Азербайжан әдебиеті. Әзірбайжан мен қазақ халқының тарихи-мәдени байланысы әріден басталады. Екі елдің генетик, тамыры мифологиялық, фольклорлық қайнар көзден тарайды. Академик Мамед Атжар айтқандай «тарихи және географиялық жағдайына қарай Шығыс пен Батыстың аралығына орналасқан Азербайжан ежелден-ақ көптеген елдермен, халықтармен - урарттармен, вавилондықтармен, ассириліктермен, ирандықтармен және басқа елдермен байланыста болды. Сол ерте кездегі саяси, экономикалық және мәдени байланыстары мықты «Отты елдер» Азербайжанды әлемдік орбитаға, әсіресе шығыс мәдениетіне тартты». Ғалым ежелгі Азербайжан халықтық-поэтикалық шығармашылығы мен фольклорының көрші шығыс халықтарымен, оның ішінде қазақ халқы поэзиясымен үндесіп жататынын осымен түсіндіреді. Түрік тілдес халықтардың эпик, шығармаларының көпшілігі әр түрлі тілде айтылғанымен олардың мазмұны бір болып келеді. Оған «Алпамыс», «Көрұғлы», «Едіге» т. б. жырларының өзбекте де, азербайжанда да, қазақта да және басқа түркі тілдес халықтарда бар екені дәлел. «Кәмила мен Димна», «Тахир мен Зухра», «Мың бір түн» сияқты жалпы шығысқа тән дастандардың тақырыбы ұқсас, негізгі сюжеттік желісі бір, кей эпизодтары мен кейіпкерлерінің есімдері ұқсас болып келеді. Жалпы түркі тілінің негізін қурайтын мақал-мәтел, өсиет жөнінде айтпағанның өзінде, көптеген түрік тілдес халықтарда әлемге әйгілі «Мың бір түн» сарынымен айтылатын түрлі ертегілер де кездеседі. Географиялық орнының алшақтығына қарамастан азербайжан, қазақ халқы мәдениеті мен ғылымы идеялық бағыттастығымен де бір-біріне жақындай түседі. Біртұтас этникалық құрамға енетін жалпы түрік әдебиетінің даралануы жеке ұлттық мәдениеттің құрылуымен аяқталды. Бұл кезеңде әдеби байланыстың жаңа түрі пайда болды. Азербайжан мен қазақ халқы ақын-жазушыларының шығармашылық байланыстарының ауқымы кең және жиі екені әуелден белгілі. Олардың өзара хат алысулары мен шығармашылық достығы, шығармашылық тәжірибе алмасуы, әр түрлі конференция, симпозиум, съездерге қатысып, кездесуі және басқадай байланыстар екі елдің арақатынасын жақындата түсті. Азербайжанда қазақ ақындарының, жазушылары мен қоғам қайраткерлерінің мерейтойларын атап өту дәстүрге айналған, оларға арналған мереке кеші өткізіледі, мерейтой күніне арналған баяндамалар мен мақалалар жарияланып тұрады. 1954 ж. Абай Құнанбаевтың қайтыс болғанына 50 жыл толуы кеңінен атап өтілді. Республика мерзімді баспасөзінің орталық органдарында («Коммунист», «Адавият веинджесенет» т.б.) Абайдың мерейтойы қарсаңында Азербайжанның ғалым-зерттеушісі Панах Халиловтың көлемді мақаласы жарияланды. Автор онда қалың оқырманды қазақ әдебиетінің негізін қалаушы А. Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығы, туған әдебиетіне қосқан ұлан-ғайыр үлесі жөніндегі мол мәліметтермен таныстырады. 1955 ж. Азербайжанда Абайдың туғанына 110 жыл,1965 ж. 120 жыл толу тойлары атап өтілді. «Қазақ поэзиясының Күні» атты мақалада Абай поэзиясының басты ерекшеліктері ашып айтылды. Кейінірек, 70-ші жылдары республикалық мерзімді баспасөз беттерінде Абайдың алдағы уақыттағы мерейтойына дайындық жүргізу жөнінде хабарлар жарияланды. Онда салтанатты кеш, кештер, баяндамалар мен оқу конференцияларын өткізу, қазақ ақынының шығармаларының бір томдығын әзірлеу жөнінде айтылған. 1970 ж. Абайдың «Ескендір» (Новруз Гянджали аударған), «Масғұт» (Гасым Гасымзаде аударған), «Әзімнің әңгімесі» (Алекпер Зиятай аударған) мен өлеңдері жинақталған кітабы азербайжан тілінде жарық көрді. Өлеңдерін республиканың белгілі ақындары С. Рустам, М. Рагим, А. Джамил, М. Дильбаз, А. Бабаев, А. Кюрчайлы, А. Ализаде, И. Тапдыг, Ф. Садыг, М. Араз, А. Зейналл, Р. Зекa, Э. Борчалы т. б. аударған. Ежелгі шығармашылық достық азербайжан мен қазақ ақындарының байланысын нығайта тусті. Қазақ әдебиетішығармалары Азербайжандағы ғылыми-зерттеу жұмысының негізіне айналған. Абай шығармашылығының Шығыс әдебиетіне ықпалы жөнінде профессор А. А. Гаджиевтың «Советтік Шығыс әдебиетіндегі реализм» атты кітабында кең айтылған. «Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың (1845-1904) шығармашылығы демократиялық поэзияның реализмнен ағартушылық реализмге өту кезеңінің айқын мысалы болып табылады, - деп жазады автор, - оның қоғамдық-ағартушылық және поэтикалық қызметі қазақ қоғамының мәдени дамуындағы алға басқан тарихи қадам еді, ол ауыз әдебиеті поэзиясынан көркем, жазба, жеке авторлық әдебиетке көшудің көш басшысы болды... Бұл сатыға көтерілу үшін Абайға фольклор мен ауыз әдебиетідәстүріне сүйене отырып, Шығыс поэзиясының, XIX ғасырдағы Европа мен орыс әдебиетінің тәжірибесін бойына сіңіру қажет болды». Автор Абайдың орыс, ол арқылы европа мәдениетіне назар аудару арқылы өзінің рухани байлығын молайтқанын да ашып айтады.