекарасы жиі бұзыла бастады. 1966 – 76 ж. «мәдени революция» саясатын жүргізді. «Үлкен секіріс» және «мәдени революция» жылдарында мыңдаған адамдар репрессияға ұшырады. Мао Цзедун қайтыс болғаннан (1976) кейін, 1978 ж. желтоқсан айынан бастап ІКП ОК елде Дэн Сяопиннің басшылығымен экон. реформалар жүргізе бастады. Бұл реформа нәтижесінде ІХР экономикасы тез дамып, халықтың тұрмысы күрт жақсарды. І. әлемдегі жетекші елдермен бәсекеге түсе бастады. 2003 ж. күзде ІКП ОК басшылығы ауысып, билікке жаңа буын өкілдері келді (Бұрынғы басшы Цзян Цзэминнің орнына Ху Цзиньтао тағайындалды).

Экономикасы. Соңғы 20 – 25 жылда І. экономикасы жоғары қарқынмен дамыды. Сыртқы сауда ел экономикасының 45%-дан астамын құрайды. Негізгі сауда серіктесі – Жапония, онан кейін АІШ пен Оңт. Корея. Шетел инвестициясын тартудан І. АІШ-тан кейінгі 2-орында. 1997 ж. 1 шілдеде ІХР-ға бұрын Ұлыбритания отары болып келген Сянган (Гонконг) аралы қайтарылды. Оған арнайы әкімш. аудан мәртебесі берілді. Сянганның қосылуы І. экономикасының дамуын жеделдетті. Бұл аудан дүние жүзіндегі аса ірі сауда және қаржы орт. болып табылады. Онда әлемдегі аса ірі 100 банктің 85-інің бөлімдері орналасқан.

Тайвань – Шығ. Қытай т-ндегі арал. Жер аум. 35961 км2. Халқы – 22 млн. (1998). Әкімш. орт. – Тайбэй (2,7 млн-нан астам). Халқының 97%-ы қытайлықтар. 1949 ж. ІКП-дан жеңілген Чан-Кайши өкіметі Тайвань аралына көшті. 1950 ж. өзара келісім арқылы аралға АІШ-тың 7-флоты кіргізіліп, одақтастық шарт жасалды. І. Тайвань аралын өзінің бір бөлшегі деп санайды әрі онымен «бір мемлекет, екі жүйе» принципі бойынша бірігуді ұсынып отыр. Ал Тайвань «бір ел, екі үкімет» принципі бойынша бірігуді қалайды. Жалпы Тайваньды әлемнің көпшілік елдері (соның ішінде Қазақстан) жеке мемлекет емес, І-дың бір бөлшегі деп есептейді. Әрі онымен дипломат. байланыстар жасамайды. Тайвань жеке мемлекет ретінде АІШ-тың әскери көмегі арқасында ғана өмір сүріп отыр. Олардың одағын Жапония қолдайды. Тайвань 2-дүниежүз. соғыстан кейін өте жоғары қарқынмен дамып, Шығ. Азиядағы Оңт. Корея, Сингапур сияқты аса дамыған елдердің қатарына кірді. 1997 ж. есеп бойынша елдің ішкі өнімі – 290 млрд. доллардан астам, кісі басына шаққанда – 13,3 мың долларға жеткен. Импортқа аса ірі мөлшерде компьютерлер, электронды тұрмыс тауарлары, киім-кешек, химия өнімдерін шығарады. 

Қазақстан мен ІХР арасындағы дипломат. қарым-қатынас 1992 ж. 3 қаңтардан бастап орнады. 1992 ж. ақпанда Алматыда І. елшілігі, Пекинде Қазақстан елшілігі ашылды. Екі ел арасында сауда-экон. мәдени, әскери байланыстар дами бастады. Қазақстан Президенті Н.Назарбаев Пекинде, ІХР төрағасы Цзянь Цзэмин Алматыда ресми сапармен бірнеше рет болды. 1994 ж. 26 сәуірде екі ел үкіметі шекара мәселесін түпкілікті шешу жөнінде келісімге келіп, шекара анықталды. 1996 ж. 26 сәуірде Шанхайда ІХР, Ресей, Қазақстан, Қырғызия, Тәжікстан басшылары шекара мәселелері бойынша Шанхай келісіміне қол қойды. 1998 ж. 3 шілдеде Шанхай келісіміне қатысушы – 5 ел басшылары Алматыда бас қосты. Сауда байланыстары тез өсіп келеді. Соңғы жылдары І-дан Қазақстан арқылы Еуропаға шығу (яғни Ұлы Жібек жолын қайта дамыту) перспективалары қаралуда.

Мәдениеті мен ғылымы.  Б.з.б. 6 – 3 ғ-ларда конфуцийшілдік, моизм, легизм мектептерінің қалыптасуы нәтижесінде І. философиясы пайда болды. Қытай халқы жаратылыстану және тех. ғылымдарының дамуына елеулі үлес қосты. Көптеген маңызды ғыл.-тех. жаңалықтар І-да басқа елдерден (соның ішінде Еуропа елдерінен де) бірнеше жүз жыл бұрын пайда болған (компас, сейсмоскоп, спидометр, қағаз, оқ-дәрі жасау, кітап шығару, т.б.). Математика І-да Хань әулеті тұсында-ақ дами бастаған. Ең көне жұлдыздар каталогін (807 жұлдыз) б.з.б. 4 ғ-да Ши-Шэн құрастырған. Күннің тұтылуы туралы ең алғашқы мәлімет І-да б.з.б. 720 ж. жазылған. Б.з.б. 138 – 126 ж. Чжан Цяньның Орта Азияға саяхат жасауы қытайлықтардың елдің батыс жағындағы  халықтарды зерттеуіне мүмкіндік туғызды және «Ұлы Жібек жолы» арқылы керуен жүргізіп, сауда жасауына жол ашты. Сун дәуірінде (960 – 1279) І. араб елдерімен, Кореямен, Үнді-қытаймен және оңт. аралдармен теңіз арқылы сауда жасауды күшейтті. Осыған байланысты І-да кеме жасау, теңіз қатынасы өрістей бастады. Медицина тарихы І-да 3000 жылға созылады. Медицинадағы ең көне кітап – «Нэйцзин» І. медицинасының дамуында үлкен рөл атқарды. Тұңғыш «фармакология» кітабы І-да жазылды. Инемен емдеу әдісі І. мед. әдебиетінде Сун дәуірі деректерінде кездеседі. І. дүние жүзінде бірінші болып селитраны оқ-дәрі жасауға пайдаланды. 16 ғ-да І-да оқ-дәрі шығарыла бастады. 3 – 5 ғ-ларда фарфор өндіру игерілді. Б.з.б. 6 ғ-да дүние жүзіндегі ең үлкен канал салу жұмысы басталып, ол 13 ғ-да Пекин мен Ханчжоуды су жолымен жалғастырды. Екінші бір үлкен құрылыс –  Қытай қорғаны. І. халқының дүниежүз. өркениетке қосқан аса зор үлесі – қағаз жасау (2 ғ.). Кітап шығару тарихы І-да 5 – 6 ғ-ларға саяды. І-да кітапты 2 түсті баяумен басу 1340 ж. жүзеге асырылды. 20 ғ-дың басына дейін І-да оқу жүйесі ертедегі классик. конфуцийшілдік діни кітаптарды оқытуға негізделіп келді. 1902 – 03 ж. оқу жүйесінде тұңғыш реформа жасалып, еур. үлгідегі мектеп жүйесі қалыптасты. 1953 жылдан негізгі ғыл. бағыттардың бірі ядр. физика мен энергетика саласындағы зерттеулер болды. 1964 ж. қазанда І-да тұңғыш рет ядр. құрылғы сыналды (жер бетінде). Ал 1967 ж. маусымда бірінші рет термоядролық құрылғы сыналды. 1966 ж. кезекті атомдық сынау кезінде басқару тетігі бар ракета қолданылып, ол бірнеше жүз км қашықтыққа ұшты. 1970 ж. І. бірінші рет Жердің жасанды серігін (ЖЖС), ал 1971 ж. 2-ЖЖС-н ұшырды.

Әдебиеті мен өнері. 3 мың жылдық тарихы бар І. әдебиетінің алғашқы поэтик. ірі туындысы – «Шицзин» («Жыр кітабы», б.з.б. 11 – 6 ғ-лар) халық жырларының жиынтығы. Көркем прозадан «Гоюй» («Патшалықтар тарихы»), «Чуньцю» («Жылнама»), филос. трактаттардан «Чжуан-цзы», «Сюнь-цзы», т.б. шығармаларды атауға болады. Тан дәуірінде поэзия мен новелла дамыды. Юань әулеті (1289 – 1368) дәуірінде қытай драмасы өркен жайды. Жаңа І. әдебиетінің негізін қалаушы Лу Синь (1881 – 1936) болды. 1921 – 22 ж. реалистік және романтик. бағыттағы әдеби топтар құрылды. Қазақ тіліне бірқатар шығармалары аударылып, жеке кітап болып басылды. (Лу Синь, «Әңгімелер», 1951, 1958; Го Можо «Әңгімелер», 1958; Лао Шэн «Рикша», 1960; «Мысықтар шаїары», 1972, т.б.).

І. өнерінің ежелгі ескерткіштері б.з.б. 3-мыңжылдықта пайда болды. Неолит дәуірінде жасалған керамик. бұйымдар сақталған. Инь мемлекеті тұсында айналасы дуалмен қоршалған қалалар пайда болды. Цинь мемлекеті (б.з.б. 221 – 207) кезінде Қытайдың ұлы қорғанының негізгі бөліктері салына бастады. Тан (618 – 907) және Сун (960 – 1279) мемлекеті дәуірлеп тұрған кезде қытай мәдениеті жан-жақты өркен жайды.

Қытай музыкасы дүние жүзіндегі ең көне мәдени мұралардың бірінен саналады. Б.з.б. 11 –  6 ғ-лардағы жазбаларда кездесетін «юэ» (музыка) сөзі поэзия, би, бейнелеу өнері деген ұғымдарды да қамтыған. Ежелгі қытай философы Конфуций тамаша музыканың мемл. құрылысқа игі әсері тиетіндіктен оның арнайы құрылымдық сипаты болу керек деп тұжырымдаған. Дәстүрлі қытай оркестрінде 100-ге тарта муз. аспаптар қолданылады. Олардың негізгілері: шекті – сэ, цинь, пипа, ху (эрху, сыху, баньху); үрмелі – сяо, пайсяо, шэн; соқпалы – барабан, шылдырмақ қоңыраулар, т.б.

Қытайдың театр өнері «байси» («жүз ойын-сауық») ойын түрінде пайда болған. Б.з.б. 2 – 1-мыңжылдықтың жазба ескерткіштерінде «чан-ю» («әнші актер»), «пай-ю» («қуақы», «комик») деген терминдер кездеседі. Тан дәуірінде (7 – 10 ғ-лар) ән мен бидің сахналық жаңа түрі – дацюй пайда болды. 8 ғ-дың орта шенінде Тан императоры Сюань-цзунь сарайының жанынан музыканттар мен бишілер, әншілер дайындайтын «Алмұрт бағы» («Лиюань») атты театр мектебі құрылды. 17 – 19 ғ-ларда көптеген жергілікті театрлар: банцзы, цинь-цян, юэцзюй, т.б. құрылды. 19 ғ-дың орта шенінде осы театрлар негізінде пекиндік муз. драма (цзинси) театры дүниеге келді. Қытай театрының негізгі сипаттары осы цзинсида толық қамтылған.

Әдеб.: Переломов Л.С., Империя Цинь – первое централизованное государство в Китае (221 – 202 г. до н. э.), М., 1962; Китай и соседи в древности и средневековье, [Сб. ст.], М., 1970; Борисов О.Б., Колосков Б.Т., Советско-китайские отнощения, 1945 – 1970;  Энциклопедия нового Китая, М., 1989.

Н. Алдабек

 

Бөлісу: