Нәсіл

5 Желтоқсан 2012, 06:16

  Нәсіл Нәсіл (фр. race, итал. razza — туыс, тайпа) — тұқым қуалау арқылы берілетін ұқсас сырты (дене) пішіндері — терісінің түсі, шашы мен көзі, мұрны мен еріндерінің пішіні, бойы мен дене пропорциясы, сондай-ақ кейбір "жасырын" белгілері (қанының тобы және т.б.) бар адамдардың тарихи қалыптасқан тобы. Әр түрлі нысандардың таралу ареалдары сәйкес келмейді, сондықтан нәсілдік шекаралар анық емес және шартты болып келеді. Төрт үлкен нәсілге бөлу қалыптасқан. Олар: негроидтер, оған жақындау аустралоидтер, еуропеоидтер және монголоидтер, олардың ішінен кіші нәсілдер бөлінеді. Қазіргі адамзаттың дені үш үлкен нәсілге жатады: 1.      экваторлық (негроидтер, австралоидтер, негравстралоидтер), 2.      еуропалық 3.      моңғолоид Нәсілдік ерекшеліктер аса маңызды емес. Барлық нәсіл биологиялық, психологиялық қатынастарда өзара тең және даму сатысының бір деңгейінде тұр. Қазіргі адамдардың тарихи даму барысында тіршілік еткен табиғи орта жағдайларына байланысты морфологиялық айырмашылық белгілері қалыптаскан. Мұндай белгілер бірте-бірте адамдар тобының арасында тұқым қуалайтын өзгергіштік арқылы ұрпақтарына беріліп отырады. Адамдар тобының арасындағы түрішілік тұқым куалайтын өзгергіштікті француз ғалымы Ф.Бернье (1684 ж.) нәсілдер деп атады. Нәсілдік ерекшеліктер аса маңызды емес. Барлық нәсіл биологиялық, психологиялық қатынастарда өзара тең және даму сатысының бір деңгейінде тұр. Қазіргі адамдардың тарихи даму барысында тіршілік еткен табиғи орта жағдайларына байланысты морфологиялық айырмашылық белгілері қалыптаскан. Мұндай белгілер бірте-бірте адамдар тобының арасында тұқым қуалайтын өзгергіштік арқылы ұрпақтарына беріліп отырады. Адамдар тобының арасындағы түрішілік тұқым куалайтын өзгергіштікті француз ғалымы Ф.Бернье (1684 ж.) нәсілдер деп атады. Еуропеоидтік нәсілдерге тән белгілер Еуропеоидтік нәсілдерге тән белгілер: ұзын бойлы, шашы ұзын салалы әрі ашық, терісі ақшыл түсті. Олардың бет пішіні сопақша, мұрты мен сақалы тез өскіш, қыр мұрынды (жалпақ емес), жұқа ерінді болып келеді. Еуропеоидтік нәсілдер алғашында Еуропа мен Алдыңғы Азия жерінде өмір сүрген. Қазір еуропеоидтік нәсілдер барлық құрлықтарда өмір сүреді. Моңғолоидтік нәсілдерге тән белгілер Монголоидтік нәсілдердің де ездеріне тән белгілері бар. Монголоидтік нәсілдердің шаштары қатты әрі ұзын салалы, терісінің түсі қоңырқай, сақал-мұрты баяу өседі. Көбіне орта бойлы, жалпақ бетті, мұрын пішіні де жалпақ, көздері қысықтау, еріндерінің қалыңдығы орташа болып келеді. Монголоидтік нәсілдер, негізінен, Азия құрлығында кеңінен таралған. Қазіргі кезде монголоидтік нәсілдер барлық құрлықтарда өмір сүреді. Негроидтік нәсілдерге тән белгілер Негроидтік нәсілдердің шаштары бұйра әрі қара түсті, терісінің түсі де қара, сақал-мұрты баяу өседі. Мұрны жалпак, бет пішіні сопақша, көздері үлкен, еріндерінің қалыңдығы айқын байқалады. Нағыз негроидтік нәсілдер, негізінен, Африкада өмір сүреді. Негроидтік нәсілдер де қазіргі кезде басқа құрлықтарда да таралған. Раса (араб. рас — бас, бастау, шығу тегі) — бір антропологиялық түрге жататын, шығу тегі белгілі бір географиялық ареалда таралған адамдар тобы. Р. термині 17 ғ-дан бастап Еуропа халықтарында тарай бастады. Оны испандықтар мен португалдықтар (Rasse), француздар (la rasa), итальяндықтар (Razza), немістер (Rassа), ағылшындар (the race) және славян халықтары (paca) биол. мағынада кеңінен пайдаланады. ЮНЕСКО шешімі бойынша (1966 ж.) Р. мәселесінің биол. аспектісі туралы арнайы декларация қабылданған. Онда Р. туралы мынадай негізгі ғыл. қағидалар айтылған: Бүгінгі әлемдегі барлық адам баласы жалпы биол. бір түрге, яғни Homo sapіens-ке жатады және ол бір түбірден тарайды; адамдардың биол. айырмашылықтары табиғи орта мен адамның генетик. құрылымының бір-біріне тигізген әсерінен пайда болған өзгешеліктер болып саналады; адамзат топтасуында (папуляциясында) көптеген генетик. айырмашылықтар бар. Оны бірыңғай папуляц. тұрғыдан алып қарағанның өзінде адамзат тобында таза Р. жоқ; адамзаттың нәсіл заңдылықтарына орай оның физ. ерекшеліктері шартты түрде үлкен Р-ларға, одан кейін кіші Р-ларға ажыратылады. Жалпы адамзат кем дегенде үш үлкен Р-ға жүйеленеді; ешқандай халық, ұлт, тіл, дін, мәдени топ өзінше жеке Р. құрай алмайды. Р. деген ұғым тек биол. мағынада пайдаланылады. Р-ның мән-мағынасын тұжырымдаған декларацияда бүкіл әлемдегі адамзаттың барлығының биол. мүмкіншіліктері бірдей екендігі айтылады.

 

Нәсіл

Нәсіл (фр. race, итал. razza — туыс, тайпа) — тұқым қуалау арқылы берілетін ұқсас сырты (дене) пішіндері — терісінің түсі, шашы мен көзі, мұрны мен еріндерінің пішіні, бойы мен дене пропорциясы, сондай-ақ кейбір "жасырын" белгілері (қанының тобы және т.б.) бар адамдардың тарихи қалыптасқан тобы. Әр түрлі нысандардың таралу ареалдары сәйкес келмейді, сондықтан нәсілдік шекаралар анық емес және шартты болып келеді. Төрт үлкен нәсілге бөлу қалыптасқан. Олар: негроидтер, оған жақындау аустралоидтер, еуропеоидтер және монголоидтер, олардың ішінен кіші нәсілдер бөлінеді.

Қазіргі адамзаттың дені үш үлкен нәсілге жатады:

1.      экваторлық (негроидтер, австралоидтер, негравстралоидтер),

2.      еуропалық

3.      моңғолоид

Нәсілдік ерекшеліктер аса маңызды емес. Барлық нәсіл биологиялық, психологиялық қатынастарда өзара тең және даму сатысының бір деңгейінде тұр.

Қазіргі адамдардың тарихи даму барысында тіршілік еткен табиғи орта жағдайларына байланысты морфологиялық айырмашылық белгілері қалыптаскан. Мұндай белгілер бірте-бірте адамдар тобының арасында тұқым қуалайтын өзгергіштік арқылы ұрпақтарына беріліп отырады. Адамдар тобының арасындағы түрішілік тұқым куалайтын өзгергіштікті француз ғалымы Ф.Бернье (1684 ж.) нәсілдер деп атады.

Нәсілдік ерекшеліктер аса маңызды емес. Барлық нәсіл биологиялық, психологиялық қатынастарда өзара тең және даму сатысының бір деңгейінде тұр.

Қазіргі адамдардың тарихи даму барысында тіршілік еткен табиғи орта жағдайларына байланысты морфологиялық айырмашылық белгілері қалыптаскан. Мұндай белгілер бірте-бірте адамдар тобының арасында тұқым қуалайтын өзгергіштік арқылы ұрпақтарына беріліп отырады. Адамдар тобының арасындағы түрішілік тұқым куалайтын өзгергіштікті француз ғалымы Ф.Бернье (1684 ж.) нәсілдер деп атады.

Еуропеоидтік нәсілдерге тән белгілер

Еуропеоидтік нәсілдерге тән белгілер: ұзын бойлы, шашы ұзын салалы әрі ашық, терісі ақшыл түсті. Олардың бет пішіні сопақша, мұрты мен сақалы тез өскіш, қыр мұрынды (жалпақ емес), жұқа ерінді болып келеді. Еуропеоидтік нәсілдер алғашында Еуропа мен Алдыңғы Азия жерінде өмір сүрген. Қазір еуропеоидтік нәсілдер барлық құрлықтарда өмір сүреді.

Моңғолоидтік нәсілдерге тән белгілер

Монголоидтік нәсілдердің де ездеріне тән белгілері бар. Монголоидтік нәсілдердің шаштары қатты әрі ұзын салалы, терісінің түсі қоңырқай, сақал-мұрты баяу өседі. Көбіне орта бойлы, жалпақ бетті, мұрын пішіні де жалпақ, көздері қысықтау, еріндерінің қалыңдығы орташа болып келеді. Монголоидтік нәсілдер, негізінен, Азия құрлығында кеңінен таралған. Қазіргі кезде монголоидтік нәсілдер барлық құрлықтарда өмір сүреді.

Негроидтік нәсілдерге тән белгілер

Негроидтік нәсілдердің шаштары бұйра әрі қара түсті, терісінің түсі де қара, сақал-мұрты баяу өседі. Мұрны жалпак, бет пішіні сопақша, көздері үлкен, еріндерінің қалыңдығы айқын байқалады. Нағыз негроидтік нәсілдер, негізінен, Африкада өмір сүреді. Негроидтік нәсілдер де қазіргі кезде басқа құрлықтарда да таралған.

Раса (араб. рас — бас, бастау, шығу тегі) — бір антропологиялық түрге жататын, шығу тегі белгілі бір географиялық ареалда таралған адамдар тобы. Р. термині 17 ғ-дан бастап Еуропа халықтарында тарай бастады. Оны испандықтар мен португалдықтар (Rasse), француздар (la rasa), итальяндықтар (Razza), немістер (Rassа), ағылшындар (the race) және славян халықтары (paca) биол. мағынада кеңінен пайдаланады. ЮНЕСКО шешімі бойынша (1966 ж.) Р. мәселесінің биол. аспектісі туралы арнайы декларация қабылданған. Онда Р. туралы мынадай негізгі ғыл. қағидалар айтылған:

Бүгінгі әлемдегі барлық адам баласы жалпы биол. бір түрге, яғни Homo sapіens-ке жатады және ол бір түбірден тарайды;

адамдардың биол. айырмашылықтары табиғи орта мен адамның генетик. құрылымының бір-біріне тигізген әсерінен пайда болған өзгешеліктер болып саналады;

адамзат топтасуында (папуляциясында) көптеген генетик. айырмашылықтар бар. Оны бірыңғай папуляц. тұрғыдан алып қарағанның өзінде адамзат тобында таза Р. жоқ;

адамзаттың нәсіл заңдылықтарына орай оның физ. ерекшеліктері шартты түрде үлкен Р-ларға, одан кейін кіші Р-ларға ажыратылады. Жалпы адамзат кем дегенде үш үлкен Р-ға жүйеленеді;

ешқандай халық, ұлт, тіл, дін, мәдени топ өзінше жеке Р. құрай алмайды. Р. деген ұғым тек биол. мағынада пайдаланылады. Р-ның мән-мағынасын тұжырымдаған декларацияда бүкіл әлемдегі адамзаттың барлығының биол. мүмкіншіліктері бірдей екендігі айтылады.

Бөлісу: