ҚОЛДАН ТЫНЫС АЛДЫРУ – ауру адамның қалыпты тыныс алу қабілеттілігі бұзылған жағдайларда жасанды түрде өкпеге, тыныс органдарына ауаны енгізу және шығару әдісі. Бұл әдіс кейбір ем шараларын қолдану барысында (өкпеге операция жасау, наркоз беру), тынысы уақытша тоқтағанда (иіс тию, әр түрлі газдармен улану, суға бату, электр тогымен жарақаттану, т.б.) қолданылады. Қ. т. а. кезінде жәрдем көрсетіліп жатқан адамның қанын оттекпен қамтамасыз етумен қатар, өкпеге баратын ауа кезеген жүйке талшықтарын тітіркендіріп, мишықта орналасқан тыныс алу орталығын қоздыру арқылы тыныс алу қызметінің қалыптасуына әсерін тигізеді. Қ. т. а. әрекеттерін ауру (жарақат алған) адамның жүрек қызметі тоқтамаған жағдайда ғана қолдануға болады. Жасанды тыныс алдыру әрекеттерін неғұрлым ерте бастаса, солғұрлым ол оң нәтиже береді. Сонымен қатар аталмыш әрекеттер дұрыс және қалыпты жағдайдағы тыныс алу ырғағына сәйкес жүргізілуі өте қажет.
Қ. т. а-ды іске асыру алдында науқастың әуелі денесін қысып тұрған киімдерден (галс-тугін, жағасын, белдігін, т.б.), аузын түкіріктен, кілегей сұйықтан, т.б. тазарту керек. Ал тыныс алдыру әрекеттері барысында сырқаттың тілі көмекейді жауып қалмауы үшін науқастың тілін сыртқа шығарып оны саусақпен немесе арнайы қысқышпен ұстайды. Қ. т. а. барысында, құсығы тыныс алу жолдарына құйылмауы үшін, көмек көрсететін адамның басын төмендетіп, бір жағына қарай бұру керек.
Жасанды тыныс алдыруды қолмен немесе арнайы аспаптармен іске асыруға болады. Аспапсыз Қ. т. а-дың “ауызға үрлеу” әдісінде жәрдем көрсетуші адам тыныс алуы тоқтаған адамды шалқасынан жатқызып, бір қолымен оның мұрнын қысып, екінші қолымен аузын ашады да, терең тыныс алып, ауаны науқастың аузына дәке арқылы бірнеше рет үрлейді. Қ. т. а-да Сильвестр және Шефер әдістері кең таралған. Сильвестр әдісін қолданғанда жәрдем көрсетілетін адамды шалқасынан жатқызып жәрдем көрсетуші оның екі қолын жоғары көтереді (суретті қ.). Бұл кезде сыртқы ауа ішке, яғни өкпеге өткізіледі (тынысты ішке алу). Одан соң қолдарын кеуденің төмен жағына келтіріп күшпен басады (тынысты сыртқа шығару). Шефер әдісінде жарақат алған адам етпетінен (бетімен төмен) жатқызылады, ал жәрдем көрсетуші оның үстіне тізерлеп отырады да, кеудесін минутына 16 – 18 рет ырғақпен қысады (суретті қ.). Қ. т. а-ды аспаптармен іске асыру, әдетте, ауруханаларда немесе арнайы жабдықталған жедел жәрдем көліктерінде жүргізіледі.
А. Нұрмақов