Деконструкция - француз ойшылы Ж. Деррида ұсынған ұғым, постструктурализм заманының сыни-философиялық ұстанымы. Оның өзгешелігі — егер модернизм кезеңінде сын дәстүрді құлату, жою, күйрету құралы болса, деконструкция сынаса да сын объектісін жоюға тырыспайды. Керісінше, оның бүге-шігесіне жетіп, қайта тірілтуге бейім. Әрине, тірілткенде, ол шартты түрде тірілтеді. Бірақ поструктурализмнің ең үлкен жеңісі — ойлау процесінің шарттылығын ұғыну, метафизикадан бас тарту. Егер Платоннан бері нақты дүние Идеялар әлемінің көшірмесі деп саналса, қазір бұл байланыс жоққа шығарылып, ойлау дегеніміз таңбалау әрекеті деп әйгіленеді. Демек зерттеушінің мақсаты әр ғасырдағы әр қоғамның, әр өркениеттің, әр автордың таңбалау ерекшелігін айқындау. Міне, деконструкция дегеніміз осындай айқындаудың құралы. Деконструкция метафизикалық дәстүрді бірнеше бағыттан сынайды. Біріншіден, бар болу метафизикасы ретінде сынау. Себебі Хайдеггердің болмыс дегеніміз бар болу деген тұжырымы батыс метафизикалық жүйелерінің темірқазығына айналған еді. «Мен, тірлік ету, субстанция, субъект, ой аттамы, сана, құдай, адам сынды негіз, бастау, орталықтың барлық атаулары бар болудың өзге түрі ретінде таңбаланған» (Деррида). Ойлап қарасаңыз, бар болу, сәйкестік, әңгіме, сана сияқты метафизиканың негіз қалаушы ұғымдары жоқ болу, өзгешілік, хат, дене іспетті қудаланған қосалқы терминдердің ізі екенін пайымдау қиынға соқпайды. Батыс философиясының метафизикалыгы уақытты, тарихты қарадүрсін зерделейтінінен де байқалады. Тарих белгілі бір құрылым, белгілі бағыттағы ой жобасы ретінде үғынылады. Уақыт концепциясына сүйенген метафизиканың тарихын қарадүрсін деуге болады, себебі метафизика түсінігінің өзі уақытқа тәуелді. Демек метафизиканы жою үшін, уақыттаң тыс болу керек. Деконструкция мақсаты терминді қайта тірілту емес, осындай әрекеттің мүмкіндігін, немесе мүмкін еместігін аінықтау. Әдетте деконструкция объектісі ретінде метафизикалық жүйелер, философ, аискурстар көрінеді. Деррида деконструкция мақсатын төмендегідей түсіндіреді: «философиялық мәтінді оның формалық құрылымында зерттеу, оның мәтінді типтерінің өзгешілігін және көпнұсқалығын көрсету философиялық мәтіннің сахналық кеңістігін, оның синтаксисін үғыну». Деконструкция жалпы даму екі негізгі әрекетке байланысты. Бірінші әрекет — айналдыру, екінші — қайта тірілту. Айналдыру — аттап өтуге болмайтын әрекет, себебі бинарлық оппозицияның күшін жою дегеніміз тек қана оппозиция мүшелерінің орнын ауыстыру емес. Олай істегенде деконструкция жасалатын аймақ қозғалусыз қалады. «Мәселе әрбір сатылы тәртіптен (иерархиядан) бас тартуда емес, себебі анархия әрқашанда тірлік етуші билікті күшейтеді. Белгілі иерархияның терминін өзгерту, немесе, орнын ауыстыру қажет емес, иерархияның өзіндік құрылымын өзгерткен жөн» (Дер-рида). Екінші әрекет предикат пен ұғымдар иерархиясын қайта жасап, жаңаша қортындылауға байланысты. Бұл сатыда ұғымдардың қудаланған иеліктері мен мүмкіндіктері қайта жандалып, жаңа ұғымдар айналдырудың бірінші адымындағы үстемдік құрған дәстүрлі ұғымдарға енгізіледі. Сонда ғана деконструкция толық жүргізілді деп айтуға болады. Деконструкция қос амалды ілім. Бірақ мәселе уақыт тізбегіндегі жалғастықта емес. Деконструкцияның екі ағымы — айналдыру мен қайта тірілту — бір уақытта жасалады. Сөйтсе де олардың арасындағы өзгешілік сақталады.