Ұрпақ тәрбиесі болашақ кепілі

5 Желтоқсан 2012, 05:56

Ата-ананың  адам өмірінде  орны  ерекше. Бұл пәни дүниеге  келуімізге  себепші  болған, өмір  бойы  біздерге  мейірім мен қамқорлық құшағын  ашқан ата-ана  сый-құрметке, бар жақсылыққа  лайықты абзал жандар. Құран Кәрімде: «Раббыларың өзіне ғана ғибадат етулеріңді, әке-шешеге жақсылық қылуларыңды  әмір етті.Ал егер  ол  екеуінің  бірі немесе екеуі  де жандарында  кәрілікке жетсе, «түһ» деме (кейіс білдірме).Сондай-ақ ол  екеуін  зекіме  де, ол  екеуіне сыпайы сөз  сөйле.Ол екеуіне  кішірейіп мәрхамет құшағын  жай да: Раббым! Ол екеуі мені кішкентайда  тәрбиелегеніндей  Сен де оларды  мәрхаметіңе бөлей көр,-де»(Исра 17/23,24аят) аяттан көріп отырғанымыздай, адам баласынан ең алдымен  талап етілетін нәрсе-бар әлемді  жаратқан бір  Аллаһқа иман келтіріп, оның әмірлері  мен тыйымдарына бойұсынып, барлық  ғибадат-құлшылығы мен ізгі амалдарын бір Аллаһтың Өзіне  ғана арнап, Оның ризалығы  үшін  істеу  болса, жаратушысына құлшылық  етуден  кейінгі басты міндеттерінің бірі-ата-анасына жақсылық  жасау.Әсіресе, қартайған, бойынан қуат  кеткен, өмір  бойы  аянбай еңбек  етіп, мәпелеп, өсірген  баласының  рахатын  көремін деген шақта, ата-анаға тіпті «түһ» деп кейімеу, жақсы сөз сөйлеп, сый көрсету  әрі Аллаһтан  ол кісілер үшін  мәрхамат тілеу, яғни ата-ана алдындағы  борышыңды  өтеу. Әрбір ата-ана баласының  жақсылығын, бақытын  тілейді.Күндіз-түні бала-шаға  қамын ойлап  аянбай  еңбек  етіп, қатарынан кем  қалдырмасам деп шамасы келгенше тамақтың  да, киімнің де, білім мен тәрбиенің де, жұмыстың да, баспана мен көліктің  де, жалпы  әр нәрсенің  ең  жақсысын  бере білсем дейді.Алайда  бір анадан туып  өскен балалардың  бірі  ата-ана үмітін ақтаған  азамат  болып  жатса, енді  бірі уайым-қайғыға салып  жатады.Қашанда баласының жақсылығын асырып, жамандығын  жасырған  ата-ана баласынан үміт үзбейді  ғой.Оның  үстіне, әрбір  ата-ананың баласының бақыты, одан күткен үміті, жақсылық  пен жамандық  түсінігі де  әр түрлі. Шын мәнінде, жақсылық-Аллаһтың  алдында  жақсылық  болып қабыл етілетін иманмен, ықыласпен, Оның  дініне сай  істеліп, сауабы  мен сыйы дүние-ақырет  еселеніп берілетін, жәннатқа жетелейтін іс, ал шын мәнінде  жамандық Аллаһқа  күпірлік ету, құлшылықта Оған серік қосу, Оның  дінінде  харам  етілген, тыйым  салған  нәрселер  мен істерден тартынбағандықтан, екі  дүниеде азапқа  ұшырататын, жәһәннәмға  апаратын іс. Аллаһ Тағала Құран Кәрімде: «Жын мен адамзатты  өзіме  ғибадат-құлшылық қылуы  үшін  ғана  жараттым», -дейді.(Әз-зәрийат  сүресі  56аят).Бұл ғибадат  иманмен, шынайы ықыласпен  орындалған  намаз, ораза, зекет, қажылықпен қоса, ата-анаға, туған-туысқа, көршіге, жетім-жесірге, мұқтаж-пақырға, науқасқа, жолаушыға, қонаққа, ұстазға, жора-жолдасқа, жалпы жанды-жансыз барлық  нәрсеге  жақсылық  жасау  мен жақсы қарым-қатынаста болуды, көркем  ахлақты, әділдік  пен туралықты, кісі ақысын жемеуді, ісі мен сөзінде  адалдықты, адамның  өзі  мен айналасындағыларға  зиян  келтіретін барлық  жамандық пен күнәдан аулақ болуды  қамтитын, адам баласы мен адамзат қоғамы үшін дүниеде  жақсылық, ал ақиретте мәңгі  бақытқа  жеткізетін ғибадат.Құран Кәрімде: «Сол күні (қиямет күні) адам баласы, ғамалдары  көрсетілуі  үшін топ  топ келеді.Сонда кім тозаңның түйірінің салмағындай  жақсылық істеген болса, ол оны  көреді. Ал және  кім  тозаңның түйіріңнің салмағындай жамандық  істесе, оны көреді», - (Зілзәл  сүресі  6,7,8 аяттар) делінген. Бұл  істеген әрбір жамандық өз зиянына деген сөз.Аллаһтың мейірімі, рахымы, кешірімі шексіз, сондықтан Оған иман келтіріп, жақсылығымызды  арттыруға ұмтылып, ал Оның  қаһары мен азабының бар  екендігін  ұмытпай күнә істерден тыйылайық. Бала  Аллаһтың ата-анаға бір  сыйы, аманаты.Құранда: «Көктер  мен жердің  иелігі Аллаһқа  тән.Қалағанын  жаратады.Кімге  қаласа  қыздар, кімге  қаласа ұлдар  береді  немесе ұлдар  мен қыздарды  жұп-жұбымен береді.Сондай-ақ қалағанын бедеу  қылады.Күдіксіз, Ол толық  білуші, аса  күшті» (Шура  сүресі,49-50 аят), - делінген. Олай  болса ата-ана алдымен  өздері  дінін үйретіп, оны  ар-ұждан, әрекетін  реттеуші, бағыттаушы  ретінде  қабылдап, ұл-қыздарына, жас  ұрпаққа  жанды  үлгі болып, балаларын  халал рызық, халал  жолмен  өсіріп, жаратқан Аллаһқа  деген сенім, ықылас, сүйіспеншілік, үміт  және қорқуды  олардың бойына жастай  сіңіре  білуі қажет. Кейде кішкен  баланың Құран оқып, намаз оқып, не ораза ұстап жатқанын көрсек, біріміз  сүйісініп  қолдасақ, енді  біріміз  аяп, ерте емес пе, баланы  қинаудың не қажеті  бар деп жатамыз.Әрина, бала дін бойынша  балағат  жасына жеткенше мүкәлләф, яғни  ісіне  жауапты  емес.Алайда  «шыбық жас күнінде иіледі», «жас  кезінде алған білім тасқа жазылған  жазуда» деп  баланы  білім, еңбек, өнер, спортқа жастай  баулуға мән  бергеніміздей, балаға  өмір бойы сенімді  серік  болатын, оны жақсылық  атаулығы жетелеп  талпындыратын ал жамандықтан  тежейтін  діни ұлттық тәрбие  мен әдепті  де  жас кезінен  беру  қажет. Аллаһ  Тағала Құран  Кәрімде:  «Мүмін  ерлер мен мүмін  әйелдер бір-біріне  көмекші.Олар жақсылықты  бұйырып, жамандықтан тыяды.Сондай-ақ  олар намаздарын толық орындап, зекет беріп, Аллаһқа, Елшісіне  бой  ұсынады.Соларды  Аллаһ мәрхаметіне бөлейді.Расында Аллаһ тым үстем, аса дана».(Тәубе сүресі, 71 аят), дейді. Пайғамбарымыз (с.а.у) баланы жеті  жастан намаз  оқуға үйретіп, он жаста  қатаң  түрде  талап етуді  бұйырған.Өйткені «...Күдіксіз, намаз арсыздықтан, жамандықтан  тыяды...» (Анкабут  сүресі 45 аят). Намаз – пенденің  Раббысына әрі  құлшылығы, әрі берген шексіз  нығметтеріне  шүкіршілігі, Жаратушысын өске алуы, Одан жәрдем  және нығметке бөленгендерінің  жолын  тілеп, адасқан, ашуына  ұшырағандардан болмауын сұрауы, күніне  бес  рет  Аллаһтың  құзырына шығуы, күнәлеардың жуылуы, діннің  тірегі  болған  ғибадат. Жалпы Аллаһтың біздер үшін халал қылған, әмір еткен әр  ісінде  жақсылық пен пайда, ал харам қылған, тыйған  әр ісінде жамандық  пен зиян бар. Құранда Аллаһ Тағала: «Әй, мүміндер (имам еткендер), өздеріңді, әрі үй-іштеріңді  отыны  адамдар мен тастардан  болған  оттан қорғаңдар...», (Тахрим сүресі, 6 аят) дейді. Олай  болса, әр  уақытта  баласына қамқоршы болған ата-ана өзін  де, балаларын да қорғай білгені жөн. Бала тәрбиесі, ұрпақ  тәрбиесі  тек ата-ана ісі емес, бүкіл  қоғамды толғандыратын мәселе.Өйткені  бүгінгі  бала, ертеңгі халқымыздың, Отанымыздың болащағы.Үйде ата-ана, ересек бауырлар мен туған – туыс, сыртта  көршілер  мен үлкендер, мектеп  пен оқу  орындарында  ұстаздар, жұмыста басшылар  мен әріптестер-жалпы  қоғамның әрбір мүшесі жұмылып, алдымен өз бойымыздан ізгілік  пен туралықтың  өнегесіне  көрсете отырып, балаларымыз бен жастарымызға  жақсылықты бұйырып, жамандықтан  тыяйық. Бала тәрбиесінде біріміздің  үлгермей  жатқан  жағын екіншіміз  жанаршылықпен  толықтыра білейік.Кейде  материалдық жағдайын ойлап, уақыт  таба  алмай, не бөле  алмай, оның  басына  теледидар мен компютерді  бағушы, тәрбиелеуші  етіп қойып, не  бар тәрбиені бала-бақша  тәрбиешісі мен мектеп ұстазына жүктеп, не баланың  сырттағы  достары  мен әрекеттеріне мән  бермей  жататын кезіміз  де, өкінішке  орай, кездесіп жатады.Мұндай  олқылықтар баланың  мінезінің қалыптасуы, өмірді  тануы  және  оң  мен солын  ажыратуда  кері  әсерін беретіні  белгілі.Бұған қазіргі  уақытта  темекі, есірткі, ішкілік, ұрлық, арсыздық, кісі тәні мен жанына  зиян келтіру және т.б. әдепсіз  қылықтардың  мектеп  жасындағы балалар арасында  көрінуі дәлел болса керек. Әрине, мұның  себептерін  дәл  айту  мүмін  емес.Түрлі  себептер арасында: ата-ананың күн көріс қамымен жүріп балаға уақыт  бөле  алмауын, не ішкілікке  салынып  баланы  қараусыз тастауын, сырттағы  жолдастарын, не бұзық  ниет  адамдарға кездесуін, мектептен тыс уақытта үйде өз басына қалып, уақытын жасына  сай  емес  түрлі әдепсіз, қатігездік сахналарға  толы  фильмдер көруін, комьпютер  ойындары-ныңәсерін, сырттағы  автоматты ойынханаларда ересектердің бақылауынсыз түрлі ойындар  ойнауын және т.б. айтуға  болады.Сондықтан балаларымызға  шамамыз  келгенше  уақыт, көңіл бөлу қажет.Өйткені айналасындағы  болып жатқан  жағдайлар  жөнінде өзін  мазалаған сұрақтарға, түсінбеген нәрселеріне  дұрыс, қанағаттанарлық жауап ала  білгенде ғана, бала басқа  жақтан  жауап  іздеуге мұқтаж болмайды. Балаларымызға заманымызға сай  жан-жақты ғылым  және білімді  қағаз  жүзінде  емес, шын мәнінде беріп, білікті маман  дайындай, материалдық  игіліктерме  қамтамасыз етуден  қатар сол  ғылым, өнер мен материалдық  игіліктерді  өмірде  дұрыс әрі  мен айналасының, әрі халқымыздың пайдасын қолдана  білуі үшін  ұлттық-діни тәрбиені, яғни  рухани  игілікті де  бойына  сіңіре  білу қажет. Бұл  мәселені бала тәрбиесіне  қатысты  жанұя, бала – бақша, мектеп және басқа  оқу –тәрбие  мекемелері деңгейінде қолға  алған жөн.   Мукарам Зүнүнқызы  

Ата-ананың  адам өмірінде  орны  ерекше. Бұл пәни дүниеге  келуімізге  себепші  болған, өмір  бойы  біздерге  мейірім мен қамқорлық құшағын  ашқан ата-ана  сый-құрметке, бар жақсылыққа  лайықты абзал жандар.

Құран Кәрімде: «Раббыларың өзіне ғана ғибадат етулеріңді, әке-шешеге жақсылық қылуларыңды  әмір етті.Ал егер  ол  екеуінің  бірі немесе екеуі  де жандарында  кәрілікке жетсе, «түһ» деме (кейіс білдірме).Сондай-ақ ол  екеуін  зекіме  де, ол  екеуіне сыпайы сөз  сөйле.Ол екеуіне  кішірейіп мәрхамет құшағын  жай да: Раббым! Ол екеуі мені кішкентайда  тәрбиелегеніндей  Сен де оларды  мәрхаметіңе бөлей көр,-де»(Исра 17/23,24аят) аяттан көріп отырғанымыздай, адам баласынан ең алдымен  талап етілетін нәрсе-бар әлемді  жаратқан бір  Аллаһқа иман келтіріп, оның әмірлері  мен тыйымдарына бойұсынып, барлық  ғибадат-құлшылығы мен ізгі амалдарын бір Аллаһтың Өзіне  ғана арнап, Оның ризалығы  үшін  істеу  болса, жаратушысына құлшылық  етуден  кейінгі басты міндеттерінің бірі-ата-анасына жақсылық  жасау.Әсіресе, қартайған, бойынан қуат  кеткен, өмір  бойы  аянбай еңбек  етіп, мәпелеп, өсірген  баласының  рахатын  көремін деген шақта, ата-анаға тіпті «түһ» деп кейімеу, жақсы сөз сөйлеп, сый көрсету  әрі Аллаһтан  ол кісілер үшін  мәрхамат тілеу, яғни ата-ана алдындағы  борышыңды  өтеу.

Әрбір ата-ана баласының  жақсылығын, бақытын  тілейді.Күндіз-түні бала-шаға  қамын ойлап  аянбай  еңбек  етіп, қатарынан кем  қалдырмасам деп шамасы келгенше тамақтың  да, киімнің де, білім мен тәрбиенің де, жұмыстың да, баспана мен көліктің  де, жалпы  әр нәрсенің  ең  жақсысын  бере білсем дейді.Алайда  бір анадан туып  өскен балалардың  бірі  ата-ана үмітін ақтаған  азамат  болып  жатса, енді  бірі уайым-қайғыға салып  жатады.Қашанда баласының жақсылығын асырып, жамандығын  жасырған  ата-ана баласынан үміт үзбейді  ғой.Оның  үстіне, әрбір  ата-ананың баласының бақыты, одан күткен үміті, жақсылық  пен жамандық  түсінігі де  әр түрлі.

Шын мәнінде, жақсылық-Аллаһтың  алдында  жақсылық  болып қабыл етілетін иманмен, ықыласпен, Оның  дініне сай  істеліп, сауабы  мен сыйы дүние-ақырет  еселеніп берілетін, жәннатқа жетелейтін іс, ал шын мәнінде  жамандық Аллаһқа  күпірлік ету, құлшылықта Оған серік қосу, Оның  дінінде  харам  етілген, тыйым  салған  нәрселер  мен істерден тартынбағандықтан, екі  дүниеде азапқа  ұшырататын, жәһәннәмға  апаратын іс.

Аллаһ Тағала Құран Кәрімде: «Жын мен адамзатты  өзіме  ғибадат-құлшылық қылуы  үшін  ғана  жараттым», -дейді.(Әз-зәрийат  сүресі  56аят).Бұл ғибадат  иманмен, шынайы ықыласпен  орындалған  намаз, ораза, зекет, қажылықпен қоса, ата-анаға, туған-туысқа, көршіге, жетім-жесірге, мұқтаж-пақырға, науқасқа, жолаушыға, қонаққа, ұстазға, жора-жолдасқа, жалпы жанды-жансыз барлық  нәрсеге  жақсылық  жасау  мен жақсы қарым-қатынаста болуды, көркем  ахлақты, әділдік  пен туралықты, кісі ақысын жемеуді, ісі мен сөзінде  адалдықты, адамның  өзі  мен айналасындағыларға  зиян  келтіретін барлық  жамандық пен күнәдан аулақ болуды  қамтитын, адам баласы мен адамзат қоғамы үшін дүниеде  жақсылық, ал ақиретте мәңгі  бақытқа  жеткізетін ғибадат.Құран Кәрімде: «Сол күні (қиямет күні) адам баласы, ғамалдары  көрсетілуі  үшін топ  топ келеді.Сонда кім тозаңның түйірінің салмағындай  жақсылық істеген болса, ол оны  көреді. Ал және  кім  тозаңның түйіріңнің салмағындай жамандық  істесе, оны көреді», - (Зілзәл  сүресі  6,7,8 аяттар) делінген. Бұл  істеген әрбір жамандық өз зиянына деген сөз.Аллаһтың мейірімі, рахымы, кешірімі шексіз, сондықтан Оған иман келтіріп, жақсылығымызды  арттыруға ұмтылып, ал Оның  қаһары мен азабының бар  екендігін  ұмытпай күнә істерден тыйылайық.

Бала  Аллаһтың ата-анаға бір  сыйы, аманаты.Құранда: «Көктер  мен жердің  иелігі Аллаһқа  тән.Қалағанын  жаратады.Кімге  қаласа  қыздар, кімге  қаласа ұлдар  береді  немесе ұлдар  мен қыздарды  жұп-жұбымен береді.Сондай-ақ қалағанын бедеу  қылады.Күдіксіз, Ол толық  білуші, аса  күшті» (Шура  сүресі,49-50 аят), - делінген. Олай  болса ата-ана алдымен  өздері  дінін үйретіп, оны  ар-ұждан, әрекетін  реттеуші, бағыттаушы  ретінде  қабылдап, ұл-қыздарына, жас  ұрпаққа  жанды  үлгі болып, балаларын  халал рызық, халал  жолмен  өсіріп, жаратқан Аллаһқа  деген сенім, ықылас, сүйіспеншілік, үміт  және қорқуды  олардың бойына жастай  сіңіре  білуі қажет.

Кейде кішкен  баланың Құран оқып, намаз оқып, не ораза ұстап жатқанын көрсек, біріміз  сүйісініп  қолдасақ, енді  біріміз  аяп, ерте емес пе, баланы  қинаудың не қажеті  бар деп жатамыз.Әрина, бала дін бойынша  балағат  жасына жеткенше мүкәлләф, яғни  ісіне  жауапты  емес.Алайда  «шыбық жас күнінде иіледі», «жас  кезінде алған білім тасқа жазылған  жазуда» деп  баланы  білім, еңбек, өнер, спортқа жастай  баулуға мән  бергеніміздей, балаға  өмір бойы сенімді  серік  болатын, оны жақсылық  атаулығы жетелеп  талпындыратын ал жамандықтан  тежейтін  діни ұлттық тәрбие  мен әдепті  де  жас кезінен  беру  қажет.

Аллаһ  Тағала Құран  Кәрімде:

 «Мүмін  ерлер мен мүмін  әйелдер бір-біріне  көмекші.Олар жақсылықты  бұйырып, жамандықтан тыяды.Сондай-ақ  олар намаздарын толық орындап, зекет беріп, Аллаһқа, Елшісіне  бой  ұсынады.Соларды  Аллаһ мәрхаметіне бөлейді.Расында Аллаһ тым үстем, аса дана».(Тәубе сүресі, 71 аят), дейді.

Пайғамбарымыз (с.а.у) баланы жеті  жастан намаз  оқуға үйретіп, он жаста  қатаң  түрде  талап етуді  бұйырған.Өйткені «...Күдіксіз, намаз арсыздықтан, жамандықтан  тыяды...» (Анкабут  сүресі 45 аят). Намаз – пенденің  Раббысына әрі  құлшылығы, әрі берген шексіз  нығметтеріне  шүкіршілігі, Жаратушысын өске алуы, Одан жәрдем  және нығметке бөленгендерінің  жолын  тілеп, адасқан, ашуына  ұшырағандардан болмауын сұрауы, күніне  бес  рет  Аллаһтың  құзырына шығуы, күнәлеардың жуылуы, діннің  тірегі  болған  ғибадат.

Жалпы Аллаһтың біздер үшін халал қылған, әмір еткен әр  ісінде  жақсылық пен пайда, ал харам қылған, тыйған  әр ісінде жамандық  пен зиян бар.

Құранда Аллаһ Тағала: «Әй, мүміндер (имам еткендер), өздеріңді, әрі үй-іштеріңді  отыны  адамдар мен тастардан  болған  оттан қорғаңдар...», (Тахрим сүресі, 6 аят) дейді. Олай  болса, әр  уақытта  баласына қамқоршы болған ата-ана өзін  де, балаларын да қорғай білгені жөн.

Бала тәрбиесі, ұрпақ  тәрбиесі  тек ата-ана ісі емес, бүкіл  қоғамды толғандыратын мәселе.Өйткені  бүгінгі  бала, ертеңгі халқымыздың, Отанымыздың болащағы.Үйде ата-ана, ересек бауырлар мен туған – туыс, сыртта  көршілер  мен үлкендер, мектеп  пен оқу  орындарында  ұстаздар, жұмыста басшылар  мен әріптестер-жалпы  қоғамның әрбір мүшесі жұмылып, алдымен өз бойымыздан ізгілік  пен туралықтың  өнегесіне  көрсете отырып, балаларымыз бен жастарымызға  жақсылықты бұйырып, жамандықтан  тыяйық. Бала тәрбиесінде біріміздің  үлгермей  жатқан  жағын екіншіміз  жанаршылықпен  толықтыра білейік.Кейде  материалдық жағдайын ойлап, уақыт  таба  алмай, не бөле  алмай, оның  басына  теледидар мен компютерді  бағушы, тәрбиелеуші  етіп қойып, не  бар тәрбиені бала-бақша  тәрбиешісі мен мектеп ұстазына жүктеп, не баланың  сырттағы  достары  мен әрекеттеріне мән  бермей  жататын кезіміз  де, өкінішке  орай, кездесіп жатады.Мұндай  олқылықтар баланың  мінезінің қалыптасуы, өмірді  тануы  және  оң  мен солын  ажыратуда  кері  әсерін беретіні  белгілі.Бұған қазіргі  уақытта  темекі, есірткі, ішкілік, ұрлық, арсыздық, кісі тәні мен жанына  зиян келтіру және т.б. әдепсіз  қылықтардың  мектеп  жасындағы балалар арасында  көрінуі дәлел болса керек. Әрине, мұның  себептерін  дәл  айту  мүмін  емес.Түрлі  себептер арасында: ата-ананың күн көріс қамымен жүріп балаға уақыт  бөле  алмауын, не ішкілікке  салынып  баланы  қараусыз тастауын, сырттағы  жолдастарын, не бұзық  ниет  адамдарға кездесуін, мектептен тыс уақытта үйде өз басына қалып, уақытын жасына  сай  емес  түрлі әдепсіз, қатігездік сахналарға  толы  фильмдер көруін, комьпютер  ойындары-ныңәсерін, сырттағы  автоматты ойынханаларда ересектердің бақылауынсыз түрлі ойындар  ойнауын және т.б. айтуға  болады.Сондықтан балаларымызға  шамамыз  келгенше  уақыт, көңіл бөлу қажет.Өйткені айналасындағы  болып жатқан  жағдайлар  жөнінде өзін  мазалаған сұрақтарға, түсінбеген нәрселеріне  дұрыс, қанағаттанарлық жауап ала  білгенде ғана, бала басқа  жақтан  жауап  іздеуге мұқтаж болмайды.

Балаларымызға заманымызға сай  жан-жақты ғылым  және білімді  қағаз  жүзінде  емес, шын мәнінде беріп, білікті маман  дайындай, материалдық  игіліктерме  қамтамасыз етуден  қатар сол  ғылым, өнер мен материалдық  игіліктерді  өмірде  дұрыс әрі  мен айналасының, әрі халқымыздың пайдасын қолдана  білуі үшін  ұлттық-діни тәрбиені, яғни  рухани  игілікті де  бойына  сіңіре  білу қажет.

Бұл  мәселені бала тәрбиесіне  қатысты  жанұя, бала – бақша, мектеп және басқа  оқу –тәрбие  мекемелері деңгейінде қолға  алған жөн.  

Мукарам Зүнүнқызы
 

Бөлісу: