5 Желтоқсан 2012, 06:04
«ЗАТ ЕСІМ — ЗАТ ЕСІМ» ТИПТІ СӨЗ ТІРКЕСТЕРІ
Қабыса байланысқан зат есімді тіркестердің ішінде өнімді жұмсалатындарының бірі — екі зат есімнен (зат есім — зат есім болып) құралатыны: қол орамал, ағаш күрек. Бұл құрамдағы сөз тіркестер анықтауыштық қатынасты білдіреді.
Анықтауыштық деп грамматикалық қатынасты жалпы белгісіне (қандай? деген сұраққа жауап болып, заттың сынын білдіруіне) қарай атаймыз. Іштей оларды былай даралауға болатын сияқты:
1. Бағыныңқы сөз басыңқы сөз атаған заттың мате-
риалын атап анықтайды: ағаш қасық, тас жол, темір жол,
түлкі тымақ.
2. Бағыныңқы сөз басыңқы сөзді неге арналғанын
атап анықтайды: қой ферма, мойын ағаш, көлік күш.
3. Бағыныңқы сөз басыңқы сөзді мекенін атап, орын
жайын атап анықтайды: көл бақа, ауыз үй, тау ешкі,
төс қалта.
4. Бағыныңқы сөз басыңқы сөзді кәсіп, жыныс, жас
мөлшерін атап анықтайды: сушы жігіт, ұл бала, әйел
кісі.
5. Басыңқы сөз жалпы атау болып, бағыныңқы сөз
оның түрлік тобын атап анықтайды: тоты құс, қайың
ағаш, қанар қап.
Бұл тіркестердің қызметі — түр атауын жалпы атауға теліп, оның жалпыға қатысын білдіру.
6. Бағыныңқы сөз басыңқы сөзді ұқсастық белгісіне
қарай анықтайды: теке сақал, қой көз, пісте мұрын.
Бұл қатынастағы тіркестер көркем сөзде, поэтикалық туындыларда кеп ұшырайды: су жүрек, без бүйрек, тас бауыр.
Шоқпардай кекілі бар, қамыс құлақ,
Қой мойынды, қоян жақ, бөкен қабақ.
(Абай).
7. Бағыныңқы сөз басыңқы сөзді өлшем, көлем жа-
ғынан анықтайды: қора қой, топ адам.
Айта кететін бір жай—бұл тіркестерде анықтауыш-тық компонент ретінде мөлшер мағыналы зат есімнің дара қатысуы өте сирек. Зат есім сөздер сан есімдермен бірігіп бір анықтауыш компонент құрайды немесе сөз ретінде қатынасады: екі шөміш қымыз, екі машина бидай, тау-тау астық т. т.
«Зат есім — зат есім» түрінде келген сөз тіркестері мүмкіншілігі, перспективасы тұрғысынан қарағанда, белгілі мағыналық қатысына қарай қай зат есім болса да қатыстырып құрала береді. Бірақ тіліміздің әр кезеңінде, тіпті осы күнгі синхрондық күйінде де әр стильде бұл типтегі тіркестерге сөздердің қатысуының, өлшеулі нормалық, дәстүрлік қалпы бар екені байқалады.
Көп қыз-келіншек нөкерімен... Қарагөз келе жатыр (М. Ә.) Тау жақ жолмен жүрдік.
Аталған сөйлемдердегі қыз-келіншек нөкерімен, тау жақ жолмен деген тіркестер ауызекі сөйлеу тілінің сөзді жинақы, үнемді құрау талабынан туған. Бұлар жазбаша тілде көп қыз-келіншектен ерген нөкерімен, тау жақтағы жолмен түрінде құралған болар еді.
Екі зат есімнің қабысуы арқылы құралған сөз тіркестері — көнеден келе жатқан, тіліміздің грамматикалық жүйесіне икемділік беретін тіркестер, сондықтан бұлар тілімізде мол жұмсалады.
Кейбір еңбектерде атрибутивтік тіркестерге анықтауыш сөз ретінде зат есім сөздің кіруін былай түсіндіреді. Атрибутивтік қатынастағы тіркестер үнді-еуропа тілдерінде бағыныңқы компонент ретінде сын есім сөздердің қатысуы арқылы құрылады. Атрибутивтік қызмет ол тілдерде тек белгілі ғана морфологиялық базаға — сын есім сөздерге сүйенеді: железная дорога, чайная ложка.
Ал түркі тілдеріндегі атрибутивтіктің базасының кең болуы — зат есімдер мен сын есім сөздердің грамматикалық сипаты жағынан түгел сараланып шықпауының салдары. Түркі тілдерінде зат есім сөздер әлі де синкреттік күйінен түгел ажырамаған. Осы сапасы арқылы ол сөздер әлі де анықтаушы компонент ретінде сөз тіркесіне қатысып жүр дейді. Шындығына келгенде, қазақ тілінде зат есім мен сын есім грамматикалық тұрпаты жағынан анық дараланған. Зат есім сездердің атрибутивтік тіркесуге қатысуы тіліміздің синтаксистік заңдылығына сүйенеді және бұндай заңдылық көп тілдерде бар.
«Зат есім — зат есім» тіпті тіркестер қазақ тілінде атауыш сөз туғызу үшін көп жұмсалады: без бүйрек, иін ағаш, темір ұста.
Осыған орай газет тілінде жиі ұшырап жүрген мынадай жайды ескертіп кетейік. Ертеден қой қора, қой ферма, жүн мата деген атауыш сөздер бар болатын. Осы атаулар газеттерде соңғы кезеңдерде қой қорасы, қой фермасы, жүн матасы болып айтылып (жазылып) жүр. Осымен бірге жүк машинасы, газ құбыры, су құбыры (жүк машина, газ құбыр, су құбыр емес) деген сияқты атаулар да көп ұшырайды. Осында айтайын дегеніміз дәстүрлі, әрі атауыш сөз құрауға жатық, оңтайлы тіркесті шеткері шығарып, оған сенімсіз қарап байланысы морфологиялық тұлға арқылы көрінетін тіркес түріне ауысқанымыз дұрыс па? Тіліміздің ертеден келе жатқан тәжірибесіне қарасақ, (атау септіктегі зат есім—тәуелдеулі зат есім) типті тіркестерден атау сөз құрау жоқ емес: отағасы (от ағасы), киік оты, ат бегі, ауа райы.
Бірақ ертеректе, ауызекі сөйлеу формасы басым кезде бұл тәрізді тіркестерден құрылған атаулар санаулы-ақ болатын. Атау формадағы зат есімдердің қабыса бай-ланысқан сөз тіркестерінің атауыш сөз жасау үшін ерекше талғануына себептер бар. Тұлғасы ықшам сөздерден құрылғандықтан бұл тіркестер айтуға оңтайлы, бір атау ретінде танылуға оңай. Осы тіркестердің көбінен біріккен сөздер дамып шыққан: белбеу, қолғап, шекара, т. т.
Бұл тіркестер бір түбір тұлғалы лексема ретінде түрленуге оңай түседі: жүк машинаға тиеді. Қой қораны ертеден дайындады. Бұларға қарағанда жүк машинасын, қой қорасын дегендер көп шұбалаңқы көрінеді. Осы айтылғандардан шығатын қорытынды — қол сағат, жан қалта, төс қалта тәрізді сөз жасау тәсілдерін тілдің ұтымды, қалыпты амалы деп санап, оны шегеруден сақтануымыз керек.
Атау тұлғалы зат есімдердің қабысуы арқылы кұрылған сөз тіркестері туралы соңғы айтарымыз — тіркеске енген компоненттер арасына сөз түсірмейді, орын қатынасы өте берік, тығыз.
«СЫН ЕСІМ — ЗАТ ЕСІМ» ТИПТІ СӨЗ ТІРКЕСТЕРІ
«Сын есім — зат есім» типті сөз тіркестерінің құрамындағы сөздер анықтауыштық (атрибутивтік) қатынасты білдіреді: қызыл түс, ауыр жүк. Тіркеске сапалық та, қатыстық та сын есім сөздер бағыныңқы компонент ретінде қатыса береді: қалың киіз, салмақты мінез. Сын есім дара, күрделі түрінде қатысады: сары ала сиыр, ұзын бойлы жігіт, қаба сақалды шал. Сын есім сөздер басыңқы компоненттің түсін, дәмін, көлемін, салмағын, бейімділік (алғыш, жүгіргіш) сияқты сапаларын атап анықтайды. Зат есім сөздермен сын есім сөздердің тіркесу мүмкіншілігі олардың семантикасына, яғни сын мен заттың болмыстағы байланысына, сыйыстығына бағынышты: Мысалы, сай — терең, кең, жазық, тоғайлы, ыстық, суық. Бірақ биік, қыңыр сын есімдер сай сөзімен тіркеске түсе алмайды.
Осымен бірге сын есім мен зат есім мағына жағынан тіркестіруге келетін болып көрінгенімен стильдік, дәстүр жағынан үйлеспейтіндері де болады. Көп сын есім сөздердің тіркесуі мағынасымен ғана өлшенбейді, дәстүрмен, стильдік нормамен өлшенеді. Қаба мағынасы жағы-нан қалың сөзімен синонимдес болғанымен, олар тіркеске қатысуы жағынан тең түсе алмайды. Қаба санаулы сөзбен ғана тіркеседі: қаба сақал, қаба құйрық, қаба жал.
Осы сияқты жай зеңгір (зеңгір аспан, зеңгір тау), шалқар (шалқар көл), қыпша (қыпша бел), қолаң (қолаң шаш) т. б. сөздердің басында бар. Бұл тіркестер сөздердің талғап қатынасуы арқылы кұралған. Бірақ бұлар тұрақталған, жұрттың бәрі бірдей пайдаланатын тіркестер. Өйткені бұлар тілдің қалыптасқан тәсілдерінін, санына (инвентарь) кірген. Бұлар тілдік факт қатарына жатады. Бұлардан бөлек тілдегі нормаларға сай кел-мейтін, бірақ жеке сөйлеушінің, жеке автордың индивидуалдық сөз творчествосының нәтижесінде пайда болатын тіркестер болады. Мысалы, Т. Әлімқұловтың «Сейтектің сарыны», «Сары сыбызғы» деген әңгімелерінде сары дыбыс, сүйық сарын деген сияқты тосын көрінетін тіркестер көп. Бұл тәрізді тіркестер контекст, сөздің коммуникативтік жайы көтерген жағдайда дұрыс шығады.
Жеке сөйлеушіге тән ілгерідей сөз тіркестері көркемдік үшін, құбылысты автордың өз тануына сай құралып, көптеп туындап жатады.
Сері көлдің құс базары тарқады
Жастық шақтың тарқар тойы арқалы
Самайлардың қуан тартып әр талы
Қорқыт кеуде, Асан қайғы жүрекпен
Барып, барып үзіледі қарт әні,
(А. Әлімов).
Мысалдардағы сері көл, Қорқыт кеуде, Асан қайғы жүрек — жеке шығармашылық үстінде туған тіркестер. Бұл тәрізді тіркестер — тілді байытудың, оның икемділігін молайтудың, қайнар көзі. Бұлардың бір қатары тұрақтап, тілге еніп те жатады.
«САН ЕСІМ —ЗАТ ЕСІМ» ТИПТІ СӨЗ ТІРКЕСТЕРІ
Сан есім сөз бен зат есім қабысу амалы арқылы сөз тіркесін құрғанда, олар өзара анықтауыштық қатынасқа түседі. Бағыныңқы компонент ретінде енген сан есім сөз заттың сандық сынын, сапасын білдіреді. Тіркеске сан есімнің жинақтық деп аталатын түрінен басқасы түгел (есептік, реттік, бөлшектік) қатыса алады: екі концерт, екінші қатар.
Көп жағдайда сан есім сөздер килограмм, метр, тонна, жасар, күндік деген сияқты сөздермен бірігіп тіркеске бір компонент ретінде катынасады: үш метр мата.
Сан есім сөздер мен зат есім сөздердің тіркесуі олардың семантикасына ғана байланысты. Сандық өлшемге түсетін затты білдіретін есім сөздердің барлығы сан есім сөздерді бағыныңқы компонент ретінде тіркесіне ала бе-реді. Зат есім сандық өлшемге түспейтін затты, құбылысты білдірсе, онда ол сан есіммен тіркеспейді. «Сан есім — зат есім» типті тіркеске сөздердің кірігуін бағдарлайтын басқа стильдік норма жоқ.
«ЕСІМДІК — ЗАТ ЕСІМ» ТИПТІ СӨЗ ТГРКЕСТЕРІ
«Есімдік — зат есім» типті қабыса байланыскан сөз тіркестеріне бағыныңқы компонент ретінде сілтеу есімдіктері, сұрау, жинақтау есімдіктері қатысады: мына көпір, қай жыл, нешінші қатар, бүкіл халық т. б.
Жіктік есімдіктерден бұл тіркеске ол есімдігі қатысады: ол қырда.
Есімдіктердің қатарында экспрессивті сөздер жоқтың қасы (күллі), Сондықтан есімдіктер зат есімдермен еркін тіркеседі.
«ЕСІМШЕ — ЗАТ ЕСІМ» ТИПТІ СӨЗ ТІРКЕСТЕРІ
Зат есімді сөз тіркесіне бағыныңқы компонент ретінде есімшелердің -ар, -ер, -атын, -етін, -ған, -ген, (-ңан, -кен) тұлғаларының барлығы да қатысады: келген кісілер, келетін кісілер, келер кісілер (келді).
Қабысу амалы арқылы зат есімді тіркеске енген есімше сөздер анықтауыштық қатынасқа түседі. Бұлар зат есімнің қимылдық, процессуалдық сапасын атайды. Процессуалдық мағынасын сақтағандықтан, бұлар шақтық грамматикалық мағынасынан ажырамайды, -ған, -ген, формалы есімшелер анықтауыш сөз ретінде өткен шақтық қимыл-әрекетті сын етіп атайды. Жарыспа варианты жоқ болғандықтан бұл есімше зат есімдермен еркін тіркеседі: келген көлік, көшкен бұлт, сусыған құм, кө-ген қала; -атын, -етін, -ар, -ер формалы есімшелер келер шақтық мағынасында сөз тіркестеріне белгілі талғаммен қатысады. -ар, -ер ауызекі тілде, көтеріңкі, экспрессивті сөзде жұмсалады да, -атын, -етін стиль талғамай еркін жүмсалады:
Айтар сөзіңді айт, айтатын сөзіңді айт.
Есімшенің -ар, -ер формасының тұжырымдылығы, экспрессивтігі мына өлеңге қатыстырылуынан да көрініп тұр.
Айналайын Ақ Жайық,
Ат салмай етер күн қайда
Еңсесі биік боз орда,
Еңкеймей кірер күн қайда.
(Махамбет).
«ҮСТЕУ — ЗАТ ЕСІМ» ТИПТІ СӨЗ ТІРКЕСТЕРІ
Үстеудің бағыныңқы компонент ретінде зат есімді тіркестерге қатысуы өте сирек. Зат есім баяндауыштық қызметте келгенде ғана үстеу сөзді қабылдап қабыса байланысқан сөз тіркесін құрайды: бүгін кезекші, қазір инженер, жылма — жыл бастық т.