Ерте Темір дәуіріңдегі Арал-Каспий даласының тайпалары

5 Желтоқсан 2012, 05:56

Ерте Темір дәуіріңдегі Арал-Каспий даласының тайпалары АРАЛ-КАСПИЙ ДАЛАСЫНЫҢ ТАЙПАЛАРЫ Арал-Каспий аралығының географиясы мен палеоэкологиясы. Каспий мен Арал теңіздері аралығында жатқан дала аймағының едәуір бөлігін екі кең үстіртті-қыратты өңір — Маңғыстау мен Үстірт алып жатыр: олардың біріншісі Каспийдің солтүстік-шығыс жағалауына, шығысыраққа орналасқан, екіншісі Арал жағалауына ұштасады. Маңғыстау жоны біршама аласа, ал Үстірт мұхит деңгейінен 200—370 метр жоғары және биіктігі 150 метрдей тік жар (әсіресе батысы мен шығысында) болып бітеді. Үстіртгің біршама түйықтығы мен жетуге қиындығы ертедегі темір дәуірінде оның табиғи- климаттық жағдайының көрінеу ерекше болуына себепші болды. Ол кезде Маңғыстау мен Үстірттің толқын тәрізді бедері аласа тау сілемдерімен, балшықпен, сорлармен және кұммен алмасып жататын сазды-тасты шөл және шөлейт болып келді. Одан әрі солтүстікке қарай куаң дала, ал оңтүстікке таман, Карабұғазғол шығанағы мен Үзбойдың (Каспийге кұйылған Әму- дарияның ежелгі арнасы) арғы жагы ақшыл кұм созылып жатыр. Сонымен, Арал-Каспий аймағы Еділ бойының, Оңтүстік Орал өңірі мен Солтүстік Қазақстанның далаларын қазіргі Түрікменстан мен Шығыс Иранның ау- мағындағы ежелгі өркениет аудандарымен қосып жатқан өзінше бір табиғи «көпір» болды. Алайда б. з. б. I мыңжылдықтың басы мен 1-жартысында бұл аймақта тұрғындар сирек қоныстанған, мұны қуаңшылықты (ыстық, құрғақ) табиғи өңірдің қатаң жағдайымен түсіндіруге болады. Б. з. б. I мыңжылдықтың орта шенінде, Еуразияның далалык белдеуі аумағының үлкен бөлігіндегі сияқты, Арал-Каспий аймағында да елеулі табиғи-климаттық өзгерістер болды. Бұрьшғы құрғақ және континентгік климаттың орнына неғұрлым ылғалды климат орнады, оның үстіне бұл үрдіс қауырт, серпінді жүрді. Жауын-шашын мөлшерінің көбейіп, ауа райының бірсыпыра салқындауы куаң дала өңірінің оңтүстікке ығысуына, шөптің шүйгін тартып, аймақтың суы артуына әкеп соқты. Мұның бәрі Солтүстік Қазақстан мен Орал өңірі аудандарындағы ғана емес, сонымен қатар Үстірт пен Маңғыстаудың бұрын тіршілік үшін онша жарамсыз кеңістігіндегі де экологиялық жағдайды жақсартты. Қолайлы климаттық өзгерістердің аса маңызды нәтижесі көшпелі шаруашылык өнімділігінің артуына байланысты тұрғындардың едоуір көбеюі, сондай-ак көшіп-қону үрдісінің кең көлемде жаңаруы болды. Б. з. б. IV—II ғасырларда ең алдымен солтүстіктен және солтүстік-шығыстан, Оңтүстік Оралдың, Солтүстік Каспий мен Солтүстік Қазақстанның орманды-далалық және далалық оңірінен келген тұрғындар Арал-Каспий теңіздері аралығын белсенді түрде игере бастады. Арал-Каспий аймағының түрғындары жайлы жазбаша деректер. Б. з. б. I мыңжылдықгың орта шенінде Арал-Каспий теңіздері аралығында мекендеген тұрғындар жайлы алғашқы мағлүматтар б. з. б. V ғасырдағы жазбаша құжаттарда — Геродоттың «Тоғыз кітаптан тұратын тарихында» және парсы патшасы Ксеркстің Персепольдегі «антидэвтік» жазбаларында келтірілген. Осы тым шағын хабарларға Карағанда, дах (дай, даг), сақ, массагет және скиф тайпалары көп санды болып, көшпелі өмір сүрген, жаугершілігімен және бостандық сүйгіштігімен көзге түскен. Шаруашылық және тұрмыс Шаруашылық және тұрмыс. Б. з. б. IV ғасыр — б. з. III ғасыр бойы Арал-Каспий аймағы көшпелілерінің шаруашылық өмірінің негізі аймактың табиғи-климат жағдайларына және өндіргіш күштердің даму деңгейіне барынша сай келетін экстенсивті мал шаруашылығы болды. Әсіресе сол кезеңнің бас кезіне тән болған көшіп-қону үрдісімен қоса жаңа жерлерді игеру ғана емес, байырғы (дұрысы - массагет) тұрғындарымен жаңа жер үшін күрес те жүріп жатты. Сайып келгенде мұның бәрі маусымдық көшудің дәстүрлі жолдарының өзгеруіне әкеп сокты. Олардың Үстірттің оңтүстік шеті мен Үзбойға дейін жеткен болуы ықтимал негізгі — меридиандық бағытты сақтаумен бірге, ендік (Үстірт — Маңғыстау) бағытты да пайдаланса керек. Көшпелі үжым тіршілігінің негізі болған малдарын төлдетіп, калыпты өсіріп отыруды ұйымдастыру қажеттігі өте тез арада-ақ аймақта тұрақты жайылымдық-көшпелі шаруашылық жүйесінің қалыптасуына жеткізді деуге болады. Бұл орайда көшпелілердің қыстаулары негізінен Оңтүстік Үстірт пен Маңғыстауда, ал жайлауы неғұрлым солтүстік аудандарда, Оңтүстік Жайық өңірі мен Солтүстік Қазақстанда болған. Жазғы-күзгі кезенде жайылымдардың шөбін жетілдіру мақсатымен жақын маңайға көшіп отыру да міндетті болған. Дах-массагет мал шаруашылығының негізі ұсақ мал (қой) мен жылқы өсіру еді. Жылқы өсіру көшпелілерді көшіп-қонатын күш- көлікпен де қамтамасыз етті. Қазақстан далалары мен шөлейттерінің көп жерлеріндегі сияқты табынның негізі жыл бойы өрісте жайылып, тебін- деуге бейімделген, төзімді, тұрқы шағын жылқы болтан деу керек: көшпелі ақсүйектердің неғұрлым тұрқы биік ат ұстап, оларды соғыс қимылдары кезінде белсенді пайдалануға мүмкіндігі болған. Арал-Каспий аймағы көшпелілері металмен, ең алдымен мыспен жөне оны балқытумен, темірмен, алтынмен және күміспен жақсы таныс болған. Темір мен кымбат бағалы металдар аймақта таза күйінде не руда түрінде іс жүзінде кездеспейтіндіктен, олар басқа аудандардан кесек күйінде немесе дайын бұйымдар түрінде әкелінген деп санау керек. Сонымен бірге жергілікті темір ұсталарының, металл қорытушылардың, алтын ісі шеберлерінің әкелінген шикізатпен жұмыс істеп, едәуір күрделі бұйымдар, атап айтқанда, кару- жарақ (семсерлер, қанжарлар), ат әбзелдері мен сәндік заттар жасай білгеніне күмәндануға бола қоймас. Б. з. б. 1 мыңжылдықтың 2-жартысында ең көп таралғаны мыс пен оны қорытып жасалған бұйымдар болған. Негізгі мыс кенінің базасы Маңғыстаудың Қаратауында орналасса керек: ертедегі кен қазу жұмыстары мен металл балқытылған іздер нақ сол жерден табылды. Алайда, түрлі заттардың химиялық құрамына Карағанда, Арал-Каспий аймағы көшпелілеріне металл бір емес, бірнеше кендерден түскен. Атап айтқанда, солтүстікке және солтүстік-шығысқа таман, Оңтүстік Мұғаджар мен Елек өзені ауданында орналасқан мыс кеніші сондай кендер болуы мүмкін. Көшпелі скиф-сармат дүниесінің басқа тайпалары сияқты, Шығыс Каспий өңіріндегі сақ-массагет металл қорытушылары да мыс негізінде алынатын көп қосындылы қорытпалардың (қоланың) қалай жасалатынын білген және қосылатын компоненттер ретінде қалайыны, сурьманы, тотияйынды, сондай-ақ қорғасынды, никель мен күмісті пайдаланған. Бұйым металының химиялық кұрамы бұйымның не мақсатқа арналғандығымен анықталды. Мыс пен қоланы өндеудің технологиялық тәсілдерінен құю (екі-үш құрамды түрде) мен қақтау кенінен пайдаланылды. Сол кездің қабірлерінен ең көп табылғаны — жебелердің қола ұштары, ал ең ірілері — түбі конус тәрізді қола казандар. Қола (соның ішінде алтын жалатылған) әшекей заттар, бойтұмарлар және сәндік заттар (айналар, фибулалар) кең таралған. Қола мен темірден қарумен қоса еңбек кұралдары мен аспаптар — пышақтар, біздер, шапашоттар және т.б. дайындалған. Темір аспаптардың болуы тас қашау ісін жетілдіруге жақсы жағдайлар жасады. Әк-ұлутастан тас мүсіндер, менгирлер және құрбан шалатын ыдыстар дайындалды, олар Батыс Үстірттің киелі орындарынан көп кездесті. Жерлеу-еске түсіру және ғибадат жасау құрылыстарын: тас жәшіктер мен сағаналар, молаларды жабу мен қоршау, киелі орындардың қабырғаларын және т.б. жасауға көп тас жұмсалды. Қайрайтын құралдар (қайрақ тастар), көшкенде алып жүруге қолайлы мехраптар және басқа да табыну мүліктерін дайындау үшін тастың неғұрлым қатты жыныстары — күмтас пайдаланылды. Діни нанымдары мен ғұрыптары Діни нанымдары мен ғұрыптары. Арал-Каспий өңірі дах-массагет тұрғын- дарының діни-идеологиялык түсініктері басты белгілері жағынан қола дәуіріне барып тірелетін және скиф-сармат-сақтобының туыстас халықтарының көзқарастарынан көрінетін ежелгі үнді-иран негізі арқылы анықталды. Олардың негізінде политеизм — табиғат пен адамды ғалам тәртіпке келтірілген шекте басқаратын басты-басты бірнеше құдай бар деген түсінік жатыр. Дах-массагеттерде материалдык дүние элементтерінің — жартастардың, бұлақтардың жануарлардың және т.б. жаны бар деген, сондай-ақ рухтар — табиғаттың, жануарлардың, адамдардың қамқоршысы бар деген түсініктің болғанына күмән келтіруге бола қоймас. Дах-массагет көшпелілердің идеологиялык өмірінде өлетін және қайта тірілетін табиғат туралы түсініктермен, сондай-ақ жерлеуге табынумен тығыз байланысты ата-бабага табынудың зор рөл атқарғаны күмәнсіз. Сондықтан адам жерленген аумақ киелі деп саналған, табынып, ара-тұра ас беріп, еске түсіру жоралғыларын жасайтын орын болған. Б. з. б. IV—II ғасырларда өлген адамдар әдетте жерден казылған шұнкырларға (олар көбінесе тақтатастармен жабылған) немесе қырынан қойылған тақтатастардан тұрғызылатын мазарларға жерленген. Бұл орайда молаға бір емес, туыс болуы мүмкін бірнеше адам жерленген болуы ықтимал. Сол кезде адамдарды бір кабірге бірнешеден жерлеу ғұрпы таралады, бұл ретге өзінше бір тас немесе топырақ сағана болып табылатын бір жерлеу кұрылысына өлген адамдар ондаган жылдар бойы жерленіп отырган. Мәселен, Дықылтас атырабындағы (Маңғыстау облысы) күрделі жерлеу құрылысын зерттеген кезде оның үш лақаты- нан 30 шақты адамның сүйегі табылды. Кезекті жерленетін мәйітті орналастырған кезде бұрынгы өлген адамдардың сүйектері әдетте лақат кабырғаларының біріне карай ысырылып отырған. Б. з. б. II ғасырда — б. з. III ғасырда аймақта үңгіме куыстарға — төбесі күмбез тәрізді және әдейі жасалған есігі бар жер лақаттарға жерлеу таралады. Өліктің немесе оның жанының өлгеннен кейін тіршілік ететіні туралы түсініктерге сәйкес елікті жерлеген кезде молаға оның о дүниедегі өміріне «қажетті» заттар салынып отырған. Ер адамдар жерленгенде салынатын ол заттар әдетге қару-жарақтар: темір семсер мен қанжарлар, жебелердің қола ұштары, сондай-ақ пышақтар, басқа жақтан әкелінген қыш ыдыстар болған. Әйелдерді жерлегенде әшекей заттар (моншақтар, білезіктер, жүзіктер және т. б.), сәндік заттар (қола айналар, орамалдар), еңбек кұралдары (инелер, саз және тас ұршықбастар) және керамика ыдыстар салынған. Жерлеу құрылыстарының үстіне әдетте биіктігі 1—6 м болатын топырақ немесе тас үйілген. Сонымен бірге оба үйіндісі дүниелік тау (дүние кіндігі) идеясын айқын білдіріп, молаға орнатылған ескерткіш әрі жақсы бағдар болтан. Оба үйіндісінің шет жақтары көбінесе тақтатастармен және дөңгелек орлармен айналдыра қоршалып, оның төңірегіне кұрбан шалатын тас орындар, еске алатын орындар және тігінен тас бағандар — менгирлер орнатылған. Құрбан шалатын орындар — тік бүрышты немесе тостаған тәрізді, еске түсіріліп ас берілетін орындар — шеңбер тәрізді көлемі әр түрлі өнделмеген тақтатастардан салынған кішкене тас жәшік, жалпақ немесе тастан қаланған баған түрінде болған. Б. з. б. I мыңжылдыктың 2-жартысында Арал-Каспий маңы көшпелілерінің оңтүстікке және оңтүстік-шығыска қарай орналасқан мемлекеттік құрылымдар — Хорезм,Парфия, Маргиана және т.б. көршілерімен түрлі қарым-қатынасының едәуір жанданғаны байқалады. Бұл орайда ол олжа табу үшін шапқыншылық жасау, жалдамалылық және басқалары түріндегі әскери белсенділік қана болған жоқ. Көшпелілер өздеріне қажетті жоғары сапалы қолөнер өнімдерін, ал қоғамның үстем топтары оның үстіне сән-салтанат заттарын да алып, мал шаруашылығы енімін: жүнді, етті, теріні, жылқы мен малды айырбасқа беру үшін де егіншілікті аудандардың отырықшы тұрғындарымен сауда-экономикалық байланыстар жасауға белгілі бір дәрежеде мұқтаж болды. Мәселен, Үстірттің жерлеу кешендерінен табылған материалдарға қарағанда, көшпелілер Хорезмнен қымбат бағалы металдардан, шыны мен қоладан жасалған сәндік заттар ғана емес, сәнді қыш керамика да алып отырған.  

Ерте Темір дәуіріңдегі Арал-Каспий даласының тайпалары
АРАЛ-КАСПИЙ ДАЛАСЫНЫҢ ТАЙПАЛАРЫ
Арал-Каспий аралығының географиясы мен палеоэкологиясы. Каспий мен Арал теңіздері аралығында жатқан дала аймағының едәуір бөлігін екі кең үстіртті-қыратты өңір — Маңғыстау мен Үстірт алып жатыр: олардың біріншісі Каспийдің солтүстік-шығыс жағалауына, шығысыраққа орналасқан, екіншісі Арал жағалауына ұштасады. Маңғыстау жоны біршама аласа, ал Үстірт мұхит деңгейінен 200—370 метр жоғары және биіктігі 150 метрдей тік жар (әсіресе батысы мен шығысында) болып бітеді. Үстіртгің біршама түйықтығы мен жетуге қиындығы ертедегі темір дәуірінде оның табиғи- климаттық жағдайының көрінеу ерекше болуына себепші болды. Ол кезде Маңғыстау мен Үстірттің толқын тәрізді бедері аласа тау сілемдерімен, балшықпен, сорлармен және кұммен алмасып жататын сазды-тасты шөл және шөлейт болып келді. Одан әрі солтүстікке қарай куаң дала, ал оңтүстікке таман, Карабұғазғол шығанағы мен Үзбойдың (Каспийге кұйылған Әму- дарияның ежелгі арнасы) арғы жагы ақшыл кұм созылып жатыр. Сонымен, Арал-Каспий аймағы Еділ бойының, Оңтүстік Орал өңірі мен Солтүстік Қазақстанның далаларын қазіргі Түрікменстан мен Шығыс Иранның ау- мағындағы ежелгі өркениет аудандарымен қосып жатқан өзінше бір табиғи «көпір» болды. Алайда б. з. б. I мыңжылдықтың басы мен 1-жартысында бұл аймақта тұрғындар сирек қоныстанған, мұны қуаңшылықты (ыстық, құрғақ) табиғи өңірдің қатаң жағдайымен түсіндіруге болады. Б. з. б. I мыңжылдықтың орта шенінде, Еуразияның далалык белдеуі аумағының үлкен бөлігіндегі сияқты, Арал-Каспий аймағында да елеулі табиғи-климаттық өзгерістер болды. Бұрьшғы құрғақ және континентгік климаттың орнына неғұрлым ылғалды климат орнады, оның үстіне бұл үрдіс қауырт, серпінді жүрді. Жауын-шашын мөлшерінің көбейіп, ауа райының бірсыпыра салқындауы куаң дала өңірінің оңтүстікке ығысуына, шөптің шүйгін тартып, аймақтың суы артуына әкеп соқты. Мұның бәрі Солтүстік Қазақстан мен Орал өңірі аудандарындағы ғана емес, сонымен қатар Үстірт пен Маңғыстаудың бұрын тіршілік үшін онша жарамсыз кеңістігіндегі де экологиялық жағдайды жақсартты. Қолайлы климаттық өзгерістердің аса маңызды нәтижесі көшпелі шаруашылык өнімділігінің артуына байланысты тұрғындардың едоуір көбеюі, сондай-ак көшіп-қону үрдісінің кең көлемде жаңаруы болды. Б. з. б. IV—II ғасырларда ең алдымен солтүстіктен және солтүстік-шығыстан, Оңтүстік Оралдың, Солтүстік Каспий мен Солтүстік Қазақстанның орманды-далалық және далалық оңірінен келген тұрғындар Арал-Каспий теңіздері аралығын белсенді түрде игере бастады. Арал-Каспий аймағының түрғындары жайлы жазбаша деректер. Б. з. б. I мыңжылдықгың орта шенінде Арал-Каспий теңіздері аралығында мекендеген тұрғындар жайлы алғашқы мағлүматтар б. з. б. V ғасырдағы жазбаша құжаттарда — Геродоттың «Тоғыз кітаптан тұратын тарихында» және парсы патшасы Ксеркстің Персепольдегі «антидэвтік» жазбаларында келтірілген. Осы тым шағын хабарларға Карағанда, дах (дай, даг), сақ, массагет және скиф тайпалары көп санды болып, көшпелі өмір сүрген, жаугершілігімен және бостандық сүйгіштігімен көзге түскен.
Шаруашылық және тұрмыс
Шаруашылық және тұрмыс. Б. з. б. IV ғасыр — б. з. III ғасыр бойы Арал-Каспий аймағы көшпелілерінің шаруашылық өмірінің негізі аймактың табиғи-климат жағдайларына және өндіргіш күштердің даму деңгейіне барынша сай келетін экстенсивті мал шаруашылығы болды. Әсіресе сол кезеңнің бас кезіне тән болған көшіп-қону үрдісімен қоса жаңа жерлерді игеру ғана емес, байырғы (дұрысы - массагет) тұрғындарымен жаңа жер үшін күрес те жүріп жатты. Сайып келгенде мұның бәрі маусымдық көшудің дәстүрлі жолдарының өзгеруіне әкеп сокты. Олардың Үстірттің оңтүстік шеті мен Үзбойға дейін жеткен болуы ықтимал негізгі — меридиандық бағытты сақтаумен бірге, ендік (Үстірт — Маңғыстау) бағытты да пайдаланса керек. Көшпелі үжым тіршілігінің негізі болған малдарын төлдетіп, калыпты өсіріп отыруды ұйымдастыру қажеттігі өте тез арада-ақ аймақта тұрақты жайылымдық-көшпелі шаруашылық жүйесінің қалыптасуына жеткізді деуге болады. Бұл орайда көшпелілердің қыстаулары негізінен Оңтүстік Үстірт пен Маңғыстауда, ал жайлауы неғұрлым солтүстік аудандарда, Оңтүстік Жайық өңірі мен Солтүстік Қазақстанда болған. Жазғы-күзгі кезенде жайылымдардың шөбін жетілдіру мақсатымен жақын маңайға көшіп отыру да міндетті болған. Дах-массагет мал шаруашылығының негізі ұсақ мал (қой) мен жылқы өсіру еді. Жылқы өсіру көшпелілерді көшіп-қонатын күш- көлікпен де қамтамасыз етті. Қазақстан далалары мен шөлейттерінің көп жерлеріндегі сияқты табынның негізі жыл бойы өрісте жайылып, тебін- деуге бейімделген, төзімді, тұрқы шағын жылқы болтан деу керек: көшпелі ақсүйектердің неғұрлым тұрқы биік ат ұстап, оларды соғыс қимылдары кезінде белсенді пайдалануға мүмкіндігі болған.
Арал-Каспий аймағы көшпелілері металмен, ең алдымен мыспен жөне оны балқытумен, темірмен, алтынмен және күміспен жақсы таныс болған. Темір мен кымбат бағалы металдар аймақта таза күйінде не руда түрінде іс жүзінде кездеспейтіндіктен, олар басқа аудандардан кесек күйінде немесе дайын бұйымдар түрінде әкелінген деп санау керек. Сонымен бірге жергілікті темір ұсталарының, металл қорытушылардың, алтын ісі шеберлерінің әкелінген шикізатпен жұмыс істеп, едәуір күрделі бұйымдар, атап айтқанда, кару- жарақ (семсерлер, қанжарлар), ат әбзелдері мен сәндік заттар жасай білгеніне күмәндануға бола қоймас. Б. з. б. 1 мыңжылдықтың 2-жартысында ең көп таралғаны мыс пен оны қорытып жасалған бұйымдар болған. Негізгі мыс кенінің базасы Маңғыстаудың Қаратауында орналасса керек: ертедегі кен қазу жұмыстары мен металл балқытылған іздер нақ сол жерден табылды. Алайда, түрлі заттардың химиялық құрамына Карағанда, Арал-Каспий аймағы көшпелілеріне металл бір емес, бірнеше кендерден түскен. Атап айтқанда, солтүстікке және солтүстік-шығысқа таман, Оңтүстік Мұғаджар мен Елек өзені ауданында орналасқан мыс кеніші сондай кендер болуы мүмкін. Көшпелі скиф-сармат дүниесінің басқа тайпалары сияқты, Шығыс Каспий өңіріндегі сақ-массагет металл қорытушылары да мыс негізінде алынатын көп қосындылы қорытпалардың (қоланың) қалай жасалатынын білген және қосылатын компоненттер ретінде қалайыны, сурьманы, тотияйынды, сондай-ақ қорғасынды, никель мен күмісті пайдаланған. Бұйым металының химиялық кұрамы бұйымның не мақсатқа арналғандығымен анықталды. Мыс пен қоланы өндеудің технологиялық тәсілдерінен құю (екі-үш құрамды түрде) мен қақтау кенінен пайдаланылды. Сол кездің қабірлерінен ең көп табылғаны — жебелердің қола ұштары, ал ең ірілері — түбі конус тәрізді қола казандар. Қола (соның ішінде алтын жалатылған) әшекей заттар, бойтұмарлар және сәндік заттар (айналар, фибулалар) кең таралған. Қола мен темірден қарумен қоса еңбек кұралдары мен аспаптар — пышақтар, біздер, шапашоттар және т.б. дайындалған. Темір аспаптардың болуы тас қашау ісін жетілдіруге жақсы жағдайлар жасады. Әк-ұлутастан тас мүсіндер, менгирлер және құрбан шалатын ыдыстар дайындалды, олар Батыс Үстірттің киелі орындарынан көп кездесті. Жерлеу-еске түсіру және ғибадат жасау құрылыстарын: тас жәшіктер мен сағаналар, молаларды жабу мен қоршау, киелі орындардың қабырғаларын және т.б. жасауға көп тас жұмсалды. Қайрайтын құралдар (қайрақ тастар), көшкенде алып жүруге қолайлы мехраптар және басқа да табыну мүліктерін дайындау үшін тастың неғұрлым қатты жыныстары — күмтас пайдаланылды.
Діни нанымдары мен ғұрыптары
Діни нанымдары мен ғұрыптары. Арал-Каспий өңірі дах-массагет тұрғын- дарының діни-идеологиялык түсініктері басты белгілері жағынан қола дәуіріне барып тірелетін және скиф-сармат-сақтобының туыстас халықтарының көзқарастарынан көрінетін ежелгі үнді-иран негізі арқылы анықталды. Олардың негізінде политеизм — табиғат пен адамды ғалам тәртіпке келтірілген шекте басқаратын басты-басты бірнеше құдай бар деген түсінік жатыр. Дах-массагеттерде материалдык дүние элементтерінің — жартастардың, бұлақтардың жануарлардың және т.б. жаны бар деген, сондай-ақ рухтар — табиғаттың, жануарлардың, адамдардың қамқоршысы бар деген түсініктің болғанына күмән келтіруге бола қоймас.
Дах-массагет көшпелілердің идеологиялык өмірінде өлетін және қайта тірілетін табиғат туралы түсініктермен, сондай-ақ жерлеуге табынумен тығыз байланысты ата-бабага табынудың зор рөл атқарғаны күмәнсіз. Сондықтан адам жерленген аумақ киелі деп саналған, табынып, ара-тұра ас беріп, еске түсіру жоралғыларын жасайтын орын болған. Б. з. б. IV—II ғасырларда өлген адамдар әдетте жерден казылған шұнкырларға (олар көбінесе тақтатастармен жабылған) немесе қырынан қойылған тақтатастардан тұрғызылатын мазарларға жерленген. Бұл орайда молаға бір емес, туыс болуы мүмкін бірнеше адам жерленген болуы ықтимал. Сол кезде адамдарды бір кабірге бірнешеден жерлеу ғұрпы таралады, бұл ретге өзінше бір тас немесе топырақ сағана болып табылатын бір жерлеу кұрылысына өлген адамдар ондаган жылдар бойы жерленіп отырган. Мәселен, Дықылтас атырабындағы (Маңғыстау облысы) күрделі жерлеу құрылысын зерттеген кезде оның үш лақаты- нан 30 шақты адамның сүйегі табылды. Кезекті жерленетін мәйітті орналастырған кезде бұрынгы өлген адамдардың сүйектері әдетте лақат кабырғаларының біріне карай ысырылып отырған. Б. з. б. II ғасырда — б. з. III ғасырда аймақта үңгіме куыстарға — төбесі күмбез тәрізді және әдейі жасалған есігі бар жер лақаттарға жерлеу таралады.
Өліктің немесе оның жанының өлгеннен кейін тіршілік ететіні туралы түсініктерге сәйкес елікті жерлеген кезде молаға оның о дүниедегі өміріне «қажетті» заттар салынып отырған. Ер адамдар жерленгенде салынатын ол заттар әдетге қару-жарақтар: темір семсер мен қанжарлар, жебелердің қола ұштары, сондай-ақ пышақтар, басқа жақтан әкелінген қыш ыдыстар болған. Әйелдерді жерлегенде әшекей заттар (моншақтар, білезіктер, жүзіктер және т. б.), сәндік заттар (қола айналар, орамалдар), еңбек кұралдары (инелер, саз және тас ұршықбастар) және керамика ыдыстар салынған.
Жерлеу құрылыстарының үстіне әдетте биіктігі 1—6 м болатын топырақ немесе тас үйілген. Сонымен бірге оба үйіндісі дүниелік тау (дүние кіндігі) идеясын айқын білдіріп, молаға орнатылған ескерткіш әрі жақсы бағдар болтан. Оба үйіндісінің шет жақтары көбінесе тақтатастармен және дөңгелек орлармен айналдыра қоршалып, оның төңірегіне кұрбан шалатын тас орындар, еске алатын орындар және тігінен тас бағандар — менгирлер орнатылған. Құрбан шалатын орындар — тік бүрышты немесе тостаған тәрізді, еске түсіріліп ас берілетін орындар — шеңбер тәрізді көлемі әр түрлі өнделмеген тақтатастардан салынған кішкене тас жәшік, жалпақ немесе тастан қаланған баған түрінде болған.
Б. з. б. I мыңжылдыктың 2-жартысында Арал-Каспий маңы көшпелілерінің оңтүстікке және оңтүстік-шығыска қарай орналасқан мемлекеттік құрылымдар — Хорезм,Парфия, Маргиана және т.б. көршілерімен түрлі қарым-қатынасының едәуір жанданғаны байқалады. Бұл орайда ол олжа табу үшін шапқыншылық жасау, жалдамалылық және басқалары түріндегі әскери белсенділік қана болған жоқ. Көшпелілер өздеріне қажетті жоғары сапалы қолөнер өнімдерін, ал қоғамның үстем топтары оның үстіне сән-салтанат заттарын да алып, мал шаруашылығы енімін: жүнді, етті, теріні, жылқы мен малды айырбасқа беру үшін де егіншілікті аудандардың отырықшы тұрғындарымен сауда-экономикалық байланыстар жасауға белгілі бір дәрежеде мұқтаж болды. Мәселен, Үстірттің жерлеу кешендерінен табылған материалдарға қарағанда, көшпелілер Хорезмнен қымбат бағалы металдардан, шыны мен қоладан жасалған сәндік заттар ғана емес, сәнді қыш керамика да алып отырған.
 

Бөлісу: