Ерейментау ауданы

5 Желтоқсан 2012, 05:36

  Ерейментау ауданы – облыстың шығысындағы әкімш. бөлініс. Облыс орт. – Көкшетау қ-нан 470 км жерде орналасқан. Батысында Ақкөл, Шортанды, Целиноград, оңт.-батысында Аршалы, солт.-шығысында Солт. Қазақстан обл-ның Уәлиханов аудандарымен, шығысында Павлодар обл-мен шектеседі. 1928 ж. Қарағанды обл-ның Еркіншілік ауд. ретінде құрылып, 1939 ж. Ақмола обл-ның қарамағына берілген. 1963 ж. Е. а. болып өзгертілген. Әкімш. орт. – Ерейментау қ. (1954 жылға дейін Благодатное а.). Әкімш.-аумақтық құрылымы 11 ауылдық әкімш. округтен, 1 қаладан тұрады. Тұрғыны 35,4 мың адам (2005), оның ішінде 12250 адам қалада, 23317 адам ауылдық жерлерде тұрады. Жерінің аум. 17,8 мың км2. Е. а. Сарыарқаның солт.-шығысындағы дала белдемінде, Сілеті, Өлеңті өзендерінің алабында орналасқан. Солт. бөлігінің жер бедері биікт. 300 м-ден аспайтын белесті жазық. Оңт-ке қарай күмбезді, үшкілді төбелер мен жондардан тұратын денудациялық ұсақ шоқылар делювийлік-пролювийлік аккумуляттік жазықпен және бойлық бағытта созылған Ерейментау тауымен алмасады. Ауданның жер қойнауында алтын, сүрме, тас көмір, боксит, тұз, әктас, гранит, қиыршықтас, құм кен орындары барланған. Климаты тым континенттік: қысы суық, қары аз (10 см), жазы ыстық, құрғақ. Ауаның орташа темп-расы қаңтарда –16 – 18ӘС, шілдеде 20 – 21ӘС. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлш. 300 – 350 мм. Оңт.-батыстан солт.-шығысқа қарай Сілетінің басты салалары –  Ащылыайрық (сол), Ақмырза, Кедей, Шилі (оң) және Өлеңті өзендері ағып өтеді. Суы тұщы, көлдер көп, олардың ірілері: Қабланкөл, Бозайғыр, Әжібай, т.б. Жер асты сулары 30 – 50 м (оңт-нде 100 м-ге дейін) тереңдікте кездеседі. Аудан жерінің солт. бөлігі сортаңды қызыл қоңыр топырақты, оңт. қызыл қоңыр топырақты. Таулы өңірінде қара топырақ, өзен, көл жайылмаларында шалғындық сортаң топырақ қалыптасқан. Тың және тыңайған жерлерді игерген жылдары аудан жерінің көпшілігі жыртылған. Ерейментау тауларында қайың, қарағай, көктерек, үйеңкі өседі. Сирек кездесетін өсімдіктерден көктемгі адонис, жабысқақ қандыағаш, арша, қылша, қырықжапырақ, сүйсін, қарғакөз өседі. Аңдардан қасқыр, түлкі, қарсақ, қоян, аламан, борсық, суыр, ақкіс мекендейді. Тау қойнауында тас көмір, дала шпаттары, гранит, әктас, тұз, құмтас, т.б. бар. Экономикасының негізін а.ш. және өнеркәсіп құрайды. 27 ЖШС, 240 шаруа қожалықтары тіркелген. Шаруашылықтар, негізінен, дәнді дақылдар мен жемшөп егеді, сиыр, қой мен ешкі, шошқа, жылқы өсіреді. Азық-түлік, көкөніс тағамдарын шығарумен «Адал Нан», «Новомарковское», «Ақ-дым», «Әліби-Павловка», «Благодат- ное-2000», «Торғай», «Қарасу» ЖШС-тері айналысады. Мүйізді ірі қара саны 34,0 мың бас, шошқа – 7,5 мың, қой мен ешкі – 35,0 мың, жылқы – 9,0 мың, құстар – 40,0 мың. Өнеркәсібі қайта өңдеу, тау-кен өндірісі, су және жылу энергетикасын өндіру мен тарату салаларынан тұрады. Ауданда білім беретін мекемелерден 38 мектеп (оның 19-ы орта, 12-сі негізгі, 7-уі орталау), №18 кәсіптік-тех. лицей бар. Ауд. аурухана, 2 ауылдық аурухана, 5 дәрігерлік амбулатория, 6 фельдш.-акуш. пункт, 19 мед. пункт, 1 жедел жәрдем ст., 1 емханасы, 5 дәріхана, 3 мәдениет үйі, 18 ауылдық клуб, 16 кітапхана, Бөгембай батыр атынд. өлкетану мұражайы, 22-ге тарта тарихи ескерткіш бар. Е. а. бойынша автомоб. жолының ұз. 504 км. Аудан жері  арқылы Астана – Ерейментау – Павлодар, Ерейментау – Айсары т. ж-дары, Астана – Ерейментау – Павлодар, Ерейментау – Бестөбе автомоб. жолдары өтеді.  

 

Ерейментау ауданы – облыстың шығысындағы әкімш. бөлініс. Облыс орт. – Көкшетау қ-нан 470 км жерде орналасқан. Батысында Ақкөл, Шортанды, Целиноград, оңт.-батысында Аршалы, солт.-шығысында Солт. Қазақстан обл-ның Уәлиханов аудандарымен, шығысында Павлодар обл-мен шектеседі. 1928 ж. Қарағанды обл-ның Еркіншілік ауд. ретінде құрылып, 1939 ж. Ақмола обл-ның қарамағына берілген. 1963 ж. Е. а. болып өзгертілген. Әкімш. орт. – Ерейментау қ. (1954 жылға дейін Благодатное а.). Әкімш.-аумақтық құрылымы 11 ауылдық әкімш. округтен, 1 қаладан тұрады. Тұрғыны 35,4 мың адам (2005), оның ішінде 12250 адам қалада, 23317 адам ауылдық жерлерде тұрады. Жерінің аум. 17,8 мың км2. Е. а. Сарыарқаның солт.-шығысындағы дала белдемінде, Сілеті, Өлеңті өзендерінің алабында орналасқан. Солт. бөлігінің жер бедері биікт. 300 м-ден аспайтын белесті жазық. Оңт-ке қарай күмбезді, үшкілді төбелер мен жондардан тұратын денудациялық ұсақ шоқылар делювийлік-пролювийлік аккумуляттік жазықпен және бойлық бағытта созылған Ерейментау тауымен алмасады. Ауданның жер қойнауында алтын, сүрме, тас көмір, боксит, тұз, әктас, гранит, қиыршықтас, құм кен орындары барланған. Климаты тым континенттік: қысы суық, қары аз (10 см), жазы ыстық, құрғақ. Ауаның орташа темп-расы қаңтарда –16 – 18ӘС, шілдеде 20 – 21ӘС. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлш. 300 – 350 мм. Оңт.-батыстан солт.-шығысқа қарай Сілетінің басты салалары –  Ащылыайрық (сол), Ақмырза, Кедей, Шилі (оң) және Өлеңті өзендері ағып өтеді. Суы тұщы, көлдер көп, олардың ірілері: Қабланкөл, Бозайғыр, Әжібай, т.б. Жер асты сулары 30 – 50 м (оңт-нде 100 м-ге дейін) тереңдікте кездеседі. Аудан жерінің солт. бөлігі сортаңды қызыл қоңыр топырақты, оңт. қызыл қоңыр топырақты. Таулы өңірінде қара топырақ, өзен, көл жайылмаларында шалғындық сортаң топырақ қалыптасқан. Тың және тыңайған жерлерді игерген жылдары аудан жерінің көпшілігі жыртылған. Ерейментау тауларында қайың, қарағай, көктерек, үйеңкі өседі. Сирек кездесетін өсімдіктерден көктемгі адонис, жабысқақ қандыағаш, арша, қылша, қырықжапырақ, сүйсін, қарғакөз өседі. Аңдардан қасқыр, түлкі, қарсақ, қоян, аламан, борсық, суыр, ақкіс мекендейді. Тау қойнауында тас көмір, дала шпаттары, гранит, әктас, тұз, құмтас, т.б. бар. Экономикасының негізін а.ш. және өнеркәсіп құрайды. 27 ЖШС, 240 шаруа қожалықтары тіркелген. Шаруашылықтар, негізінен, дәнді дақылдар мен жемшөп егеді, сиыр, қой мен ешкі, шошқа, жылқы өсіреді. Азық-түлік, көкөніс тағамдарын шығарумен «Адал Нан», «Новомарковское», «Ақ-дым», «Әліби-Павловка», «Благодат-
ное-2000», «Торғай», «Қарасу» ЖШС-тері айналысады. Мүйізді ірі қара саны 34,0 мың бас, шошқа – 7,5 мың, қой мен ешкі – 35,0 мың, жылқы – 9,0 мың, құстар – 40,0 мың. Өнеркәсібі қайта өңдеу, тау-кен өндірісі, су және жылу энергетикасын өндіру мен тарату салаларынан тұрады. Ауданда білім беретін мекемелерден 38 мектеп (оның 19-ы орта, 12-сі негізгі, 7-уі орталау), №18 кәсіптік-тех. лицей бар. Ауд. аурухана, 2 ауылдық аурухана, 5 дәрігерлік амбулатория, 6 фельдш.-акуш. пункт, 19 мед. пункт, 1 жедел жәрдем ст., 1 емханасы, 5 дәріхана, 3 мәдениет үйі, 18 ауылдық клуб, 16 кітапхана, Бөгембай батыр атынд. өлкетану мұражайы, 22-ге тарта тарихи ескерткіш бар. Е. а. бойынша автомоб. жолының ұз. 504 км. Аудан жері  арқылы Астана – Ерейментау – Павлодар, Ерейментау – Айсары т. ж-дары, Астана – Ерейментау – Павлодар, Ерейментау – Бестөбе автомоб. жолдары өтеді.

 

Бөлісу: