5 Желтоқсан 2012, 07:56
Баба Түкті Шашты Әзіз - қиындықтар мен түрлі кедергі-кесепаттарға тап болған адамды қолдаушы, батырларды желеп-жебеуші, баласы жоқтардың тілегін қабыл етуші, аян беруші әулие, әрі асқан батыр.
Фольклорлық дәстүрде Баба Түкті Шашты Әзіз бірде Ахмет Иасауидың түп бабасы, бірде Едіге батырдың бабасы ретінде дәріптеледі. Баба Түкті Шашты Әзіз бірде туралы шығармалардың алуан үлгіде кездесетіндігі сондықтан. Ислам дінінің қазақ арасына тарап, дәстүрлі ортада мұсылмандык шарттары атқарыла бастаған тұста да, қазақ ежелгі наным-сенімінен арыла қойған жоқ. Керісінше, мұсылман мифологиясының кейіпкерлері болған түлғаларды бүрынғы таным бойынша әулие, сопы, пірлердің қатарына енгізіп, оларға да сыйынатын болды. Мысалы, Баба Түкті Шашты Әзіз - қазақ батырларының жебеушісі болды. Қазақ фольклорында ол мифтік бейне ретінде қалыптасып, кейіпкерлер қиналған кезде демеуші, аян беруші аруақ түлғасында бейнеленеді. Сонымен қатар Баба Түкті Шашты Әзізге әулие-әнбие ретінде де, пір ретінде де сыйынады. Бақсылардың зікірінде Баба Түкті Шашты Әзіз сыйынудың негізгі обьектісі болды. Ол ауырғандардың немесе жаратқаннан бала сұрағандардың түсінде бірде олардың бабаларының бейнесінде, бірде диуана бейнесінде аян береді. Мысалы, «Алпамыс батырда» әулиеден бала сүрап, тентіреп жүрген Байбөрінің түсіне Баба Түкті Шашты Әзіз кіріп, әйелінің бір ұл, бір қыз табатынын айтады. Айдалада шеңгелді жерде ұйықтап жатқан Байбөрі мен Аналықтың жанына есекке мінген диуана кейпіндегі Баба Түкті Шашты Әзіз бүй дейді: Ей, бишара мүгедек, Жаныңызға не керек? Дейсің ғой маған ұл керек. Әулиені қыдырдың, Жердің жүзін сыдырдың Маңдайыңа төбе.пеп, Әрқайсысының әртүрлі Мәртебесі бір бөлек. Сен үиіін бәрі циналды, Бір жерге тегіс жиналды «Бір ұл бер» деп осыған Бір жаратқан құданың (Тура өзіне) жыпады. Мен де тұрдым ... Жаратушы жалғыз-ақ Дергейіне үнады. Ұнағанын сонан біл Бір қыз қосып сыйпады. Сексен сегіз серулер, Тоқсан тоғыз мың машайың Бәрінің көңілін қашады. Менің атым Шашты Әзиз, Қыпамын десең ықылас, Жарылқады жаратқан, Ей, бишара көзіңді aш! Ұлыңның аты Алпамыс, Қызыңның аты Қарлығаш...
Бұдан былайғы кезде Баба Түкті Шашты Әзіз Алпамыс қиналған уақытта оның пірі, һәм желеп-жебеушісі болды.
Қазақтар Баба Түкті Шашты Әзіздің қабірі қазақ жерінде - Қаратаудың солтүстік-шығыс жағында, Қызылкөлдің жағасында, бұрынғы Құмкент қаласының оңтүстігіне қарай бір шақырымдай жерде орналасқан деп есептейді. Бабата күмбезі Баба Түкті Шашты Әзіз қабірінің басына салынған. Үлкен қорымға кейінгі дәуірлерде бейіттер қосылып, үлкен өлі қалаға айналған. Алайда Баба Түкті Шашты Әзіздің өмірде болғаны туралы нақты ғылыми дерек жоқ.