Конституциялық - демократиялық партия

5 Желтоқсан 2012, 06:00

Конституциялық - демократиялық партия, кадеттер, “Халық азаттығы” партиясы – 20 ғасырдың басындағы Ресейдегі саяси партия. Оның 1-ұйымдасу съезі Мәскеуде 1905 жылы 12 – 19 қазанда өтіп, партияның бағдарламасы мен жарғысын қабылдады. Конституциялық - демократиялық партиясының теоретиктері болып табылатын П.Н. Милюков, С.А. Муромцев, В.М. Гессен және С.А. Котляревский қоғамдық дамудың ең тиімді жолы ұтымды ұйымдастырылған капиталистік шаруашылық деп есептеп, күш қолдану арқылы жасалатын кез келген әлеуметтік төңкеріске қарсылық танытты, қоғамның эволюциялык жолмен дамуын жақтады. Партия бағдарламасының өзегі мемлекеттік билікті реформалауға, шексіз самодержавиялық билікті конституциялық монархиямен алмастыруға негізделді. Англиядағы секілді “Король патшалық ететін, бірақ басқармайтын” парламенттік монархия құру Конституциялық - демократиялық партияның басты мұраты болды. Заң шығарушы, атқарушы және сот билігін бір-бірінен бөлуді, сондай-ақ, осы билік тармақтарының Мемлекеттік думаның алдында жауапкер болуын жақтады. Демократиялық бостандықты (сөз, баспасөз бостандығы, ұйымдар құрып, жиналыстар өткізуге еріктілік), адамдардың азаматтық және саяси құқықтарының қатаң сақталуын талап етті. Мемлекеттік құрылыстың унитарлық үлгісін, яғни Ресей империясының тұтастығын жақтай отырып, халықтарға ұлттық-мәдени автономия беруін ғана қолдады. Сондай-ақ, Конституциялық - демократиялық партия бағдарламасында барлық Ресей азаматтарының нәсіліне, ұлтына, дініне және жынысына қарамай заң алдында тең құқықты болуы аталып көрсетілді. Жер мәселесі бойынша жердің жеке меншікте болуы жақталды. Конституциялық - демократиялық партия Ресей империясының барлық аймақтарына земствоның енгізілуі нәтижесінде жергілікті жерлерде халық өзін-өзі басқаруға қол жеткізуі керек деп есептеді. Осындай мақсаттарды алдына қойып отырған Конституциялық - демократиялық партияға қазақ саяси элитасының ден қоюшылығы Бірінші мемлекеттік думаға сайлау науқаны таяп қалған шақта арта түсті. Қазақ саяси элитасы патша өкіметіне белгілі дәрежеде оппозияцияда болған Конституциялық - демократиялық партиясының қолдауына сүйенетін, Конституциялық - демократиялық партия үлгісіндегі жалпыұлттық саяси партия құруды көздеді. Оған 1905 жылы қарашада “Қазақ конституциялық-демократиялық партиясының” құрылуы дәлел бола алады. Бұл партияның бағдарламасында алға қойылған міндеттердің көпшілігі Конституциялық - демократиялық партиясының талап-тілектерімен үндесіп жатты. Мұндай жағдай империядағы бүкіл мұсылман халықтарын азаттық күресте тұтас бір майданға біріктіруді көздеген “Ресей мұсылмандары одағы” партиясына да тән болды. Қазақ саяси элитасы арасында Ә.Бөкейханов, Б.Қаратаев, С.Жантөрин, Ж.Сейдалин, М.Тынышбаев Конституциялық - демократиялық партияның мүшесі болды. Бөкейханов Конституциялық - демократиялық партияның ОК-і құрамына кірді. Дала облыстары мен Түркістан өлкесінде партияның жергілікті бөлімшелері ашылды. 1906 жылдың соңына қарай партия мүшелерінің саны 100 мыңға жетті. Бірінші және екінші Мемлекеттік думада қазақ депутаттары мұсылман фракциясы құрамына кіріп (кадеттер фракциясына Тынышбаев қана тіркелді), онда Конституциялық - демократиялық партиямен бір блокта болды.Конституциялық - демократиялық партия мүшелерінің ұйымдастыруымен “Выборг үндеуіне” қол қойылды. 1-дүниежүзілік соғыс кезінде Конституциялық - демократиялық партия соғысты жеңіске жеткенше жүргізуді қолдады, патша үкіметінің соғысты сәтсіз жүргізіп отырғанына наразылық білдірді. 1917 жылы Ақпан революциясынан кейін Уақытша үкіметтің және оның жергілікті билік орындарының құрамында Конституциялық - демократиялық партияның мүшелері басымдылық танытты. 1917 жылы наурызда болған Конституциялық - демократиялық партия съезінде Бөкейханов сөз сөйлеп, қазақ халқының жер мәселесін көтеріп, оның дұрыс шешілу керектігін алға тартты. Осы съезде Ресейде республикалық құрылыс орнату бағдарламасы ұсынылды. Шілдеде елдегі дағдарысқа орай Конституциялық - демократиялық партия мүшелерінен тағайындалған комиссарлар (министрлер) Уақытша үкіметтен кетіп, тамызда құрылған коалициялық үкімет құрамына қайта кірді. Бірінші жалпықазақ съезінен кейін Бөкейханов Конституциялық - демократиялық партия құрамынан шығып, съезд шешіміне орай жалпыұлттық “Алаш” партиясын құру жолына кірісті. Ол өзінің Конституциялық - демократиялық партия құрамынан шығу себебін “Қазақ” газетінде жарияланған “Мен кадет партиясынан неге шықтым?” деген мақаласында жан-жақты түсіндіре отырып, оның Конституциялық - демократиялық партияның жер, дін және ұлттық автономия мәселесі бойынша ұстанған бағытына байланысты екендігін айтады. Корнилов бүлігі кезінде Конституциялық - демократиялық партия мүшелері Уақытша үкімет құрамынан шықты. Конституциялық - демократиялық партия басшыларының көпшілігі эмиграцияға кетті. РКФСР Халық Комиссарлары Кеңесі Конституциялық - демократиялық партияны халық жауларының партиясы ретінде айыптады.  

Конституциялық - демократиялық партия, кадеттер, “Халық азаттығы” партиясы – 20 ғасырдың басындағы Ресейдегі саяси партия. Оның 1-ұйымдасу съезі Мәскеуде 1905 жылы 12 – 19 қазанда өтіп, партияның бағдарламасы мен жарғысын қабылдады. Конституциялық - демократиялық партиясының теоретиктері болып табылатын П.Н. Милюков, С.А. Муромцев, В.М. Гессен және С.А. Котляревский қоғамдық дамудың ең тиімді жолы ұтымды ұйымдастырылған капиталистік шаруашылық деп есептеп, күш қолдану арқылы жасалатын кез келген әлеуметтік төңкеріске қарсылық танытты, қоғамның эволюциялык жолмен дамуын жақтады. Партия бағдарламасының өзегі мемлекеттік билікті реформалауға, шексіз самодержавиялық билікті конституциялық монархиямен алмастыруға негізделді. Англиядағы секілді “Король патшалық ететін, бірақ басқармайтын” парламенттік монархия құру Конституциялық - демократиялық партияның басты мұраты болды. Заң шығарушы, атқарушы және сот билігін бір-бірінен бөлуді, сондай-ақ, осы билік тармақтарының Мемлекеттік думаның алдында жауапкер болуын жақтады. Демократиялық бостандықты (сөз, баспасөз бостандығы, ұйымдар құрып, жиналыстар өткізуге еріктілік), адамдардың азаматтық және саяси құқықтарының қатаң сақталуын талап етті. Мемлекеттік құрылыстың унитарлық үлгісін, яғни Ресей империясының тұтастығын жақтай отырып, халықтарға ұлттық-мәдени автономия беруін ғана қолдады. Сондай-ақ, Конституциялық - демократиялық партия бағдарламасында барлық Ресей азаматтарының нәсіліне, ұлтына, дініне және жынысына қарамай заң алдында тең құқықты болуы аталып көрсетілді. Жер мәселесі бойынша жердің жеке меншікте болуы жақталды. Конституциялық - демократиялық партия Ресей империясының барлық аймақтарына земствоның енгізілуі нәтижесінде жергілікті жерлерде халық өзін-өзі басқаруға қол жеткізуі керек деп есептеді. Осындай мақсаттарды алдына қойып отырған Конституциялық - демократиялық партияға қазақ саяси элитасының ден қоюшылығы Бірінші мемлекеттік думаға сайлау науқаны таяп қалған шақта арта түсті. Қазақ саяси элитасы патша өкіметіне белгілі дәрежеде оппозияцияда болған Конституциялық - демократиялық партиясының қолдауына сүйенетін, Конституциялық - демократиялық партия үлгісіндегі жалпыұлттық саяси партия құруды көздеді. Оған 1905 жылы қарашада “Қазақ конституциялық-демократиялық партиясының” құрылуы дәлел бола алады. Бұл партияның бағдарламасында алға қойылған міндеттердің көпшілігі Конституциялық - демократиялық партиясының талап-тілектерімен үндесіп жатты. Мұндай жағдай империядағы бүкіл мұсылман халықтарын азаттық күресте тұтас бір майданға біріктіруді көздеген “Ресей мұсылмандары одағы” партиясына да тән болды. Қазақ саяси элитасы арасында Ә.Бөкейханов, Б.Қаратаев, С.Жантөрин, Ж.Сейдалин, М.Тынышбаев Конституциялық - демократиялық партияның мүшесі болды. Бөкейханов Конституциялық - демократиялық партияның ОК-і құрамына кірді.

Дала облыстары мен Түркістан өлкесінде партияның жергілікті бөлімшелері ашылды. 1906 жылдың соңына қарай партия мүшелерінің саны 100 мыңға жетті. Бірінші және екінші Мемлекеттік думада қазақ депутаттары мұсылман фракциясы құрамына кіріп (кадеттер фракциясына Тынышбаев қана тіркелді), онда Конституциялық - демократиялық партиямен бір блокта болды.Конституциялық - демократиялық партия мүшелерінің ұйымдастыруымен “Выборг үндеуіне” қол қойылды. 1-дүниежүзілік соғыс кезінде Конституциялық - демократиялық партия соғысты жеңіске жеткенше жүргізуді қолдады, патша үкіметінің соғысты сәтсіз жүргізіп отырғанына наразылық білдірді. 1917 жылы Ақпан революциясынан кейін Уақытша үкіметтің және оның жергілікті билік орындарының құрамында Конституциялық - демократиялық партияның мүшелері басымдылық танытты. 1917 жылы наурызда болған Конституциялық - демократиялық партия съезінде Бөкейханов сөз сөйлеп, қазақ халқының жер мәселесін көтеріп, оның дұрыс шешілу керектігін алға тартты. Осы съезде Ресейде республикалық құрылыс орнату бағдарламасы ұсынылды. Шілдеде елдегі дағдарысқа орай Конституциялық - демократиялық партия мүшелерінен тағайындалған комиссарлар (министрлер) Уақытша үкіметтен кетіп, тамызда құрылған коалициялық үкімет құрамына қайта кірді. Бірінші жалпықазақ съезінен кейін Бөкейханов Конституциялық - демократиялық партия құрамынан шығып, съезд шешіміне орай жалпыұлттық “Алаш” партиясын құру жолына кірісті. Ол өзінің Конституциялық - демократиялық партия құрамынан шығу себебін “Қазақ” газетінде жарияланған “Мен кадет партиясынан неге шықтым?” деген мақаласында жан-жақты түсіндіре отырып, оның Конституциялық - демократиялық партияның жер, дін және ұлттық автономия мәселесі бойынша ұстанған бағытына байланысты екендігін айтады. Корнилов бүлігі кезінде Конституциялық - демократиялық партия мүшелері Уақытша үкімет құрамынан шықты. Конституциялық - демократиялық партия басшыларының көпшілігі эмиграцияға кетті. РКФСР Халық Комиссарлары Кеңесі Конституциялық - демократиялық партияны халық жауларының партиясы ретінде айыптады.
 
Бөлісу: