Қопарғыш заттар

5 Желтоқсан 2012, 06:19

Қопарғыш заттар – сыртқы импульс (соққы, жылу, т.б.) әсерінен газ тәрізді өнімдер мен жылу шығаратын химиялық реакцияларды өздігінен таратуға қабілетті дербес химиялық қосылыстар не қоспалар. Сыртқы әсердің сипатына қарай қопарғыш заттар химиялық өзгеріске өздігінен оталу (жарық ету) температурасынан төмен  температурамен қыздырғанда, жандырғанда, толқындық соққы әсер еткенде өтеді. Алғашқы қопарғыш заттар – қара (түтінді) мылтық дәрісі. Ол 13-ғасырда жасалынды. Қолданылуына қарай қопарғыш заттар қоздыратын, жаратын және лақтыратын болып үшке бөлінеді. Қоздыратын қопарғыш заттар соққы, ұшқын не электрлік ток әсерінен өте тез ыдырайды және басқа заттардың қопарылысын бастау үшін пайдаланылады. Олар: қорғасын азиді, күркіреуік сынап, тетразен, т.б. Жаратын қопарғыш заттар қоздыратын қопарғыш заттар детонациясының әсерінен қопарылады және қопарылу жылдамдығы қоздыратын заттардан төмен болады. Мұндай қопарғыш заттар құрылыста (жол, туннель салу, бөгет жасау, т.б.), кен өндіру, т.б. жұмыстарында, ал әскери мақсаттарда оқ-дәрілерін (снаряд, мина, граната, т.б.) жасау үшін пайдаланылады. Жаратын қопарғыш заттарға нитроқосылыстар, нитраттар, перхлораттар және сұйық оттек негізінде дайындалған қоспалар жатады. Лақтыратын қопарғыш заттар баяу ыдырайды, олар қоздыратын қопарғыш заттардың детонациясы әсерінен қопарылады және оқ, снаряд, ракеталарға жылдамдық беру үшін пайдаланылады. Химиялық құрамы бойынша қопарғыш заттар дербес қосылыстарға және қопарғыш қоспаларға бөлінеді. Дербес қосылыстарға ароматты нитроқосылыс, нитроамин, азот қышқылының көп атомды спирті, азот қышқылының тұзы, азотты сутек қышқылының тұзы жатады. Қопарғыш қоспалар тотықтырғыштар (жанғыш заттар) және қоспалар деп екіге жіктеледі. Тотықтырғыштар ыдырау барысында жанғыш заттар немесе олардың ыдырау өнімдері тотығуы үшін бос оттек бөліп шығарады. Жанғыш заттар ретінде жанғыш газдар (сутек, метан) мен қатты заттар (күйе), қопарылыс барысында өнімі толық тотықпайтын (көміртек тотығы) табиғи немесе жасанды органикалық заттар қолданылады. Бірінші типті қопарғыш қоспаларға аммоний нитраты бар қопарғыш заттар кіреді. Олар жанғыш заттардың түрлеріне байланысты аммонит, аммотол және аммоналдарға бөлінеді. Қопарғыш қоспалардың екінші типіне қопарғыш заттардың дербес қоспалары (мысалы, динамиттер), детонатор – шашкалар даярлауға қажетті тротильді гексоген немесе тэн (пентолит) қоспалары жатады. Қопарғыш заттарға қоздыратын құралдардың сезгіштігін жоғарылататын сенсибилизатор, сыртқы әсердің сезгіштігін төмендететін флегматизатор, суға төзімділігін арттыратын гидрофобты қосымша, сондай-ақ сақтандырғыш қасиет беру үшін жалын сөндіргіш-тұз, пластификаттар енгізіледі. Қолданылу сипаты оларды даярлау технологиясына және рецептуралық құрамына байланысты.

Бөлісу: