ҚОҢЫРАТ – Орта жүз құрамындағы тайпа. Түркі халықтарының, соның ішінде қазақтардың этник. тарихында Қ. тайпасының орны ерекше. Қ. тайпасы көтенші, көктіңұлы деген екі үлкен бірлестіктен тұрады. Көтеншіден – жаманбай, аманбай, жетімдер, божбан, саңғыл тараса, көктіңұлынан – байлар, жандар, аққой, оразгелді, тоқболат, қаракөсе, құлшығаш ұрпақтары өрбиді. Қазақтардың құрамына кірген Қ-тар 1917 жылғы Қазан төңкерісіне дейін Қазақстанның оңт-нде мал ш-мен айналысқан. Жаз айларында солт-тегі Қорғалжын к-не дейінгі аумақта жайлауға шығып отырған. Моңғол, араб, парсы деректері және Қытай авторлары бұл тайпаны ежелгі қият тайпасы және моңғол үстіртін мекендеген олхонут, хонхират руларымен байланыстырады. Осыған орай, бірқатар зерттеушілер (В.Бартольд, Д.Оссон, Б.Сайшаал, т.б.) Қ-тарды моңғол текті тайпа деп есептейді.
Дегенмен кейінгі зерттеулер және түркілер арасындағы “Қ.” этнонимі бұл тайпаның моңғолдармен байланыстылығын теріске шығарады. Қ-тар 12 – 13 ғ-ларда көршілес моңғол тайпаларымен тығыз байланыста болды. Мыс., Шыңғысханның шешесі Қ. тайпасынан болатын және мұрагерлері (Жошы, Шағатай, Үгедей, Толы) үлкен әйелі Бөртеден туған балалар еді. Бөрте де Қ. қызы. Қ. тайпаларының қалыптасуында моңғол-Қ. элементтері елеулі болды, бірақ олардың негізгі бөлігі түркі рулары еді. Қ-тар Дешті Қыпшақтың сол қанаты есебінде Темір әулетіне қарсы күресте Әбілхайыр ханды қолдады. Осындай саяси тартыстар салдарынан Шайбани әулетімен бірге Мауереннахр хандығының негізін салып, кейінірек қарақалпақ халқының құрамына енді. Жәнібек пен Керей бастаған топ көшпелі өзбек мемлекеті құрамынан ауа көшкенде Қ-тардың бір бөлігі олармен бірге Бат. Моғолстанға келіп орнықты. Ш.Уәлихановтың жазуынша, Қ. тайпасы 19 ғ-дың басында Қаратау, Талас, Ташкент, Бұхара, Қоқан маңына тұрақтаған. Сөйтіп Қ-тар Қазақстан мен Орта Азия жеріндегі түркі тілдес тайпалармен араласып, қазақ, өзбек, қарақалпақ, ноғай, башқұрт халықтарының құрамына еніп, сіңісіп кетті. М.Тынышбаевтың еңбектеріне қарағанда, Қ-тардың Қазан төңкерісіне дейінгі жалпы саны 310 мың адам болған. Олардың 100 мыңы Бұхара маңында, 90 мыңы Түркістан у-нде, 30 мыңы Перовск (Ақмешіт) у-нде тұрған. Түркі халықтарының тарихында Қ-тардың үлкен қызмет атқарғанын Қ. тайпасынан шыққан Алпамыс батыр туралы эпостың түрлі нұсқаларының болуы дәлелдейді. Бұлар – қазақтар мен қарақалпақтардың “Алпамыс”, өзбектердің “Алпамыш”, башқұрттардың “Алпамыш пен Барсын Хылду” эпостары, татарлардың батырлық ертегісі “Алпамша”, алтайлықтардың “Алып-Манаш”, қырғыздардың “Манас” эпосы. Таңбасы – П – “босаға таңба”, ұраны – “Алатау”, “Мүкәмал” болып келеді.
Әдеб.: Аристов Н., Заметки об этническом составе тюркских племен и народностей, СПб., 1897; Арғынбаев Х., Мұқанов М., Востров В., Қазақ шежіресі хақында, А., 2000; Қинаятұлы З., Моңғол үстіртін мекен еткен соңғы түркі тайпалары: XІ – XІІ ғ., Астана, 2001.
Е. Тұрғынбаев