5 Желтоқсан 2012, 06:15
Фикһ - терең түсіну мен жан-жақты ұғыну. Ұғым ретінде бұрын діннің барлық салаларында терең түсінікке ие болу мағынасында қолданылатын және сенім, ахлақ (мораль), амал (іс-әрекет) мәселелерінде білім иесі болу Фикһ сөзімен түсіндірілетін. Ханафи мазһабының негізін қалаушы Әбу Ханифа осы кең және жалпы мағынаға Фикһты «адамға пайда және зиян келтіретін нәрселерді (яғни құқықтары мен міндеттерін) білу» деп түсіндірген. Кейіннен сенім және ахлақ (мораль) мәселелері Фикһ саласынан шығып, басқа салаларда зерттеле бастаған. Осылайша, сенім мәселелерін зерттеген ғылым саласы – қалам ғылымы, ал-ахлақ мәселесін зерттеген ғылым саласы тасаввуф (сопылық) ғылымы немесе ахлақ ғылымы деп аталған. Одан кейін тек адамның іс-әрекеттеріне қатысты (амал) мәселелер ғана калып, Фикһ ғылымы сол іс-әрекеттерді зерттей бастаған. Осыған орай, Фикһ ғылымы адамның іс-әрекеттеріне (амал, фиил) қатысты діни үкімдерді зерттейді. Адамның іс-әрекеттері жалпы ғибадаттар және муамалат болып екіге бөлінеді. Ғибадаттар адамның Аллаһ алдындағы міндеттерін түсіндіреді. Мысалы, намаз оқу, ораза тұту, зекет беру, қажылыққа бару ғибадат болып табылады. Бұлар - жеке мағынадағы ғибадаттар. Мұнымен қоса, ғибадаттың жалпы мағынасы да бар.
Ол - адамдарға пайда келтіретін әрекет жасау Пайғамбарымыз (с.а.у.) бір сөзінде (хадис): «Иманның 60-тан аса бөлігі бар. Жолдан адамдарға зиян келтіретін тасты алып тастаудың өзі де иманның бір бөлігі болып табылады» - деп айтқан. Сол себептер мұсылмандықтаадамның өзін және отбасын басқаларға мұқтаж етпеу үшін жұмыс істеп табыс табу, туыстарына көмек көрсету ғибадат деп есептелгеніндей, еліне және барлық адамзатқа пайдасын тигізу үшін жұмыс істеу де ғибадат болып саналады. Ал муамалат іс-әрекеттері болса, екі немесе бірнеше адам арасындағы немесе қоғамдар, мемлекеттер арасындағы қарым-қатынасты білдіреді. Адамдар арасында пайда болатын сауда-саттық, жалға беру, кепіл немесе кепілдік көрсету, несие беру, үйлену, ажырасу және мирас қатынастары сияқты, бұрын укубат (қылмыс пен жаза) ретінде зерттелген қылмыс пен жаза да муамалат саласында қарастырыла бастаған. Сонымен қатар, мемлекеттер арасындағы қатынастар да осы салаға кіреді. Қамтитын мәселелеріне қарай отырып, муамалатты қазіргі ұғым бойынша құқық немесе құқықтық қатынастар деп те атауға болады. Құқық ұғымы ғибадаттарды емес, тек муамалат тақырыптарын ғана түсіндіру үшін қолданылған. Классикалық Фикһ ғылымы бір қалыпты дамығандықтан, әрбір муамалат мәселесіне қатысты мәліметтер жалпы теория тұрғысынан айтылмай, тек тиісті мәселе төңірегінде ғана түсіндіріледі. Мысалы,: сауда-саттыққа қатысты мәліметтердің барлығы «Китаб әл-Бей» (сауда-саттық) тақырыбына қамтылады. Алайда, бұл факихтердің (мұсылман заңгерлердің) бір келісім теориясына тоқталмағанын көрсетпейді. Сауда-саттық, жалға беру, кепіл немесе кепілдік көрсету, несие беру сияқты мәселелер қаншалықты жеке зерттелсе де, әсіресе, сауда-саттық мәселесі зерттелгенде, келісім теориясы деп есептелетін мәліметтер беріледі. Фикһ (мұсылман құқығы) саяси және мәдени өмірмен бірге діни өмірді де қамтитын мазмұнға ие. Жалпы алғанда, Фикһтың қамтитын мәселелері 4-ке бөлінеді.
1. Ғибадаттар;
2. Муамалат (қарым-қатынас);
3. Мүнакахат (неке мәселесі);
4. Укубат (жаза мәселесі);
Ғибадаттарға дәрет, намаз, ораза, зекет және қажылық жатады. Сондай-ақ, ант етуге және құрбандыққа қатысты үкімдер де осы бөлімге кіреді.
Муамалаттың құрамына заманауи (қазіргі кездегі) құқықтағы жеке құқықтың бөлімдері - міндеттемелік құқық, мүлік құқығы, сауда құқығы және мемлекеттік жеке құқық пен мемлекеттік құқықтық бөлімдері - мемлекеттік жалпы құқық және әдістемелік құқық үкімдері кіреді. Фераиз деп аталатын мирас үкімдері мен «Сыяр» тақырыбында қарастырылатын халықаралық құқыққа қатысты үкімдер де осы бөлімде қамтылады. Сондай-ақ, «әл-Ахкаму'с-Султания» атты жеке жұмыстарда қарастырылған Ата заң мен басқару құқығына қатысты үкімдер де осыған жатады.
Мүнакахат үйлену, ажырасу, қамқорлыққа алу, алимент төлеу және баланың заңды немесе заңсыз туылуы сияқты отбасылық құқық мәселелерін қамтиды. Қылмыстар мен жазаларға қатысты мәселелер укубаттың құрамында қарастырылады.
Осы төрт бөлімнің орнына ғибадаттардан тыс, қалған барлық құқық мәселелерін муамалаттың құрамына алып, жалпы екі бөлімді қарастырады. Классикалық мұсылман құқығы заманауи құқықтың барлық негізгі мәселелерін қамтумен қатар өз жүйесі мен жіктеу қисыны тұрғысынан да өзіндік ерекшелікке ие. Мұсылман құқығында Рим құқығынан бері қолданылып келген мемлекеттік құқық пен жеке құқық түрлеріне бөлу мәселесі қарастырылмайды. Алайда мұсылман заңгерлер діни және құқықтық міндеттерге жауапкер болған адамдардың әрекеті туралы айтқанда, оларды мемлекеттік құқық және жеке құқық бөлімдеріне ұқсас «Аллаһ хақтары» және «Құл хақтары» деп аталатын екі топқа бөлген.
«Аллаһ құқығы» ұғымы, көбінесе белгілі бір тұлғаның мүддесіне қарамастан, жалпы алғанда қоғамның мүддесін жүзеге асыруды және қоғамдық тәртіпті сақтауды мақсат еткен үкімдерді түсіндіреді. Бұл топқа жататын үкімдерден ешкімнің бас тартуға құқығы жоқ және осы үкімдердің орындалуында немқұрайлылықтың байқалуы мүмкін емес. Ал «Құл құқықтары» ұғымы, көбінесе тұлғалардың бір-бірімен жасаған әртүрлі құқықтық қарым-қатынастарын анықтайды. Мұндай құқықтарда құқық несі қадаған кезінде құқығынан бас тарта алады.
Аллаһ құқықтары құрамына кіретін үкімдері
1. Намаз, ораза, зекет және қажылық сияқты ғибадаттар;
2. Пітір садақа, ұшыр және «зимми» деп аталатын мұсылман емес азаматтардан алынатын хараж сияқты салықтар;
3. Зинақорлық, ұрлық жасау, ішімдік ішу және қарақшылық сияқты қылмыстарға берілетін жазалар;
4. Кәффарәт (орындалмаған шариғи амалды өтеу);
5. Олжалардың бестен бірінің мемлекеттік қазынаға салынуы.
Иемденген ерекшеліктерінің салдарынан Аллаһ құқықтықтарына немесе құл құқықтарына жатпайтын үкімдер «аралас құқықтар» тақырыбында үшінші топ ретінде қарастырылады. Мысалы, кінәсіз әйелге зинақорлыққа бой берді деп әдейі жала жабу «казиф» және қасақана кісі өлтіру әрекетіне қолданылатын «қысас» үкімі аралас құқықтың құрамына кіреді. Аллаһ құқықтары немесе құл құқықтары деп бөлу жеке тұлға сипатындағы жауапкер адамның әрекеттеріне қарай жасалғандықтан, мұнда мемлекет сияқты, т.б. заңды тұлғалардың болмауы табиғи нәрсе.
Мұсылман қауымының мәні және ерекшеліктері
Мұсылман құқығының негізін Аллаһтың сөзі - Құран мен Аллаһ Елшісі Хазіреті Мұхаммед ПайғамбарХазіреті Мұхаммед Пайғамбардың (с.а.у.) сөзі мен әрекеті - сүннет құрайды. Құран мен сүннетте үкім беретін сөздер жекеше түрде «нас», көпше түрде «нусус» деп аталады және нас дегенде Аллаһтың немесе Пайғамбарлық сөзі негізге алынады. Осыған сай мұсылман құқығының негізгі сүйенішінің бірі «нас» болып табылады. Осы настарды қойған Аллаһ пен Пайғамбар «Шари» деп аталады.
Алайда Құран мен сүннетте қамтылған осы настардың түсінілуі мен қолданылуында және олардың тікелей қамтылмаған мәселелерінің үкімін беруде адамзат күшіне мұқтаждық туындайды. Бұл күш мұсылман құқығы терминологиясында «ижтихад» деп аталады. Ижтихад – қысқаша шариғи-амали, бір мәселенің үкімін білуге әрекет ету. Осы әрекетті атқаратын адам «мүжтахид» деп аталады.
Осыған сай мұсылман құқығы Аллаһтың сөзі «нас» пен адамзаттың әрекеті «ижтихадтан» тұрады.
«Шари» ұғымы «шариғатты қойған» түсінігіне сай келеді және тек Аллаһ пен Мұхаммед Пайғамбар (с.а.у.) үшін қолданылады.
Діни-құқық мәселелерде адамдардың сұрақтарына жауап беретін кісіні «мүфти», ал берген жауабын «пәтуа» деп атайды. Мүфтидің берген жауабы тұрақты бекітілген қағида болмағандықтан, адамдардың басқа мүфтиден де осы мәселе турасында қайта сұрауына болады.
Хаким (қазы) - адамдар арасындағы түсініспеушілікті шешу үшін тағайындалған факих. Оның беретін үкімі тұрақты, яғни адамдар осы шешімге бойсұнуға міндетті. Осыған көңіл бөлген көптеген жазушылар мұсылман құқығын басқа құқықтық жүйелерден айыратын мына ерекшеліктерді атап көрсеткен.
1. Негізінің Аллаһтан болуы:
Мұсылман құқығының негізгі түпдерегі Аллаһ сөзі «Құран» болып табылады. Бұл жағдай - мұсылман құқығының ерекше қасиеттеріннің негізі. Сондай-ақ, Аллаһтың Елшісі Хазіреті Мұхаммед (с.а.у.) Құрандағы үкімдерді алғашқы рет түсіндіруші және орындаушы болуы көрсетілген ерекшеліктермен бірге ескерілуі керек.
Алайда мынаған назар аудару керек, яғни негізгі түпдеректің Аллаһтың сөзі Құран болуы және алғашқы іргетасының Мұхаммед (с.а.у.) Пайғамбар тарапынан қойылуы мұсылман құқығының толығымен Аллаһтың туындысы және илахи құқық деген мағынаға келмейтінін көрсетеді. Осы мәселені ескермеген бірқатар Батыс зерттеушілері мұсылман құқығының толығымен догматикалық, тұрақты және өзгермейтін құқық екендігін баса айтқан. Әйтсе де, мұсылман құқығының негізгі түпдерегі Құранда адамдар арасындағы қарым-қатынастар түп-негізіне дейін берілмеген, тек жалпы принциптері ғана айтылған және шиеленіскен өмір оқиғаларының шешімін Құрандағы жалпы мораль және құқық принциптерінің негізінен табу шартымен адамның сана-сезіміне жүктелген. Тіпті, Хазіреті Мұхаммедтің (с.а.у.) бірқатар құқықтық реттеулерді уахи жолымен емес, Құрандағы принциптердің саясында өз ақылымен жүргізгені көрсетіледі.
Факихтер (мұсылман құқығы ғалымы) Аллаһтың қалауы мен әлеуметтік шындық арасын ұштастыруға тырысқақ ұшырасқан құқықтық мәселелерді Құрандағы принңиптерді назарға ала отырып, өз ақылының, жинақталған тәжірбиесінің және алған мәліметтердің негізінде шешіп отырған. Осы тұрғыдан мұсылман құқығының негізгі түпдерегін қаншалықты Аллаһтың сөзі Құран қалыптастырса да, соңғы сараптамада мұсылман құқығының құрылуы мен бір жүйеге келтірілуі адам сапасының жемісі және нәтижесі екендігін көреміз. Сол себепті мұсылман құқығы белгілі кезеңдерде жасалған болымсыз (позитив) реттеу болып табылады.
Ұлы факихтердің бірі Имам ол-Харамейн әл-Жуейни «Фикһтың оннан тоғызы адамзат сөзі» дегенде осы мәселеге назар аударған.
2. Екілік жаза жүйесіне ие болуы:
Мұсылман құқығы жаза тұрғысынан да өзге құқық жүйелерінен ерекшеленеді. Мысалы, Құранда тыйым салынған әр түрлі іс-әрекетер құқық мәселесінен бұрын дін мәселесі болып табылады. Яғни, тыйым салынған іс-әрекеттерді істеген адам Аллаһтың тыйым салған нәрсесін жасағандықтан күнә іс істеген болады. Мұның азабын ақырет күнінде тартады. Бұл - істелген әрекеттің рухани-ақыреттік жаза жағы. Сондай-ақ, бұл адам Аллаһқа берген сөзінде тұрмай, Аллаһтың тыйым салған ісін істегендіктен оның арожданы да мазасызданады.
Мұхаммед Пайғамбар (с.а.у.) дәуірінде Майыс деген кісі зинақорлық жасаған. Ешкім көрмесе де арожданының мазасыздануы салдарынан Хазіреті Пайғамбарға (с.а.у.) келіп, қылмысын айтып, өзіне тиісті жазаның қолданылуын өтінген.
Құранда жаман іс деп есептелген және тыйым салынған әрбір әрекет үшін осы дүниелік жаза көрсетілмеген. Дегенмен, кісі өлтіру, зинақорлық жасау, өтірік айту, ұрлық істеу және қарақшылық жасау сияқты әрекеттерге арнайы осы дүниелік жазалар берілген.
Мұсылман құқығының «екілік жаза» ерекшелігі осы мәселеде қарастырылады. Рухани-ақыреттік жазалар, әсіресе діндар адамдардың жаман әрекеттерден тыйылуында маңызды рөл ойнайды. Ал материалдық-дүниелік жаза барлық адамдар үшін тыйдырушы сипатта болады. Рухани жаза «діндарлық» сияқты субъективті жағдайға, ал материалды жаза объективті қағидаларға сүйенеді. Кейбір мүшкіл жағдайларда хакимдер «діни заңдарға байланысты үкім» мен «құқыққа байланысты үкім» арасын ажыратып көрсеткен.
Мұсылман құқығының көптеген ғасырлар бойы әлемнің түкпір-түкпірінде еркін қолданылу және жетістікке жету себептерінің бірі оның осы екілік жазаға ие болу ерекшелігінен туындайды.
3. Принциптері мен мақсаттары тұрғысынан әлемдік деңгейге көтерілуі:
Әділдікті қамтамасыз етуге, жеке басты, мүлікті, ар-намысты, ақылды және дінді қорғауға, жалпы алғанда адамның осы дүниеде де, арғы дүниеде де бақытқа бөленуін қамтамасыз етуге бағытталған принциптер мен мақсаттар тұрғысынан мұсылман құқығының әлемдік деңгейге дейін көтерілгені турасында сөз етуге болады.
Алайда әрбір құқық жүйесі сияқты қалыптасу процесінде қоғамдық шарттар мен көзқарастардан әсерленген мұсылман құқығының тарихи тәжірибеде қалыптасып, бір жүйеге келтірілгендігі тұрғысынан әлемдік сипатқа ие болуы туралы сөз қозғау қате, әрі шынайы емес.
Кейбір жазушылар мұсылман құқығының ерекшеліктері ішінде адамдар арасындағы құқықтық қарым-қатынастармен қоса, жеке адам мен Аллаһ арасындағы құлдық байланыстың да құрылғанын айтады. Алайда, Фикһ кітаптарының алғашқы бөлімдерін құрайтын ғибадат мәселелерінің барған сайын заман ағымында «Илмихал» тақырыбымен жеке кітаптарда қарастырыла бастағандығы және қазіргі кездегі басым көзқарасқа сай, ғибадаттардың құқық құрамына кірмейтіні ескерілсе, аталмыш жағдайлы мұсылман құқығы үшін жеке ерекшелік ретін де айтуға қажеттілік қалмайды.
Мұсылман құқығының тарихи дамуы мен қалыптасуы
Хазіреті Пайғамбар (с.а.у.) дәуірі
Мұсылман құқығының пайда болуы Хазірет Мұхаммед (с.а.у.) Пайғамбар болып, оған уахидің келуімен басталады және осы кезеңде түсіріліп, аяқталуына байланысты бұл кезең мұсылман құқығының алғашқы кезеңі болып саналады. Уахи Аллаһтың Пайғамбарларға жолдама жіберуі мағынасына және жіберілген жолдама мағынасына келеді.
Уахи қамтитын тақырыптарда Хазіреті Пайғамбар (с.а.у.) Меккеден Мединеге көшкеннен кейін (хижрет) өзгерістер болғандықтан, бұл кезең Мекке және Медине кезеңі болып екіге бөлінеді:
Мекке кезеңі. Мекке кезеңі Хазіреті Мұхаммед (с.а.у.)-ге уахи жіберіле бастаған Милади 610 жылдан Мединеге кешкен 622 жылға дейін созылады.
Мекке кезеңінде түскен аяттар, көбіне сенімді нығайту, бір Тәңір сенімін орнықтыру және ахлақты (мораль) тәрбиелеу тақырыптарын қамтиды. Бұл кездегі дінге шақыру ісі әлемдік сипатта болды және де аяттар көбінесе: «Ей адамдар!» деп басталады.
Бұл кезеңде құқық саласында ешқандай аят түспеген. Мұның себептерінің бірі - мүминдер қоғамының қоғамдық беделінің болмауы. Ал құқықтық жүзеге асырылуы қоғамдық күшті қажет етеді. Екінші бір себеп - құқық қағидаларының табысты түрде жүзеге асырылуының және күткен нәтижеге жетуінің алғышарты болған ахлақ (мораль) тұрғысынан жетілген адам түріне байланысты болуы.
Бұл жағдай ахлақ пен құқық арасындағы тығыз байланыстыр тіпті құқықтық негізі ахлақ екендігінің нышаны болып саналуы мүмкін. Осылайша Медине кезеңінде түсірілетін құқықтық қатынастардың іргетасы Мекке кезеңінде қаланды.
Медине кезеңі. Бұл кезең Хазіреті Мұхаммед (с.а.у.)-нің 622 ж. Меккеден Мединеге көшуінен басталып, 632 ж. қайтыс болуына байланысты аяқталады.
Хазіреті Пайғамбар (с.а.у.) Мединеге Пайғамбар ретінде ғана емес, сонымен бірге Мединеде сүрген үш яһуди қауымын (Құрайза, Қайнука және Надирұлдары) араларындағы әрі сол жердегі Әуіс және Хазреж деген араб қауымдары арасындағы келіспеушіліктерге қазылық ету және қоғамда сөзі өтетін көсем сипатымен барған. Қысқаша айтқанда Хазіреті Мұхаммед (с.а.у.) Пайғамбардың Меккедегі діни «шатына дүниелік көсем сипаты да қосылды. Бұл кезеңде қоғамдық тәртіп орнату, адамдар арасындағы қатынастарды реттеу туралы үкімдер келе бастады. Ғибадаттар да осы кезеңде реттелді. Практикалық өмірге қатысты үкім аяттарын ахкәм аяттар дейді. Бұл кезеңнің ерекшеліктерінің бірі - үкімдердің бәрі бірден емес, уақытқа қарай сатылап қойылуы (Тедриж). Арабтар арасында кейінен тараған шарап ішу және пайыз алу бірден тоқтатылмай оларға үйрете келе тыйым салынған. Бұрын қойылған үкімнің кейіннен келген үкіммен күшін жоюы деген «несх» те осы кезеңнің ерекшеліктерінің бірі болып табылады.
Кейінгі кезеңдердің негізгі қайнары болған уахи - осы кезеңнің де негізгі қайнары. Алайда Хазіреті Мұхаммед (с.а.у.) Құрандағы үкімдерді түсіндіргенде ақылын колданғандығы қабылданады. Сол себептен Пайғамбардың (с.а.у.) сөзін немесе іс-әрекеттерінің барлығын, яғни сүннет толығымен уахи деу дұрыс емес. Алайда сүннеттің уахиден шыққанын қуаттайтын ғалымдар да бар.
Сахаба дәуірі
Хазіреті Мұхаммед (с.а.у.) 632 ж. қайтыс болғаннан кейін басталып, сахабалардың ықпалы басым болған кезеңге дейін созылды. Бірақ, сахаба дәуірі деген кезде, көбінесе рашид халифалар деп аталған Әбу Бәкір, Омар, Осман және Әлидің Һ.41/М.661 ж. созылған халифалық дәуірі түсіндіріледі. Шынында да рашид халифалар дәуірі кейінгі дәуірлерден ерекше жағдайларға ие болуы әрі Пайғамбарсыз дәуірдің алғашқы тәжірбиесі болуы жағынан маңызды.
Хазіреті Мұхаммед (с.а.у.) тірі кезінде Пайғамбар болуымен қатар, саяси беделдің, әрі құқықтық беделдің басшысы болды. Ол сонымен қатар мемлекет басшысы, қазы әрі мүфти еді. Ол қайтыс болғаннан кейін сахабалар саяси және құқықтық істердің қалай жүргізілетіні туралы мәселеге кездесті. Түрлі тартыстардан кейін сахабалар діни құқықтық және саяси салала өкілеттілікті Хазіреті Пайғамбардың (с.а.у.) жақын досы болған Әбу Бәкірге беруге келісті, және оған бағынуға сөз берді (бей'ат). Сахаба Хазіреті Пайғамбардың (с.а.у.) орнына сайланған бұл адамның өкілеттілігін түсіндіру үшін, оны Хазіреті Пайғамбардың (с.а.у) халифасы ретінде сайлады.
Халифа атауы бұдан былай мұсылман қоғамының діни және саяси көсемі деген мағынаға ие болды.
Халифа болып сайланған Әбу Бәкір діни, ұлттық және саяси салада бір шешім қабылдаған кезде, алдымен Хазіреті Пайғамбардың (с.а.у.) осыған байланысты сөзі немесе іс-әрекетінің (Сүннет) бар-жоғын зерттеген. Егер бар болса, Хазіреті Пайғамбардың (с.а.у.) сөзін негізге алған.
Хазіреті Пайғамбарлық (с.а.у.) сүннеті болмаған жағдайларда Хазіреті Пайғамбардың (с.а.у.) жақын достарынан сұрап, олардың көзқарасын да ескерген. Бұл кеңес сұрау ісін әдебиеттерде «тура» немесе «мешперет» деп айтады.
Бірінші халифа Хазіреті Әбу Бәкір бастаған сүннеттің бар-жоқтығын зерттеу және алдыңғы қатардағы сахабалардың көзқарасын алу ісі кейінгі 3 халифа тарапынан да жүзеге асырылды. Рашид халифалар дәуірінің маңызды ерекшеліктерінің бірі «Рей ижтихадының» кеңінен тарауы болып табылады. Рей ижтихады - кездескен мәселенің Құранның негізгі қағидалары шешілуі үшін ақыл күшін жұмсау деген сөз. Хазіреті Пайғамбар (с.а.у.) кезеңінде Рей ижтихадының үлгілері кездеме де қате болған жағдайда, осы ижтихадтарды Хазіреті Пайғамбар (с.а.у.)-ның өзі түзету мүмкіндігі бар еді. Сондықтан да Хазіреті Пайғамбар (с.а.у.) кезеңінде рей ижтихадынан туындаған пікір айырмашылықгары жоқ еді. Бірақ Хазіреті Пайғамбар (с.а.у.) қайтыс болғаннан кейін, бұл мәселені қарастыратын жоғарғы ұйым болмағандықтан, барлық адамның жеке көзқарасы принцип ретінде бір-біріне тең болды, бірі екіншісінен жоғары болған жоқ. Сол себептен әрбір жеке көзқарастың болу құқығы бар. Бұл мұсылмандар арасында көзқарас айырмашылықтарының пайда болуының және дұрыс деп саналуының бастауы мағынасына келеді. Жоғарыда айтылғандай шешімнің тура жолымен қабылдануы келіспеушіліктердің азаюын қамтамасыз етеді.
Сахабалар көзқастар турасында бір-бірін кінәламаған, бір-бірінің көзқарасына құрмет көрсеткен. Көзқарастардың бірі тура нәтижесінде қабылданғанда немесе осы көзқарастардың бірі халифаның бекітуімен іске асырылса, барлығы осыған бағынатын. Бірақ, түрлі көзқарастар айналасында топтасудың осы кезеңнен басталғанын айтуға болады.
Сахабаның ижтихад әрекеті көбінесе мына екі мәселе турасында болатын еді:
1. Аят және хадис мәтіндерінің (нас) түсініліп анықталуы.
2. Анық емес үкімде діннің, адамдардың
пайдасына (маслахат) шешілуі (рей ижти- хады).
Бұл кезеңнің маңызды оқиғаларының бірі жорықтар арқылы Сирия, Ирак, Мысыр және Иранның алынуы және мұсылмандардың сол жерлердегі түрлі мәдениеттерімен таныса бастауы.
Осы әрекеттің мұсылман құқығына ықпалы осы күнге дейін анықталған жоқ.
Екінші бір маңызды оқиға - сахаба арасында саяси билік күресіне байланысты бөлінуі және бүліктің шығуы. Бастапқыда саяси түрде болған бұл бөліну ісі уақыт өте келе діни бір маңызға ие болып, сенім негіздерімен және Фикһ түсінігімен байланыстырылған, сөйтіп үш негізгі топ пайда болған. Әхли сүннет, Шиа, Харижилер.
Омеядтар дәуірі
Рашид халифалар дәуірі Муауияның 41/661 ж. саяси билік басына келуіне байланысты аяқталады, келесі жаңа кезең Омеядтар дәуірі деп аталады. Муауия халифа болғаннан кейін, дін мен құқық істерін үмметке қалдырып, саяси істерді өз қолында ұстады. Осылайша, рашид халифалар дәуірінде халифа діни-құқықтық және саяси беделге өкілдік етсе, Муауия діни-құқықтық саланы үмбетке қалдырып, дін мен мемлекетті бір-бірінен бөлген еді. Осы тұрғыдан мұсылман құқығының пайда болуы мен жүйеленуінің халық арасында жүзеге асқандығын айтуға болады.
Бұл кезеңде дін мен құқық істері халыққа берілгендіктен, түрлі көзқарастар айналасына топтасу байқала бастады.
Осы кезеңде пайда болған алғашқы бөлініп-топтасу Хижаз мектебі және Ирак мектебі түрінде болды. Кейіннен Хижаз мектебі «хадис әхли», ал Ирак мектебі «рей әхли» деп атала бастаған және бұл топтасу мұсылман құқығы мектептерінің пайда болуымен аяқталды. Бұл кезеңде сахабалармен бірге, табиун ғалымдардың да пікір айтқандықтары байқалады. Табиун - сахабаны көріп, олардан білім алған адамдар. Табиун араб тілінде «зерттеген, бағынған адам» мағынасын беретін «таби» сөзінің көпше түрі. Табиилер орталық Медине болған «Хижаз мектебі» және орталығы Куфа болған «Ирак мектебі» ақыл мен көзқарасқа онша мән бермейтін настардың ашық мағыналарын алдыңғы катарға қоятын, сол себептен де хадис риуаятына мән беретін көзқарасы бар. Бұл мектептің алдыңғы қатарлы өкілдері «Мединелік жеті факих» деп аталған. Олар мыналар: Саид (Мүсеййебұлы), Әбу Бәкір (Абдуррахманұлы), Урие (Зүбейрұлы), Қасым (Мұхаммедұлы), Сүлеймен (Иесарұлы), Хариже (Зейдұлы), Убейдуллах.
Ал Ирак мектебі Хижаз мектебіне керісінше рей ижтихадына маңыз беретін сүннеттің алынуына қатаң талаптар қойылып, жан-жақты қарайтын көзқараста болған. Бұл мектептің алғашқы өкілдері - Алкаме, Месрук, Қазы Шурейх Саид (Жүбейрұлы), Ибрахим ән-Нахаи жәнеХаммад. Одан кейінгі дәуірлерде де Хижаз мектебінің мүшелері жалпы түрде «Хадис әхли», ал Ирак мектебінің мүшелері «Рей әхли» (Рейшілер) деп атала бастады.
Аббасилер дәуірі және Фикһ мектептерінің пайда болуы
Билікті өз қолдарына алып, Омеядтар сұлтандығын құлатқан Аббасилер арабтардан басқа ұлттарға жылы қарап, олардан қолдау тапты және де ғалымдарға жақындық танытып, солардың көзқарастарын ұстанған. Түріктердің сахнаға шығуы да осы кезенде жүзеге асты. Әсіресе халифа Мутасым кезеңінен (833 - 41 жж.) бастап, әскери және басқару саласында түрік халқы таныла бастады.
Халифа Харун Рашид қаржылық істерін және осыған қатысты үкімдер жазуды Әбу Ханифаның досы және шәкірті Әбу Юсуфтан сұрайды. Ол атақты «Китабу'л-Харажды» жазып шықты. Халифа Мансұр Имам Малик «Муатта» атты шығармасын билеушілер мен мүфтилер бағынатын заң түріне келтіруді қалады, бірақ ол бұған ризалық білдірмеген.
Омеядтар дәуірінде пайда болған Рейшілер және Хадисшілер деп топтасулар бұл дәуірле орнын жеке мектептерге қалдырды. Бұл мектептердің кейбірі қазірге дейін жалғасып келген, ал кейбірі жоғалып кеткен. Қазір сүнни мазһабтар: Ханафи мазһабы, Мәлики мазһабы, Шәфии мазһабы және Ханбели мазһабы бар. Кейіннен құрылған Шин мазһабтарының ішінде Жафери мазһабы мен Зейди мазһабы де қазіргі кезге дейін жеткен мазһабтар қатарында. Бұл мазһабтар Фикһ мектептері немесе амали (іс-әрекет) мазһабтары болып табылады. Жоғарыда аталған Итиқад (сенімдік) мектептерге (Әһли сүннет, Шиа және Харижилер) бұл дәуірде Муғтазила мектебі мен Муржиа мектебі қосылды.
Мұсылман құқығының түпдеректері (дәлелдері)
Жалпы түпдерек (дәлел) ұғымы Құран мен сүннет, жеке тұлға мен қоғам өмірін, сенім, ғибадат, ахлақ (мораль және құқық тақырыптарын (муамалат) қамтитын үкімдердің негізін құрайды. Осы екі түпдеректен өмірдің бастауыш түсіндіретін, жеке адамды бақыт пен тыныштыққа, қоғамды тәртіп пен қауіпсіздікке қауыштыратын барлық негізгі принциптерді табуға болады. Алайда Құран мен сүннет жеке адам мен қоғамға ұсталатын негізгі тәртіп ережелерін, сақтайтын негізгі құндылықтарын көрсетумен шектеледі. Осы екі түпдеректе берілген үкімдер мен көрсетілген мақсаттарды ұғыну, олардан өмірге және жеке-жеке әрбір оқиғаға қатысты нәтиже шығару ісі толығымен Құран мен Сүннетте мұсылмандарға айтылған тиісті жауапкершілік болып табылады. Сол себептен Хазіреті Пайғамбар (с.а.у.) қайтыс болғаннан кейін Құран мен Сүннетті қалай түсіну және қандай амал мен әдістер арқылы үкім шығару мәселесі пайда болады. Тарих ағымында пайда болған түрлі Фикһ мазһабтары де осы мәселеге қатысты жұмсалған ақыл әрекеттің нәтижесі. Сондай-ақ, настардан (аят пен хадис) үкім шығару әдістемесін өз тақырыбы етіп алған ғылымның тарихта «усул-и Фикһ» (мұсылман құқығы әдістемесі) деген атпен алғаш рет мұсылмандар тарапынан шығарылуы да осы процестің нәтижесі болып табылады. Осы тұрғыдан практикалық өмірге қатысты шариғи үкімдердің негізгі түпдеректері Құран мен сүннет болумен қатар, осы екі түпдеректе қамтылған сөздер мен олардың мағына және мақсаттарын түсіндіруге бағытталған ахыли әрекеттердің де маңызы мен қызметі ерекше орын алады. Осыған орай мұсылман құқығының түпдеректерін жалпы үш бөлімге жинақтауға болады. Олар Құран, Сүннет, Ақыл.
Классикалық мұсылман құқығы теориясында бұдан да көп дәлелдер келтіріледі: Ижма, қияс, истихсан, истислах, истисхаб, т.б.
Осы дәлелдердің бір бөлігінің нас құрамына, ал екінші бір бөлігінің ақыл құрамына кіруі мүмкін. Дәлелдер фахихтер шариғи амал сипатындағы үкімге апаратын құралды немесе үкімнің сүйенішін дәлел деп атайды. Дәлел түпдерек тұрғысынан «ахыли дәлел» және «иақыли дәлел» болып екіге бөлінгеніндей, күштілігі тұрғысынан да «нақты дәлел» және «занни (жорамал) дәлел» болып екіге бөлінеді.
Фикһ әдебиетінде кеңінен қабылданған пікірге сай шариғи дәлелдердің ішінен Құран, сүннет, ижма және қияс негізгі дәлелдер тобына, ал истихсан, истислах, истисхаб, седд-и зериа сияқты дәлелдер қосалқы дәлелдер тобына кіреді.