ӨНЕРТАНУ – өнерді зерттейтін қоғамдық ғылымдар жиынтығы. Ө. бүкіл көркем мәдениеттің бәрін тұтас зерттейді және өнердің әр саласын өзінше жеке-жеке қарастырады. Өнердің пайда болуын, өркендеу-қалыптасу сатыларын, адамзат тарихынан алатын орнын, атқаратын қызметін, мәдениетпен және басқа да құбылыстармен арақатынасын нақтылайды, көркем шығармалардың мазмұны мен түр мәселелерін анықтайды. Музыкатану, театртану, кинотану, әдебиеттану, т.б. Ө-ға жатады. Ө. ғылымы мұнымен бірге көркем өнердің кеңістіктік және пластик. түрлерін (архитектура, кескіндеме, мүсін, графика, сән және қолданбалы өнер) де талдайды. Архитектуратану және тех. эстетика Ө. ғылымы шеңберінен шығып, әлеум. және тех. сипаты бар арнаулы мәселелерді де зерттейді. Барлық Ө. ғылымдары бірімен-бірі тығыз байланысты өнер теориясы, өнер тарихы және көркем сын деп аталатын негізгі үш саланы қамтиды. Өнер теориясы дәуір талабын, эстет. талғам-тілекті ескере отырып, қоғамның пластик. өнер және оның жеке түрлері жөніндегі әлеум.-филос. көзқарастарды қорытып, әрі дамытып отырады. Ол өнердің идеялық мазмұны, танымдық мәні, көркемдік тәсілі, көркемдік формалары, бейнелеу құралы, өнер техникасы мен технологиясы, түр мен жанр ерекшелігі, т.б. мәселелерді өзара байланысты күйінде алып зерттейді. Сонымен қатар өнердің жалпы заңдылықтарын, объективті логик. дамуын, қоғаммен арақатынасын, ұжым мен жеке адамдарға әсерін жан-жақты қарастырады. Өнер тарихы өнердің даму жолын дүниежүз. көлемде тұтас не кейбір елдің немесе жеке дәуірдің өнерін де зерттеп бағалайды, өнердің белгілі бір түр немесе бүкіл бір бағыт пен ағымның пайда болу, жетілу-толысу себептерін түсіндіреді. Көркем сын заманауи көркем өнер құбылыстарын, қазіргі өнердің жанрлары мен түрлерін, бағытын, өнер шеберлерінің шығармалары мен туындыларын талдайды әрі бағалайды. Өнер құбылыстарының өмірмен, уақыттың қоғамдық идеалдарымен қатысын адам мүддесі тұрғысынан алып тексереді. Теор. немесе тарихи мәселелерге арналған теор. трактат, суреткер парызы жөнінде толғаныс, теор. немесе тарихи зерттеу, жалпы немесе арнаулы еңбектер (монографиялар) мақала немесе баяндама, күнделікті көркем өмірдің аталған немесе басқа да мәселелерін қамтитын шолу-сын немесе этюд, т.б. Ө-дың негізгі салалары мен әдеби жанрлары ретінде айтылмыш міндеттерді жүзеге асырады. Ғылымның жеке бір саласы ретінде Ө. қоғамдық және нақтылы ғылымдар тәсілін де қолданады. Көркем шығарм. болғандықтан, эстет. түйсік және талғам мен танымға көбірек бой ұрады. Өнер сыны, тарихы, теориясы бір-бірімен және эстетикамен тығыз байланысты болып табылады. Қазба жұмыстарын жүргізу және экспед-лар шығару арқылы қалпына келтіру, өңдеу жұмыстарын ұйымдастыру, ескерткіштерді анықтау, оларды тіркеу және жүйеге түсіру, суреткер мен шығармалар жөнінде мәліметтер жинау, мұражайлық және көркемдік ғыл. каталогтар, өмірбаяндық, т.б. да анықтамалар жасау, суреткердің әдеби мұраларын, естеліктерін, хаттары мен мақалаларын бастырып шығару сияқты жұмыстар Ө. ғылымының ғыл. өрісін кеңейте түседі.
Өнер теориясы мен тарихының көптеген маңызды қағидалары Ежелгі Грекияда қалыптаса бастады. Б.з.б. 4 ғ. эстетикасында өнерді Аристотель танымның шығарм. формасы деп есептесе, Платон оған бақилық хақиқат, ерекше идеялардың шұғылаланған көшірмесі деп қарады. Мүсінші Поликлет (б.з.б. 5 ғ.), кескіндемеші Евфранор, Апеллес және Памфил (б.з.б. 4 ғ.) трактаттарында негізінен иконография, стилистика мен тех. мәселелерге назар аударылды. Плиний (үлкені, б.з. 1 ғ-ы) көне өнер жөніндегі тарихи деректердің жинағын жасады. Осы тұста Азия елдерінде де өнер мәселелеріне арналған трактаттар жазылып, кең тарай бастады. Бұл трактаттарда құрылысшылар мен суретшілерге нақтылы нұсқаулар айтылумен қатар ішінара діни-мифол. аңыздар мен өнер тарихы да жасалды. Табиғатты танудың филос.-эстет. мәселелері, әсемдікке көзқарас және өнер тарихы жөнінде ортағасырлық қытай трактаттарында (Се Хэ, 5 ғ., Ван Вей, 8 ғ., Го Си, 11 ғ.) көптеген құнды деректер бар. Ортағасырлық Таяу және Орта Шығыс трактаттарында (Сұлтан Әли Мешхеди 16 ғ., Қази-Ахмед 16 ғ-дың соңы, Садиги-бек Афшар 16 – 17 ғ-лар) өнер иелеріне ұсыныстармен қатар ислам уағызы, ағартушылық мәселелері де қамтылды. 18 – 19 ғ-ларда Жапония өнері жөнінде трактаттар (Нисикава Сукэнобу, т.б.) пайда болды. Ортағасырлық Еуропа өнер теориясы теол. көзқарастың бір бөлігіне айналды. Ө. ілімінің дербес ғылым ретінде қалыптасуы Қайта өркендеу дәуірімен тығыз байланысты. Филиппо Виллани, Ченнино Ченнини (Италия, 14 ғ.) еңбектерінде өнердің көне принциптерін қайта жаңғырту концепциялары белгіленді. Қайта өркендеу дәуірінің шарықтау шегінде Леонардо да Винчи кескіндеме және оның ғыл. негіздері мен мүмкіндіктері туралы терең ой-пікірлер айтты. 16 ғ-дың басында Германияда А.Дюрер әсемдіктің табиғат пен кескіндемедегі көріністерінің көп қырлылығы жайына тоқталып, олардың өзара үйлесімі туралы ілім жасады, антропометрия әдісін болжады. Венецияда П.Аретино суреткерлер мен көрермендерге көркем сынның көшбасшысы есебінде танылды. 17 ғ-да Еуропада өнер мәселелеріне арналған әдебиеттер көптеп шығып, кең көлемде тарай бастады. 18 ғ-дағы Ағартушылық дәуірінде Ө. өзінің негізгі үш саласы бойынша дербес ғылым есебінде біртіндеп қалыптасып, филос. және тарихи негізделді. Қоғамдық-сыншыл ой-пікірлердің дамуына байланысты француз әдебиетінде сезім, талғам өлшемі (Ж.Д. Дюбо) пайда болды, көрмелерге арналып сын-шолулар (Лафон де Сент-Йенн) шығарылды.
Ө. 19 ғ-да өз алдына ғылым болып қалыптасты. Оның дамуында Ұлы француз революциясы, И.Кант, Ф.В. Шеллинг, ағайынды А. және Ф.Шлегельдер, әсіресе, Г.Гегельдің эстет. тұжырымдары елеулі рөл атқарды. Археол. зерттеулердің кең құлаш жаюы, өнердің дамуы жөніндегі аса құнды деректердің молынан жиналуы, көптеген көркемөнер мұражайларының ашылуы кәсіби өнер ғылымы тарихының тез қалыптасуына қолайлы жағдай жасады. Көрмелер мен журналистика табыстарына байланысты көркем сын да шапшаң дамып, өнердің дамуына, көрермендер көзқарасы мен талғамын тәрбиелеу ісіне жемісті еңбек ете бастады. Ғылымның, оның ішінде археология, этнография, филология, мәдениет тарихының шапшаң дамуы, мұрағаттарды, көркемөнер ескерткіштерін зерттеу 19 ғ-дың ортасындағы Германия өнерінің жалпы тарихының дамуына (Ф.Куглер, К.Шназ, А.Шпрингер) мүмкіндік туғызды. Неміс Э.Колофф, бельгиялық А.Микинельс, швейцариялық Я.Буркхардт өнердің даму логикасын, оның құбылыстарының қоғамдық рухани және материалдық мәдениетімен байланыстылығын ашуға тырысты. Француздар Э.Э. Виолле-ле-Дюк пен О.Шуази, неміс Г.Земпер архитектура мен сән өнерінің теор. және тарихи талдау ісіне зор еңбек сіңірді. Өнер тарихын зерттеуде Ресей ғалымдары И.В. Цветаев, Б.В. Фармаковский, В.К. Мальмберг, П.П. Семенов, Н.И. Романов, М.И.Ростовцев, А.Н. Бенуа, Н.Я. Марр, В.В.Воровский, М.С. Ольминский, А.В. Луначарский үлкен рөл атқарды. ТМД елдерінде Ө. өнерді археол., этногр. тұрғыдан зерттеу, мұражай жұмыстарын жүргізу, реставрациялау, анықтамаларды, каталогтарды, мұрағат құжаттарын, хаттар мен естеліктерді бастырып шығару, т.б. жоспарлы түрде кең қанат жайған. ТМД халықтары өнері, орыс, украин, грузин, азербайжан, эстон, өзбек, қазақ өнері тарихы жайлы келелі еңбектер жарияланды. Елдер мен дүние жүзі халықтары өнеріне, ТМД елдері суретшілеріне арналған анықтамалар, мұражайлардың, ғыл.-зерт. ин-ттарының, жоғары және арнаулы оқу орындарының ғыл. еңбектері жарық көрді. Кеңестік өнер тарихшылары ежелгі және орта ғасырлар мәдениетін, өнердің пайда болу мәселелерін (А.С Гущин, А.П. Окладников), Кавказ елдерінің ежелгі дүниеден осы кезеңге дейінгі (Ш.Я. Амиранашвили, Р.Г. Дрампян, И.А. Орбели, Б.Б. Пиотровский, А.В. Саламадзе, Т.Тораманян, К.В. Тревер, М.А. Усейнов, Г.Н. Чубинашвили), Орта Азия (Б.В. Веймарн, Г.А. Пугаченкова, Л.И. Ремпель, Р.Х. Такташ) көркем мәдениетін жан-жақты зерттеді. ТМД елдері өнерін зерттеуде кеңес археологтары мен этнографтары да көп еңбек сіңірді.
Қазақ топырағынан шыққан данышпан ғалым Әбу Наср әл-Фарабидің “Музыканың ұлы кітабы” атты еңбегі дүниежүз. музыкатану іліміндегі бұрын-соңды жазылған озық туындылардың бірінен саналады. Бұл еңбек мұсылман елдері муз. мәдениетіне игі әсер етумен қатар Еуропа музыкасының ғыл. теориясы мен практикасының дамуына орасан зор ықпал жасады. Ш.Уәлиханов еңбектерінде Қазақстан аумағындағы кейбір балбалдар мен кемпіртастар және таңбалы тастар жөніндегі келелі пікірлер кездеседі. Қазақ Ө. ғылымы, оның ішінде әдебиеттану ғылымының алғашқы белгілері 20 ғ-дың басында көрініс берді. Қазақтың ежелгі мәдениеті мен өнерін (Ә.Марғұлан, Н.Нұрмұхамедов), сәулет өнері тарихын (Т.Бәсенов, Марғұлан, М.Меңдіқұлов), бейнелеу (И.А. Рыбакова, Г.Сарықұлова, Р.Ерғалиева), ұлттық музыка (А.В. Затаевич, Б.Г. Ерзакович, А.Жұбанов, П.В. Аравин, М.Ахметова, Ғ.Бисенова, Б.Ғизатов, Н.Кетегенова, С.Күзембаева, З.Қоспақов, Ж.Рсалдин, т.б.) мен театр өнерін (М.Әуезов, О.Беков, Ж.Шанин, І.Жансүгіров, С.Садуақасов, Ғ.Тоғжанұлы, Ш.Хұсайынов, А.Тоқпанов, І.Қуандықов, Б.Құндақбаев, Н.И. Львов, І.Мұқамеджанов, К.Нұрпейісов) жан-жақты зерттеу кеңес дәуірінде қалыптасты.
Әдеб.: История европейского искусствознания. От античности до конца ХVІІІ века, М., 1963; Современное искусствознание за рубежом, М., 1964; История европейского искусствазнания. Вторая половина ХІХ века – начало ХХ века. Т. 1 – 2, М., 1969; Арсланов В.Г., Западное искуствознание ХХ века, М., 2005.
Ә. Төлебиев, К. Нұрпейісов