Диалектикалық логика

5 Желтоқсан 2012, 06:00

  Диалектикалық логиканың қазақстандық мектебі халықаралық ауқымда танылған отандық философиялық зерттеу бағыты.   Бұл бағыттың алғашқы нышандары 1958–60 ж. Ж.М.Әбділдиннің, А.Х.Қасымжановтың, Ж.Төленовтің, Г.А.Югайдың және т.б. еңбектерінде көрініс тапты. Сол кезден бастап диалектиканың өзекті мәселелерін жүйелі зерттеу мақсатында Қазақстан ғылым академиясының Философия және құқық институтында (қазіргі Философия және саясаттану институты) жас ғалымдардың шығармашылық тобы (жетекшісі Әбділдин) құрылды. Алғашқы зерттеу нәтижесі ретінде Әбділдин, Қасымжанов, Л.К.Науменко, М.И.Баканидзе жазған «Таным логикасы мен диалектикасының проблемалары» (А., 1963) атты ұжымдық монография жарыққа шықты. Мұнда авторлар XX ғ-дың 50-жылдары КСРО көлемінде бой көрсете бастаған диалектикалық-философиялық ағымға үн қосып, адам ойы мен танымының табиғаты, логиканың диалектикалық тұжырымдамасы, конкретті ұғым, таным субъектісінің белсенділігі, т.с.с. мәселелерді тереңдете қарастырды.   Жаңа заман философиясындағы батыл қадамға баланған бұл зерттеулер арнаулы басылым беттерінде «диалектикалық логиканы жасақтаудағы қомақты табыс, соны бағыт» ретінде бағаланды. Осы кездегі жарық көрген Қасымжановтың, Б.Қасеновтің, З.Мұқашевтің, Н.Мұсабаеваның, К.Рахматуллиннің, Югайдың зерттеулері Қазақстанда іргелі философиялық мектептің қалыптасқанын байқатты. Сондай-ақ 1967–68 ж. Әбділдиннің «Теориялық танымдағы бастама проблемасы», Науменконың «Монизм – диалектикалық логиканың принципі», Баканидзенің «Логикалық формаларды субординациялау мәселесі», Б.Сахариевтің «Арнаулы салыстырмалылық теориясындағы кеңістік пен уақыттың өзара байланысы проблемасы» сияқты бірегей сипаттағы монографияларының жариялануы Д. л. қ. м-н жаңа бір белеске көтерді. Теор. білімді құрудың бастауы, бастапқы тірегі туралы мәселені айқындап алмай, диалектикалық философияны одан әрі дамыту мүмкін еместігі мәлім. Міне, сондықтан жоғарыда аталған еңбектер бұл тақырыпты жан-жақты қарастырып, жаңа ғылыми ізденістер көкжиегін кеңейтті. Мәселен, 1968 ж. Алматыда диалектикалық логиканың өзекті мәселелері бойынша Бүкілодақтық 1-симпозиум өткізілді. Оған Мәскеу, Ленинград (Санкт-Петербург), Киев, Ташкент, Тбилиси, т.б. қалалардың ғылым ордаларынан белгілі философ-ғалымдар қатысып, атқарылған істер мен алда тұрған міндеттер талқыланды, зерттеу межесі мен бағыты нақтыланды. Осы жиында Қазақстан философтарының еңбектері жоғары бағаланып, Алматы диалектикалық логика мәселесін зерттеудің іргелі орталығы ретінде танылды.   Бұдан кейінгі жылдары Алматыда өткен үш симпозиум да (1977–90) отандық ғылым тарихындағы елеулі оқиғалар болды. Әбділдин жетекшілік ететін зерттеуші философтардың қатары 60–70-жылдары Қ.Әбішев, Т.Әбжанов, Ә.Нысанбаев, В.И.Ротницкий, А.С.Балғынбаев, А.А.Ивакин, М.Орынбеков, М.Сәбит, Қ.Ерғалиев, сондай-ақ М.З.Изотов, С.Ю.Колчигин, А.Қапышев, А.Г.Косиченко, Г.Г.Соловьева, А.Хамидов, т.б. ғалымдармен толықты. Бұл философиялық мектептің зерттеу ерекшеліктері және осыған орай қалыптасқан басым бағыттары бар: біріншіден, философия тарихында орын алған диалектикалық ойдың жарқын үлгілеріне (Гераклит, Платон, Аристотель, Кант, Гегель және т.б.) айрықша көңіл бөлінеді; екіншіден, К.Маркстың «Капиталында» теориялық талдаудың басты құралы болған диалектикалық әдістің тиімді тәсілдерін ой елегінен өткізеді; үшіншіден, қазіргі ғылым салаларының (физика мен математиканың, геология мен географияның, лингвистика мен психологияның, тарих пен экономиканың және т.б.) жетістіктеріне сүйене отырып, ғылыми таным мен қоғамдық практика аясындағы диалектикалық логиканың өміршеңдігін негіздеп, сол арқылы зерттеу жұмыстарын жан-жақты әрі дәлелді түрде жүргізді. Мұндай кең ауқымды зерттеулер диалектикалық логиканың категориялық жүйесін, яғни диалектиканың сындарлы теориясын түзуді мақсат етті. 70-жылдардың орта шенінде диалектиканың негізгі категориялары мен ұстындары тиянақты зерттеліп, ізденіс межесіне жақындағанымен, қазақстандық философтардың алдында келелі бір міндет тұрды. Ол – ойлау пішімдерінің логикалық қатарын түзудің арқауын, яғни категорияларды жүйелеудің басты принципін айқындау қажеттілігі болатын.   80-жылдары Диалектикалық логиканың қазақстандық мектебі осы заттық-практикалық іс-әрекет принципі негізінде 5 томдық «Диалектикалық логика» атты еңбекті баспаға әзірледі. Оның 4 томы (1985–87) ғана жарық көріп, 5-кітабы әр түрлі себептермен шықпай қалды. Өз кезеңінің ғылыми-идеологиялық талаптары тұрғысынан жазылған бұл ұжымдық еңбек 1990 ж. Алматы симпозиумына жиналған кеңес философтары тарапынан жоғары бағаланды. Сол кездері Мәскеу, Ленинград (Санкт-Петербург) қалаларында жарық көрген зерттеулерден өзінің сындарлы тұтастығы, дәлелдік негізділігі жағынан өрелі екендігі, философиялық дәстүрлер үдесіне сай келетіндігі атап көрсетілді. Сөйтіп, қазақстандық философтар мектебі ширек ғасырға созылған зерттеу бағдарламасының нақты нәтижесі көп томдық іргелі еңбекті жұртшылық талғамына ұсыну арқылы диалектиканың логикалық, гносеолдық-методология қызметін толық негіздеуге, орта ғасыр ойшылдарынан бері келе жатқан үлкен философиялық-теориялық проблеманың ұсынықты шешімін табуға талпынды.   Қазіргі кезде де жаңа бағдарлама бойынша зерттеу жұмыстары жалғасып, қоғамдық практика мен теориялық танымның ішкі қажеттілігінен туындайтын өзекті мәселелерді талдау, ұсынықты философиялық ой-толғамдарды одан әрі шыңдай, кемелдендіре түсу міндеті көзделуде. 90-жылдардың орта шенінде диалектикалық логиканың тарихын, сондай-ақ «Идея және реалдылық» тақырыбын зерделеп, зерттеу ісі тиянақталды. Әсіресе, еліміз тәуелсіздік алып, дербес даму жолын таңдаған тарихи кезеңде диалектикалық логика мәселесін уақыт талабы, замана сұранысына сай қарастырып, байыпты ой тұжырымдайтын іргелі ғылыми еңбектер дүниеге келді.  

 

Диалектикалық логиканың қазақстандық мектебі халықаралық ауқымда танылған отандық философиялық зерттеу бағыты.
 
Бұл бағыттың алғашқы нышандары 1958–60 ж. Ж.М.Әбділдиннің, А.Х.Қасымжановтың, Ж.Төленовтің, Г.А.Югайдың және т.б. еңбектерінде көрініс тапты. Сол кезден бастап диалектиканың өзекті мәселелерін жүйелі зерттеу мақсатында Қазақстан ғылым академиясының Философия және құқық институтында (қазіргі Философия және саясаттану институты) жас ғалымдардың шығармашылық тобы (жетекшісі Әбділдин) құрылды. Алғашқы зерттеу нәтижесі ретінде Әбділдин, Қасымжанов, Л.К.Науменко, М.И.Баканидзе жазған «Таным логикасы мен диалектикасының проблемалары» (А., 1963) атты ұжымдық монография жарыққа шықты. Мұнда авторлар XX ғ-дың 50-жылдары КСРО көлемінде бой көрсете бастаған диалектикалық-философиялық ағымға үн қосып, адам ойы мен танымының табиғаты, логиканың диалектикалық тұжырымдамасы, конкретті ұғым, таным субъектісінің белсенділігі, т.с.с. мәселелерді тереңдете қарастырды.
 
Жаңа заман философиясындағы батыл қадамға баланған бұл зерттеулер арнаулы басылым беттерінде «диалектикалық логиканы жасақтаудағы қомақты табыс, соны бағыт» ретінде бағаланды. Осы кездегі жарық көрген Қасымжановтың, Б.Қасеновтің, З.Мұқашевтің, Н.Мұсабаеваның, К.Рахматуллиннің, Югайдың зерттеулері Қазақстанда іргелі философиялық мектептің қалыптасқанын байқатты. Сондай-ақ 1967–68 ж. Әбділдиннің «Теориялық танымдағы бастама проблемасы», Науменконың «Монизм – диалектикалық логиканың принципі», Баканидзенің «Логикалық формаларды субординациялау мәселесі», Б.Сахариевтің «Арнаулы салыстырмалылық теориясындағы кеңістік пен уақыттың өзара байланысы проблемасы» сияқты бірегей сипаттағы монографияларының жариялануы Д. л. қ. м-н жаңа бір белеске көтерді. Теор. білімді құрудың бастауы, бастапқы тірегі туралы мәселені айқындап алмай, диалектикалық философияны одан әрі дамыту мүмкін еместігі мәлім. Міне, сондықтан жоғарыда аталған еңбектер бұл тақырыпты жан-жақты қарастырып, жаңа ғылыми ізденістер көкжиегін кеңейтті. Мәселен, 1968 ж. Алматыда диалектикалық логиканың өзекті мәселелері бойынша Бүкілодақтық 1-симпозиум өткізілді. Оған Мәскеу, Ленинград (Санкт-Петербург), Киев, Ташкент, Тбилиси, т.б. қалалардың ғылым ордаларынан белгілі философ-ғалымдар қатысып, атқарылған істер мен алда тұрған міндеттер талқыланды, зерттеу межесі мен бағыты нақтыланды. Осы жиында Қазақстан философтарының еңбектері жоғары бағаланып, Алматы диалектикалық логика мәселесін зерттеудің іргелі орталығы ретінде танылды.
 
Бұдан кейінгі жылдары Алматыда өткен үш симпозиум да (1977–90) отандық ғылым тарихындағы елеулі оқиғалар болды. Әбділдин жетекшілік ететін зерттеуші философтардың қатары 60–70-жылдары Қ.Әбішев, Т.Әбжанов, Ә.Нысанбаев, В.И.Ротницкий, А.С.Балғынбаев, А.А.Ивакин, М.Орынбеков, М.Сәбит, Қ.Ерғалиев, сондай-ақ М.З.Изотов, С.Ю.Колчигин, А.Қапышев, А.Г.Косиченко, Г.Г.Соловьева, А.Хамидов, т.б. ғалымдармен толықты. Бұл философиялық мектептің зерттеу ерекшеліктері және осыған орай қалыптасқан басым бағыттары бар: біріншіден, философия тарихында орын алған диалектикалық ойдың жарқын үлгілеріне (Гераклит, Платон, Аристотель, Кант, Гегель және т.б.) айрықша көңіл бөлінеді; екіншіден, К.Маркстың «Капиталында» теориялық талдаудың басты құралы болған диалектикалық әдістің тиімді тәсілдерін ой елегінен өткізеді; үшіншіден, қазіргі ғылым салаларының (физика мен математиканың, геология мен географияның, лингвистика мен психологияның, тарих пен экономиканың және т.б.) жетістіктеріне сүйене отырып, ғылыми таным мен қоғамдық практика аясындағы диалектикалық логиканың өміршеңдігін негіздеп, сол арқылы зерттеу жұмыстарын жан-жақты әрі дәлелді түрде жүргізді. Мұндай кең ауқымды зерттеулер диалектикалық логиканың категориялық жүйесін, яғни диалектиканың сындарлы теориясын түзуді мақсат етті. 70-жылдардың орта шенінде диалектиканың негізгі категориялары мен ұстындары тиянақты зерттеліп, ізденіс межесіне жақындағанымен, қазақстандық философтардың алдында келелі бір міндет тұрды. Ол – ойлау пішімдерінің логикалық қатарын түзудің арқауын, яғни категорияларды жүйелеудің басты принципін айқындау қажеттілігі болатын.
 
80-жылдары Диалектикалық логиканың қазақстандық мектебі осы заттық-практикалық іс-әрекет принципі негізінде 5 томдық «Диалектикалық логика» атты еңбекті баспаға әзірледі. Оның 4 томы (1985–87) ғана жарық көріп, 5-кітабы әр түрлі себептермен шықпай қалды. Өз кезеңінің ғылыми-идеологиялық талаптары тұрғысынан жазылған бұл ұжымдық еңбек 1990 ж. Алматы симпозиумына жиналған кеңес философтары тарапынан жоғары бағаланды. Сол кездері Мәскеу, Ленинград (Санкт-Петербург) қалаларында жарық көрген зерттеулерден өзінің сындарлы тұтастығы, дәлелдік негізділігі жағынан өрелі екендігі, философиялық дәстүрлер үдесіне сай келетіндігі атап көрсетілді. Сөйтіп, қазақстандық философтар мектебі ширек ғасырға созылған зерттеу бағдарламасының нақты нәтижесі көп томдық іргелі еңбекті жұртшылық талғамына ұсыну арқылы диалектиканың логикалық, гносеолдық-методология қызметін толық негіздеуге, орта ғасыр ойшылдарынан бері келе жатқан үлкен философиялық-теориялық проблеманың ұсынықты шешімін табуға талпынды.
 
Қазіргі кезде де жаңа бағдарлама бойынша зерттеу жұмыстары жалғасып, қоғамдық практика мен теориялық танымның ішкі қажеттілігінен туындайтын өзекті мәселелерді талдау, ұсынықты философиялық ой-толғамдарды одан әрі шыңдай, кемелдендіре түсу міндеті көзделуде. 90-жылдардың орта шенінде диалектикалық логиканың тарихын, сондай-ақ «Идея және реалдылық» тақырыбын зерделеп, зерттеу ісі тиянақталды. Әсіресе, еліміз тәуелсіздік алып, дербес даму жолын таңдаған тарихи кезеңде диалектикалық логика мәселесін уақыт талабы, замана сұранысына сай қарастырып, байыпты ой тұжырымдайтын іргелі ғылыми еңбектер дүниеге келді.
 
Бөлісу: