Есіл ауданы

5 Желтоқсан 2012, 07:45

Есіл ауданы – облыстың солт.-батысындағы әкімш. аудан. Солт-нде Солт. Қазақстан обл. Ғ.Мүсірепов, шығысында Жақсы, оңт.-шығысында Жарқайың, батысында Қостанай обл-ның Қарасу аудандарымен шектеседі. 1930 ж. Ақмола округінің Пролетар және Атбасар аудандарының жерінде орт. Қима а. болып құрылған. 1936 ж. Солт. Қазақстан обл. құрылған кезде сол облыстың құрамына енген. 1955 ж. ҚазКСР Жоғ. Кеңесі Төралқасының Қаулысымен бұл жерде орт. Баранкөл кеңшары болған Баранкөл ауд. және орт. Қима а. болатын Қима ауд. құрылды. 1939 ж. Е. а-ның орт. Ақмола – Қарталы т.ж-н салуға байланысты құрылған Есіл ст-на көшірілді. Әкімш. орт. – Есіл қ. Әкімш.-аумақтық құрылымы бойынша 31 елді мекен 1 қалалық, 1 кенттік, 21 ауылдық округке біріктірілген. Тұрғыны 29,6 мың адам (2008), этн. құрамы бойынша қазақтар 25,9%, орыстар 38,9%, украиндар 15,5%, немістер 5,4%, беларусьтер 4,1%, татарлар 3,2%, башқұрттар 1,3% және 5,7%-ы басқа ұлт өкілдері. Жерінің аум. 8,0 мың км2. Жер бедері жазық, ұсақ шоқылы. Солт-нде қара топырақ, оңт. бөлігінде күңгірт қызыл қоңыр топырақ тараған. Бетеге, боз аралас өскен шөптесін жамылғысы басқан. Аудан жерінен Есіл өз. ағып өтеді, оған жазда құрғап қалатын Қарақол, Қызылсу, Жаныспай салалары құяды. Үлкен көлдері: Обалыкөл, Жы-ландыкөл (тұщы). Климаты тым континенттік: қысы суық, қары жұқа (20 см), жазы ыстық әрі құрғақ. Ауаның жылдық орташа темп-расы қаңтарда –17 – 18ӘС, шілдеде 20 – 21ӘС. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлш. 300 – 350 мм. Экономикасының басты саласы а.ш. өнімдерін өндіру және қайта өңдеу. Облыс бойынша өндірілетін өнімнің ішіндегі 7,5% астық, 2,2% картоп, 1,7% жұмыртқа, 3,6% сүт, 2,8% көкөніс дақылдары, 6,2% ет өнімдері, 1,8% жүн осы аудан- ның еншісінде. Өнеркәсіп орындары а.ш. өнімдерін қайта өңдеумен айналысады. 23 наубайхана, 6 диірмен, 3 мал соятын цех жұмыс істейді. «Есіл-ұн» диірмені, «Есіл бор комбинаты», «Есіл май айыру комбинаты» ЖШС-тері, құрылыс материалдарын шығаратын «Наргиз» ЖШС цехы іске қосылған. 1400 шағын кәсіпкерлік нысандары тіркелген. Жалпы білім беретін 31 мектеп (оның ішінде 27 орта, 3 орталау, 1 бастауыш), 1 муз. мектеп, жасөспірімдер шығармашылығы үйі, балалар үйі, 3 балалар бақшасы бар. Ауд. орт. аурухана, 3 ауылдық телімдік аурухана, ауд. емхана, 5 дәрігерлік амбулатория, 19 мед. пункт жұмыс істейді. Аудан арқылы 393,8 км автомоб. жолы өтеді, оның 193 км респ. маңызы бар жолдар. Е. а. Астана қ-мен Астана – Тобыл және Есіл – Арқалық т.ж. арқылы жалғасқан. Есіл т.ж. ст. арқылы Қостанай – Алматы, Қостанай – Қарағанды пойыздары өтеді.  

Есіл ауданы – облыстың солт.-батысындағы әкімш. аудан. Солт-нде Солт. Қазақстан обл. Ғ.Мүсірепов, шығысында Жақсы, оңт.-шығысында Жарқайың, батысында Қостанай обл-ның Қарасу аудандарымен шектеседі. 1930 ж. Ақмола округінің Пролетар және Атбасар аудандарының жерінде орт. Қима а. болып құрылған. 1936 ж. Солт. Қазақстан обл. құрылған кезде сол облыстың құрамына енген. 1955 ж. ҚазКСР Жоғ. Кеңесі Төралқасының Қаулысымен бұл жерде орт. Баранкөл кеңшары болған Баранкөл ауд. және орт. Қима а. болатын Қима ауд. құрылды. 1939 ж. Е. а-ның орт. Ақмола – Қарталы т.ж-н салуға байланысты құрылған Есіл ст-на көшірілді. Әкімш. орт. – Есіл қ. Әкімш.-аумақтық құрылымы бойынша 31 елді мекен 1 қалалық, 1 кенттік, 21 ауылдық округке біріктірілген. Тұрғыны 29,6 мың адам (2008), этн. құрамы бойынша қазақтар 25,9%, орыстар 38,9%, украиндар 15,5%, немістер 5,4%, беларусьтер 4,1%, татарлар 3,2%, башқұрттар 1,3% және 5,7%-ы басқа ұлт өкілдері. Жерінің аум. 8,0 мың км2. Жер бедері жазық, ұсақ шоқылы. Солт-нде қара топырақ, оңт. бөлігінде күңгірт қызыл қоңыр топырақ тараған. Бетеге, боз аралас өскен шөптесін жамылғысы басқан. Аудан жерінен Есіл өз. ағып өтеді, оған жазда құрғап қалатын Қарақол, Қызылсу, Жаныспай салалары құяды. Үлкен көлдері: Обалыкөл, Жы-ландыкөл (тұщы). Климаты тым континенттік: қысы суық, қары жұқа (20 см), жазы ыстық әрі құрғақ. Ауаның жылдық орташа темп-расы қаңтарда –17 – 18ӘС, шілдеде 20 – 21ӘС. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлш. 300 – 350 мм. Экономикасының басты саласы а.ш. өнімдерін өндіру және қайта өңдеу. Облыс бойынша өндірілетін өнімнің ішіндегі 7,5% астық, 2,2% картоп, 1,7% жұмыртқа, 3,6% сүт, 2,8% көкөніс дақылдары, 6,2% ет өнімдері, 1,8% жүн осы аудан-
ның еншісінде. Өнеркәсіп орындары а.ш. өнімдерін қайта өңдеумен айналысады. 23 наубайхана, 6 диірмен, 3 мал соятын цех жұмыс істейді. «Есіл-ұн» диірмені, «Есіл бор комбинаты», «Есіл май айыру комбинаты» ЖШС-тері, құрылыс материалдарын шығаратын «Наргиз» ЖШС цехы іске қосылған. 1400 шағын кәсіпкерлік нысандары тіркелген. Жалпы білім беретін 31 мектеп (оның ішінде 27 орта, 3 орталау, 1 бастауыш), 1 муз. мектеп, жасөспірімдер шығармашылығы үйі, балалар үйі, 3 балалар бақшасы бар. Ауд. орт. аурухана, 3 ауылдық телімдік аурухана, ауд. емхана, 5 дәрігерлік амбулатория, 19 мед. пункт жұмыс істейді. Аудан арқылы 393,8 км автомоб. жолы өтеді, оның 193 км респ. маңызы бар жолдар. Е. а. Астана қ-мен Астана – Тобыл және Есіл – Арқалық т.ж. арқылы жалғасқан. Есіл т.ж. ст. арқылы Қостанай – Алматы, Қостанай – Қарағанды пойыздары өтеді.
 

Бөлісу: