Ермак

5 Желтоқсан 2012, 05:44

  Ермак Ермак (туған жылы белгісіз — 6.8.1585) — Көшім хан билеген Сібір хандығына қарақшылық жорық жасаған казак-орыс атаманы. Қазан хандығы мен Астрахан хандығын Ресей империясы басып алғанда Мәскеудің шығысқа бағытталған басқыншылығын тоқтатуды бірінші ойлаған Сібір ханы Көшім болатын. Оның жасақтары Оралдан асып түсіп, Сібірге көз алартқан көпестер Строгоновтардың иеліктеріне талай рет жорықтар жасады. өзаққа созылған Ливон соғысынан шыға алмай титықтаған Иван Грозный Сібір хандығынан сескеніп, екі жақты шайқастан сақтанып, Строгоновтарға Сібірге жорық жасауға тыйым салады. Чусовая өзені бойындағы өз иеліктерін қорғау үшін Строгоновтар казактар арасынан қарулы топ ұстауға патшадан рұқсат алған еді. Олардың қол астына қызмет етуге Еділ жағасынан, өздерінің тонаушылығы мен қарақшылығы үшін патша отрядтарының ізіне түсуінен бас сауғалаған Ермак бастаған казактар келеді. Алғашқы қақтығыстардан кейін Ермак мылтықпен қаруланған казактардың Көшім хан әскерлері алдындағы артықшылығын сезіп қалады. Қолға түскендерден жауап алып, хандықтың астанасы Искер қаласы қорғаныссыз қалғанын, патша Ресей отрядтарына Сібірдің түкпіріне жорық жасауға тыйым салғандықтан, Көшімнің олардың Искерге шабуылын күтпейтінін біліп алады. Осыдан кейін Ермак Искерді тұтқиылдан басып алуға жанталасты. Сібірге жорық патшаның рұқсатынсыз, казактардың өз ұйғарымымен болған қимыл еді. Жорық дерегін Мәскеуден құпия ұстаған Строгоновтар жорық сәтті аяқталған жағдайда бай олжаға кенелуден үміттеніп, атамандарға қолдау көрсетті. Ал сәтсіздікке ұшыраса, бар кінәні казактарға аударуды көздеді. 1582 жылы 1 қыркүйекте 540 казак пен Строгоновтардың 50 қызметкер адамы отыз кемеге отырып, Сібір жорығына аттанды. Еділ, Жайық, Дон, Терек казактарынан, қашқын поляктар мен немістерден, т.б. тұратын Ермактың қарақшылары аса жақсы қаруланды. Атаманның өзіне көпестер арнайы мылтық сыйлады. Орыстың бір отряды хандықтың шегіне аяқ басты деген хабарды Көшім күні бұрын естиді, бірақ мән бермейді. Ол Ресей патшасының Сібірге тиіспеу жөніндегі уәдесіне сеніп, келген отряд ел шетінен кері қайтар деген үмітте еді. Хандығына өз әмірі жүріп тұрғасын, казактарға да патша жарлығы тыйым болады деп түсінсе керек. Сөйтіп, Ермак Искердің түбінен бір-ақ шығып, мемлекет пен астананы қорғап қалуға сібірліктер кеш қамданып, уақытын ұтқызып алды. Шешуші шайқас астанаға жақын жердегі Чуваш мүйісінде 1582 жылы 23 — 25 қазан күндері болды. Искер түбіне тоқтаған казактар алғашқы күні ұрысқа кіруге жүрексінді. “Көшім ханның қақпанына түсіп қалдық па?” деп үрейленген олар түнде қазақ кеңесін шақырып, ұрысқа кіріспестен, кері қайту жөнінде шешім қабылдайды. Алайда, Ермак өз адамдарын шабуылға шығуға көндіреді. Өйткені атаман өздігінен бастаған бұл бейбастақ жорығы үшін Ресейде өзін жаза күтіп тұрғанын, одан аман құтылудың жалғыз жолы Сібірді бағындырып, патшаның рақымын алу екенін түсінетін еді. Үш күндік шайқаста хантылар мен мансылар осалдық танытып, ұрысты тастап шықты. Көшім Искерді тастап кейін шегінуге мәжбүр болды. Ермактың 107 адамы өлді. Бұл жөнінде Н.Карамзин: “Сібір қорғанысшылары жаужүректілік пен табандылық көрсетті” деп жазды. Астанасынан айырылып, Көшім ханның туыстары мен Тәуекел ханның неме1585 жылы Көшім адамдары Ертістің жоғары тұсында жүрген Ермакқа Бағай өзені жағынан Искерге қарай бай керуен келе жатыр деген жалған хабар түсіреді. Бұл хабарға сеніп қалған Ермак жүз адаммен кемесін Ертістен Бағайға қарай бұрады. Керуен жолын тосып, өзен бойлай жүзген қарақшылар өздерін Көшім қолы торып жүргенін байқамайды. Тамыздың бесінде Ермактың қарақшылары кішкене аралға түнейді. Жаңбырлы түнде Сәтбек батыр бастаған Көшім сарбаздары күзетшілердің көзін жойып, қалжырап ұйқыға кеткен қарақшылар лагеріне шабуыл жасайды. Оянған Ермак қорғана алмасын біліп, бас сауғалап, өзен ағысына қойып кетеді де, суға батып өледі. ре інісі Ораз-Мұхаммед (Ондак сұлтанның баласы) қолға түседі.

 

Ермак

Ермак (туған жылы белгісіз — 6.8.1585) — Көшім хан билеген Сібір хандығына қарақшылық жорық жасаған казак-орыс атаманы. Қазан хандығы мен Астрахан хандығын Ресей империясы басып алғанда Мәскеудің шығысқа бағытталған басқыншылығын тоқтатуды бірінші ойлаған Сібір ханы Көшім болатын. Оның жасақтары Оралдан асып түсіп, Сібірге көз алартқан көпестер Строгоновтардың иеліктеріне талай рет жорықтар жасады. өзаққа созылған Ливон соғысынан шыға алмай титықтаған Иван Грозный Сібір хандығынан сескеніп, екі жақты шайқастан сақтанып, Строгоновтарға Сібірге жорық жасауға тыйым салады. Чусовая өзені бойындағы өз иеліктерін қорғау үшін Строгоновтар казактар арасынан қарулы топ ұстауға патшадан рұқсат алған еді. Олардың қол астына қызмет етуге Еділ жағасынан, өздерінің тонаушылығы мен қарақшылығы үшін патша отрядтарының ізіне түсуінен бас сауғалаған Ермак бастаған казактар келеді. Алғашқы қақтығыстардан кейін Ермак мылтықпен қаруланған казактардың Көшім хан әскерлері алдындағы артықшылығын сезіп қалады. Қолға түскендерден жауап алып, хандықтың астанасы Искер қаласы қорғаныссыз қалғанын, патша Ресей отрядтарына Сібірдің түкпіріне жорық жасауға тыйым салғандықтан, Көшімнің олардың Искерге шабуылын күтпейтінін біліп алады. Осыдан кейін Ермак Искерді тұтқиылдан басып алуға жанталасты. Сібірге жорық патшаның рұқсатынсыз, казактардың өз ұйғарымымен болған қимыл еді. Жорық дерегін Мәскеуден құпия ұстаған Строгоновтар жорық сәтті аяқталған жағдайда бай олжаға кенелуден үміттеніп, атамандарға қолдау көрсетті. Ал сәтсіздікке ұшыраса, бар кінәні казактарға аударуды көздеді. 1582 жылы 1 қыркүйекте 540 казак пен Строгоновтардың 50 қызметкер адамы отыз кемеге отырып, Сібір жорығына аттанды. Еділ, Жайық, Дон, Терек казактарынан, қашқын поляктар мен немістерден, т.б. тұратын Ермактың қарақшылары аса жақсы қаруланды. Атаманның өзіне көпестер арнайы мылтық сыйлады. Орыстың бір отряды хандықтың шегіне аяқ басты деген хабарды Көшім күні бұрын естиді, бірақ мән бермейді. Ол Ресей патшасының Сібірге тиіспеу жөніндегі уәдесіне сеніп, келген отряд ел шетінен кері қайтар деген үмітте еді. Хандығына өз әмірі жүріп тұрғасын, казактарға да патша жарлығы тыйым болады деп түсінсе керек. Сөйтіп, Ермак Искердің түбінен бір-ақ шығып, мемлекет пен астананы қорғап қалуға сібірліктер кеш қамданып, уақытын ұтқызып алды. Шешуші шайқас астанаға жақын жердегі Чуваш мүйісінде 1582 жылы 23 — 25 қазан күндері болды. Искер түбіне тоқтаған казактар алғашқы күні ұрысқа кіруге жүрексінді. “Көшім ханның қақпанына түсіп қалдық па?” деп үрейленген олар түнде қазақ кеңесін шақырып, ұрысқа кіріспестен, кері қайту жөнінде шешім қабылдайды. Алайда, Ермак өз адамдарын шабуылға шығуға көндіреді. Өйткені атаман өздігінен бастаған бұл бейбастақ жорығы үшін Ресейде өзін жаза күтіп тұрғанын, одан аман құтылудың жалғыз жолы Сібірді бағындырып, патшаның рақымын алу екенін түсінетін еді. Үш күндік шайқаста хантылар мен мансылар осалдық танытып, ұрысты тастап шықты. Көшім Искерді тастап кейін шегінуге мәжбүр болды. Ермактың 107 адамы өлді. Бұл жөнінде Н.Карамзин: “Сібір қорғанысшылары жаужүректілік пен табандылық көрсетті” деп жазды. Астанасынан айырылып, Көшім ханның туыстары мен Тәуекел ханның неме1585 жылы Көшім адамдары Ертістің жоғары тұсында жүрген Ермакқа Бағай өзені жағынан Искерге қарай бай керуен келе жатыр деген жалған хабар түсіреді. Бұл хабарға сеніп қалған Ермак жүз адаммен кемесін Ертістен Бағайға қарай бұрады. Керуен жолын тосып, өзен бойлай жүзген қарақшылар өздерін Көшім қолы торып жүргенін байқамайды. Тамыздың бесінде Ермактың қарақшылары кішкене аралға түнейді. Жаңбырлы түнде Сәтбек батыр бастаған Көшім сарбаздары күзетшілердің көзін жойып, қалжырап ұйқыға кеткен қарақшылар лагеріне шабуыл жасайды. Оянған Ермак қорғана алмасын біліп, бас сауғалап, өзен ағысына қойып кетеді де, суға батып өледі. ре інісі Ораз-Мұхаммед (Ондак сұлтанның баласы) қолға түседі.

Бөлісу: