Конфуцийлік-даосистік мәдениет. Қытай этносы қытай халқының басқа халықтардан өзгеше мәдениетінің қалыптасуына ерекше ықпал жасады. Қытайлықтар болмыс құпиялары мен өмір мен өлім мәселелерінен гөрі жарылқаушыларға бас иіп, оларға еліктеуді өздерінің қасиетгі парызы деп санады. Қытай елінде о дүниедегі рахат өмірді уағыздаушылардан гөрі, осы нақты өмірдің мән-мағьнасын терең түсіне отырып «өмір үшін өмір сүруге» үйретушілерді ұлылар қатарына жатқызып, олардың даналық қағидаларына бас иген. Дәстүрлі қытай мәдениетінің өзіндік бет-бейнесінің қалыптасуына діннен гөрі, салттық этиканың ерекше әсер етуі де осы жағдайға тікелей байланысты болса керек.
Қытай қоғамында орын алған мұндай жағдайлардың бәрі де адамзатты қоршаған дүниенің бейнесі жайындағы нақты үғымдардың қалыптасуына да, оның эволюциялық сипатына да өз ықпалын тигізбей қойған жоқ. Мысалы, Қытайдың діни құрылымында дін адамдарының рөлі алғашқы кездерде онша жоғары бола қойған жоқ. Оған дәлел ретінде Аспан құрметіне бай-ланысты өткізілетін діни рәсімдерді ғалым адамдардың емін-еркін атқара беретіндігін атап көрсетуге болады. Өйткені, Қытайда сол заманның өзінде-ақ ғалымдарға ерекше құрмет көрсетіліп, оларды жоғары сословиеге жатқызған, бірақ олар мұндай абыздық қызметтерден гөрі мемлекеттік істерге өте жақын тұрды. Қытайдың діни құрылымының бұл ерекшелігі сонау көне заманда, атап айтқанда, б.з.б. екінші ғасырдан бастап-ақ қалыптаса бастаған болатын.
Қытайлар да дүние жүзінің басқа халықтары сияқты құдайлар мен рухтардың құрметтеріне құрбандықтар шалды (кей жағдайларда қанды құрбандықтар да берілетін болған). Бірақ, уақыт өткен сайын көп құдайлар мен рухтардың ішінен Ұлы Құдай дәрежесіне жетіп, аты аңызға айналған Шанди басты орынға шықты. Әрине, діннің даму тарихындағы мұндай дара тұлғалар әлемдік басқа діндерде де жиі кездеседі (мысалы, Египетте). Бірақ, Қытайда Ұлы Құдай Шандиді өз халқының мұңын жоқтап, жағдайын ойлайтын, оған барынша қамқорлық жасайтын қамқоршы және арғы ата-бабаларының, ата-тектерінің негізін қалаушы ретінде де қабылдаған. Сондықтан да болар, қытай халқының тұрмыс-тіршілігіндегі барлық мәселелердің түйінін шешу — Шанди құдайға табынумен, оған жалбарынумен тығыз байланысты болған.
Қытайдың қоғамдық-саяси өмірінде орын алған түбегейлі өзгерістерге байланысты, кейіннен, яғни Чжоу династиясы кезеңінде (б.з.б. XI ғ.) Шанди құдайға табынушылықтың орнын Аспанға табынушылық басты. Сонымен қатар Чжоу династиясының билеушісі Аспан тәңірінің ұлы деп, ал Қытай империясы Аспан аясындағы қасиетті империя деп жарияланды. Бүл атақ пен қытай елінің бұл аты XX ғасырға дейін сақталып отыр. Қытайлықтардың ел билеушілерін осыншама дәріптеп, оларға жоғары атақ бергеніне қарағанда, олар ел басшылары құдайлармен генетикалық байланыста деп түсінгендігін айқын аңғаруға болады. Чжоу дәуірінен бастап Аспан қытайлықтардың басты құдайына айналды. Аспанға табынушылықта моральдық-этикалық сарын басым болды. Қытайлықтар Аспан қайырымдыларды, рахымшылдарды жарылқап, ал мейірімсіз қатыгез адамдарды аяусыз жазалайды деп түсінген. Адамгершілік, қайырымдылық және т.б. ұғымдар Аспанның космостық күштерінен қуат алған, онымен ұдайы байланыста болған, халықтың қамын ойлаушы ел билеушісінің бойындағы ізгі қасиеттермен байланыстырылып қарастырылады. Қайырымды, дана билеуші ғана өз елін, өз халқын басқара алады, ал бұл қасиеттерден ада бол- ғандар ел басқару құқысынан айырылады. Ежелгі қытайлықтар өмірдің мәнін адамдардың космос кеңістігімен дұрыс қарым- қатынастар орната білуімен де байланыстырады.
Олай болса, қытай халқының салт-дәстүрінде, әдет-ғүрыптарында және т.б. дін этикалық нормаларға айналды. Аспанға табынуда моральдық және адамгершілік жақтарға баса назар аударылды. Ерекше атап өтетін бір жайт, Қытайда халық Аспан еркінің жаршысы деп жарияланып, рухтарға қарағанда халықтың жағдайына ерекше мән берілді, ал бұл жағдай Қытай мәдениетінің дамуына өз әсерін тигізбей қалған жоқ. Мәдениет тарихына тереңірек үңіліп қарасақ, табиғат дүниесімен етене байланыста болып, оған ерекше сезіммен, әрі сеніммен қарау 88 қытай халқының бойында қалыптасқан табиғи қасиет екендігін аңғарамыз. Табиғат пен адам жанының үндестігі, табиғатты аялау, оған деген сәбилік махаббат сезімі халықтық мәдени туындыларды одан әрі нәрлендіре түсті. Табиғатқа табыну және оның өзіндік табиғи қасиеттерін бағалаудың арқасында қытайлықтар жан-жақты жетілген, ізгілікке толы дүниенің бейнесін жасады. Олардың ұғымынша, дүние — қарама-қайшылықтардың абсолютті үйлесімділігі үстемдік еткен шым-шытырық дүние, бірақ мұнда қандай жағдай болса да, олар бірін-бірі еш уақытта да жоққа шығармайды, қайта бірін-бірі толықтырып өзара үйлесімділік тауып отырады. Табиғаттың әрбір құбылысы — табиғат атаулының, бүкіл тіршілік атаулының жалынды жаршысы. Әрбір табиғи құбылыстың өзіндік құпиясы, өзіндік сыры бар — олардан даналық лебі еседі. Демек, Қытай халқының түсінігіндегі дүние бейнесі өзінің тұтастығымен, өзара үйлесімділігімен таң қалдырады. Қытай халқы табиғаттың бес қайнар бұлағын бес қасиетпен байланыстырады. Олар: адамгершілік (жень), парыз сезімі (и), әдепті қылық (ли), ізгілік (синь) және даналық (чжи).
Қытай мәдениеті космостық ырғаққа, оның ырқына байланысты іс-әрекетке шақырады, өйткені адамның әрбір іс-әрекеті, тіпті оның шығармашылық қасиеттері де Аспанға, оның құдіретіне тікелей байланысты. Мұндай тәңірілік көңіл күйді қытайлықтар былайша білдіреді: «Мен сөйлеп түрған жоқпын, мен баяндап тұрмын». Ұлы уағызгер Конфуцийдің көзқарасынша, адам бойындағы қасиеттердің барлығы да табиғатпен тығыз байланысты. Табиғат адамға дарын береді, ал дарындылық — табиғаттағы шығармашылық процестердің заңды нәтижесі болып табылады. Демек, қоғам мен табиғаттың өзара үйлесімділігі негізінде Аспан әлемімен, оның табиғи іс-әрекеттерімен байланыстырыла қарастырылатын әлеуметтік-этикалық мазмұндағы идеялар жатыр. Бұл идеялар даосизм және Конфуций ілімінде одан әрі түрленіп, толықтырыла түсті. Халық тарапынан қолдау тапқан бұл идеяны Қытай мәдениетінің рухани өзегіне айналған будда діні де кеңінен пайдаланып, одан әрі дамыта түсті. Соның нәтижесінде будда діні даосизм мен Конфуций ілімдерімен қосыла отырып философиялық-діни үштікті (Сань цзяо) құрады.
Даосизм адамзатты табиғатпен бірлікке шақырды. Сонау көне заманда басталған бұл тамаша дәстүр ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, күні бүгінге дейін өзінің өміршеңдігін көрсетіп отыр. Сон-дықтан да қытай халқының мәдени туындыларында адамның табиғатпен байланыстары жан-жақты көрсетіліп, тамаша бейнеленеді. Даосизмнің негізін қалаушы — Лао-Цзы өз заманында «кәрі дана» деген атаққа ие болған. Бұл діни жүйе діннен гөрі философияға жақындау болып келеді. Даосизм жергілікті дін ретінде б.з.б. VI ғасырда қалыптаса бастаған. Лао-Цзының өмірі туралы мәліметтер өте аз, әрі жұмбақ жақтары да аз емес. Сол кезеңдегі тарихи деректерге сүйенсек, этикалық ілімнің негізін қалаушы Конфуций Лао-Цзыға арнайы келіп одан өзінің шығармашылық қызметі жайындағы пікірін білгісі келетіндігін білдіреді. Бірақ, «Көрі дана» Конфуцийді «Әлеуметтік жобалар мен реформалар жасауға босқа уақыт кетірдің, оның барлығы да бос әурешілік» деп қатты сынға алады. Лао-Цзының тұжырымдауынша, халық даоны (дао — жол деген мағынаны береді) негізге алуы қажет, өйткені даосизм ілімінің негізі табиғатпен байланысты. Одан әрі ол былай деп пайымдайды: «Адамзат Жерге, Жер Аспанға тәуелді, Аспан даоны, ал өз кезегінде дао табиғилықты қажет етеді». Олай болса дао — адамзат баласының тіршілігі мен бізді қоршаған жарық дүниенің дәнекершісі болып табылады. Дао — жер бетіндегі тіршілік атаулының негізі, бүкіл заттық дүние мен табиғат құбылыстарының қайнар көзі. «Дао ілімінде жеке адамның адамгершілік тұрғыдан жетілуі — өзін қоршаған ортамен үйлесімділігімен байланыста қарастырылады. Лао-Цзының бұл атақты философиялық-діни қағидалары «О пути к добродетели» атты еңбегінде жан-жақты баяндалады.
Қытай мәдениетінің екінші бір қайнар бұлағы — Конфуций ілімі болып саналады. Оның негізін қалаушы Кун Фуцзы, яғни Кун — ұстаз. Конфуций б.з.б. 551 жылы шамасында өмірге келген. Бала кезінен-ақ білімге өте құштар болған Ұлы уағызгер көне заман тарихын қызыға оқып, ескі салт-дәстүрлерді өте жақсы көрген. Өмір жолында талай қиындықтарды басынан кешірген Конфуцийдің бойында өзі өмір сүрген ортаға көңілі толмаушылық сезімі белең алды. Ол елдегі бей-берекетсіздіктен құтылу және халықтың тұрмыс-тіршілігін дұрыс жолға қоюдың басты жолы — ата-бабалар дәстүрлері мен зандарына, көне заман тәртібіне оралу деп санады. Конфуцийдің ойынша, бұл мақсатты жүзеге асыру жолындағы шараларды әрбір адам саналы түрде жүзеге асыруы, өз-өзіне жоғары талаптар қоя білуі және қабылданған ережелер мен канондарды мүлтіксіз орындай білуі шарт, міне, сонда ғана қоғамда келелі өзгерістерді жүзеге асыруға мүмкіндік туады. Бүл қағида — оның этикалық-әлеуметтік бағдарламасының негізі болып табылады және Қытайдың мәдени-тарихи дамуына ерекше ықпал жасады.
Конфуций өзінің өмірлік қағидаларын қағаз бетіне түсірген жоқ, бірақ оның айтқан ой түжырымдарын шәкірттері жазба түрінде «Суждения и беседы» деген еңбекте жан-жақты баян- дайды. Кітаптағы әрбір қағида, ой толғаулары «Ұстаз былай деген екен» деп басталады. Бұл баға жетпес құнды еңбек Ұлы дананың ілімінен толық мағлұмат беретін жалғыз жазбаша дерек болып табылады. Өзі өмір сүрген ортаны өткір сынға алып, болашақтан үлкен үміт күткен Конфуций екі заманды өзара салыстыра отырып «Жетілген адамның» (цзюнь цзы) идеалын жасады. Жан-жақты толысқан, адамгершілік қасиеттері мол «жетілген адамның бойында», негізінен екі қасиет болуы қажет, олар: адамгершілік пен парыз сезімі. Ол былай дейді: «Мемлекетті басқаратын адам — халқын шын ықыласымен сүюімен қатар парасатты және шыншыл болуы шарт». Нағыз «цзюнь цзы» болу үшін тек қана адамгершілік қасиет жеткіліксіз. Ол үшін тағы да басты қасиет — парыз сезімі керек. Парыз — бұл моральдық міндет болып саналады. Парызды сезіне білудің өзі білім мен жоғарғы принципке, жалпы алғанда, адам бойындағы ізгі қасиеттерге тікелей байланысты болып келеді. Осы орайда Конфуций «Қайырымды ердің» бейнесін жасап, оны «қасиетсіз ерлерге» (сяо жень) қарама-қарсы қойды. «Қайырымды ер» өз парыздарын терең түсіне біледі, қоғамдық заңдарды бұлжытпай орындайды, ол «қасиетсіз ер» болса тек өз қара басының құлы ғана, бас пайдасын ойлаудан аспайды. Алғашқысы өз-өзіне талаптар қоя білсе, екіншісі басқалардан талап етуді ғана біледі. Алғашқысына жауапты істерді сеніп тапсыруға бо-лады, адамдармен татулық қарым-қатынастарда болады, қайғы мен қуанышқа ортақтаса біледі, қажет болған жағдайларда өз өмірін қияды және қандай құрбандықтарға болса да бара алады, ал екіншісі болса бұл айтылған қасиеттерден мүлде жұрдай қасиетсіз адам. «Қайырымды ер» үш нәрседен қорқады, олар: киелі Аспан, ұлы адамдар мен даналардың айтқан сөздері, ал «қасиетсіз ер» көктен де сескенбейді, ұлыларды жек көреді, дана адамдардың сөзін ескерусіз қалдырады.
Уақыт өткен сайын Конфуцийдің беделі өсіп, оның ілімі қытай қоғамында ғана емес, адамдар санасында, олардың бүкіл тұрмыс-тіршілігінде де берік орныға түсті. Б.з.б. III ғасырда және б.з. III ғасырларында оның ілімі Хань династиясының тұрақты идеологиясына айналды, тіпті жоғары мемлекеттік қызметке қабылданатын адамдарға Ұлы үстаздың ілімін терең игеру талаптары қатаң қойыла бастады. Бірақ, заман ағымындағы орын алған түбегейлі терең өзгерістерге байланысты Конфуций ілімі айтарлықтай өзгерістерге ұшырады. Оның тұрақты идеологияға айналуына байланысты бүл ілімнің рухына нұқсан келді. Дәлірек айтқанда, өткенге құрметпен қарау, үлкендерді сыйлау сияқты адамгершілік ізгі қасиеттер жасандылық сипат алып, жалғандыққа, қанағатсыздыққа, пайдакүнемдікке жол берілді. Кейіннен, яғни ортағасырлық Қытайда біртіндеп әрбір адамның қоғамдағы алатын орнына байланысты тұрақты ережелер мен стеротиптердің белгілі бір жүйесі қалыптаса бастады. Бұл заңды қағидалар қытай салтанаттарында айқын аңғарылды. Өмірдің әрбір жағдайына байланысты барлық адамдар үшін міндетті түрде орындалуға тиісті тәртіп ережелері қалыптасты. Конфуцийлік ережелер бойынша адам қандай жағдайда болса да өзін тежеп ұстауы керек, ішкі жан-сезімдерін ақылға билеттіруі қажет. Демек, адамның еркі қалыптасқан ережелерге тәуелді болды, өз дегенін жүзеге асыра алмады. Конфуцийдің ілімі бойынша, әрбір адам өзінің қоғамда алатын орнын жете білуі қажет. Адамдар өз құқын, өзіне тиісті орнын, қандай жағдайда не істеу қажет екендігін толық білгенде ғана қоғамда тәртіп орнап, тыныштық жағдай қалыптасады. Мұндай қоғамдық-әлеуметтік тәртіпті Конфуций және оның жолын қуушылар мәңгілік, әрі мүлде өзгермейді деп есептеді. Сөйтіп, қытай қоғамы жоғарыдағылар және төмендегілер болып екіге бөлінді, алғашқылары мемлекетті басқару істерімен шұғылданса, соңғылары қарапайым еңбекпен шұғылданып, бағыныштылық жағдайда болулары тиіс болды. Қоғамды жоғарыдағылар және төмендегілер деп жікке бөлудегі басты өлшем тек қана байлық қана емес, сонымен қатар қытай азаматгарының «цзюнь-цзы» идеалдарына жақындығы және оған жан-тәнімен берілгендігі болып саналады. Формалды түрде бұл жағдай кез келген қытайлыққа жоғарыдағылар қатарына жол ашқанымен, шын мәнісінде, мүлде олай емес еді, өйткені шенеуіктер сословиесі қарапайым халықтан алынбас қамалмен бөлінген болатын. Ол қамал — сауаттылық, яғни «иероглифтер» қамалы болатын. Қытай елінің бүкіл тарихында адамның қоғамда алатын орны мен оның әлеуметтік жағдайы сауаттылықпен өлшеніп келгендігін еске алсақ және қарапайым халықтың бүл межеге шыға бермейтіндігін ескерсек, қалыптасқан жағдайдың сырын түсінуге толық мүмкіндік аламыз.
‘’’Конфуций ел басқарудың басты мақсаты’’’ — халықтың мүддесі деп жариялады. Оның әрбір қағидасын ескере отьірып, ұлы уағызгердің ізбасарлары мемлекеттің үш ең басты элементтерін атап көрсетті, олар: біріншісі — халық, екіншісі — құдай, үшіншісі — әмірші-патша. Бірақ, халықты бірінші орынға қоя отырып конфуцийшілдер «қарапайым халықтың мүдделері өздеріне де түсініксіз, сондықтан да олар білімді ел билеушілердің көмегінсіз мүлде өмір сүре алмайды» деп санады. Конфуцийдің әлеуметтік тәртібінің басты қағидаларының бірі — үлкендерді сыйлау, оларға бағыну. Олар үлкен бедел иелері, олай болса олардың айтқандарын мүлтіксіз орындап, еркіне бағыну — мемлекет ішіндегі мүлтіксіз орындалуға тиісті ережелер болып есептелінеді. Бұл жағдай отбасылық өмірге де қатысты болды. Сондықтан да болар, Конфуцийдің «Мемлекет дегеніміз — үлкен отбасы, ал отбасы — кіші мемлекет» деген қағидасы Қытай елінде берік орнығып, өзінің өміршеңдігін көрсетіп отыр. Оның басты нәтижесі күні бүгінге дейін қытайлықтардың ата-анасын және үлкендерді сыйлап-құрметтеуді ұлттық дәстүрге айналдырғандығы болып табылады. Отбасылық — мемлекеттік бағыныштылық принциптерінің өміршеңдігін 1989 жылы Таньаньмэнь алаңындағы (Пекинде) студенттер қозғалысының жеңілісінің қорытындыларынан айқын аңғаруға болады. Ғасырлар бойы үлкендер мен ата-анасын сыйлауды дәріптеген қытай қоғамы саяси билікте мемлекеттік даналықты бойына жинақтаған ел басшысына қарсылықты батыл айыптады.
«Ата-бабаларға» табыну — ежелгі Қытайда кеңінен орын алғаны тарихтан белгілі. Осы бір ежелден қалыптасқан дәстүрдің мазмұны мен түрін ғана өзгерткен Конфуций оған ерекше мән бере отырып, бұл табынушылықты әрбір қытай азаматының қоғамдағы басты міндетіне, тәртіп нормасына айналдырды. Сөйтіп, осындай мақсатты жүзеге асыруға негізделген «Сяо» — яғни «Балалар құрметі» ілімі өмірге келді. Конфуцийдің пайымдауынша, «сяо» — адамгершіліктің негізі болып саналады. «Сяо» ережелері — ата-анаға қалтқысыз құрмет көрсетуді, оларды «ли» дәстүрімен жерлеуді және дәл осы тәртіппен ата-аналар құрметіне құрбандықтар шалып отыруды қатаң талап етеді. «Сяо» тәртіптері бойынша қандай жағдай болса да, тіпті әкесі ұры немесе кісі өлтірсе де балалары әке-шеше алдындағы борышын адал атқаруы шарт.
Уақыт өткен сайын «сяоның» ата-ананы құрметтеу туралы өмірлік қағидалары қытай қоғамында тамырын терең жайып, халықтың шексіз құрметіне бөленді. Айтылған пікіріміз дәлелді болу үшін баланың ата-анаға қарым-қатынасын көрсететін бірнеше мысалдар келтірейік. Бірінші мысал: Сегіз жасар бала маса өзін қанша шақса да, әке-шешесін мазаламайын деген оймен оларды ешбір қақпай осы бір азапқа төзіп, шыдамдылық танытады. Екінші мысал: Аштық жылында әбден әлсіреген әкесінің өмірін сақтап қалу үшін «үлгілі бала» өз етінен ет кесіп әкесіне сорпа пісіріп береді. Бұл мысал-әңгімелерден қытайлықтардың өз балаларын жас кезінен бастап-ақ, әке-шеше үшін қандай құрбандықтарға болса да дайын болуға тәрбиелейтіндіктерін байқауға болады. Осы орайда, қытайлықтардың бүкіл өмірі ата-бабалардың қатал да, талапшыл «қазылардың» алдында ұдайы есеп берумен өтті ме екен деген сияқты ойға да қаламыз. Қытайлықтар, тіпті өлілер де тірілердің іс-әрекеттерін бақылайды деп түсінген.
Конфуцийдің «ата-бабаларды» құрметтеу және «сяо» ережелері қытайлықтарды отбасын ыдыратпай, тату-тәтті өмірге тәрбиеледі. Отбасы — қоғамның негізгі тірегі деп саналды, отбасылық мүдделер жеке адамдардың мүддесінен жоғары қойылды. Сондықтан да болар, олар махаббатты жәй ғана сезімдік құбылыс деп санап, оны отбасы мүддесінен төмен алып қарады. Жас жұбайлар арасында махаббат болмауы да мүмкін, бірақ бұл жағдай отбасының тату-тәтті өмір сүруіне ешбір нұқсан келтірмеуі және ерлі-зайыптылардың қоғам алдындағы әлеуметтік-отбасылық парыздарын ойдағыдай өтеуіне ешбір кедергі жасамауы керек болды. Ұрпақты жалғастыру мәселесіне дәл осындай мемлекеттік дәрежеде мән берілуінің арқасында Қытайда отбасыларының саны өсіп, ал өз кезегінде, бұл жағдай халық санының күрт өсуіне себепкер болған. Бір атап өтетін жәйт, Қытайда үлкен отбасылар өте көп болған. Олардың құрамында ағайындылардың отбасыларымен қатар, ағайынды адамдардың туған-туысқандары, немерелері де болған. Мұндай отбасылардың іргесі, әдетте, әкесі қайтыс болған жағдайда ғана бөлінетін болған. Әкесі қазаға ұшыраса үлкен ұлы отбасының бүкіл билігін қолына алған, әкеден қалған мұраның үлкен үлесі де үлкен баланың еншісіне тиген, ал қалған дүние-мүліктер басқа отбасылар арасында тепе-тең бөлінген. Өз кезегінде, жаңадан бөлініп шыққан отбасылар көп уақытқа дейін үлкен ағасына тәуелді болып, оның айтқандарын мүлтіксіз орындап отыруға тиісті болған. Отбасылық берік тәртіп және ынтымақ пен бірлік үстемдік еткен мұндай шаңырақтар қиын жағдайларда бір-біріне қол ұшын беріп, көмектесіп отырған. Мұндай туысқан отбасылар топтары көп жағдайларда үлкен ауылдар түрғындарының басым көпшілігін құраған. Олардың күші мен беделінің жоғары болғандығы соншалық, туысқандар топтарының пікірлерімен өкімет орындары да санасып отыруға мәжбүр болған. Ағайындар тобының өздерінің жеке меншіктерінде рулық храмдары және жерлері болған. Оларды өкімет тарапынан озбырлық жасап, тартып алуға қатаң тыйым салынған. Рулық храмдарда мейрам күндері жүздеген ағайын туысқандар бас қосып, мәжіліс құрған. Бұл бас қосуларда тұрмыс-тіршілікке қатысты көптеген мәселелер шешіліп отырған.
Қытайдағы түрлі мәдени дәстүрлер тоғысында конфуцийлік ағым даосизм мен буддизмнен де басым болып, өзінің өміршеңдігін танытты. Бірақ, Конфуций ілімі оларды мүлде ығыстырған екен деген ұғым туып қалмауы керек. Қалай болғанда да, император У-дидің билігі кезінде Конфуций ілімі жұлдызы жанып үш діннен (сянь цзяо) де мерейі үстем болып, қытай қоғамында ерекше орынға ие болды. Конфуций ілімінің үстемдігін кездейсоқ жағдай деп қарастыруға мүлде болмайды, олай болатын себебі бүл жүйе осы бір ұлан-байтақ империяны басқаруға өте қолайлы болса, екінші жағынан, қарапайым халықты бағыныштылықта ұстаудың басты кепілі болды. Оның үстіне шенеуіктер аппараты осы діннің қағидаларына сүйене отырып, кей кездерде императорларға да ықпал ете алатындай дәрежеге жетті. Өйткені, императорға елді басқаруда шексіз билік берілгеніне қарамастан, император Конфуцийқағидаларынан ауытқыса, немесе шектен тыс астамшылық жасап өз билігін дұрыс жүргізбесе, қоғамда экономикалық және әлеуметтік тоқырауларға жол берсе, сөйтіп өзінің сүреңсіз іс-әрекеттерімен халық наразылығын тудырса өз құқықтарынан мүлде айырылатын еді. Міне, сондықтан да бұл тезис Конфуций ережелерінен ауытқыған императорларға үлкен ескерту сияқты болатын. Осы тұрғыдан алып қарастырғанда, Конфуций ілімі саясатқа да, әкімшілік жүйенің қалыптасуына да өз әсерін тигізбей қойған жоқ. Бұл ілім қытай қоғамының сан-саласын жан-жақты қамтып қана қоймай, бүкіл қытай халқының ұлттық мәдениетінің қалыптасуына орасан зор ықпал жасады. Сонымен қатар бүл ілім дінге қарағанда мемлекеттік идеологияға және мемлекеттік адамгершілік заңдар жүйесіне өте жақын екендігін ерекше атап өткенді жөн көрдік.
Қытай мәдениеті, қытай өнері даналық өмірлік қағидалар мен терең философиялық идеяларды өз бойына сіңіре білген өзіндік бет-бейнесі бар ерекше мәдениет. Қытай халқының мәдени туындыларында адамзатты қоршаған дүние әсемдігі мен табиғат үйлесімділігі тамаша көрініс тапқан. Адамзат баласы мен табиғаттың біртұтастығы, олардың өзара үйлесімділік жағдайында болуы — қытай өнерінің негізгі арнасы болды. Басқаны былай қойғанда, қытайлықтардың жазу өнерінің өзі де өте әдемі болып келеді және бұл өнерді игеру басқа мөдениет өкілдерінің қолынан келе бермейді. Орта ғасырларда латын жазуы Еуропа елдерінде қандай рөл атқарса, қытай иероглифтері де Шығыс Азия мемлекеттерінде дәл сондай дәрежеге көтерілді, вьетнамдықтар мен корейлер ұлттық жазу жүйелеріне көшкенге дейін қытай иероглифтерін кеңінен пайдаланған, ал жапондар болса күні бүгінге дейін қытай жазуын пайдаланып келеді. Қытайлықтар иероглифтердің әдемі жазылуына, қағаз бен сияның сапасына, оның түстеріне де қатты мән берген. Шығыс мәдениетінде иероглифтер — көркемдік шығармалар моделінің идеалды түрі болып есептелінеді. Иероглифтік жазудың ықпа- лын сәулет өнері, қолданбалы өнер туындыларынан айқын аңғаруға болады. Тіпті табиғаттағы ағаш бұтақтарының өзара орналасуы мен өсімдіктер дүниесінің өзі де қытай иероглифтерін еріксіз еске түсіреді.
Каллиграфиялық белгіні қабылдау — дәстүрлі қытай мәдениетінде эстетикалық қана емес, сонымен қатар этиканың ерекше бір саласы ретінде қарастырылады. Қытайлықтар иероглифбелгілердің каллиграфиясына (қалай жазылуына қарай) қарап, автордың ішкі жан дүниесінің қандай күйде болғандығын, оны жазған адамның мінез-құлқын анықтайтын болған. Каллиграфияға осынша мән берілгені соншалық, оны өнердің жеке саласы деп те қарастырған. Қытай каллиграфиясының әдемілігі — оның пластикалық элементтерінің әсерлілігінде, табиғи тепе-теңдіктің сақталуында, әдемі орналасуында. Кескіндеме өнерінің туындыларын бағалауда да каллиграфияға үлкен мән берілген. Каллиграфияны би өнерімен теңестіру өнерадамдарының байқампаздығын, талғампаздығын байқататын сияқты. Өйткені мұз айдынындағы билердің өзі де «мұз каллиграфиясына», яғни бишілердің мұз айдынындағы іздері арқылы бағаланады ғой. Иероглифтердің жазылуына осыншама жоғары талаптардың қойылуының сыры оның табиғатпен үндестік табуына байланысты сияқты. Міне, сондықтан да болар еуропалық мәдениет бүгінгі таңда экологиялық апаттың алғашқы зардаптарын бастан кешіру жағдайында дүниені мәдениет пен өнер арқылы басқаша қабылдаудың түрлі жолдарын қарастыруда. Осы орайда әсем гүлдер мен құстарға, жұпар иісті шөптер мен жан-жануарлар дүниесіне толы табиғаттың «эстетикалық бағын» сақтап, оның қайталанбас табиғи сүлулығын, әсемдігін одан әрі арттыру, — яғни табиғатты аялау, мәдени дамудың асқаралы міндеті екендігіне ешкімнің дауы бола қоймас. Оған дәлел — Қытай елі, Қытай мәдениеті.Қытай — әсем де, нәзік «гүлдер мен құстардың», «шөптер мен жәндіктердің» отаны. Осы бір табиғаттың құдіреті Қытай елінде өнер саласындағы «гүлдер мен құстар» жанрының туындауына қолайлы жағдайлар туғызды. IX ғасырда өмірге келген бұл жанрдың басты ерекшелігі — өмірге деген көзқарастың жан-жақтылығын да, табиғат пен өмірдің кез келген құбылыстарына эстетикалық көзқараспен қарауда, табиғилық пен әсемдікті терең сезіне білуде. Осы аталған қасиеттерді өз бойына сіңіре білген әрбір өнер адамының шығармашылық тойымсыздығының болуы да осы бір ерекшеліктерге тығыз байланысты болса керек.
Көне заманда жазылған «Слово о живописи из Сада с горчичное зерно» деп аталатын трактатта осы жанрға тікелей қатысты көркемдік шығармаларды бейнелеу және орындау әдістерінің үлгілері тамаша көрсетілген, бірақ олар, негізінен, даосизм философиясына тән космологиялық принциптерді де өз бойына сіңіре білген. Бұл стильдегі өнер туындаларында бізді қоршаған дүние гүлдер мен ағаштар арқылы бейнеленеді. Гүлдер Күнді бейнелеп, ол «ян» принципі бойынша құрылса, ал ағаштың өзі, оның бұтақтары мен жапырақтары Жерді, оның құпия күші «иньді» бейнеледі. Қытайлықтар өсімдіктер дүниесінің мән-мағынасын түсіне білуге үлкен мән берген. Осы орайда өмірге мынадай қағида келген: «Гүлге зат деп қарау тағылық, ал жүрегінде гүлдер әлеміне жылылығы жоқ адам — хайуан». Демек, адам гүлдің қожайыны емес, оның қызметшісі, әрбір адам өзінің әйелін қалай сүйсе, гүлді де солай аялап, құрметтеуі керек. Тан дәуірінің (VII—X ғғ.) императоры өзінің жасыл бағына әнші-бишілерді көктемде, гүл-бәйшешектің құлпырып гүлдеген кезінде шақыратын болған. Көне заманның ақын-жазушылары өздерінің құпия сырларын тек гүлдермен ғана бөлісетін болған. Бұл тамаша дәстүр бүгінгі заманда мүлде жоғалып кетті деп айтуға болмайды. Оған дәлел, атақты қытай суретшісі Ци Байшидің өзінің шәкіртіне арнап салған «Сырласу» атты суреті. Бұл мұңды да, сырлы өнер туындысында бір-біріне қарама-қарсы екі орхидей гүлі салынған. Жан тебірентерлік бұл табиғи көрініс екі гүлдің бір-бірімен сырласуы, шын жүректен шыққан сұхбаты іспеттес.
Адамды қоршаған дүниенің сан қырлы құпиялары, табиғаттың әсем көріністері пейзаждық кескіндемеде де жан-жақты бейнеленеді. Пейзажист-суретшілер табиғат сұлулығын көрсетуде әсем көріністерді адам бейнелерімен толықтырып отырған. Мұндай суреттерден күннің батуын, таң шапағын және тағы да басқа табиғаттың таңғажайып көріністерін тамашалап тұрған адамдарды көреміз. Мұндағы мақсат — адамды табиғатқа етене жақындастыру, оның жан дүниесін табиғат құбылыстарымен үндестіру. Бүл игі мақсатқа өздерінің қомақты үлестерін қосқан қытайлық және жапондық суретші-пейзажистер — пейзаждық стильдің өрісінің кеңеюіне, оның дамуына даңғыл жол ашып берді.
Қытай мәдениетінде сұлу да, айбынды таулар, тау-тастар өнер адамдарының, оның ішінде, ақындар мен суретшілердің басты назарында болған. Қытайлықтардың тастарға үлкен эстетикалық талғаммен қарағандығы соншалық, көптеген монастырьлар жанынан даңққа бөленген «Тастар бақтары» жасалынған. Нефрит сияқты асыл тастардан сәнді әшекей бұйымдарын жасау халық шеберлерінің үйреншікті кәсібі болса, ал қарапайым тастар элиталық поэзия мен сурет өнерінен кең орын алған. Тастардың қытай елінде өте жоғары бағаланғандығы соншалық, кейбір суретшілер өздерінің аты-жөндеріне «шиң (тас) иероглифін қосатын болған. Даолық өнер туындыларында су айдындары, сарқырамалар, ақша бұлттар және тағы да басқа табиғаттың әсем құбылыстары әсерлі бейнеленіп, олар жайында арнайы даосистік трактаттар жазылған.
Қытай эстетикасында сурет өнерін бағалауда каллиграфиямен қатар философия ғылымы да ерекше рөл атқарды. «Өнер өнер үшін» деген қағидадан бас тартқан қытай суретшілері өздерінің табиғи дарындылықтарын адам бойындағы адамгершілік, ізгілік қасиеттерді баса көрсетуге бағыттады. Сондықтан да болар, конфуцийлік-даосистік мәдениеттің ғасырлар бойғы бай тәжірибесі, дәлірек айтқанда, өнердің сан саласы арқылы табиғат сұлулығын жан-жақты көрсетуі арқылы адамдардың бұл өмірге деген шынайы көзқарасын қалыптастыруда ерекше орын алып отыр.
Конфуцийлік-даосистік мәдениет шеңберіндегі білімнің сипаты білімді батыс еуропалық тұрғыдан түсінуден мүлде басқаша болып келеді. XX ғасырда Еуропа ойшылдары қытай халқы мен қытай даналарының рухани және интеллектуалдық жетістіктеріне немқұрайлы, менсінбеушілік тұрғысынан қарап келді. Басқаны былай қойғанда, атақты Гегельдің өзі де қытай философтарының еңбектерін жете бағаламаған. Ол Конфуций жайында былай деп мәлімдеді: «Оның ілімі философиялық тұжырымдардан жұрдай, ал оның шығармаларына баға беретін болсам, автордың беделін сақтау үшін оларды шет тілдеріне аудармай-ақ қойған жөн болар еді». Бүл мәселе төңірегінде көптеген ғылыми зерттеулер жүргізген Батыс Еуропалық ғалым М. Каррьер былай деп жазады: «Әрине, қытайлықтардың еуропалықтардан бұрын талай жаңалықтар ашқандығына ешкім шүбә келтірмейді, бірақ олар тек өз пайдаларын ғана көздеді, сондықтан да бұл жетістіктер нағыз ғылым дәрежесіне көтеріле алмақ емес». Мұндай үзілді-кесілді айтылған пікірлер бізді мынандай ойға жетелейді: білім дегеніміздің өзі не, ал егер ол адамзаттың игілігі үшін қызмет ететін болса білімнің өзі қытай мәдениетінде қандай орын алған? Осы орайда, білімнің қоғамдық-тарихи тәжірибе арқылы тексерілген, ғасырлар ағымында ой елегінен өткізілген өмірлік шындықты тану процесінің заңды нәтижесі болып табылатындығын ешкім де жоққа шығара алмас. Түрлі салаларға бөлінетін «білім жүйесі» мәдениетпен, оның дәстүрлерімен және құндылықтар дүниесімен тығыз бай-ланыста болады. Олай болса, әрбір тарихи кезең мәдениетінің өзіндік менталитеті, өзіндік құндылықтары бар. Сонда төлтума мәдениеттен басқа мәдениеттерді қалай бағалауымыз керек? Бүл жайында В.М. Алексеев былай деп жазады: «Мәселе біздің жат елдің мәдениетін қалай қабылдауымызда емес, мәселе сол мәдениетті жасаушы қытайлықтардың өздеріне байланысты. Біздің әсеріміз, ой-пікіріміз қытайлықтардың өздері рахаттанып, ал біздердің таң қалған сәтімізден басталады»
Білім туралы конфуцийлік ілім әлеуметгік — өнегелілік мәселелерге арналған. Конфуций үшін «білу» — ол адамдарды танып-білу болып табылады. Бір ғажабы, қытай халқының ғылыми-техникалық саладағы тамаша жетістіктеріне қарамастан, табиғатты танып-білу Конфуцийді онша қызықтырмаған. Шындығында да, қытай ғалымдары ғылым мен техника саласында қомақты табыстарға жеткен. Тіпті Конфуций өмір сүрген кезеңнен бір мың жыл бұрын Хуанхэ жазығының байырғы тұрғындары күнтізбені, иероглифтерді және т.б. білген. Одан кейін олар компасты, оқ-дәріні ойлап тапқан, фарфор және жібек жасауды меңгерген. Бірақ Конфуций ғылыми-техникалық білім өте қауіпті, ол адамдардың рухани жетілуіне кедергі жасайды деп түсінген. Ол адам бойындағы табиғи қасиеттерді одан әрі дамытуды және оның кемшіліктерін жоюды өзінің басты азаматтық парызы деп түсінген. Ұлы ғүлама өз шәкірттеріне «Адамды ұлылыққа жеткізетін шындық емес, керісінше шындықты ұлылық дәрежеге жеткізетін — адам» деп қайталауды өте жақсы көрген. Конфуций адам бойындағы қателік-кемшіліктерді сырттай бақылап қана қоймай, оның жіберген қателіктерін мұқият зерттеуді өз шәкірттерінен қатаң талап етіп отырған. Ол кітаби білімді өмірден алшақ, сондықтан да ол ақылды адамның өзін де ақымаққа айналдырып жібереді деп есептеп, бұл ойын былай деп тұжырымдаған: «Сіз канонның үш жүз өлеңін жатқа айтуыңыз ғажап емес, бірақ сіз мемлекет сеніп тапсырған тиісті қызметіңізді ойдағыдай атқара алмасаңыз қаншама ғұлама бол- саңыз да сіздің білімділігіңізден не пайда?»
________________________________________
Конфуций үшін тәжірибе — ең алдымен адамдар арасындағы қарым-қатынастар болып саналады. Дана адамның бойындағы ең басты қасиеттер — халықтан алшақтамауында, халық қалай өмір сүрсе, дәл солай тіршілік жасауында, қоғамдық салт- дәстүрлерді қатаң сақтай отырып, өмірден моральдық жағынан қанағат алуды басты орынға қоюында. Қытай қоғамында салт- дәстүрлер, салт-жоралар өмір сүрудің басты шарттары болып саналады. Демек, Конфуций үшін де салт-жоралар адам тіршілігінің, оның қоғамдық қызметінің негізі, адамгершілік қасиеттердің басты өлшемі, адамның белгілі бір ортада өзін-өзі үстай білуі жөнінде «Әңгімелер мен ой толғаулары» атты еңбегінде мынандай ақыл-кеңестер береді: «Қай ортада отырсаң да өзіңді құрметті қонақтарды қабылдап отырғандай ұстауға дағдылан. Қызмет бабында да өзіңді салтанатты құрбандықтарға басшылық жасап отырған адамдай сезін. Өзің қаламаған нәрсені басқаларға жасаудан сақтан. Осы айтылған өмірлік қағидаларды мүлтіксіз орындағанда отбасына ғана емес, сонымен бірге мемлекет мүддесіне ешқандай нұқсан келтірмейсің».
Конфуций ілімі бойынша, салт-жораларды қатаң сақтаушы адамдар өзін қоршаған барлық адамдармен де татулық қарым-қатынаста өмір сүреді. Салт-жораларды сақтауда, әсіресе адам бойындағы «ұстамдылық» қасиетке айрықша мән-мағына берілді, өйткені ұлы ойшылдың пайымдауынша, ұстамдылық — өмір сүрудің негізгі шарты болып саналады. Сонымен қатар адамгершілік қасиеттер аясында саналылық пен ақылдылық және парыз бен қарызға да ерекше мән берілді. Осы сияқты адамгершілік қасиеттерді аяққа таптаған адамдарды қытайша «сөйлейтін жануар» деп атаған. Демек, Конфуций үшін адамгершілік — адамның мәдениеттілігінің ғана емес, сонымен бірге адам бойындағы бүкіл ізгілік қасиеттердің басты өлшемі болып саналады. Адамгершілік — адамның өз-өзіне жол табуы, ал ол жолды әрбір адам өзі таңдауы қажет. Ұлы данадан «Даналық дегеніміз не?» деп сұрағанда ол «даналық дегеніміз — халықтың болашағы мен игілігі үшін аянбай қызмет ету және рухтарды қастерлей білу» деп жауап берген екен. Ал «құдайлар мен ата-бабалар рухына қалай қызмет ету керек?» деген сұраққа «Сен адамға қалай қызмет етуді білмей тұрып, рухтарға қалай қызмет жасамақсың» деген жауап алынған екен. Рухтардың бар екендігін мойындай отырып, Конфуций салт-жоралардың тәрбиелік және адамгершілік жақтарына баса назар аударады. Ендеше, оған діннен гөрі этиканың өте жақын болғандығы даусыз. Осы орайда: «Ұлы дана дінге деген көзқарасын айқындап, неге белгілемеген?» деген орынды сұрақ туады. Оның сыры — Конфуций ілімінің бүркенші дін болуында, бұл адамның өмірлік принциптерін діни тұрғыдан қарастырады, сол арқылы адамгершілік және моральдық құндылықтарды қалыптастыра- ды. Конфуций іліміндегі адамның моральдық қасиеттері мәдениет түрінде көрініс тапқан. Өзін қоршаған ортаның қаталдығы мен зұлымдықтары жағдайыңда, басына қаншама тауқымет түсіп қиналса да ұлы уағызгер ешбір мойымаған, тіпті өмірінің сын сағаттарында да өзін-өзі ұстай білген. Ол мұндай сәттерде Көк тәңірінің құдіретіне қатты сеніп: «Көк менің қазаға ұшырауыма жол беруі мүмкін емес» деп қайталауды жақсы көрген.
________________________________________
Демек, Көк тәңірінің қалауын сезініп-білу деген сөз — бұл өмірде өз жолыңды, өз тағдырыңды табу деген сөз. Жол (дао) ұғымы өз ілімін өз тағдырымен тығыз байланыста қарастырған Конфуций үшін басты нәрсе болып табылады. Ол үшін «дао» — шындық және әділдік жолы. «Дао» — жеке адамның ғана емес, бүкіл халық өмірінің шындығы. Шындық жолынан адамды да, халықты да күшпен, зорлықпен тайдыруға болмайды, ол адамның рухани байлығымен, адамдардың бірін-бірі түсінісе білу қасиеттерімен сабақтасады. Оның пайымдауынша, «шындық жолы» өз бастауын адам табиғатынан алып, адамдар арасындағы қалыптасқан шынайы қасиеттердің нәтижесінде одан әрі толыса түседі. «Шындық жолы» идеясы — адам мен көктің арасындағы көзге шалынбайтын, бірақ еш уақытта да үзілмейтін өзара байланыстардың бар екендігін айқындайды. «Адамның жан-жақты жетілуі» туралы мәселеге үлкен мән бере отырып, ол иерархиялық білім жүйесін жасады. Оның ойынша, «білімді адамдар» қоғамда қаншама жоғары бағаланса да, олардың адамгершілік қасиеттері әр уақытта да бірінші орында тұруы қажет. Білімділік адамды келелі істерге бастаса, адамгершілік дегеніміздің өзі — білімді жүзеге асыру болып шығады. Білім адамзатқа даналықпен бірге адамгершілікті де сыйлайды. Ол былай деді: «Адамды ұлылыққа жеткізетін дао (жол) емес, керісінше, даоны (жолды) ұлы қылатын адам».
Бүгінгі таңда Конфуций идеялары қытай мәдениетінде кеңінен орын алып, өзінің өміршеңдігін көрсетіп отыр. Талай жантүршігерлік қоғамдық-саяси күйзелістерді бастарынан кешірген Қытай, Корея, Жапония, Оңтүстік-шығыс халықтары даосистік-конфуцийлік мәдениеттен рухани азық алуда. Жапонияның, Қытайдың, Та
Конфуцийлік-даосистік мәдениет. Қытай этносы қытай халқының басқа халықтардан өзгеше мәдениетінің қалыптасуына ерекше ықпал жасады. Қытайлықтар болмыс құпиялары мен өмір мен өлім мәселелерінен гөрі жарылқаушыларға бас иіп, оларға еліктеуді өздерінің қасиетгі парызы деп санады. Қытай елінде о дүниедегі рахат өмірді уағыздаушылардан гөрі, осы нақты өмірдің мән-мағьнасын терең түсіне отырып «өмір үшін өмір сүруге» үйретушілерді ұлылар қатарына жатқызып, олардың даналық қағидаларына бас иген. Дәстүрлі қытай мәдениетінің өзіндік бет-бейнесінің қалыптасуына діннен гөрі, салттық этиканың ерекше әсер етуі де осы жағдайға тікелей байланысты болса керек.
Қытай қоғамында орын алған мұндай жағдайлардың бәрі де адамзатты қоршаған дүниенің бейнесі жайындағы нақты үғымдардың қалыптасуына да, оның эволюциялық сипатына да өз ықпалын тигізбей қойған жоқ. Мысалы, Қытайдың діни құрылымында дін адамдарының рөлі алғашқы кездерде онша жоғары бола қойған жоқ. Оған дәлел ретінде Аспан құрметіне бай-ланысты өткізілетін діни рәсімдерді ғалым адамдардың емін-еркін атқара беретіндігін атап көрсетуге болады. Өйткені, Қытайда сол заманның өзінде-ақ ғалымдарға ерекше құрмет көрсетіліп, оларды жоғары сословиеге жатқызған, бірақ олар мұндай абыздық қызметтерден гөрі мемлекеттік істерге өте жақын тұрды. Қытайдың діни құрылымының бұл ерекшелігі сонау көне заманда, атап айтқанда, б.з.б. екінші ғасырдан бастап-ақ қалыптаса ба