5 Желтоқсан 2012, 07:45
Бүкiл қытай жазуын 19 түрлi вариантта жасап берген ежелгi ғалымдардың арасында Көктүрiк Бабаның орны ерекше. Сонау тас дәуiрiндегi кезеңде бүкiл қытай жазуын қағазға түсiрген ғұламалардың барлығы Пайғамбар екені аты-жөнінен белгілі. Атауы баршаға таныс Иузитити 24 Миңатимти Пайғамбардың арасынан 19 кiсi бүкiләлемдiк деңгейдегi оқу-ағарту iсiн қолға алып, керектi жазу үлгiлерiн реттеп берген. Соған дейiн бұл жерде 124 түрлi жазу үлгiсi қолданылған. Оның бiрталайы бүгiнге дейiн жоғалмай жеттi. Солардың бiрi Ашамай жазуы мен Бұтақты жазуы. Үндiқытай түбегi мен Жапон архипелагындағы жас халықтарға арнап әдейi шығарған иероглифтердiң жалпы бейнесi қазiргi жазуынан басқа болатын. Каллиграфиялық үлгiмен жазылған оның барлығы аса тығыз информациялы 77777 таңба. Сол жетпiс жетi мың жетi жүз жетпiс жетi түрлi қытай таңбаларының әрбiреуiнде Хара Хаңлының бiр жүз сөзi кодпен жинақталған. 7777777 таңбалы Хара Хаңлының сөздерiн осы 77777 қытай таңбалары бойда жасырын ұстаған. Бұның бәрi каллиграфиялық жазудан ғана оқылады. Иә, Құранды Аспан үстiнен түсiрген баяғы Мұз дәуiрiнде осындай 7777777 таңбалы Хаңлы сөздерiн де дәп сол биiктен жерге берiптi. Әлемдiк орталықтан түскен жетi миллион жетi жүз жетпiс жетi мың жетi жүз жетпiс жетi сөздi Хааан Жуууаңшити аталған әлгi 77777 Хааанжи iшiнде жасырып берген 19 пайғамбардың бiреуi Есiк қорғандағы Алтын адам. Қазiргi қытайлар мен жапондар кейiнгi кезеңде өзгертiп, жаттауға оңайлатып алған бiрнеше мың канджи — Хан жазуы орыс тiлiнде иероглиф деп қате айтылуда. Иероглиф — Хааанжи бiтiмiндегi жазулар емес. Тұңғыш өмiрдегi Хааан Жуууаңши атауынан Жуаңши бөлiгiн бүгiнге әкелген Жуантөбе атауының барлығы Көк Түрiктiң қолымен үйiлген төбелер. Соның бiреуiнде ғана өзi жатыр. Есiк қорғандағы Алтын адамның барлық мүлкiн өз қолымен тиесiлi мәлiметтердi солардың бетiнде асықпай таңбалаған ұлы данышпан Адам Атамыз бүгiнгi ұрпақты бұншалықты ақылсыздыққа ұшырайды демеген ғой. Анау 77777 санды Хааанжи таңбаларына өздерi жасырған баяғы 7777777 таңбалы Хара Хаңлы сөздерiн бiр-екі қорғанда iшiндегi ұсақ-түйек заттарымен сондағы киiмдерiне жазып кеткен ғой. Оның ешқайсысы да бізге таныс қазіргідей әріпті жазу емес. Осының мәнін түсіне алмаған археологтар қорған ішіндегі заттардың табиғи ретін бұзып, тек дорбалауды білді. Бұл ғана емес, кез-келген Сақ қорғанын ашқанда анықтама жазуларын тас-талқан қылған. Қорған ішіндегі көлемді жазулар осылайша жойылып жатты. Осындай да бiлiмсiздiк болады екен-ау.
Кез-келген Сақ қорғанда жазулы информациялар бар. Олардың өзгеден бұрын археологтардың қолымен жойылуы шектен асқан надандық. Археологтарда өз мамандығына сай бiлiмi болса анау 1923 жылы ашылған Тутанхоманың тарихы көпшілікке бiрден танылар едi. Оның орнына Тутанхоманың үлкен бриллианты елден жасырын ұрланды. Ал ұрлануға келмеген анау алтын саркофаг ашық көрсетiле бастады. Жалпы алғанда кез-келген Сақ қорғанды ашу ісі ұрлықсыз өтпеген. Май шайқаған бармағын жалайды. Сырттағылар одан қалғанын көредi. Тiптi Сақ қорғандарындағы алтын тебендерге дейiн ұрланып келдi ғой. Сақ қорғандарды жасақтау iсi қазiргi археологтардың кешегi оқытушылары айтып келгендей «өлген соң көр iшiнде тiрiлiп, сол заттарды өзi пайдалансын деген соқыр сенiммен қойылған» емес. Қорғандағы заттар мынау кезеңдегi халықтар өркениет пен дiннiң шындығын түйсiгiнде тарих арқылы оятсын деген есеппен қойылған. Қазiргi ұрпақтың бiлiмсiздiгiнен ол заттар өзiнiң тиесiлi функциясын атқара алмады. Бостан-босқа дорбаланып, жеке қолда кеттi. Сырт көзден жасырын, қоршау iшiнде ашылған Сақ қорғандардың қалған-құтқан заттары мұражайларда тұр десек те, оның пайдасын көрiп отырған халық жоқ. Әнеки, Есiк қорған жайында ештеңе айтылмаған соң бұл жерден табылған Алтын адамның беделi Есiк тұрғындары үшiн жоққа айналды. Тарихқа қызмет етпеген археология да сондай сәттiк ермек. Осындай сәттiк ермектер бiздің қанша саланы жайлап алды? Үкiмет бөлiнген қаржының есебiн талап етпесе бұндай ұяшықтар көбеймей қайтсiн?
Көк Түрiктiң пирамидасы археологиялық жеке меншiкке айналмауы тиiс. Бұл орынды ашар кезде Түркияның ғалымдары мен мәдениет саласындағы қызметкерлерi қатысуы керек. Өйткенi, бұл Көк Түрiктiң Аюбхааан деген есiмi бар. Хааан Жи жазуын құрастырған тас дәуiрiнде бұл Көк Түрiктiң Ли Бао деген есiмi болған. Бұл да аса шифрлы атаудың бiрi. Анау Жапаңитузи жерiндегi өркениет ошақтары түгелiмен осы Махсилланың басқаруымен iске асқан. Оның есіміндегі Силла атауымен қазiргi Кореяның ежелгі өркениеті қаланды. Көк Түрiктiң Гоган есiмi қазiргiлер айтып жүргендей «немiстiң аты» екенi рас. Германиядағы Алмания жерi мен Англияның тарихи атауы Албиония бiздегi Албан батырдың есiмiмен байланысты. Албан батырдың Раинбек деген де аты болған. Германиядағы Раинбек жерi содан берi сақталып келген аса маңызды нүкте. Бұдан үш ғасыр iлгерiде өмiр кешкен Раинбек батырды қайсыбiреулер Раимбек деп жүр. Шындығында ол ежелгi Раааинбеги. Бұл есiмнің iшкi шифры осылай жазсаң ғана ашылады. Көк Түрiктiң шынайы аты қандай деген сұрақ болса оған жауап беруге бiз дайынбыз. Тиесiлi затымен көзге көрсетiп дәлелдеуге де дайынбыз.
Есiк қорғандағы 26 таңба арқылы Көк Түрiктiң мұрағатын 2000 жылы iздеп тапқанда бiзге тас бетiндегi таңбалар нұсқаушы болған едi. Таңбалардың сыры тереңге меңзейдi. Сақ қорғандардың сыры да сол таңбалардың тексiнде айтылған. Былайша айтқанда, бұл Гоган жерi әлемдiк орталық ретiнде жалпы таңбалардың бас кодын өзiнде сақтаған ғажап нүкте. Сондай себептен де анау Египетке бармай-ақ көне Каирдың бастапқы тарихын осы жерден-ақ оқып бiлуге болады. Сол секiлдi Греция тарихы бар. Ұлы Қытайдың қазiргi астанасында сақталған көне дәуiрлiк мәнажат сарайын дәп сол орынға кiмдер тұрғызды және не үшiн солай жасады? деген сұрақтың жауабы да мына Қазақстандағы тас бетiнде жазулы!
Бiр сөзбен айтқанда, бұндағы Көк Түрiктiң пирамидасы қытай мен жапон ғалымдарының көзiнше ашылуға тиiс. Үндiстан сол екеуiнiң ортасындағы бiздiң жер. Осындағы үш түрлi жазу үлгiсiн де Гогандағы Көк Түрiк шығарып берген. Бiр өзiнде 89 түрлi лақап аты бар бұл Көк Түрiк бiзге аты таныс болғанымен заты мүлдем белгiсiз болып келді. Әл Фараби екiншi ұстаз екенi де рас жағдай. Ең бастысы бұның Арап аты екенiнде... Көзге түскен Сақ қорғандарын дереу ақтарып iшiндегi ұсақ-түйегiн дорбалап әкетуге дағдыланған жаңа замандағылар өздерiнiң сол iсiмен жалпы адамзатқа орасан кесiр келтiрдi. Бiлуге тиiстi көне тарих танылмай қалды. Сақ қорғандағы сүйек иесi аты-жөнiмен әйгiленуi керек едi. Оның бәрi белгiсiзге айналды. Бәрiнен де жаманы сондай қорғандарда жасалған ұрлық iстерде. Мысалы, көзiңше ашылған Есiк қорғанның барлық заты Үкiметке түгел тидi ме? Жоқ әрине. Үйреншiктi әдетпен бұл жерден де жымқырулар өттi. Анау 26 таңбаның жасырын тексi ашылса қорған iшiндегi заттардың атауы айтылып тiзiмi берiлерiн бұл қорғанды қазушылар бiлмедi. Осыдан iзсiз кеткен бiрнеше затты жалпы жұртқа атап айтсақ, олар мынандай: 1. Бiр қолында күмiс зеренше, екiншi қолында аса үлкен гауһар кесегi болған Адам Атаның төрт жүзiгiнiң екеуi гауһар көздi екен, бұлар қайда? 2. Сах патшаның тұңғыш ұлы екенiн дәлелдейтiн заттық белгi сегiз бұрышты бриллиант жұлдыз бас жағында болған. Онысы қайда? 3. Адамзат өмiрiнде бiрiншi математик ретiнде кеудесiне алтын «+» таңбасын қойып жатқан. Бүгінгілер қателесіп, орысқа жапсырып жүрген «+» таңбасы өмірдегі тұңғыш математиктің символикасы ретінде шыққан, айналасы өрнектелген көркем бұйым болған. Оны Есік қорғаннан кім ұрлады? Ол алтын қайда? Айналасы ою-өрнектi болып жасалған аса көркем бұндай «+» сонша салмағымен кiмнiң қалтасына түстi? Онымен салыстырғанда әлгi алтын тебендер мен алтын сұлы, алтын масақтары болымсыз көлемдегi ғой. Сақ қорғандардың iшiндегi жасау-жабдығы жалпы түрде Үкiметке белгiсiз болған соң жай халық одан тiптi де хабар сыз деген iшкi сенiм кез-келген археологиялық топты батыл қимылдатады. Египеттегi Тутанхома да солай ашылды. Ондағы шындық әлiге дейiн жасырын. Мынау Гогандағы Көк Түрiктi Тутанхома секiлдi ендi алдай алмайсың. Бұл кiсi өзi Пайғамбар болған соң мынау эрадағы өмiрдiң түр-түсiн сол кезеңде алдын ала көре бiлген. Мұрағаты жайында барлық деталын та себеттерiне алдын-ала тiркеп кеткен. Сақ дәуiрiндегi әрбiр ер кiсi қартайғанда жататын жер қабатын өзi саналы түрде алдын ала даярлайтын болған. Керектi заттарын да өзi жасап орналастырған. Ең соңында сүйек қана басқа қолдармен жеткiзiлген.
Анау Шығыс Қазақстан жерiнен табылған Алтын адам да барлық жасауын өзi даярлаған ел билеушi. Оның есiмi бiзге белгiлi. Биылғы жылы Қошқарбай шатқалынан ашылған қорған иесi де белгiлi кiсi. Оны археологтар «әйел заты» деп елдi шатастыруды. Қолындағы «қолайна» мен ежiр ыдысқа бола әйел деу кешiрiмсiз. Көк Түрiк Аюбхааанның мұрағаты жасырын пирамиданың iшiнде. Бұны бiз 2001 жылы iздеп барып тапқан едiк. Iшкi жағында қандай заттары барын сол Аюбхааанның жартастағы жазуларынан оқып бiлген соң 2003 жылы 1 қыркүйекте екi телеграмма жiбердiк. Оның бiреуi Президент Н.Назарбаевтың атына, екiншiсi сол кездегi Мәдениет және қоғамдық келiсiм министрi М. Құлмұхаммедке жолданды. Бірақ телеграммалардың бiрде бiреуiне жауап қайтарылмады. Содан берi бұл жасырын пирамиданың мәселесi бiрнеше халық депутатына арнайы хат түрінде баяндалды. 2005 жылдың 31 мамыр күнi сол кездегi Премьер-министр Д. Аметовтың атына да үш беттiк бiр хат барды. Оған да жауап жоқ. Тiптi бұл пирамиданың iсi халықаралық деңгейде болған соң сол кездегi Сыртқы Iстер министрi Қ. Тоқаев мырзаның атына да сол 2005 жылы 14 шiлде күнi бiр хат барған. Сыртқы iстер министрiнен сонда өтiнген мәселем, Әл-Фараби екiншi ұстаз — Аюбхааанның Жапония елiне арнап қойылған Амур патшаның гауһар тәжi жөнiнде едi. Сол гауһар тәждi ашқан күнi оны Жапония мемлекетiне тапсыруды бiз министрден алдын ала өтiнген едiк. Сол секiлдi көптеген елдерге арнап қойылған бұл Хааанның қымбат бағалы сыйлықтары бар екенiн бiз оның өз жазуынан алдын-ала оқып бiлдiк. Бұл арадағы Түркия мемлекетiне тиесiлi пирамида iшiндегi басты сыйлық жеке қобдиша iшiнде деп айтылған. Адресатты сыйлықтар бүгiнгi елдерiне жiберiлуi керек.
Осының бәрiн бұл пирамида ашылмай тұрып жалпы жұртқа жариялаудағы мақсатымыз үш нәрсемен байланысты:
1. Өз кезiнде 89 түрлi есiммен өмiр кешкен планеталық даңқты бұл Хааанның анау тас бетiндегi жазуда айтқан өтiнiштерiн бүгiнгi жұрт толығымен 100 пайыз мөлшерде орындауға тиiс. Бабамыз атап көрсеткен сыйлықтарды тарату керек.
2. Қазiргi қазақ қоғамы Аюбхааан төренi басы бүтiн бiлмейтiндiктен де оның бар дүниесiн тек қана археологтар ақтарып, заңды шаруаларын iстей берсiн дегендей қате түсiнiкпен келедi. Осындай қате ұстанымның кесiрi бiздiң жерден ашылған үш Алтын адамға тидi. Олардың кiм екенiн әлiге дейiн бiлмейсiң. Қасындағы заттары тиесiлi функцияны атқара алмай босқа дорбалануда. Мынау Аюбхаааның мұрасы дәп сондай быт-шыт боп, талан-таражға салынса бұдан кейiнгi бiздiң өмiр құлама жардың шетiнде екенiн қазiрден ескертуге мәжбүрмiн. Өйткенi, бұл Аюбхааан екiншi ұстаз Әл-Фараби бүкiл планета халықтары үшiн аса қымбатты тарихи тұлға. Оның Африка құрлығындағы елдерi арасында Египет пен Судан, Алжир, Марокко мен Эфиопия бар. Оңтүстiк Америкадағы Сааалатинати қазiргi тiлде Латын Америкасы деп отырғаның түгелiмен осы Аюбидiң әртүрлi псевдонимiндегi елдi мекендер. Мадагаскар да соның атында. Солтүстiктегi Аляска жерiн де осы Алиасхар бидiң бастауымен барып бiрiншi рет ашқан соң есiмi топонимге айналды. Тiптi Солтүстiк мұзды мұхиттағы Антарахтиданың атауы да осы Аю бидiң Тарахты деген атымен байланысты. Солтүстiк жарты шардағы Тарахты елдерi мынау қазақ арасынан бастап Украинадағы Дон бойына дейiн жайлаған. Тiзе берсек, бұндай географиялық атаулардың өзi том-том кiтапқа айналады. Аю бидiң дарыны өлшеусiз болған соң да оның Хасхрбег пен Жолбарыс деген де лақап есiмдерi бар. Кiм екенiн әлiге дейiн зерттеушiлер таппаған оның Буитур есiмi Қара теңiз жағалауымен байланысты. Осы Қара теңiздiң өзi де Аю бидiң атында... Египет атауының өзі Көк Түріктің кезекті бір есіміндегі: Эгеипетитити Бихаи Гогити Турхти — қысқаша Эгеибитух. Египеттің алғашқы билеушісі осылай аталған. Бұл есім көне тарихи кітаптарда да бар.
Анықтама: Көк Түріктің жасырын пирамидасы жалпы түрде 24 метр биіктікте болғанын жартастағы ескерту жазулары айтып тұр. Алайда, біздің кезеңдегі 1983-1985 жылдарда бұл төбені Совет органдары телехабар таратудың бір ретрансляция орталығына айналдырмақ болыпты. Төбенің үстіне ДТ-54 маркалы өте ауыр шынжыр табанды трактор-бульдозер шығып, төбе тұсты жайпақтапты. Және де бір металл бағана шаншыған. Осындай жұмыс барысында пирамиданың жоғарғы төбесі қиратылған. Шамамен 5-6 метрлік биіктігін төбе жақтан жоғалтқан. Топырақ пен ішкі пирамида арасындағы тас қамал бұл нүктені әлгі алапат салмақты дәу трактордан қорғап қалыпты. Сонда да болса пирамиданың ең жоғарғы төбесі күйреген. Ұшар бастағы көркемдік жойылғаны сонша қызыл кірпіштердің трактор үгіткен сынықтары бергі кезеңге дейін төбенің айналасында жатты. Сонда бұл пирамиданың қазіргі биіктігі 18 метр ғана.