Николай Семенович Тихонов (4.12.1896, Петербург – 1979, сонда) – орыс жазушысы, қоғам қайраткері, Социалистік Еңбек Ері (1966). Қолөнершінің отбасында дүниеге келген. Петербургтегі сауда мектебін бітірген (1911). 1915 – 18 ж. атты әскер қатарында 1-дүниежүзілік соғысқа қатысқан. 1918 – 22 ж. Қызыл әскер қатарында борышын өтей жүріп, орыс халқының патриотизмі мен ұлтшылдық идеясын қолдаушылар қатарында болды. Әскерде жүргенде ең алғашқы көлемді әдеби шығармасы – “Жұлдыздар астындағы өмір” атты өлеңдер жинағын жариялады. Ол жырларында адамзаттың күрескерлік жігері мен Отанға деген шексіз сүйіспеншілігін сөз етті. Кейіннен революция мен азамат соғысы тақырыбын тірек еткен “Орда”, “Брага” (1922) туындыларын жазды. 1923 жылдан Тихонов Қазақстан, Грузия, Армения,Кавказ елдерін аралады. 1930 жылдың көктемінде бір топ ленинградтық жазушылармен бірге Түрікменстанға барған сапарының нәтижесінде “Юрга” (1930) өлеңдер топтамасы мен “Көшпенділер” (1931) атты очерктер, әңгімелер жинағын бастырып шығарды. Тихоновтың “Вамбери” (1925) повесінде түрікмен, “Тұмандағы ант” (1933) повесінде сван, “Кахетия жырлары” (1935) өлеңдер жинағында грузин, “Теңізден теңізге дейін” повесінде латыш, “Ляби-хоуздағы шайхана” әңгімесінде өзбек халқының өмірі көрсетілген. Осы кезеңде А.Абашели, И.Абашидзе, С.Шаншиашвили, С.Чиковани, Г.Леонидзе, т.б. грузин ақындарының өлеңдерін орыс тіліне аударды. 1935 ж. Парижде өткен Халықаралық конгреске қатысқаннан кейін дүниеге келген “Дос көлеңкесі” (1936) атты өлеңдер жинағында ол әлемді соғыс бұлты торлап,Еуропаны қара түнек жапқалы тұрғанын болжай келе, фашизмді сынады. 2-дүниежүзілік соғыс кезінде Тихонов Ленинград майданында әскери қызмет атқарды. “Киров бізбен бірге” (1941, КСРО Мемл. сыйл. 1942) атты романтик. поэмасында қоршауда қалған Ленинград қаласының қиын-қыстау кезеңін бейнеледі. 50-жылдардан бастап ол шетел тақырыбына қалам тарта бастаған: “Болгар жазбалары”, “Югославия жырлары”, “Грузин көктемі” (1948; КСРО Мемл. сыйл. 1949), “Екі тасқын” (1951, КСРО Мемл. сыйл. 1952), “Пәкстан туралы әңгімелер” атты өлеңдер жинақтары мен “Шаңқан ғажайып” (1956) повесі, “Жасыл түнек” (1966), “Алты колонна” (1970, Лениндік сыйл.) әңгімелер мен повестер жинағында шығыс елдерінің тыныс-тіршілігіне баса назар аударған. Оның “Қос кемпірқосақ” атты естеліктер жинағында (1964) замандастары туралы толғаныстары топтастырылды. Тихоновтың Абайға арналған бірнеше мақалалары (1971), Ж.Жабаев пен М.Әуезов туралы келелі пікірлері баспасөз беттерінде жарияланған. Оның қазақ тілінде “Ақын дауысы” (1959), “Замана саңлақтары” (1972) атты жинақтары жарық көрген.