Ауруды малға көшіру

5 Желтоқсан 2012, 05:40

Ауруды малға көшіру - магия мен мистикаға негізделген көнеден жеткен бірнеше элементтерден тұратын емдеу тәсілі. Ол үшін адастыру және ауырған адамға мал айналдыру сияқты магиялық амалдар қолданылды. Ауруды малға көшіру жөнінде жазба деректер жоқтың қасы. Сондықтан аталмыш мәселеге байланысты мәліметтерді көбінесе, этгнографиялық экспедиция барысында жинауға тура келеді. Моңғолиядағы қазақтар көп шоғырланған Баян-Олгий аймағына ұйымдастырылған экспедициялардың бірінде ауруды малға көшіру қолданыс ерекшелігі жөнінде төмендегідей мәліметті жазып алудың сәті түсті: «Мен «ұшынып» жабысқан талма ауруынан малға көшіру жолымен емделіп, айықтым. 1978 жылы жаз ортасында Сұлысай жайлауында отырған кезде ауырдым: үш адам далада отыр едік мен «ұшынып» құладым және күн сайын бірнеше рет есімнен танатын болдым. Құрманғали деген молда қарап, «перінің көлеңкесі емес қанаты тиген екен» дегенді айтып, оны емдеу үшін «пері түсіріп» оқимын деді. Ол үшін үйді саңылау шығармай тұмшалап жауып, төрт жағынан салма салыңдар, малды бір жаққа қарай ықтырып жіберіңдер деді. Күйеуім Жұмабай «өлсе бір қатын өлер, тайпа елді қырмай кет» деді. Дем салып ұшықтап жеті күн емдеген соң аяғгымнан тұрдым. Бірақ емделгеннен кейін де толық айықпай қайта-қайта есімнен танып жығылып қала бердім. Ақыры соя өңірде атағы көпке жайылған көреген сәуегей, құшнаш Әйең кемпірге барып көріндім. Ол кісі жеті күн қатарынан ұшықтады. Ақыры болмаған соң меңсіз қара серкешті сойдырып етін маған бермей, басқаларга жегізіп, терісін де әлгілердің біреуіне бергізді. Ертесінде өзі ала жіпті есіп алып екінші бір қара серкештің аяғын байлап, Құран аяттарын оқып, серкештің белуарынан ала жіппен байлап, көтеріп тұрып белімнен жеті, басымнан жеті рет айналдырды. Онан соң екі адамға 40 шақырым жердегі кентке апарып адастырып жіберуге жұмсады. Сол күні құшнаш үйдің сол жағында Құран оқып, маған арнап оң жаққа ауыстырып төсек салдырып, үстіме жеті түрлі зат қойдырып күнде ұшықтап тұрды. Күн батуға жақындап «күн таласқан» кезде киіз үйдің артына апарып, батар күнге қарсы қаратып қойып, кеседегі тұз араластырылган суды бетіме бүркіп, құрым киізбен қагып ұшықтады. Сонан бастап денсаулығым оңала бастады. Кейін төркінімнен өң-түсін белгілеп, бір қой алдырып соған «табындырды», қолымнан тұз бергізіп, төсімді иіскетті. Бұл әдетті күн сайын кешке мал қораға келген кезде қайталап жүрдім. Сөйтіп кесірлі ауруымнан толық айығып жазылып кеттім. Табынған қойым азып, жүдеп, арықтап кетті. Екі жылдан кейін ол қойды сойып, елге таратып жібердік». Келтірілген мәліметтің құндылығы сонда, ол ауруды малға көшіру қолданыс ерекшелігі жөнінде біршама толыққанды түсінік алуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, ауыз әдебиетінің деректеріне қарағанда, ауруды малға көшіру тағы бір кең тараған әдісі болған. Бұл әдіс бойынша адамның ауруын арнайы жасалған қуыршақтарға сан алуан арбау, дұға оқу, ұшықтау амалдарымен көшірген. Осыған орай қуыршақтарды көшірме деп атаған. Бұл ауру көшкен дегенді білдіреді.

Ауруды малға көшіру - магия мен мистикаға негізделген көнеден жеткен бірнеше элементтерден тұратын емдеу тәсілі. Ол үшін адастыру және ауырған адамға мал айналдыру сияқты магиялық амалдар қолданылды. Ауруды малға көшіру жөнінде жазба деректер жоқтың қасы. Сондықтан аталмыш мәселеге байланысты мәліметтерді көбінесе, этгнографиялық экспедиция барысында жинауға тура келеді. Моңғолиядағы қазақтар көп шоғырланған Баян-Олгий аймағына ұйымдастырылған экспедициялардың бірінде ауруды малға көшіру қолданыс ерекшелігі жөнінде төмендегідей мәліметті жазып алудың сәті түсті: «Мен «ұшынып» жабысқан талма ауруынан малға көшіру жолымен емделіп, айықтым. 1978 жылы жаз ортасында Сұлысай жайлауында отырған кезде ауырдым: үш адам далада отыр едік мен «ұшынып» құладым және күн сайын бірнеше рет есімнен танатын болдым. Құрманғали деген молда қарап, «перінің көлеңкесі емес қанаты тиген екен» дегенді айтып, оны емдеу үшін «пері түсіріп» оқимын деді. Ол үшін үйді саңылау шығармай тұмшалап жауып, төрт жағынан салма салыңдар, малды бір жаққа қарай ықтырып жіберіңдер деді. Күйеуім Жұмабай «өлсе бір қатын өлер, тайпа елді қырмай кет» деді. Дем салып ұшықтап жеті күн емдеген соң аяғгымнан тұрдым.

Бірақ емделгеннен кейін де толық айықпай қайта-қайта есімнен танып жығылып қала бердім. Ақыры соя өңірде атағы көпке жайылған көреген сәуегей, құшнаш Әйең кемпірге барып көріндім. Ол кісі жеті күн қатарынан ұшықтады. Ақыры болмаған соң меңсіз қара серкешті сойдырып етін маған бермей, басқаларга жегізіп, терісін де әлгілердің біреуіне бергізді. Ертесінде өзі ала жіпті есіп алып екінші бір қара серкештің аяғын байлап, Құран аяттарын оқып, серкештің белуарынан ала жіппен байлап, көтеріп тұрып белімнен жеті, басымнан жеті рет айналдырды. Онан соң екі адамға 40 шақырым жердегі кентке апарып адастырып жіберуге жұмсады. Сол күні құшнаш үйдің сол жағында Құран оқып, маған арнап оң жаққа ауыстырып төсек салдырып, үстіме жеті түрлі зат қойдырып күнде ұшықтап тұрды. Күн батуға жақындап «күн таласқан» кезде киіз үйдің артына апарып, батар күнге қарсы қаратып қойып, кеседегі тұз араластырылган суды бетіме бүркіп, құрым киізбен қагып ұшықтады. Сонан бастап денсаулығым оңала бастады. Кейін төркінімнен өң-түсін белгілеп, бір қой алдырып соған «табындырды», қолымнан тұз бергізіп, төсімді иіскетті. Бұл әдетті күн сайын кешке мал қораға келген кезде қайталап жүрдім. Сөйтіп кесірлі ауруымнан толық айығып жазылып кеттім. Табынған қойым азып, жүдеп, арықтап кетті. Екі жылдан кейін ол қойды сойып, елге таратып жібердік». Келтірілген мәліметтің құндылығы сонда, ол ауруды малға көшіру қолданыс ерекшелігі жөнінде біршама толыққанды түсінік алуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, ауыз әдебиетінің деректеріне қарағанда, ауруды малға көшіру тағы бір кең тараған әдісі болған. Бұл әдіс бойынша адамның ауруын арнайы жасалған қуыршақтарға сан алуан арбау, дұға оқу, ұшықтау амалдарымен көшірген. Осыған орай қуыршақтарды көшірме деп атаған. Бұл ауру көшкен дегенді білдіреді.

Бөлісу: