Франк мемлекеті

5 Желтоқсан 2012, 07:50

Франк мемлекеті, Франк империясы — Батыс Еуропада 5 ғасырдың аяғы мен 9 ғасырдың ортасында өмір сүрген ортағасырлық мемлекет. Атауы франктер тайпалар одағының атынан шыққан. Франк мемлетінің тарихы 3 кезеңге бөлінеді. “Меровингтер кезеңі”, “Майордомдар кезеңі”, “Каролингтер кезеңі”. 486 ж. сали франктері Хлодвиг X (481 — 511) басшылығымен БатысРим империясының Галлия провинциясын жаулап алғаннан кейін Франк мемлекетті пайда болды. Хлодвиг тұсында Франк мемлекеті орта және жоғары Рейн алабын бағындырды. Аквитаниядағы вестготтардың иеліктерін (507) және Рейннің жағалауындағы шығыс франктерін жаулап алу нәтижесінде кеңейді. Хлодвигтің балалары билеген кезеңде бургундар патшалығы (534), Прованс (536, алемандардың Альпі маңындағы иеліктері, тюрнгтердің Везер мен Эльба аралығында жерлері (6 ғасырдың 30-жылдары) және Дунайдағы баварлар Франк мемлекетіне бағынды (6 ғасырдың 50-жылдары). Майордом Карл Мартелдің (715 — 741) билігі кезінде араб әскерлері Испаниядан өтіп, Галлияға шабуыл жасады. Карл оларды 732 ж. Пуатье түбінде талқандады. Арабтар тарапынан төнген қауіп Карл Мартелді күшті атты әскер құруға итермеледі. 741 ж. Карл Мартелл қайтыс болғаннан кейін оның баласы Қортық Пипин таққа отырды. Лангобардтардан қысым көріп жүрген Рим папасының көмегімен 751 ж. франк ақсүйектерінің Суассондағы жиналысында ресми түрде франктер королі деп жарияланған ол Италияға, Лангобард корольдігіне қарсы екі рет жорық жасап, жаулап алған жерлерін Рим папасына сыйлады. Мұнда 756 ж. Папа мемлекеті құрылып, 870 жылға дейін өмір сүрді. Римдегі қазіргіВатикан мемлекеті сол “Пипин сыйлығының” жұрнағы болып табылады. Каролингтер әулетінің ең атақты королі Ұлы Карл (768 — 814) Франк империясын құрды (800). Ұлы Карл билігінің соңына қарай Франк империясы өзінің жер көлемі жағынан бұрынғы Батыс Рим империясына жақындады. Қарудың күшімен және Ұлы Карлдың беделімен құрылған Франк империясы ұзақ өмір сүрмеді. Карл өлгеннен кейін-ақ оның империясы ыдырай бастады. 843 ж. Карлдың балалары мен немерелері Верден қасында империяны бөлісу жөнінде келісім жасады. Империяүшке бөлініп, үш корольдік пайда болды. Кейіннен олардың орнына Франция, Германия және Италия мемлекеттері дүниеге келді. Карл мен оның мұрагерлері билік жүргізген кезең тарихта “Каролингтердің қайта өрлеуі” деп аталып кетті. 8 — 9 ғасырларда Франк мемлекеттінің экономикасы мен мәдениетінің дамуы біршама жанданды. Тың жерлерді игеру қолға алынды, қолөнері өркендеді. Жерорта т. жағалауын жаулап алуға байланысты сыртқы сауда өрістеді. Жерорта теңізінің мәдени орталықтарымен және Ирландиямен қарым-қатынас жолға қойылды.

Бөлісу: