Ақ от - мал азығы, малға сіңімді, жұғымды, тауда, биік құмдақ, тасты, көгалды жерде өсетін тұщы шөптердің түрлері. Суық ұрып (қазан ұрып), күздің ақ жаңбырына шайылған күзеудің шөбі де ақ от деп аталған. Ақ отты төрт түліктің бәрі бірдей жейді. Бірақ соның ішінде ақ оттың көбісі - жылқы малының негізгі азығының бірі. Ақ отқа ңамыс, жоңышқа, ажырық, көде, бетеге, селеу, жауылша, тарлау, жұмырқияқ және т.б. жатады. Бетпақдала шөлінде кездесетін ақ оттардан шырмауық, доңыз оты сияқты шөптер теңіз жағасында қамыс арасында да өседі.
Сыр қазақтары мал азығы ащы отқа сексеуіл, қара барқын, қара сораң, жантақ, күйреуік, жыңғыл, тал, жиде, тораңғы, торғай оты, балық көз, кекіре, ала бота, боз бота, жалмаң құлақ, бозды бас, көкбек, шыртылдақ, шытыр, қызғалдақ, теріскен, дүзген, ақ бас, теке сақал, бөргек, шайыр, құрғаш сияқты шөптерді жатқызады. Ащы шөптер негізінен шөлейіт жерлерде, яғни Қызылқұм, Қарақұмда көп өседі. Жайылымдар малдың жейтін отына байланысты таңдалды. Бір қызығы, ақ от түйеге тойым бермеген. Онымен азықтанған түйе жүдей бастаған. Сондықтан да ақ от өскен жерге жайған түйеге күшін сақтау үшін тұзды жиірек беріп, азықтандырудың қосымша әрекеттеріне жүгінген. Түйені алабота, көкбек, жирен, бөргек, қарсүқ, бұран, құрқара, қарабарқыт, балықкөз, жоштал, құрғаша, шайыр, шаңыр, жыңгыл, жас сексеуіл шыбығына жайған. Жылқы малын шөбі шүйгін, яғни тарлау, райық, қоянқарта, қаяқ, майқара, ебелек, зығыр, ергек, жусан, жүгерік, ақбас, көде өскен жерлерге жаяды. Жылқы малы сүйіп жейтін ақ оттың қатарына бидайық, бетеге, қоңырбас, ебелек, изен т.б. осы сияқты шабындық шөптерді жатқызған. Бұлардың екінші атауы - боз от. Шындығында «Бозды жерде жылқы семірер» деген мақал осы жайтқа байланысты қалыптасса керек.
Сиыр жусан, боттауық, буын сүйек, селеу, ши, ңамыс, көде, бетеге өскен алқаптарда жайылады. Қой малының азығының құрамы мейілінше мол болды. Қой малы жайылымындағы илайыр, жерен, бозғанақ, қызғалдақ, жауқазын, балқурай, жантақ, көкбек, жуа, жолкөк, қарпан, баялық, балауса, қараспан, киік оты, майшөп, балықкөз, торғай оты, қара барқын, сары сораң, күиітамыр, бұзаубас, тік санар, селеу, шалғын, торлау, жүзген, тоспашағыр, құртқашаш, аққоңырау, шырмауық, қартұяқ, теріскен, өлең, сарысулан, тіксанар, қарабұршақ, ақбұршақ сияқты және тағы басқа өсімдіктер Қазақстанның барлық аймақтарында кездеседі.