5 Желтоқсан 2012, 05:58
Ерте Темір дәуіріндегі Жетісу қолалары
Жетісу қолалары
Кездейсоқ олжалар мен көмбелерден табылған мыс және қола заттар сақ тайпаларының материалдық мәдениетінің тарихы жөніндегі жарқын деректемелер болып табылады. Көркемдігі жоғары қола олжалар мен көмбелердің саны жөнінен сақ мәдениеті дамыған басқа аудандардан Жетісуға тең келетіні жоқ. Олардың ішінде барынша назар аудартатындары кола қазандар, құрбандық ыдыстары және шырағдандар жинағы, тұрмыс заттары мен кару-жарақ, әсіресе монументті көркемдеп кұю бұйымдары. Бұлар - төрт аласа аяғы бар, жиегіне канатты арыстандардың мүсіні орналасқан тікбұрышты үстел, сондай- ак төрт мыс және бір темір қазан мен қола шырағданнан тұратын көмбе. Төртбұрышты табақшалардың бұрыштарына орналастырылған шырағдан қанатты жолбарыстардың төрт мүсінімен безендірілген. Басқа бір көмбеден табылған шырағданның дөңгелек табақшасы қуыс конус тәрізді тұғырға бекітілген, жиегінде бірінің сонынан бірі маңғаз басып келе жатқан сегіз жолбарыс бейнеленген, ал табақшаның дәл ортасына айыр өркешті екі түйенін мүсіндік бейнесі бекітілген. Тағы бір шырағдан төрт (үш қола және бір темір) қазанмен бірге Есік каласы маңынан табылды. Шырағданның дөңгелек табақшасы төр көзді конус тәрізді тұғырға орнатылған. Табақша үстінде аттың, ал оның қарсысында шығыстықтарша малдас құрып отырған ер адамның мүсіні бекітілген. Каменское плато маңынан (Алматы каласының төңірегі) копшілігінің жануарлардың аяқтары түрінде жасалған үш аяғы бар он қола қазаннан тұратын көмбе табылды. Жетісу казандары, құрбан шалатын орындары, шырағдандары сақтардың кұю тәжірибесі мен жетік техникасын және көркемдік талғамын дәлелдейтін аса көрнекті мәдениет ескерткіштері болып табылады. Сақтардың көркемдік қола бұйымдарының көптеп табылуы Жетісу тайпаларында кұю ісі өнерінің барынша дамығандығын және олардың мәдениетінің толтумалылығын көрсетеді.
Түгіскен және Үйғарақ
Ерте темір дәуірінде Шығыс Арал өңірінің аумағы мен Оңтүстік Қазақстанның оған шектес аудандарын массагет-сақтардың кұрамына кіретін этникалық топтар мекендеген. Олардың сол кездегі мәдениетінің ескерткіштері Сырдарияның төменгі бойындағы Үйғарак және Түгіскен қыраттарында орналаскан обалы корымдар болып табылады. Түгіскен қорымы екі дәуірдің ескерткіштерінен тұрады. Ең алдымен бұл — Солтүстік Түгіскен, б. з. б. IX—VIII ғасырлардағы қорымдар. Сақтардың обалы қорымы — Оңтүстік Түгіскен де осында Түгіскен үстіртінде орналаскан. Ол оз кезегінде екі кешенге бөлінеді, олардын біріншісі 9, екіншісі 27 обадан тұрады. Оңтүстік Түгіскеннің барлық сақ обалары б. з. б. VII—V ғасырларда тұрғызылған. Үйғарақтағы сол заманның 80 обасы үш топқа: шығыс, орталық және батыс топтарға шоғырланған. Олардан 70 оба қазылды. Ұйғарақ пен Түгіскенде жерлеу құрылыстары әртектес болғанмен, жерлеу ғүрпы бірдей. VII-V гасырлар обалары Үйғарақ пен Оңтүстік Түгіскеннің кұм үйінділері астынан алуан түрлі жерлеу құрылыстары қазылып ашылды. Оның бірі, негізінен Үйғарақтан ғана шыққаны — адамдарды жердің бетіне, жеңіл қаңқалы ағаш кұрылыстың не күркенің ішіне, қамыс төсеніш үстіне жерлеу. Мұндай кұрылыстардың сыртқы бітімі дөңгелек, сопақ немесе тікбүрышты болған. Олар Солтүстік Түгіскендегі қола дәуірінің карапайым жерлеу құрылыстарына ұқсас. Оларды Солтүстік Түгіскендегі жерлеумен жақын- дастыратын белгі — өліктің басын батысқа қаратып жерлеу және ішінара- өлікті өртеу салты. Жерлеу құрылыстарының екінші үлгісі — жерден қазылған шұңқырлар. Олардың бірнеше түрлері бар. Үйғарақ пен Оңтүстік Түгіскен қорымдарында шығыстан батысқа бағытталған тікбұрышты үлкен жер шұңқырларға жерлеу түрі көп тараған. Лақаттар ағаш бөренелерімен жабылып, олардың үстіне қамыс немесе ұсак бұтақтар қабаты теселген. Шұңқыр айналасындағы ескі кабат пен қабір топырағын да қамыспен жауып тастаған. Сонан соң диаметрі 15-20 м, кейде 30 метрге дейін же- тетін оба үйген. Кейбір жағдайларда үйінді қамыс пен топырак кабаттарынан тұрғызылған. Басқа жерлеу құрылыстарындағы сияқты, мұнда да отқа табыну кең таралған. Қабірдің бұрыштарында тіреу орындары сияқты кішкене шұңқырлар жиі кездеседі. Кейбір қабірлерде лақаттың түбінен қабырғаны жағалай арықша қазылған да, өлік жер «үстел» үстінде жатқандай болып көрінеді. Қабір бүрыштарындағы шүңқырлар сияқты, мұндай «үстелдер» де Солтүстік Түгіскендегі кесенелерінен дәстүрге айналған белгілі жер¬леу ғұрпының жергілікті тәсілдері. Түгіскенде жерден қазылған шұңқырларға жерленетін обалардың тағы бір өзгеше тобы бар. Құрылыстардың бұл нұсқасы - ортасында беті ағаш бөренелермен жабылған жер шұнқыры бар, жан-жағы айнала қоршалған топырақ дуалдан тұрады. Дуалдың топырағы айналасындағы белдеулей қазылған орлардан алынған. Бұдан басқа, топырак дуалды қоршаған ор жанғыш материалдармен (шөпшекпен) толтырылған. Жерлеу кезінде барлық күрылысты айнала от жағылатын болса керек. Ақырында, Ұйғарақта жер кабірлердің Түгіскенде жоқ түрі бар. Бұл негізінен бұрыштары дөңгеленіп келген тікбұрышты тар молалар. Құрылымы жағынан оларды Түгіскен мен Үйгарақтагы үлкен жер шүңқырға жерлеумен жақындастыратын белгі — сырғауылдармен және бұтақтар мен жабылуы. Жерлеу құрылыстарының осындай әр түрлі болуы, шамасы, отбасылық қатынастар жүйесін ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік құрылымды, рулық қауымның эволюциясын да көрсетсе керек. Бұл, әсіресе Ұйгарақ қорымындағы әр түрлі обалар топтарыныц үлгісінде ерекше айқын байқалады. Абыз әйелдер көп жерленген шығыс топтың молаларында кейінгі қола дәуірінен келе жатқан ғұрып-дәстүрлері айқыны- рақ байқалады. Ұйғарақ обаларының орталық кешенін қалдырған рулық топ, мүліктердің құрамына және үлкен жер лақаттарға қарағанда, ең ыкпалды топ болған. Оның өкілдері әскери билік пен абыздық қызметті қатар жүргізген көсемдер болған. Бұған билік белгісі — күрзінің және салттық айбалта-қанжардың табылуы дәлел. Бұл жерде жерленген қару-жаракты салт атты жауынгерлердің зираттарының көпшілігі, баска рудың мүшелерінікі болса керек. Батыс жақ шетімдсгі тікбүрышты тар қабірлерге атағы жок және кедей рулық қауым мүшелерін жерлеген. Түгіскенде б. з. б. V ғасырдағы бай қабірлер тобы айқын аңғарылады. Олардың құрылымына тән нәрсе — кірер ауыздағы ұзын дәліз-дромос. Лақаттар өте терең болуымен ерекшеленеді. Өліктің басы шығысқа — солтүстік шығысқа қаратып жатқызылады. Шұңқыр әдетте, неғұрлым ертеректегі обалардағы сияқты қабырғаларымен емес, бұрыштармен бағытталған. Жерленгендер шалқасынан созылған күйінде, бастары шығыс солтүстік-шығысқа каратылып, кейде оларды лақат шұңқырларын қиғаштай, аяқтарын ромб тәрізді тізесінен бүгіп, окшелерін ішке қаратып (ат үстінде отырған кейіпте) жатқызылған. Лақат шұңкырлары мен дромос (ішінара) тегіс етіп жабылған. Сонымен б. з. б. V ғасыр обаларына бұрынғысынша тән нәрселер: лақаттардың бұрыштарындағы шұңқырлардың сақталуы, ілуде бір болғанымен, жерден қазылған қабірлер мен жер үстіне салынған жерлеу кұрылыстарының қатар қолданылуы, оттың жерлеу салтындағы елеулі рөл атқаруы.
Соңғы сақ заманынын (б. з. б. V—IV ғғ.) біршама жақсы мәлім Қадыр бай-3, Қарашоқы және Қызылауыз сияқты ескерткіштер сол заманға жатады. Шолақ тауларында, Іле озенінің оң жағасында орналасқан Қара- шокы32 қорымында қазылған обаның топырақ пен қиыршықтас араласқан шағын үйіндісі; үйінді үстінде дөңгелек қоршау мен оның сыртынан қоршалған тағы бір қоршаудың тастары болды. Адам жерден казылған шұнқырға жерленген. Кабірдің ішінен б. з. б. V—IV ғасырларға жататын жебелердің ұңғылы қола үштары табылды. Қадырбай-2 (Іле аңғары) қорымының обаларындағы үйінді тас аралас топырақтан тұрғызылып, олардың іргелерін белдеулей тас каланған. Жерден казылған шұңқырдың түбіне қойылған тас жәшіктердің ішінен шалқасынан созылған күйінде, басы солтүстік-батысқа немесе батысқа қаратып жерленген өліктердің сүйектері табылды. Қабірлерден б. з. б. IV—III ғасырларға тән керамикалық ыдыстар, аңдық стильде сәнделген қола тоға және сабы бар қола айна шықты. Жерлеу мезгілі б. з. б. IV—III ғғ. деп белгіленеді.