Ай есебі (Ай санау) - дәстүрлі ортада таралған күн қайырудағы, уақыт санаудағы халықтық астрономияға негізделген бірлік атауы. Қазақ есепшілерінің үш түрлі төлтума күнқайыруы болған: оның екеуі - ай есебіне негізделген күнқайыру - Қамбар тоғысы мен Үркер тоғысы. Ал, үшіншісін жұлдыз есебіне негізделген күнқайыру немесе Үркер есебі деп аталады.
Үркер есебіне негізделген күнқайыру күллі қазақ жұртшылығына ортақ ай есебі қалыптастырды. «Ай-айдың оты басқа» деген қазақ әр айдағы табиғат құбылыстары мен шаруашылық карекетіне қарай туындайтын сипатына байланысты және уақыт өлшеудегі басты объект Ай мен Күннің шығуы, батуы, Күн аясындағы уақыттың (жарықтың) ұзынды-қыскалы болуына қарай атаулар қалыптасты. Бір жылдағы ай есебі отамалы, сарша, тамыз, қыркүйек, желді (қазан), қараша, тоқсан (желтоқсан), қаңтар, ақпан, тоқпан (екі ағайынды), көкек, мамыр (құралай) деп аталды.
Жылдың бас айы - отамалы болып саналған. Мерзімі жағынан қазіргі мамыр айына сәйкес келеді. Бұл атаудың төркіні түркі тілдерінің барлығында дерлік кездесетін «от», яғни шөп деген мағынаны білдіреді. Әдетте, отамалы айында көк қаулай шығып, әжептәуір көтеріліп қалады. Ал, одан кейінгі ай - саршада көкорай шалғын өсіп, толады да, айдың аяғына қарай шөп басы сарғыш тартып пice бастайды. Ал, тамыз сөзі «күйдіру» деген мағынаны аңғартады. Б.А.Куфтиннің тамьіз сөзін «жағу», «тұтату» мағынасындағы етістік, одан тамызық сөзі туындаған дейді. Бұл айда күн аптап болып, шөптің басы қурай бастайды. Тамыздан кейінгі ай қыркүйек, әуелде қошқарға, текеге күйек байлана бастайтын кез дегенді білдірген. Желді немесе қазан - алғаш өсік жүріп, күннің суыта бастайтын шағы (қазан парсы тілінде күз дегенді білдіреді). Қарашада жердің оты кетіп, бет-бедері коңыркай тарта бастайды, атауы да соны меңзейді. Желтоқсан, кейде тоқсан деп те аталады. О баста күз айлары желдіден басталып, тоқсанмен аяқталған. Кейінірек осы екі сөз біріге келіп, күздің соңғы айының атауы болып қалыптасты.
Қаңтар - «күннің қаңтарылып байланатын, одан әрі тұқырып, қысқара алмайтын айы» болғандықтан айдың аты да осылай аталған. Татар тілінде тат. күзе кантар («күзгі қаңтар») орыс. октябрь-ноябрь, тат. язғы кантар («жазғы қаңтар») орыс. март-апрель, башқұрт тілінде башқ. буре кантары (бөрі қаңтары) «наурыз айының басқы кезі», ал қырғыз тілінде қыр. аю кантары «қыстың бір мезгілі» дегенді білдіреді. Осындай салыстыруға қарағанда, аңшылық күнқайыруда қаңтар сөзі «аңшылықтың тоқтайтын шағы, яғни аңдардың көй ойнаққа төсетін кезі» дегенді білдірсе керек.
Мұндағы отамалы, сарша, тамыз, қазан, қараша және тағы басқа деген мерзімдеу - ай есебінің мән-мағынасы да көк атаулының өсіп, өнгенінен бастап, солып қурағанға дейінгі мерзімді білдіреді. Халқымыздың ұғымында көкек жағымсыз құс емес, керісінше, «Көкек - киелі құс. Май мол болады деп, көкек қонған бұтақты алып, сүт құйған сабаға салып қояды», - деп жазады Ш.Уәлиханов. Кей өлкеде көкек наурыз айына сәйкес келеді. Бұл кезде көкектің жылы жақтан келе қоймайтыны белгілі. Сондықтан болу керек, Б.А. Куфтин өзінің мақаласында бұл айдың атын көк-көк (орыс. едва зеленый) деген сөзбен ұштастыра қараған. Олай болса, көкек сөзі «көк әлі көк», «өсіп жетілмеген» деген мағынаны білдіретін сөз тіркесі болып шығады. Мұндай жорамалдың да негізі бар (Мәселен, алтайлықтар сәуірді көк ай, шұлым татарлары майды көк ай деп атайды. Бұл тілдерде ай есебі көктің қаулай шығатын мезгіліне орай айтылғаны айқын байқалып тұр.) Көкектен кейінгі айдың аты - мамыр. Бұл жыл құстарының мамығын төгіп, көл жағасына ұя сала бастайтын кезі. «Көл eт, көп eт, көлді мамыр eт; не тілегенін әзір ет» делінеді байырғы баталарда. Б.А. Куфтин: «Сәуірдің 20-на дейінгі (қазіргіше мамырдың 3-і) 27-28 күнді мамыр деп атайды, мал оңала бастайды, шүкіржапырақ жеп, қыстайғы жеген жемінің қалдыгынан іші-қарнын тазартады», — десе, Л.Будагов: мамыр ат «аяғы ауру ат», мамыр «семіздіктен немесе күзгі шыққан қауырсыны әлі қатаймағандықтан ұша алмайтын құс, сондықтан, айдың да аты осылай аталған», - дейді. Ай аттарын саралай келе қазақтардың дәстүрлі күнқайыруында ай аттары басқа халықтардағыдай бір қиялдағы бейнелердің немесе патшалардың есімімен аталмағаны байқалады.
Үркердің белгілі бір жылдағы батуынан келесі жылғы батуына дейін 365 астрономиялық күн бір астрономиялық жылды құрайды. Ал, шындығында, Үркердің батуынан келесі жылдағы батуына дейінгі уақыт 365 күнге және 6 сағатқа, яғни соңғы уақыт тәуліктің төрттен біріне тең келеді. Сөйтіп, осы алты сағат немесе тәуліктің төрттен бірі жинала келіп, төрт жылда 1 күн, қырық жылда 10 күн, сексен жылда 20 күн, жүз жиырма жылда 30 күн болады. Әуелде отамалы мамыр айына сәйкес болған, бірақ, әр жылдағы алты сағат айырма жинала келіп, жүз жиырма жыл өткен соң, отамалы сәуірге, екі жүз қырық жыл өткен сон наурызға, төрт жүз сексен жылдан соң ақпанға айына ауысып отырған. Сонымен, отамалының кейбір деректерде «мамыр», қайсыбір мағлұматтарда «ақпан» болып жүруінің осындай себебі бар. Көкек айының да бірде «мамыр», бірде «сәуір», бірде «наурызға» сәйкес болуы да осы тәрізді. Міне, ай есебінің осындай «қыдырысына» қарағанда есепшілердің Үркер күнқайыруын қолдана бастағанына бес-алты ғасыр шамасындай уақыт өткен деп жорамалдауға болады.
Наурыз күнқайыруын кезінде қазақ есепшілері де қолданып, айлардың өз «тұғырынан» жылжып кетуі тәрізді кемшілікті ендігі жерде кібісе жыл әдісімен ретке келтіре бастады. Наурыз күнқайыруы бойынша кібісе жыл есебін негізге ала отырып, есепшілер өз стилін жасауға тырысты. Мұндай әрекет, әлбетте, күнқайыруды халықтың тұрмыс-тіршілігіне, бұрыннан келе жатқан салт-дәстүріне бейімдеу ниетінен туса керек. Кейбір есепшілер, біздің байқауымызша, шілденің шығуы мен кіруін астрономиялық жылдың межесі етіп алған. Шіллә, шілде парсы тілінде қырық деген мағынаны білдіреді. Алайда, Наурыз күнқайыруының парсы стилі бойынша шілде жазғы және қысқы шілде болып екіге бөлінеді. Ал, жазғы шілденің өзі кіші шілде (5 шілде - 25 шілде) және үлкен шілде (25 шілде - 5 тамыз) болып тағы екіге жіктеледі. Қысқы шілде де тап осы тәрізді: кіші шілде (5 желтоқсан - 25 желтоқсан), үлкен иіілде (25 желтоқсан - 5 ақпан) деп аталады. Ал қазақ есепшілерінің шығарған шілдесінің парсы күнқайыруындағы шілдеден едәуір айырмасы бар.
«Қысқы шілде де қу сақта, жазғы шілдеде су сақта» дейді халық мәтелі. Жаз тоқсандағы шілде кіші шілде және ұлы шілде деп екіге бөлінеді. Кіші шілде мамырдың 24-25- інде кіріп, шілденің 7-8-інде шығады. Ал, ұлы шілде немесе кәдімгі шілде шілденің 8-9-ында кіріп, тамыздың 17-18-інде шығады. Қыс тоқсанындағы шілде де осы тәрізді: кіші шілде 24-25-інде кіріп, қаңтардың 6-7-інде шығады, ал, ұлы шілде қаңтардың 7-8-інде кіріп, ақпанның 17-18-інде шығады. Бұл кезді шілде тоқсан айы деп атайды. Шілде тоқсан айы деген тұрақты сөз орамы байырғы мұралар тілінде де кездеседі:
Ақ тайлаққа жүк арттым қатар-қатар,
Шудасы шөгіп жатса, шаңға батар.
Қауыста қарашамен қаймақшиды,
Шілде іпоқсан айында дария қатар.
(«Ұлбике мен Кұдері қожаның айтысы»),
Қысқы ұлы шілденің шығуымен қыстың соңғы зәрі кетеді де, табиғат көктемгі тіршілікке қарай бет бұрады. Осы кезде, ақпанның 17-18-інде, Жетісу өлкесінде наурыздама өткізіледі. Сөйтіп, есепшілер уақыт жағынан бұл мейрамның байырғы кездегі Қызыр Ата немесе Қарт Наурыз мейрамына сәйкес болуына ерекше көңіл бөлген тәрізді. Кейбір деректерде Наурыздың ақпан айына тура келуі күнқайырудың осы аталған шілде стиліне байланысты екенін байқатады. Мұндай өзгерістердің себебінен отамалы тәрізді дәстүрлі ай атының орнына наурыз сөзі қолданылды. Сөз мағынасындағы іргелестік пен қызметіндегі ұқсастық деп аталатын заңдылық бойынша наурыз, шілде сөздері өздерінің негізгі мағынасына қосымша ай есебі болып та жұмсалды. Сөйтіп, кейбір дәстүрлі ай есебі санаттан шығып қалса, қайсыбірі өз «тұғырынан» ығысып, басқа айдың атауына айналды. Шындығында, наурыз - айдың аты емес, жыл басы мейрамының атауы.
Әдетте, жазғы шілде сарша мен тамыз айларында өтеді. Бүл екі айдың атын қосарлап, саршатамыз деп те атаған. Бертін келе, кей жерлерде шілде сөзі июнь айының атына көшті де, июль айын тамыз немесе саршатамыз деп те атады. Бір есептен, шілде атауын ай санатына қосудан гөрі «жазғы жэне қысқы қырық күндік мезгіл» мағынасында қалдырған жөн тэрізді (толығырақ қ. Тогыс). Дәл осы сияқты ацпан-тоқпан атауының да қосар- лана айтылуы тегін емес: эуелде ақпан «январь», тоқпан «февраль» деген жеке-жеке айлардың аты болған. Де- мек, бұл екі сөз де қосарлана келіп, қысқы шілденің ба- ламасы болып жүмсалған. А. е.-нің өз «түгырынан» ығысуы мен күнқайыру жүйесінің жаңғыруына бай-ланысты тоқпанның орнына ай аты болып наурыз сөзі қолданылды. Бірақ ай санатынан шығып қалган мүндай атаулар мүлде үмыт болып кеткен жоқ, басқаша мағына алып, амал атауына ойысты. Осымен байланысты тіліміздің күнқайыру лексикасына едәуір өзгерістер енді. Наурыз, шілде, шілде тоқсан тэрізді арнайы атаулар күнқайыру жүйесінде түрақты қолданыла бастады. Осы- лайша А. е.-нің көпнүсқалығы пайда болды. Сонымен, есепшілер кібісе жыл әдісін қолдана отырып наурыз күнқайыруының бірнеше стилін жасаған: мыса¬лы, жыл басы февральдың 18-19-дарында басталатын шілде стилі, жыл басы марттың 9-10-дарында баста¬латын есепші Байбацты Қазыбек стилі т.б. Көптеген аймақта бұл аталған стилдер жүйелі қолданылган. Алайда есепшілердің басым көпшілігі дерлік жылдың шығуы мен кіруін парсы стші, ягни Жас Наурыз бойынша мартгың 22-24-і етіп алды. Жас Наурыз ел ішінде Кәктастың Нау- рызы деп те аталады (толығырақ қ. Наурыз). Түркі халықтарының арасына VIII-X ғ.-да тарай бастаған ислам діні қазақ қоғамының салт-санасына, мәдени өміріне елеулі өзгерістер әкелді. Ислам діні өзімен бірге жаңа тұрпаттағы жазу-сызуды ғана емес, күнқайырудың жаңа бір жүйесін де ала келді. Ай есебіне негізделген араб күнцайыруын кейбір түркі халықтары бүрынғы орта ғ.-дың өзінде-ақ колдана бастады. М.Қашғаридың сөздігінде орта ғ.-дағы ресми қүжаттарда мысалы, Тоқтамыс ханның жарлықтарында, Қадырғали Жалайыри бидің шежіресінде жүмада әлаууел, рабби әл-аууел, ражаб, рамазан, сафар, зүлцыжа т.б. А. е. бар. Қадырғали бидің айтуынша, түркілер екі түрлі күнқайыру жүйесін қолданған. Біріншісі - арабша ай есебі, екіншісі - жүлдыз есебі (толығырақ қ. Хижра). Ел ішінде маркұм болган адамның жасын шығару салтында осы күнге дейін араб жүйелі күнқайыру қолданылады. Сондай-ақ, ел арасында сапар айында үзақ жолға шықпайды деген де ырым бар. Байырғы кезде сапар айында сапар қашты ырымы да жасалатын болған. Ораза айт, Қүрбан айт мейрамдары, марқүм болған адамның жасын шығару, т.б. діни салт-дәстүрлер арабша ай есебі бойынша өткізілді. Ережеп, Рамазан, Жүмаділ, Шабал, Барат, Әшір тэрізді есімдер сол айда немесе осы айдағы айтулы мезетте (датада) туган балаларға қойылған. Міне, мүндай мысалдар арабша ай есебінен қазақ қоғамында кең түрде эрі жүйелі қолданылғанын көрсетеді. Төменде қазақша А. е.-ін жүргізу үрдісіне ерекше ықпал еткен арабша ай аттарының кестесі беріліп отыр: АРАБША АЙАТТАРЫ ай аттары діни мейрамдардың жэне айтулы мезеттердің атаулары 1. Мухаррам Ай есебі бойынша жылдың басы - мухаррам айы, бірақ мұсылмандарда мейрам ретінде тойланбайды. Бұл айдың оныншы күні Әшір (ғашура) деп аталады. Нұх пайғамбардың кемесі Қазығұртқа қайырлаған: Әзірбайжан, Иранда бұл күнді қаралы деп есептейді. 2. Сапар Сапар айында ұзақ жолға шықпайды. 3. Рәббіл әуел (рабби әл-аууал) Бұл айдың тоғызыншы күні Хижрат деп аталады. Мухаммед пайғамбардың Мекеден Мединеге қоныс аударған күні. Мэуліт - рэббіл әуел айының он екінші күні - Мухаммед пайғамбардың туған күні. 4. Рәббіл ақыр (рабби әл-ахир) 5. Жүмәділ эуел (жумада эл-аууал) 6. Жүмәділ ақыр (жумада әл-ахир) 7. Ережеп (рад-жаб) Бұл айдың жиырма жетінші күні Миғраж деп аталады. 8. Шабан (шағбан) Бул айдың он төртінші күні Барат деп аталады. Тазару, арылу күні. 9. Рамазан Бұл айдың жиырма жетінші түні Қадыр түні деп аталады. Қасиетті Құранның көктен түскен күні. Бұл түн ауыз бекіту- дің соңғы түніне сәйкес келеді. 10. Шабал (шаууал) Бул айдың алғашқы үш күнінде Ораза айт мейрамы өтеді. 11. Зөлкагда 12. Зөлқижжа Бұл айдың тоғызыншы күні Әрәпа деп аталады. Зулқижжаның оныншы-он екінші күндерінде Құрбан айт мейрамы өтеді.
Арабша ай есебімен қатар ел іші, әсіресе ескіше оқыған сауатты адамдар күнделікті түрмыс-тіршілікте жүлдыз есебін де қолданған. Он екі шоқжүлдыз атауы Грекиядан араб елдеріне, одан түркі халықтарына кең тараған. Он екі шоқжүлдыздың түркіше атауы Жүсіп Баласағүнның «Қүтадғу білік» дастанында (XI ғ.) осы дастаннан шағын үзінді берілген жэне шоқжүлдыздың түркіше атауы арабша, қазақша А. а.-мен салыстырылған. Геоцентристік ілім бойынша Күн Жерді 365 тәулікте айналып шығады. Күннің Жерді айналып шығатын жолында ара қашықтықтары бірдей он екі шоқжүлдыз орналасқан. Күн өзінің жылдық жолында осы он екі іпоқжұлдызды басып етеді. Әр июқжұлдыздыңарасы-бір ай. Олардыц арабша атауын қазақ есепшілері жақсы білген. Хамсиі жүлдызыныц 1 б-сы Ақырап эісүлдызының 27-сі деп уақытты жүлдыз бойынша да есептеген. Кей аймақтарда қыркүйек-мизан, цараша-цауыс, жедді-тоцсан, ңаңтар- <)элу деп достүрлі А. а. мен сол айға сәйкес жұлдыз атау- лары қосарлана айтылады. Жүлдыз бен дәстүрлі А. а.-н бұлайша қосарлау уақыттың қай күнқайыруы бойынша айтылғанын дәлдеп көрсету үшін қажет болған. Сөйтіп, қазақ даласына тараған эр түрлі мазмұндағы кітаптар арқылы араб тілінен төл сөздік қүрамға бір алуан соз снді. Олардың ішінде ай аттары, он екі шоқжүлдыздың а гаулары да болды. Тек кейбір деректерде мәулет, әшір, арапа, арай (ара ай) тэрізді атаулар азаматтық А. а.- мың қатарында айтылғаны болмаса, қазақ қоғамында араб жүйелі күнқайыру мен арабша А. а., негізінен, діпи рэсімдерге байланысты қолданылды. Араб тілінен сиген маусым («мезгіл») деген бірер сөз кей аймақтарда бслгілі бір себептермен «ығысып» кеткен айдың орны- иа қолданылған. Бірақ кейбір деректерде (В.В. Радлов, ІІІ.Уэлиханов, т.б.) маусым А. а. ретінде көрсетілмеген. ІІІындығында казак тіліндегі маусым - арабтың маусым «мезгіл» («сезон») деген сөзі. Сөйтіп, қазақ когамы өзінің сап ғасырлық тарнх күшінде күнқайырудың бірнеше түрі мсм стильдерін қолданған. Бірақ күнқайырудың эр түріне, .ірқилы жүйесіне арқау болган А. е.-нің дені күні бүгінге іейін сақталып келді. Сонымен бірге күнқайыру жүйе с імдегі А. е. қайсыбір кездерде өз «тұгырынан» ыгысып, насқа тілдік атаулармен де алмастырылды. Дегенмен, бүрын-соңды қолданып келген ай аттарының біршама юлық қүрамын төмендегіше жинақтап көрсетуге болады. Лй аттарының қазақ тіліндегі қүрамына қара- і аііда, бүл топтамадан жүйе қуалап, жоба табу қиын і орізді. Қазіргі қолданып жүрген А. е.-нің кұрамы мынадай (ЖІ.ІЛ басы наурыздан кейінгі ретпен): 1- ай: бес тогыс, көкек, наурыз, отамалы, хамал, әз айы, екі агайынды (грегориан санаты бойынша мартца шчмалас ай); 2- ай: үиі тогыс, наурыз, көкек, сапар ай, сәуір, отжацпас (апрель); 3- ай: бір тогыс, маусым, көкек, мамыр ай, саратан, қуралай, мамыр (май); 4- ай: шілде, зауза, саратан, маусым, ара айы, сарша- тамыз, мамыр (июнь); 5- ай: жиырма үш тогыс, сарша, әсет, тамыз, шарша- тамыз (июль); 6- ай: жиырма бір тогыс, тамыз, әсет, шілде, сүмбіле, чіре, сарша (август); 7- ай: он тогыз тогыс, цыркүйек, сарша-тамыз, мизан, қіііан, сентябрь; Н-ай: он жеті тогыс, қазан, цараша, ацырап, мизам, қііраиіа-цауыс, желді, жүт шашцан, цазан (октябрь); Ч-ай: он бес тогыс, цараша, желтоқсан, цауыс, тоцсан, қараша-цауыс, цыркүйек, мизам (ноябрь); 10- ай: он үш тогыс, қаңтар, жедді, қараша, желтоцсан (декабрь); 11- ай: он бір тогыс, цаңтар, желтоцсан, ацпан, дәлу, үиітің айы, цыстың айы (январь); 12- ай: жеті тогыс, ацпан, ацпан-тоцпан, бірдің айы, үш хүт, үш айы, наурыз, отамалы, наурыз цыстың айы (февраль). Күнқайыруға баяғыдан негіз болып келе жатқан дәстүрлі А. е.: отамалы, кокек, мамыр, сарша, тамыз, цыркүйек, цазан, қараша, желтоцсан, қаңтар, ацпан, тоцпан. В.В. Радловтың сөздігінде: 1. отамалы (май), 2. шглде (июнь), 3. шарша-тамыз (июль), 4. цараша-цауыс (август), 5. цазан (сентябрь), 6. мизан-цыркүйек (октябрь), 7. желі тоцсан (ноябрь), 8. цаңтар (декабрь), 9. ацпан (январь), 10. наурыз (февраль), 11. кокек (март), 12.мамыр (апрель) деп берілген. Бұл нүсқадағы шілде атауы саршаны ыгыстырғаны, ал наурыз атауы тоцпанның орнын басқаны байқалып түр. Енді осы екі тұстағы өзгерісті қайыра жаңгыртсак, ай аттарының былай аталатынын байқаймыз: отамалы, сарша, тамыз, цараша, цазан, цыркүйек, желі тоцсан, цаңтар, ацпан, тоцпан, көкек, мамыр. Бүл - А. е.-нің Жас Наурызга дейінгі рет тэртібі. Сондықтан А. е.-н бүл ретпен алуға болмайды, өйткені олар өз «түғырынан» ыгысып кеткен. А. е.-нің рет тэртібін саралауға септігін тигізетін деректердің бірін Ш.Уәлихановтан кездестіреміз. Ш.Уәлихановта: 1. отамалы (март). 2. саратан (апрель). 3. кокек (май). 4. шілде (июнь). 5. саршатамыз (июль). 6. цыркүйек (август). 7. цазан (сентябрь). 8. цараша (октябрь). 9. тоцсан (ноябрь). 10. цаңтар (декабрь). 11. ацпан (январь). 12. наурыз (февраль). Бұл нүсқада да, В.В. Радловтағы тәрізді, тоқпанның орнына наурыз, саршаның орнына шілде қолданылған. Ал, мамыр сөзі ай санатынан шығып қалған, оның орнына арабтьщ саратаны қолданылуы бертіндегі өзгеріс. Мүндай кейінгі жаңгыртудан (саратан, шілде, наурыз дегендерден) ай аттарын ажырата келіп, олардың рет тэртібін былай көрсетуге болады: 1. отамалы (март), 2. кокек (апрель), 3. мамыр (май), 4. сарша (июнь), 5. тамыз (июль), қыркүйек (август), 7. қазан (сентябрь), 8. қараша (октябрь), 9. тоқсан немесе желтоқсан (ноябрь), 10. қаңтар (декабрь), 11. ақпан (январь), 12. тоқпан (февраль).