Қандай да болмасын жылу қозғалтқышын күнделікті қолдану арқылы энергия алуда, оны тиімді пайдалану мақсатында қоршаған ортаға кері әсерін тигізеді.
Термодинамиканың заңына сәйкес, электр және механикалық энергияны алу кезінде көптеген жылу мөлшері қоршаған ортаға беріледі де, біртіндеп жер бетінің орташа температурасының артуына әкеліп соғады.
Қазіргі кезде қозғалтқыштардың орташа қуаты - шамамен 1010 квт. Егер осы қуат 3*1012 квт-ге жетсе, орташа температура шамамен бір градусқа артады. Одан ары қарай температураның әсерінен мәңгі мұздардың еру қаупі туады да, дүние жүзі мұхиттарының деңгейі тез арада көтеріледі.
Сонымен қатар, өте үлкен масштабта отынды жағу кезінде, жер бетінің температурасының қатаң өседі де, атмосферадағы көмір қышқылы газының (С02) шығуы артады. Атмосферадағы көмір қышқылы газының су буымен бірге қосылуынан «парникті әсеріне» (парниковый эффект) әкеліп соғады. Осыдан, атмосферадан көрінетін күн сәулесін өте нашар сіңіреді де, жер бетін қыздырады. Қыздырылған жер беті көзге көрінбейтін сәулеленуін шығарады да, олар, негізінен, атмосфералық көмір қышқыл газын сіңіреді. Аспанның ашық кезіндегі жерге түсетін күн сәулесінің 10-20%-ы ғарышқа шағылып қайта кетеді. Егер «парникті әсер» болмаса, жер бетінің температурасы шамамен 35°С жоғары болар еді. СО2 шоғырлана ұлғаюынан жер бетінен жылулықтың сәулеленуінің сіңірілуі одан да көп болады. Оның әсері жер бетінің температурасының артуына әкеліп соғады.
Атмосферадағы көмір қышқылы газының көлемдік шоғырлануы, атмосферадағы барлық газдардың 0,0314%-ын құрайды. Осы шоғырлануының аздап ұлғаюы жердің жылу тепе-теңдігің тез арада бұзады деген қауіп бар. Негізінде, қазіргі кезде атмосфераға 5 млрд. т. СО2 одан көп мөлшерде шығарылады деген болжам бар.
Жылулық қозғалтқыштарды пайдаланудың қауіпті кері әрекеті осымен бітпейді. Жылу электр станцияларында, автомобильдердің іштен жанатын қозғалтқыштары атмосфераға тоқтаусыз өсімдікке, жан-жануарларға және адамдарға зиянды: күкіртті қоспалар (тас көмір жанғанда бөлініп шығады), азот тотығы, көмірсутегі, CO көміртегі тотығы (II) және т.б. заттар шығырады.
Қазіргі кезде автотранспорт пен автомобильдерді кеңінен пайдаланудың артуына байланысты ерекше қауіп туып отыр. Олардан шыққан газдарды тазалау қазіргі уақытта мүмкін болмай отыр.
Осылардың барлығы адамзатқа қиын проблема туғызып отыр. Жылулық қозғалтқыштардың пайдалы әсер коэффициентін (ПӘК) арттыру мақсатына байланысты, қоршаған ортаны қорғаудың біраз шараларын іске асыру қажет. Құрылыс құрылғыларының тиімділігін арттыру қажет, сонымен қатар автомобиль қозғалтқыштарында отынның толық зиянсыз жануына қол жеткізу керек. Қазіргі кезде автомобильді пайдаланудың жаңа түрі - электромобильді және зиянсыз жанғыш заттарды, мысалы қозғалтқышта сутегі қоспаларын оттегімен араластыра пайдалану тәсілдерін жүргізу қолданылуда.
Қоршаған ортаны қорғауды ұйымдастыру тек бір мемлекет емес, барлық жер шары көлемінде іске асыру - қазіргі адамзаттың негізгі мақсаты.